Ислам діні туралы
Презентация қосу
Ислам діні
Ислам(арабтың-аллаға
мойынсұну, бағыныштық) біздің
заманымыздың VII ғасырының
басында Аравия түбегінде пайда
болды. Ол жер шарының
барынша көп тараған діндерінің
қаьарына жатады. Исламды 1,2
милиардтан астам адам
уағыздайды. Мұсылман
қрғамдастығы 120 елден астам
жерже бар. Египет, Иран, Ирак,
Кувейт, Марокко, Сауд Аравиясы,
Пәкістан және т.б. сол сияқты 28
елде мемлекеттік дін ретінде
жарияланған. ХХ ғасырда
мұсылмандар саны 7 есе артты.
Ислам діні
Исламның туындауы әлемдік
діндер қалыптасуының жалпы
заңдылықтарына бағынады.
Исламның негізін қалаушы
нқты тарихи тұлға –
Мұхаммед пайғамбар (570-
632жж)болып табылады.
Исламның басты қасиетті
кітабы – Құран (арабша –
қатты оқу, желдірме, тақпақ)
болып табылады, онда “Құдай
хатымдары” түрінде айтылған
Мұхаммед уағыздары
белгіленген.
Ислам діні
Құраннан кейін Ислам дінінің екінші көзі Сүннет
(исламның қасиетті хикаялары, дәстүрлері, мысалы) -
Мұхаммед пайғамбардың әрекеттері мен сөздері әңгіме
түрінде (хадис) берілген. Қазіргі уақытта Халиф
Алтайдың аудармасымен қазақ тілінде хадистердің
қысқаша жинағы шыққан.
Құран мен Сүннет негізінде Исламның «Бес парызы»
бекітілген:
1. Алла мен Мұхаммед пайғамбардың ерекшелігін тану
(тәупих);
2. Күнделікті бес парыз намаз (сәждеге бас қою);
3. Садақа (зекет) беру;
4. Жыл сайын ораза ұстау;
5. Меккеге (қажылыққа) бару «жол таба білген адамға».
Басқа дінде сияқты исламның табыну жүйесінде діни
мерекелерге ерекше рөл ішінде Ораза-айт, Құрбан-айт,
Мәуліт, Миғраж ерекше мәнге ие.
Ислам діні
Сенім негізі Аллаға құлшылық ету, оның жалғыздығына шек
келтірмеу. Ислам үшін адамның бүкіл өмірін туғаннан
өлгенге дейін нормативтік реттеу тән. Бұл реттеу Шариғат
көмегімен - заңды және адамгершілік нормалары, мұсылман
қарекетінің адамгершілік қағидаттары жиынтығымен жүзеге
асырылады.
Исламда негізгі екі бағыт бар: сүнниттер мен шииттер.
Суннизм шиизмге қарағанда Алла мен адамдар арасында
Мұхаммед өлімінен кейін делдалдық мүмкіндігін танымайды,
Әлидің (төрт халифтің соңғысы) ерекше табиғаты мен оның
үрім-бұтағының имаматқа ерекше құқығын (қоғамды басқару)
танымайды.
Исламда шииттер бағыты Мұхаммед пайғамбардың жалғыз
иегері төртінші «әділ халиф» Әли мен оның ұрпақтарын
танитын мұсылмандарды біріктіреді. Шиизм (арабша «шиа» -
топ, партия), Ислам сияқты өзімен тұтасымен жалғыз
біріккен жүйені білдірмейді, ол бірнеше секталар мен
бағыттарға бөлінген.
Қазақстандағы ислам
Қазақстандағы ислам
Орта Азия мен Қазақстан көшпенділері арасында
Исламның таралуына елеулі рөл Қожа Ахмет
Яссауиға (Хазірет Сұлтан -әл-Арифин, 1103-
1166/67) тән, ол түркі мұсылмандары арасында
Мұхаммедтен кейін екінші қасиетті тұлға, ал ол
уағыздық еткен Түркістан қаласы (бұрын - Иассы)
кіші Мекке деп аталады. Оның қаламынан түркі
(шағатай) тілінде жазылған «Хикмет» («Даналық
кітабы») әйгілі шығарма шықты.
Қазақстанда сопылық, Исламның мистикалық
бағыты ретінде Накшбандиа және Иассауи
ордендерімен берілген. Барлық мұсылмандардың
теңдігі мен бауырластығы туралы сопылық орден
ұраны көшпенділер демократиясы, барлық қоғам
ұйымдастырылуы сызбасына салынды.
Қазақстандағы ислам
ДУМК деректері бойынша
Қазақстанда шамамен 9
миллион мұсылман бар, ол
халықтың 67%-ын құрайды.
Қазақстанда әрекет ететін
2337 мұсылман бірлестігінен
2334 - сүннеттер, 3 бірлестік
шиит бағытыныкы.
Иудаизм діні
Иудаизм - еврейлердің ұлттық діні,
көне монотеистік дін. Иудаизм басы
біздің заманымыздың ІІ
мыңжылдығына дейін Палестина
аумағында өмір сүрген еврейлер
арасында пайда болды.
Политеисттік нысанда туындап
біздің заманымызға дейінгі І
мыңжылдықта иудаизм біртіндеп
монотеистік дінге ауысты.
Қазіргі заманғы иудаизм негізгі
үш ағымға бөлінеді:
ортодоксальдық, реформалық
және консервативтік.
Ортодокстар ішінде өз кезегінде
бейортодокстар мен ХаБад хасид
қозғалысы бөлінеді.
Иудаизм діні
Ортодоксалдық иудаизм жиырма жүзжылдықтар
ішінде өзгергені шамалы. Ортодокстар Талмұтта
жазылған ережелерді қатаң сақтайды.
Бейортодокстар сионизм мен қазіргі заманғы
мәдениетті танымайды, синагогаға сенбі күні бару
үшін көлік пайдалануға рұқсат бермейді. ХаБаД
хасидтері сионизмді және қазіргі заман
мәдениетін таниды, еврейлерді Тораның барлық
өсиеттерін қатаң сақтауға шақырады.
Реформистік иудаизм - дін ілімінің либералды түрі,
онда Талмұт ережелері мен дәстүрлеріне мән аз
беріледі. Бастысы - рәсімдерді сақтау емес,
қоғамдық белсенділік. Алайда барлық
реформистік иудаизмнің діни жүйесі қатаң бір
құдайға сенуге негізделген.
Қазақстандағы Иудаизм
діні Қазақстанда иудаизм бастапқыда
басында қаған мен хазар
ақсүйектерінің шектелген тобымен
қабылданды. XIV ғасырда еврейлердің
Түркістанға Парсы елінен көшіп келуі
туралы тарихи мәліметтер бар. Бұдан
басқа XIX соңында - XX ғасыр басында
Қазақстан аумағында еврей - қол
өнершілері пайда болды. Еврей
халқының республикаға жаппай
көшуі Сталин жазалау шараларымен
және қазақ халқының еврей халқына
деген үлкен төзімділігімен
байланысты, бұндай жағдайда
Украинада және ССРО Еуропа
бөлігінде зардабы көптеген
еврейлердің және еуропалық бөліктен
Қазақстанға көшіп келуіне себеп
болған «дәрігерлер ісінен» белгілі.
Xристиандық негізгі үш бағыттарымен
берілген: 1.православие
Православие (бұл - Құдайды дұрыс
мадақтау дегенді білдіреді) -
шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ
ғасырда бөлініп шығып
ұйымдастырылып құрылған
христиандықтың бір бағыты болып
табылады. Православиенің сенім
негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті
хикая құрайды. Православиенің
негізгі қағидаттары сенім белгісінің
12 тармағында берілген.
Православие сенімінің маңызды
белгілері құдай бірлігінің догмасы
(Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай
Қасиетті Рух) болып табылады.
Иисус Христтің құдай кейпіне өтуі,
күнәсін жууы, қайта түлеуі және
жоғары көтерілуі болып табылады.
Православ
Православие үшін күрделі, егжей-тегжей әзірленген
тәртіп тән, әрекет негізін жеті басты дәстүр - құпия
құрайды: шоқыну, тазару, (евхаристия), тәубеге келу
(ғибадат), мирамен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен
шоқындыру (шіркеуде), неке, дін ұстану. Православиеде
басты құдайға құлшылық ету - литургия, басты мереке
-Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход
священниктері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін
беретіндер) бөлінеді. Ерлер және әйелдер моностырьлері
бар Монах қана епископ бола алады.
Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі
бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар,
Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша,
Румын, Орыс, Сербтық, Чехословак, Эллада және 4
автономдық шіркеу: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық.
Православ
Орыс православие шіркеуі (РПЦ) 988 жылы
қасиетті князь І Владимир кезінде орталығы
Киевте болып Константинополь Шіркеуінің
Митрополяисы ретінде құрылды. Қазіргі уақытта
РПЦ Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы -
Кирилл.
2.Католик
Католицизм (гректің. Кatholikos -
жалпы, бүкіл әлемдік деген
мағынаны білдіреді) - бұл
Христиандықтың батыс бұтағы және
Батыс және Шығыс Еуропада
(Франция, Бельгия, Италия,
Португалия, Польша, Чехия,
Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік
Америка елдерінің көпшілігінде
таратылған. Азия мен Африкада
католиктер бар, бірақ католицизмнің
әсері бұнда онша емес. Соңғы 100
жыл ішінде католиктер саны 4 есе
артты. Католицизм шаамен 200 мың
қауымда біріккен 1 млрд астам
сенушілер уағыздайды, оларда
шамамен 560 мың священникжұмыс
істейді.
2.Католик
Католицизм діни ағымының негізін «Кредо» жалпы
христиандық сенім белгісі қалайды, онда 12 догмат пен
жеті құпия бар. Католицизм діни ілімінің негізін Қасиетті
жазу ғана емес Қасиетті хикая да құрайды, ол 21 собор
қаулысын түзеді, сондай-ақ католик шіркеуі - Рим
Папасының ресми құжаттары құрайды.
Католик Шіркеуін Әулие апостол Петр иегері есептелетін
басында Рим папасы тұратын, халықаралық орталығы
Ватиканда орналасқан қатаң сатылы ұйым ерекшелейді.
Папаның ресми толық атауы былай аталады: Рим
епископы, Иисус Христос орынбасары, Апостолдар Князінің
көмекшісі, Бүкіл әлемдік шіркеудің Жоғарғы мәртебелі
Понтифигі, Батыс, Италия Патриархы, Рим
провинциясының архиепископы және митрополиті,
Ватикан мемлекет-қала монархы. Папаны конклав
(кардиналдар алқасы) жоғары дін басылар ортасынан өмір
бойына сайланады.
2.Католик
Ватикан Конституциясына сәйкес Рим Папасына жоғары
заңнамалық, атқару және сот билігі жатады. Ватиканның
басқарушы органы Қасиетті Тақ деп аталады.
Католицизмде монахтық немесе «рыцарлық» ордендер
деп аталатындардың әсері өте қатты. Қазіргі уақытта
католиктік монахтың миссионерлік қызметінің жаңа
нысандары Африка мен Азия, оның ішінде Қазақстан
болып табылады.
Рим-католик шіркеуі. Униатство Рим-католик
шіркеуімен (украиндық греко-католик шіркеуі) тығыз
байланысты - ол Рим Папасының діни басшылығын және
дәстүрлі православиелік құлшылықты сақтау жағдайында
католик догматикасының кейбір бөліктерін бірінші деп
тану жағдайында Батыс Украина православие
шіркеулерінің бөліктері 1596 жылы католик шіркеуімен
одақтасуына (уния) негізделген шіркеулік ағым.
Протестант
Протестантизм (лат.
Рrotestants - қарсы келуші,
келіспейтін деген мағына)
христиандықта үшінші бағыт,
Солтүстік және Батыс
Еуропада, АҚШ, Канада
елдерінде таралған. БҰҰ
деректері бойынша қазіргі
уақытта әлемде 332 млн-нан
астам протестанттар бар,
олардың ішінде
лютерандықтар, баптисттер,
адвентисттер,
пресвитериандықтар,
методисттер, англикандар
және басқалары.
Буддизм
Буддизм - әлемдегі ең көне және
кең тараған діндердің бірі. Қазіргі
замандағы буддизмді оның екі
негізгі құрамдас бөлігі құрайды -
оңтүстік деп аталатын хинаяна
және солтүстік деп аталатын
махаяна. Буддизмнің негізін
қалаушы Солтүстік Үндістанда
туған Сиддхартха Гаутама болды.
Буддизмнің қасиетті кітаптары
Трипитака (үш десте) деп
аталады. Буддизмде екі негізгі
бағыт бар: хинаяна (тхеравада) -
аскеттік монахтық қалып арқылы
құтқарылудың тар жолы; махаяна
- қарапайым өмір арқылы
құтқарылудың кең жолы.
Буддизм
Қазақстан аумағында
буддизм Кушан
империясының әсері
таралуына орау V-VI
ғасырларда тарала бастады.
Буддизмнің таралуы XIX
ғасыр соңында Солтүстік
Қазақстан аудандарының
бірқатарында көшпенді мал
шаруашылығымен
айналысқан Қалмықтармен
де байланысты. Бүгінгі күні
Қазақстанда буддизм
негізінен миссионерлермен
енгізіледі.
Әлемде діндер санының
өсуі
Бүгінгі күні Жер шарында 6 055 049 000 адам өмір
сүреді. ХХ ғасыр ішінде адамдар саны 4 есе өсті, ал
соңғы 50 жыл ішінде тағы үштен бірге өседі.
Мамандар есептеуі бойынша 2050 жылға қарай
Жер бетінде шамамен 9 000 000 000 адам
тұратын болады.
Ең үлкен, бірақ басым түспейтін дін Христиандық
(жалпы халықтың33.0 %) болып табылады.
Жер халқының бесінші бөлігі Исламды (Жер
халқының 19.6 %) уағыздайды.
13.4 % Индуизм.
6.4 % Кытай этникалық діні [Ch-folk].
5.9 % Буддистер.
3.6 % Этникалық діндер.
1.7 % Жаңа азия діндері.
Әлемде діндер санының
өсуі
Бір пайыздан азды мынадай діни
топтар құрайды
Сикхисттер (Sikhs) - 23 млн. адам,
шамамен 0.3 %.
Иудаисттер - 14 млн. адам,
шамамен 0.2 %.
Бахаисттер - 7 млн. адам, шамамен
0.1 %.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz