Жер қатынастарының даму кезеңдері




Презентация қосу
Жер қатынастарының даму кезеңдері

Орындаған: Сабен Муратбек
116 топ
Жер қатынасының Қазақстандағы даму ерекшеліктері.
Қазақстанда да басқа елдер сияқты, жер қатынастары қоғамдық және экономикалық

қатынастардың негізі болып табылады, өйткені жер қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Жер
барлық қоршаған ортаның басты құрам бөлігі,барлық өндіріс түрлерін,байланыс
құралдарын,тұрғын жай орнын орналастыру үшін жалпыға бірдей базис болып
табылады.Сонымен бірге түрлі елдерде,жер қатынастарының дамуы түрліше болды.Мысалы:
отырықшы өмір сүруге ертеден бейімделген халықтарда, көбінесе егіншілікпен шұғылданатын, жер
қатынастарыныңбазар түрлерін және жерге меншіктің жеке формасын қалыптастыру, қоғам мен
мемлекет дамуының тым ерте сатысында-ақ басымырақ болды.
Көшпенді халықтарда жер қатынастары дамуының үлкен ерекшелігі болды, мүнда жайылымда

көшпелі мал шаруашылығын жүргізу басымырақ еді, тек жекеленген шұраттарда(оазистерде)
отырықшы өмір сүретін халықтардың шағын бөлігі ғана егіншілікпен шүғалданады.
Қазіргі кезде Қазақстан териториясындағы халықтардың жер қатынастарының тарихи дамуын
қарап отырып,оларды бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.Ежелгі кезеңге ерте заманнан Ресейге
қосылу кезеңіне дейінгі жер қатынастарының тарихидамуы жатқызылуы мүмкін.Екінші кезең –
бұл Қазақстанның 1917 жылғы дейінгі шеткі отар елі ретінде Ресей құрамында болған
кезеңі.Үшінші кезеңі-бұл 1917 жылдан 1990 жылға дейінгі Кеңестік дәуірдегі жер қатынастарының
қалыптасқан және дамыған кезені мен соңы. Төртінші кезең бұл Қазақстанда жер реформасының
басталуы және қазіргі уақытқа дейінгі кезені.Ауыл шаруашылығымен шұғылданатын халық үшін жер
айрықша еді, ол тек мекендеуіне ғана емес, еңбек құралы да болып саналады.Көшпенді мал
шаруашылығымен айналысушыларға жер алдымен көші қон, мал өсіру,жем шөппен қамтамасыз ету
шарты болды.
Қазақстанның түрлі аумағындағы табиғи климаттық жағдай, жер ресурстарын
пайдаланудың ерекше жағдайларын,сол сияқты көшпенді және жартылай көшпенді мал
шаруашылығын дамыту арқылы шетсіз шексіз жайылымдық алқаптарды, далалық,
шөлейттік,шөлдік және таулық, пайдалануды, пайдаланатын жаиылымның түрлі
маусымдылығын өнімділігін, жайылымдық өсімдіктін, түрлік құрамын қалыптастыра.
Осыған байланысты қазақтар жйылымды жылдық түрлі мерзімдерінде пайдаланда және бұл
алқаптарды түрліше ( жайлау, қыстау, көктеу, күздей ) атады.
Жер алқабының негізгі түрі – жайылымдық алқабының бөлінуін және оларды
пайдаланудың белгілі тәртібін ескере отырып, ерте заманнан бері Қазақстан териториясында
жасаған көшпенді халықтарда жер қатынастарының өзіндік ерекшеліктерінің бар
болғандығына көз жеткізуге болады.
Республикада жер қатынастар тарихи аспектілерінің даму проблемасын көптеген
ғалымдар зерттеді. Бұл бағытта олар түрлі тарихи кезеңдегі жерге иелік ету формаларына
түрліше пікірлер мен көзқарастар білдірген. Пікірлердің бөлінуі негізінде, ерте заманнан
бастап, патриархалды – феодалдық жер қатынастарының түрі және жерге иелік етудің
феодалдық формалары туралы мәселе пайда болды. Пікірлердің үлкен айырмашылықтарына
қарамастан, зерттекшілердің көз қарастарын топтастырып қарауға болады. Зерттеушілердің
бір қатары ( Ильясов С. И. 1995ж., Масанов И.А. 1995ж., Толыбеков С.Е. 1955,1995ж.,
Шаяхметов В.Ф. 1951, 1955ж.). XIXғ. дейінгі көшпенді қазақтарда жерге феодалдық иелік
ету болмады деп, сонымен қатар жер ортақ пайдаланылған,ал мал жеке меншікте болған деп
есептейді. Сондай-ақ, ( Зиманов С.З. 1985 ж. Бекмаханов Е.Б. 1958 ж, Кауфман А.А. 1985ж,
ЮшковС.В. 1961ж, Еренов А.Е. 1955, 1961ж) сияқты ғалымдар көшпенді халықтардың
негізгі өндірістік құралы жайылымды алқаптар екендігі дей отырып, қазақтардың жер
қатынастарының негізінде феодалдардың жерге меншігі болды деп есептейді.
Қазақстан жері
Феодалдық қатынастар қарахандықтар басқарған дәуірде(IX-XI ғ.ғ.) одан әрі дами түсті, жерге жеке иелік
ету формасы пайда болды. Негізгі көшпенді халықтар жерді иеленді, фоедалға тұрақты рента төлеу
арқылы пайдаланды. Қазақстан Ресей заңдылықтары мен актілері қолданылады. 1868ж жер реформасы
сәйкес Қазақстан жерлері Ресей империясы меншігінде деп жарияланды, сондықтан Қазақстаның жерін
басқару, жер қатынастарын ретке келтіру, тиісті ведомство мен губериаторға берілген болатын.
Революцияға дейінгі Ресейдегі жер қатынастары дамуының тарихы кезеңдерімен келтірілген қысқа
талдаудан шет отарлар-Қазақстанда, олардың дамуына қалай ықпал еткендігін түсінуге болады. Жер
қатынастарындағы ең маңызды өзгеріс Ресей империясының барлық территотириясында 1917ж қазан
революциясы нәтижесінде пайда болды. Ресейде жер қатынастарындағы өзгерістер 1990ж «РСФСР
меншігі туралы», «Жер реформасы туралы және т.б. қабылданған заңдармен басталды. Қазіргі уақытта
жерді жеке меншікке беру тәтібі РФ-ның президентінің жарлығы үкімет қаулысы немесе жергілікті
органдардың өкілеттігінің болуын айту керек.
Қазақстанда жаңа жер құрылымын орнату, жаңа жер қатынасының арғы дамуы келесі жолмен өтті.
Кеңестің бірінші бүкіл Қазақстандық съезі жер мәселесі бойынша арнайы шешім қабылдады. Осыған
сәйкес жер комитеттері шаруааралық жерге орналастыру бойынша соның ішінде ең бастысы канфескация
және помещиктер мен байдың жерлерін шаруалар мен малшыларға үлестіру және көшпенді, жартылай
көшпенді халықтарға жерді үлестіріп беріп, осы шаралармен отырықшы тұрмысқа көшіру болды.
1990ж басында КСРО-да қайта құру біртіндеп жер заңдарында және жер қатынастарында өзгертулер
жасады. Сонымен 1990 жылы қазақ КСР жер кодексі барлық жерлер Республиканың мемлекеттік
меншігінде деп жарияланды.Республикамызда жер реформасын бастау үшін 1990жылы Қазақ КСР жер
кодексін «меншік туралы», «шаруа қожалығы туралы» және басқа да тағайындалған заңдарымен бірге
1921 жылы 21 тамызда «Қазақ КСР-да жер реформасы туралы заңында (1-бап) республикамыздың жер
реформасының негізгі мақсатына, міндеті және мазмұнына анықтама берілді. Қазақстанда жер
реформасының міндеттері, жерде ұтымды шаруашылық жүргізу, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды
қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайды құру мақсатында жер қатнастары
қайта құрылды.
Қазақстандағы жер реформасының негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады.

Қайта бөлу үшін аудан және қала;
Азаматтарға шаруа және жеке қосалқы шарашылығын, мал шаруашылығын, бақ шаруашылығын жүргізу,
тұрғын үйге қызмет көрсету және құрылыс жүргізу, саяжай салу, дәстүрлі кәсіпшілік пен қол өнершілікті
дамыту үшін өмірлік мұралық иелік етуге жер беру;
Колхоздарды қайта құру, ауылшаруашылық кәсіпорындарының
жекелендіру және мемлекет иелігіне алу жағдайларына арналған
қайта үлестіру жерлері.
-ауыл елді-мекендері шекараларын аңықтау және орнату , олардын шаруашылық жерлерін ұйымдастыру,
-жер учаскелеріне пайдалану құқығы мен иелену құқығына құжаттармен рәсімдеу және қайта рәсімдеу.
«Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы» 1994ж 24-қантардағы және «жер қатынастарын адам
әрі жетілдіру туралы» 1994ж 5-сәуірдегі қабылданған президент жарлықтары, жаңа жер қатынастарын дамыту,
бұрын қабылданан заңдардың шектелген жағдайларын алып тастау, келешектегі заңды процестерге бағыт беру
үшін толық мүмкіндік бере алды. Дегенмен, жер қатынастарын түбірімен өзгертуге және жерге жеке меншікті
заңды түрде мүмкіндік беретін басты шешімдер – жерді нарық айналымына енгізуге, жерге жеке меншіктің
жер құқықтық нормаларын тәртіпке келтіретін жер пайдаланушылар мен жерге жеке меншіктің барлық
түрлерін, субьектілерін өзара реттейтін ҚР Конституциясы /1995/ мен1995ж 22желтоқсандағы заң күші бар ҚР
Президентінің «Жер туралы» жарлығында жерге жеке меншіктік сипат алынды. Сонымен бірге талдау
көрсеткендей республика жер қорының негізгі бөлігі әлі нарық қатынасына кірмеген. Бұл шаруашылық
жерлерге тиісті ипотекалық несиелеу барысында жер кепілімен байланысты операциялардың дами
алмағандығын, аграрлық секторларда өндіріс деңгейінің түсуіне әсер ететін факторлардың бірі болып отыр
.Бұл ауылшаруашылқ жерлерін жеке мешікке беруге тыйым салғандығын және заңды базаларының
дамымағандығын көрсетеді. Бүгінгі күні жер қатынастарының өзгеруіндегі нәтижелермен көрініс табатын,
жер реформасының ұйымдық, құқықтың, экономикалық аспектілері нарық жағдайында республиканың
ресурстарын тиімді пайдалануға тигізетін әсерлері тереңірек талдалатын болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Жер құқығы қатынастарының дамуы
«Экономикалық теорияның пәні мен әдістері»
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫН ТАНУ ӘДІСТЕРІ
Экономикалық теория
Салық элементтері
Сақтандыру жүйесінің теориялық негіздері
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Салық саясаты және оның жүзеге асыру механизмі
Пәндер