Бюджет жүйесін реформалау кезеңдері




Презентация қосу
Бюджет жүйесін
реформалау
кезеңдері

Орындаған:
Балабаева М.
Аманбекова А.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер:
республикалық бюджет;
облыстық бюджет;
республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады
және дёрбес болып табылады

Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен,
республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай
қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік
практикада «шоғырландырылған бюджет» үғымы қолданылады.
Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар
ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те
мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.
Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен,
облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін
біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан
Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет
әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез
келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады.
өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті,
басқа одактас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты,
КСРО-нын мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық
бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де
камтылып көрсетілді. Ол одактық бюджеттен, 15 одактас
республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік
әлеуметтік сактандыру бюджетінен тұрды. Одактық бюджетке 1970
• 1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-
50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің
және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. 1991 жылдың
17 желтоксанында Қазақстанның бюджет құрылысын
анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол койылды. Оның
негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және
жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі денгейлер
бюджеттерінің бірлік кагидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси
сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны
кабылдау,
• 1995 жылы жаңа салық заннамасын енгізу, сонымен бірге
Қазынашылық орғандарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет
жүйесі туралы»Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себегі
болды. Заңца бюджет жүйесінің кағидаттары ескергілді, бюджетті
жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын
бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар,
ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және
борыш, үкіметтін және жергілікті атқарушы орғандардын резервтері
сиякты жаңа үғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы
мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар
1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу токтатылды.
1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы
енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын багдарламалардың орындалуымен
өзара үйлесуіне жағдай жасады.
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші зан
кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету
мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді
және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі
белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша респүбликалық және
жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді;тиісінше
республикалықбюджеттен жәнежергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді.
Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми
трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті
бюджеттердің теңгерімділігі жүтеге асырылатыны анықталды.
Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
шоғырландырылды.
2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда
министрлігін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта
ұйымдастыру бюджеттік үдерісті реформапауда маңызды кадам болды.
Соньшбн бірге бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу функциялары
бөлінді, ал стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау
шоғырландырылды. Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден түсетін
түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды.
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұскасы бюджет
жүйесін жаңғыртуга мүмкіндікберді.Оның негізінде бюджетті күдерістегі
стратегиялықжәнебагдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған
бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік багдарламаларды
қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне кол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік
қаржылық бақылауды жандандыру сиякты шешуші салаларды камтитын үш
жылдық бюджет жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нүсқасы бюджеттің
үдерістің стадиясындағы барлық операцияларды - стратегиялық бағыттар мен
мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен - әрбір
мемлекеттік орған қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін
регламенттейді. Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік
қызметтер көрсетуге қайта бағдарланған.
Жаңа Бюджеттік кодекстін нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекет
активтердін пайдалану тиімділігін артғыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді.
2010 жылға арналған Оңтүстік
Қазақстан облысының облыстық
бюджеттің атқарылуы туралы
есебі

Орындаған: Балабаева М.
Аманбекова А.
2010 жылы облыстық бюджет 10 рет нақтыланды.
Бұл ретте нақтылау республикалық бюджеттен
нысаналы трансферттердің бөлінуіне, ҚР Бірыңғай
бюджеттік сыныптамасына өзгерістер мен
толықтырулар енгізілуіне, жекелеген кіріс көздері
түсімдерінің артуы және қаржы жылының басындағы
бюджет қаражаты қалдық сомасын шығыстарға
бағыттауға байланысты болды.
2010 жылы облыстық бюджеттің кірістері жоспардағы

220 488,9 млн.теңгенің орнына 221 117,2 млн.теңгені
құрап, жоспар 100,3%-ға орындалды және бұл 2009
жылдың қорытындысымен салыстырғанда 25 825,3
млн.теңгеге көп немесе 13,3%-ға жоғары.
Облыстық бюджетке түсетін кірістердің жалпы
көлемнің 93,7%-ын трансферттер түсімі құраса,
6,1%-ын салықтық түсімдер және 0,2%-ын салықтан
тыс түсімдер құрап отыр
Облыстық бюджеттің салықтық түсімдері 12 869,4 млн.теңгенің орнына 13 461,9
млн.теңгені құрап, жоспар 104,6%-ға орындалды (3-слайд), бұл 2009 жылдың
қорытындысымен салыстырғанда 1 490,3 млн.теңгеге көп немесе 12,4%-ға жоғары.
Жеке табыс салығы бойынша түсімдер 7 316,7 млн.теңгені құрап, жоспар 104,7%-ға
орындалды.
Әлеуметтік салық бойынша жоспардағы 5 376,6 млн.теңгенің орнына 5 611,7 млн.теңге
түсіп, жоспар 104,4%-ға немесе 235,1 млн.теңгеге асыра орындалды.
Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 106,0%-ға немесе
30,4 млн.теңгеге жоспар асырылды.
Салықтық емес түсімдер жоспары 107,4%-ға орындалды немесе 459,2 млн.теңгенің
орнына 493,0 млн.теңге түсті.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері 100%-
ға орындалды.
Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер
бойынша жоспар 100,1%-ға орындалды.
Өткен жылы облыстық бюджетке мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден 10,7
млн.теңге кіріс түсті немесе жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық меншік мүлкін
жалға алушылардың артуынан 2,2 млн.теңге артық түсті.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар,
санкциялар, өндіріп алулар жөніндегі жоспардың орындалуы 107,6%-ды құрады,
жоспардағы 399,7 млн.теңгенің орнына 429,9 млн.теңге түсті.
Басқа да салықтық емес түсімдер бойынша бюджетке 16,0 млн.теңге түсті.
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету» функционалды тобы
бойынша түзетілген бюджеттің орындалуы 99,7%-ды немесе қаралған 1808,5
млн.теңгенің орнына шығыстар 1802,9 млн.теңгеге игерілді. Бұл топта
мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын, атап айтқанда,
облыстық мәслихат аппараты, облыс әкімінің аппараты, облыстық қаржы,
облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының қызметін
қамтамасыз ету шығыстары қаралған.
«Қорғаныс» функционалды тобының шығындары 1049,9 млн.теңгенің орнына
1 049,8 млн.теңгеге немесе 100,0%-ға орындалды
«Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою»
бюджеттік бағдарламасы бойынша 2010 жылға 199,0 млн.теңге көлемінде
қаржы қаралып, ол 100%-ға игерілді.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін облыс
әкімдігінің төтенше резервінде қаралған қаржы есебінен Сарыағаш ауданында
(Құркелес, Дарбаза және Жылға ауылдық округтерінде) қатты жауын-шашын
салдарынан тұрғын үйлердің су астында қалуына байланысты төтенше жағдай
зардаптарын жоюға 32,5 млн.теңге бөлініп толығымен игерілді.
Жалпы «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік» функционалды тобы бойынша
2010 жылы бюджет қаржысының орындалуы 99,9%-ды құрап, қаралған қаржы
5835,9 млн.теңгеге игерілді.
«Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз
ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
бағдарламасы бойынша 2010 жылға жоспарланған қаржы 5378,0 млн.теңгеге
немесе 100,0%-ға игерілді. Бюджеттік бағдарлама бойынша бұл қаралған
қаржы 4160 штат бірлігін ұстауға бағытталды. ІІД қызметкерлерінің қылмысты
алдын-ала жолын кесуге, қылмыскерлерді іздеу салуда, сондай-ақ тергеу
барысында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ауыр қылмысты ашу - 78%-ға,
жалпы қылмыс саны - 72,8%-ға немесе 3914 қылмыстық іс, 119 ауыр қылмыс,
179 аса ауыр қылмыс ашылды.
«Медициналық айықтырғыштар және медициналық айықтырғыштардың
жұмысын ұйымдастыратын полиция бөлімшелері» бағдарламасы бойынша
жоспарланған қаржы 100%-ға немесе 16,6 млн.теңгеге игерілді.
«Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшалау, бейімдеу және оңалту
орталығы» бағдарламасы бойынша кәмелетке толмағандарды және штат
құрамында 18 штаттық бірлігі бар орталығын ұстауға қаралған 34,8 млн.теңге
толығымен игерілді.
«Белгіленген тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған
қабылдау-таратушылар» бағдарламасы бойынша 61 штаттық бірлігін ұстауға
қаралған 78,2 млн.теңге толығымен игерілді.
«Әкімшілік тәртіппен тұтқындалған адамдарға арналған
арнайы қабылдау орындары» бағдарламасы бойынша
құрамында 15 штаттық бірлігі бар мекемені ұстауға 20,3
млн.теңге қаралып толығымен игерілді.
Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласындағы аудандық ішкі істер
басқармасынның әкімшілік ғимаратына жапсарластырып
салынған құрылысқа қаралған 19,0 млн.теңге толығымен
игерілді.
«Білім беру» функционалды тобы бойынша облыстық бюджет
шығындар бөлігінің орындалуы 100,0%-ды құрап, жылдық
жоспардағы 38178,4 млн.теңгенің орнына 38167,6 млн.теңге
игерілді.
«Денсаулық сақтау» функционалды тобы бойынша бюджет
шығындардың орындалуы 99,7%-ды құрады немесе 41095,6
млн.теңге игерілді.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік
қамсыздандандыру» функционалды тобы бойынша
шығындардың орындалуы 2010 жылы жоспардағы 6553,9
млн.теңге 99,9%-ды немесе 6550,1 млн.теңгені құрады

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде
2010 жылы республикалық бюжеттен
әлеуметтік жұмыс орындарын» ашуға және
«Жастар практикасын» ұйымдастыруға
қаралған шығындар 1056,0 млн. теңге болса,
оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын
ашуға 306,1 млн.теңге жұмсалып, 3744 адам
жұмыспен қамтамасыз етілді, жастар
практикасына жұмсалған қаржының көлемі
749,9 млн.теңгені құрап, 9110 жас маман
тәжірибеден өтті.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмекке республикалық бюджеттен
нысаналы трансферттер есебінен 136,7
млн.теңге бөлініп, 8110 жанұяға немесе
22443 адамға әлеуметтік төлем төленді. 18
жасқа дейінгі 136681 балаға 1334,7
млн.теңге көлемінде мемлекеттік
жәрдемақы берілді.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында 74,8
млн.теңге бөлініп, әлеуметтік мекемелерінің
үш ғимаратына (Көксәйек жарымжан
балаларға арналған медициналық
әлеуметтік мекемесі, Көксәйек
психоневрологиялық медициналық
әлеуметтік мекемесі, Түркістан
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалды тобы
бойынша шығындардың орындалуы түзетілген жоспардағы
18536,6 млн.теңгенің орнына 18527,1 млн.теңгеге немесе
100,0%-ға игерілді.
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға
және (немесе) сатып алуға республикалық бюджеттен 527,0 млн.
теңге қаралып, толығымен аудан бюджеттеріне аударылған.
Нәтижесінде 60 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 59-ы
пайдалануға берілген. Шымкент қаласындағы 28 пәтерлі тұрғын үй
бойынша мердігер жұмыс кестесінен артта қалуына байланысты
аяқталмай, 2011 жылға қалып отыр.
Коммуналдық шаруашылықты дамытуға 737,4 млн.теңге
қаралып, бұл қаржының 700,0 млн.теңгесі Түркістан қаласында
калалық кәріз жүйелерінің және кәріз тазартқыш қондырғыларының
құрылысына жұмсалды, нысандар 2011 жылға өтпелі және Сарыағаш,
Арыс, Ленгір, Шардара, Жетісай қалаларындағы кәріз жүйелерінің
құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып,
жоспардағы 37,4 млн.теңгенің 33,6 млн.теңгесі игерілді.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық
кеңістік» функционалды тобы бойынша 2010 жылы
5670,8 млн.теңге игерілді немесе жоспар 100,0%-ға
орындалды.
«Жергілікті маңызы бар театр және
музыка өнерін қолдау» бағдарламасы
бойынша 676,0 млн.теңге қаралып, ол
толығымен игерілді.
Әр түрлi спорт түрлерi бойынша
облыстық құрама командаларының
мүшелерiн дайындау және олардың
республикалық және халықаралық спорт
жарыстарына қатысуына 1525,8 млн.теңге
жұмсалды.
«Жол картасы»бойынша
спортнысандарын ағымдағы және күрделі
жөндеуге 185,3 млн.теңге бөлініп, 4
спорттық нысан (Бәйшешек спорттық
сауықтыру кешені, Б.Саттарханов
атындағы мектеп-интернат, облыстық
гимнастика мектебі, Төлеби аудандық
спорт мектебі) күрделі жөндеуден өтті.
Жөндеу жұмыстары барысында 201 адам
жұмыспен қамтылды.
Мемлекеттік тілді және Қазақстан
халқының басқа да тілдерін дамытуға
2010 жылы 11,9 млн.теңге жұмсалды.
Жыл бойы барлығы 26- облыстық іс-
шаралар (конференциялар, семинарлар,
«дөңгелек үстел» мәжілістері, конкурстар,
пікірсайыстар, тренингтер, тарихи-
топонимикалық зерттеулер және т.б.)
өткізілді.
«Спорт объектілерін дамыту»
бойынша республикалық бюджет есебінен
Шымкент қаласындағы Абай атындағы
«Көлік және коммуникация» функционалды тобы
бойынша шығындар 11649,7 млн.теңгенің орнына 11633,3
млн.теңгені құрады немесе жоспар 99,8%-ға орындалды

Республикалық бюджет есебінен 2009
жылдан құрылысы жүргізіліп келе
жатқан Арыс қаласындағы ҚХ-8 «Бұқа-
Бақт-Мырзакент-Жетісай-Шардара-
Байырқұм-Арыс-Темірлан» 66/33-112/287
(Көксарай суқарсыреттегішінің айналма
жолы) автомобиль жолының құрылысы
бойынша 1249,3 млн.теңге толығымен
игерілді. Нысан 2011 жылға өтпелі.
Облыстық бюджет есебінен 1098,9
млн.теңге қарастырылған, оның 1 078,7
млн.теңгесі игеріліп, жоспар 98,2%-ға
орындалды. Бұл қаржы 3 көпірдің
құрылысы («Балтакөл ауыл округіндегі
Сырдарья өзені арқылы өтетін жаңа
көпір құрылысына (366қ/м), ҚХ-3
«Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-Р/Ж М-
32» автожолының (77,8қ/м) 49
шақырымында орналасқан көпірдің
құрылысына, ҚХ-3 «Көксаек-Ақсу-Шаян-
Мыңбұлақ-Р/Ж М-32» автомобиль
жолының 28 шақырымындағы темір жол
өткелі арқылы өтетін көпір құрылысына),
сонымен қатар Созақ ауданындағы
облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл-
Аккөл–Байкадам-Шолаққорған-Кентау»
автомобиль жолының 253-275 (13,6
шақырым) аралығын қайта жаңарту
және 7 нысанның жобалық-сметалық
құжаттамасын жасауға жұмсалған.
Басқалар» функционалды тобы бойынша түзетілген
бюджеттегі қаралған 2452,5 млн.теңгенің 1251,1
млн.теңгесі игеріліп немесе 51,0%-ға орындалды.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ
Салықтың қызметтері
Ұлттық және халықаралық қаржылық есеп стандарты және олардың маңызы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Қазақстанның әлеуметтік даму үлгісі
Салық жүйесінің қарапайымдылығы
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтің қол жеткізген жетістіктер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАҚТЫ СЕКТОРЛАРДЫҢ ДАМУЫ
Эстония
Жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау
Пәндер