Саясат дегеніміз не




Презентация қосу
Саясат дегеніміз не?

Жаленова А БЗХТ-204 гр
Жоспар:
Мақсаты
Саясаттағы гомеостазис
Саясаттағы жалғандылық
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі
Саясаттағы либидо
Саясаттағы стратегия және тактика
Саясаттың субъектісі
Саясаттың объектісі
Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері)
- алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер
немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген
мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы
кеңейді және мынаны білдіреді:
адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым
көбінесе шебер жасырылған басшылар мен
оның сыбайластарының ниеттерін,
мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін
білдіреді;
әдеттегі тілде - адамдардың өзара
қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге
бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті
мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Мақсаты:
Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің
негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның
біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Саясаттағы гомеостазис
Саясаттағы гомеостазис – қандай да бір
жүйенің қозғалмалы тепе-теңдік жағдайы,
ол осы тепе-теңдікті бұзушы ішкі және
сыртқы факторларға қарсы әрекет жасау
арқылы сақталады.Бұл идея "дене
даналығы" туралы ілімінде өзіні
американдық физиолог У.Кеннонменң
тұрақтылығын үздіксіз қолдайтын ашық
жүйе ретінде дамытылған. Жүйеге қауіп
төндіретін өзгерістер туралы хабарлар
алысымен ағза оның тепе-теңдік жағдайын
қалыпқа келтіргенше жұмыс жасайтын
құрылысты іске қосады. Кейін келе
гомеостазис принңипі психологияда, одан
кибернетикада, ал 60 жж. саяси және
әлеуметтік жүйе теориясында қолданыла
бастады. Саяси ғылымда гомеостазис
қағидаты қоғам саяси жүйесінің қызметі
Саясаттағы жалғандылық
Саясаттағы жалғандылық - заттардың
шынайы жағдайын мақсатты түрде
бұрмалауды білдіретін қарым-қатынас
құбылысы. Жалғандылық тексеру қиын
және мүмкін емес сөздік мәліметтер
мазмұнынан көрініс табады. Жалғандылық -
сөздік қызметгің саналы нәтижесі, оның
мақсаты - аудиторияны адастыру.
Жалғандылық өтірік алдаушының жеке,
әлеуметтік немесе саяси басымдықтарға қол
жеткізуге ұмтылысынан туындайды
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке түлғаның саяси
мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен
туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету
шарасы, деңгейі. М.Веберсаясаттың үш түрін жіктейді. Және
оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш тү¬рін
көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси
қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік,
тіптен саяси акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты
туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" саясат
адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа
қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен "қосымша"
айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып
есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып
табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар
беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша
маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта
жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады
Саясаттағы либидо - [лат. - libido - тілек,
Саясаттағы либидо

тартымдылық] - З.Фрейд
психоанализінің негізгі ұғымдарының
бірі, энергия, сексуалдық сипаттағы
тартымдылық көзі. Психоанализ
либидоны адам мінез-құлқының мотиві
ретінде қарастырады. З.Фрейд
либидоны өмірге ұмтылу синонимі
ретінде қарастырды. Либидо -
өркениет, соның ішінде саясат негізі.
Қазіргі заманғы психоанализдік
тұжырымдарда либидо билікке
ұмтылудың қозғаушы күші ретінде
қарастырылады. Сонда саясаткер
ләззаттық қанағаттанбаған, оның
орнын саяси билік үшін күреспен
толықтыруға тырысатын адам ретінде
көрсетіледі.
Саясаттағы стратегия мен тактика
Саясаттағы стратегия мен тактика - саяси үрдісті
жоспарлау мен басқару деңгейлері.Стратегия
қозғалыстың жалпы мақсаты, оған қол жеткізетін
қағидаттары мен тәсілдері ретінде қалыптасады. Ол
идеологиялық теориялар, манифест, саяси партиялар
бағдарламасы арқылы жүзеге асады.Тактика -
стратегиялық үрдісті кезеңдер мен дәуірлерге бөлу.
Тактика қадамдары стратегиялық мақсатқа сай келуі керек
.Қызмет мақсаты мен оған жету жолы, құралдары
арасында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Саяси
тарихта бұл қарама-қайшылықты шешудің бірнеше
тәсілдері ұсынылған. Мысалы,Н.Макиавеллидің "мақсат
құралды ақтайды", "ең бастысы - мақсат, ал қозғалыс түк
те емес" деген сияқты танымал тезистері бар.
Саясаттың субъектісі
Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне
байланысты саяси өмірге белсене
араласып, басқалардың санасына, іс-
әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси
қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін,
саясатты жасайтын адам, ұйым не
әлеуметтік топты айтады. Саясат
субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің
түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-
мүдделері және т.б. қоғамның нақты,
тарихи жағдайымен айқындалады. Оған
азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар ,
қоғамдық-
саяси ұйымдар, мемлекет жатады.
Саясат объектісі
Саясат объектісі көп түрлі саясат
дүниесі болып табылады, бұған
мемлекетті, саяси институттарды, билік
нысандарын және олардың қоғамдық
жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға
болады, бүл оның саяси қозғалыстардың,
партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы
мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси
мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және
олардың мотивациясын,бұқаралық ақпарат
құралдарының рөлін және олардың
қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін
әсерін зерттеу.

Ұқсас жұмыстар
Саясат философиясы
САЯСАТ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР ЖҮЙЕСІНДЕ
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Демократия шарты
САЯСАТТЫҢ МӘНІ
Саясат дегеніміз не Саясат не үшін керек Саясаттың қоғамға тигізетін ықпалы қандай
Саяси тұрақтылық
Әлеуметтік топтар, қатынастар
Көші - қон саясаты
Пәндер