ЖАПОНИЯ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ



Жапония бағалы қағаздар нарығы
Орындаған: Калиев У.
Тексерген: Тұрлыбекова А.

Жоспары:
Жапония бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері
Жапония бағалы қағаздар нарығын реттеу
Токио қор биржасы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Жапония бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері.
Экономикасы жақсы дамыған мемлекеттердің бірі Жапония қор нарығын қарастырсақ оның күрделі екеніне көз жеткіземіз. Жапонияның бағалы қағаздар нарығы 1949 жылдың мамырында соғыстан кейінгі қайта ашылу сәтінен бастап, Жапонияның ірі биржасы - Токиолық қор биржасы дамыды. Ұзақ уақыт бойы Жапонияның бағалы қағаздар нарығы провинциалды сипатта болған. 1968 жылы Жапония ең бірінші Қаржы министрлігінің лицензиясын алуға брокерлердің міндетін енгізуіне қарамастан, 1970 жылдарда осы нарықта халықаралық сипаты әлсіз айқындалған болатын. 1980 жылдың соңына қарай жағдай күрт өзгерді, яғни 1989 жылдың ортасында Токиолық қор биржасында айналатын бағалы қағаздардың нарық құны 3, 815 млрд. доллар болды, яғни Нью-Йорк қор биржасы (2, 445 млрд. доллар) және басқа биржалармен салыстырғанда едәуір өсті. Ол бірінші орынға шыға отырып, жылдың аяғына қарай жапон нарығының жалпы капиталдануы 4 трлн. доллардан асты.
Жапониядағы бағалы қағаздар мен қор биржалар туралы заңы 1947 жылы жарық көрді. Оның өңдеу барысында (1965 жылы, 1971 жылы, 1981 жылы, 1988 жылы) құқықтық нормалардың бірқатары 1933-1934 жылдары АҚШ-тың заңдылығының сәйкес нормаларына жақындастырылды. Жапон заңы тиімді экономикалық даму мен инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында алғашқы және екінші нарықтың реттеуін қамтамасыз етеді.
Облигациялар жапон нарығы (қарыз қаржы құралдарының нарығы) - әлемде шамасы бойынша екінші болып есептелетін қарыз қаржылық құралдарының нарығы.

Жапон облигациялар нарығының инвесторлық базасы кейбір топтармен шектеледі:
Банктер;
Банктермен байланысты қаржы институттары;
Ауылшаруашылық және басқа кіші кооперативті ассоциациялар;
Пошта жинақ жүйесі;
Ұзақ мерзімді несиені ұсынатын банктер;
Жеке инвесторлар.
Жапониядағы шетел несие алушылар «Самурай облигацияларды» шығарады, олар бойынша купондар жарты жылда бір рет төленеді. Осы қағаздар жапон қор нарығында ерекше орын алады. Еуроиеналық облигациялар жапониядан тыс жерде шығарылады, бірақ олар иендерде деноминацияланған. Мәмілелерді реттеу Euroclear және Cedel жүйелері арқылы жүргізіледі. Осы нарықта жергілікті де және шетел инвесторлары де белсенді қызмет етеді. Облигациялардың эмитенттер арасында үлестер келесідей бөлінеді:
Орталық үкімет(46%)
Қаржы институттар(37%)
Кәсіпкерлер(10%)
Жергілікті басқару органдары(4%)
Шетелдіктер(3%)
1970 - 1980 жылдары фирмалар бағалы қағаздар биржаларында бағаланатын акцияларды шығаруын көбейте бастады, себебі бұл сәтті қызмет етуінің негізгі шарттардың бір болып есептеледі. Халық бағалы қағаздардың эмиссиясына өз көзқарасын өзгереді, бұл да 1980 жылдарда екінші жартысында акциялардың бағамдарының секіруіне әкеп соқты. Жеке тұлғалар көп мөлшерде бағалы қағаздарды сатып алатын болды; мұнда бағалы қағаздардың «артық» массасының өсуі пайда болды, бұл қаржылық тұрғыда олардың бағаларының ары қарай өсуіне әкелді. Капиталдың тез қорлануы, жапон банктерінің елде және шетелде қызмет етуі, іскерлік белсенділікті мемлекетпен ынталандыруы, бәсекелестердің тәжірибе жақтарын пайдалану бағалы қағаздармен операциялардың саны мен көлемінің өсуіне әсер етеді. Бірақ бұған дейін халық қаражаттарын көбінесе депозиттерге салатын, бұл жағдай қор операцияларына теріс әсерін тигізетін.

Жапониядағы бағалы қағаздар нарығын реттеу.
Жапонияның қор нарығын ұйымдастыру жүйесі американдық жүйеге ұқсас келеді. Мұның өзі саяси факторлармен байланысты, яғни екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ - тың әскери топтарының Жапонияны отарлаумен байланыстыруға болады. 1948 жылдардан бастап, мұнда американдық Гласс - Стигал заңының баламасы жүрді (1948 жылдары бағалы қағаздар туралы заңның 65 бабы) . Жапонияда екі деңгейлі реттеу жүйесі қалыптасты. Мұнда қор нарығына бақылауды мемлекет те (Қаржы министрлігі), өзін-өзі реттейтін ұйымдар да жүргізеді.
1948 жылдары АҚШ - тағы сияқты Жапонияда да Бағалы қағаздар бойынша Комиссия құрылды. Бірақ американдықтар кеткен соң, Комиссия 1951 жылдары жойылды, ал оның қызметі қызметкерлерімен бірге қаржы министрлігіне өтті. Қаржы министрлігі жеке меншік бизнеспен өте тығыз байланысты. Жапонияда мынадай «Амакудари» деп аталатын дәстүр бар. Оған сәйкес мемлекеттік бюрократ 55 жастағы зейнетақы жасына жеткен соң, жеке меншік секторында жоғары жалақысы бар лауазымға ие болады, мемлекеттік мекемеде салыстырмалы түрде төмен жалақысында қызмет еткен жылдар үшін сыйақы ретінде төленеді.
Осы мәселе бойынша қаржы министрлігі мен брокерлік - дилерлік фирмалар қоғамдастық арасында тікелей байланысы бар. Сонымен Жапонияның Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздар Басқармасындағы қызметкерлер саны көп емес, яғни 150 адам ғана болатын.
Қаржы министрлігі жанында - бағалы қағаздар мен биржалық бойынша Кеңес құрылды. Кеңес бағалы қағаздар индустриясымен байланысты және 2 жылға министрлікпен сайланатын 20 мамандардан тұрады. Кеңестің қызметіне бағалы қағаздар бойынша заңдылықты жетілдіру бойынша қаржы министрлігі үшін ұсыныстарды дайындау жатады.
Жапонияның Қаржы министрлігі Жапонияның басты қаржылық реттеу органы болып табылады. Оның құзыры банктерге де таралады.
1992 жылы шілде айында Жапонияда Бағалы қағаздар мен биржалар бойынша жаңа Комиссиясы пайда болды, оның қызметі нарықтағы жағдайға бақылау мен қадағалау жасау болып табылады.

АҚШ-ның Комиссиясына қарағанда жапондық Комиссиясы Қаржы министрлігінің аффирленген мекемесі болып табылады. Ол бұрынғыша қадағалау функциясын орындайды. Комиссиясының пайда болуы 1990-1991 жылдары Жапония қор нарығындағы дағдарыспен байланысты болды. Дағдарыс кезінде нарықта көп қиянат етулер, бағалармен манипуляция мен қызмет ақпаратты орын алды. Кәсіби қатысушылардың дұрыс қызмет ету тәртібіне қадағалау жасауға комиссия шақырылды.
1993 жылдың 1 сәуірінде Жапонияда қаржы жүйесін қайта құру туралы заң күшіне енді. Заң банктер мен брокерлік фирмалар арасындағы кедергілерді жартылай жойды. Осы заң негізінде жапон банктеріне (алғашқыда ұзақ мерзімді несие беретін, кейін қалғандарға да) тұрақты пайызды бағалы қағаздардың андеррайтингін жүргізуге рұқсат берілді. Бір уақытта брокер - дилерлік фирмалар үшін сенімді банк операцияларына жол ашылды.
1994 жылы Қаржы министрлігі қалалық банктерге (ірі коммерциялық банктер) бағалы қағаздармен сауда бойынша еншілес компанияларды құруға рұқсат берді (акциялар және олардан туындайтын бағалы қағаздармен мәмілерді жасауға құқығынсыз) .

Токио қор биржасы.
Жапонның басты қор биржасы Токио Қор Биржасы болып табылады. Онда мүшелердің екі типі әрекет етеді: толық мүшелер және "saitori" мүшелер. Толық мүшелер бағалы қағаздармен төмендегідей мәмілелер жасаса алады:
бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алу және сату;
бағалы қағаздарды клиенттердің тапсырмасы бойынша және олардың есебінен сатып алу және сату;
бағалы қағаздардың жаңа эмиссиялары жағдайында консорционалдық мәмілелер;
жаңа эмиссияларды сатылмаған бағалы қағаздарды қабылдауға кепілдікпен орналастыру.
"Saitori" мүшелер толық мүшелердің тапсырмаларын орындап және өз есебінен әрекет етусіз, олардың арасында делдалдар ретінде әрекет етеді. Олардың негізгі міндеті - бағалы қағаздардың бағамын айқындау, бұл орайда ол мүшелердің әрқайсысы бағалы қағаздардың белгілі бір түрімен жұмыс істейді
Токио қор биржасы - Жапонияның ең ірі биржасы және елдің қор қабілетін анықтайды. 1992 жылы Токио қор биржасы елдегі акциялар айналымындағы үлесінің 86% құрайды. Биржаның жұмысының ұйымдастырылуы бірінші және екінші секциялардың жұмыстарында құралады және биржадан тыс нарықтың жұмысын қамтиды. Биржаның негізгі міндеті сауда алаңдарының жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
Биржадағы сауданы ұйымдастырумен қатар оның мүшелерінің қызметіне және олардың қаржылық жағдайына қадағалау жасау, биржалық сауда ережелерін орындалуын бақылау жүргізіледі.
Токио қор биржасы келесі ерекшеліктерімен ерекшеленеді:
Сауда бөлмесінде сауда секциялар бойынша жүреді, олардың бағалы қағаздары экономиканың әртүрлі салаларына тиісті;
Сауданың ерекше технологиясы бар: сауда залында - биржаның бірінші секцияның бағалы қағаздар үшін; компьютерлік жүйеде - екінші секцияның бағалы қағаздар үшін;
Есеп айырысулар үшінші жұмыс күні жүргізіледі.

Биржаның реттеуші қызметі биржалық қор саудасын бұзушыларды шығару мақсатында оның мүшелеріне бақылауын қарастырады. Бақылау бөлімі жалған мәмілелерді жасау, бағалармен манипуляциялау, жасырын мәмілелер, жасанды жолмен бағаларды өсіру немесе азайту мақсатымен бағалы қағаздарды сатып алуға жол бермейді.
Токио қор биржаның жұмыс көрсеткіштерінің құрылымы американ және еуропалық биржалардың бағалау жүйесіне ұқсас. Табыс бөлігі көбінесе мүшелік жарналардан, ал шығыс бөлігі жабдықтарға кететін шығындардан және биржаның қалыпты жағдайда ұстап тұрудан құралады.
Токио қор биржасының ұйымдастырылу құрылымы ұйымдық - экономикалық механизмнің құрылуында сызықты - функционалды әдістік белгілерін сақтай отырып, қор нарығының қатысушыларына қызмет көрсету бойынша негізгі міндеттерді шешу үшін жағдай жасайды.
Токио қор биржасының ең жоғарғы басқару органы - биржа мүшелерінің жалпы жиналысы, оған президент есеп береді. Ол биржаның қызмет етуінің жедел басқарылуын сызықты басқару аппараты арқылы жүргізеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz