ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңының қабылдануының тарихи – құқықтық алғышарттары


Slide 1 Slide 2

ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңының қабылдануының тарихи - құқықтық алғышарттары

Орындаған: Төлеуова Анар

ЮП-103

Slide 3 Slide 4

Жоспар

Кіріспе

1. ҚР тәуелсіздігі жолындағы қабылданған тарихи - құқықтық құжаттар

2. 1990 ж. 25 қазандағы Егемендік туралы Декларациясы

3. 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің заңы

4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның тарихи - құқықтық маңызы

5. ҚР Тәуелсіздік туралы заңына түсіндірме

Қорытынды

Slide 5

Бұрынғы социалистік жүйедегі республиканы жаңа тәуелсіз мемлекетке алмастыру 1990 жылдың 25 қазанынан басталып, 1991 жылдың 16 желтоқсанында аяқталды. Қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігі КСРО-дай алып империяның күйреуінің салдарынан қалыптасқанымен, оның саяси-құқықтық негізін басты үш құжат, атап айтқанда: 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация», 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің заңы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң құрады.

Slide 6

ҚР тәуелсіздігінің орнығуының және қалыптасуының негізін құраған Құжаттар:

1. 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация»

2. 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің заңы

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң

Slide 7

Егемендік туралы декларация

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның» қабылдануы дербес, егемен Қазақстан мемлекетін құрудың негізін қалады. Ол Қазақстан Республикасының дербес конституциялық заң­дарының алғашқы конституциялық құжаты ретінде тарихқа енді.

Slide 8

«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің Заңы

1991 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің Заңы қабылданды. Жаңа заңда халықтың «өзін-өзі билеу, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымайтындығына, қоғамның саяси және идеологиялық алуан түрлілігіне негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшіл, құқықтық мемлекет құруға» ұмтылысын басшылыққа алатындығы ерекше атап көрсетілді.

Slide 9

Тәуелсіздік туралы ЗАҢ

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң тарихи құжат болды. Заң КСРО-ның құлауына байланысты қабылданды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды.

Slide 10

Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Конституциялық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы саясатты дербес белгілеп, жүргізеді. Демократиялық және құқықтық мемлекетті құру стратегиялық мақсат болып табылады. Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздіктің маңызды принципі орнықтырылды. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оның Конституциясы мен заңдары қолданылады. Конституциялық заңның мұндай ережесі Кеңес Одағының құлауымен және оның Конституциясы мен заңдарының Қазақстан аумағында қолданылуын тоқтатуымен түсіндірілді.

Slide 11

ҚР Конституциясы

ҚР Тәуелсіздігі туралы заңның негізінде Қазақстан Республикасының Ата заңы - Конституция қабылданды. Қр 1- конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Қазіргі кездегі қолданыстағы конституция - ҚР 2- конституциясы болып табылады. Ол 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Slide 12 Slide 13

Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің басқа бір маңызды принципін де орнықтырды. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен өзара қатынасының негізгі принциптері оның тәуелсіздігінің елеулі белгісі болып табылады.

Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы өзінің барлық басқа мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады деп жазылды. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттердің тануы үшін Қазақстан Республикасының ашық екені жарияланды.

Slide 14

Тәуелсіз қазақстанның тұңғыш президенті

Slide 15

Президентті бүкілхалықтық сайлау.

Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е. М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.

Slide 16

«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», деп атап көрсетті Н. Ә. Назарбаев.

Slide 17

Егемен және тәуелсіз ел болып қалыптасуға ат салысқан ұлы тұлға - Сұлтан сартаев

Slide 18

Декларацияның негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді. Депутат С. Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлекет азаматтық қоғамға, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмейді. Мәселен, Англия - құқықтық мемлекет. Алайда, ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті. Сондай-ақ, Франция, Испания, Жапония тағы да басқа көптеген ұлттық негіздегі құқықтық мемлекеттерді мысалға келтіруге болады. Біз де осы мемлекеттердің үлгісінде өзіміздің егеменді, ұлттық республикамызды дамытамыз, гүлдендіреміз. Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештеңе де жоқ. Қазақ ұлты, сонау ерте дәуірден тілі, ділі қалыптасқан, кіндік қаны тамған өз ата мекені бар халық қой. Енді келіп оны мүлде сызып тастау мүмкін емес», - деген түсінік берді.

Slide 19

Тәуелсіздік - еліміздің әрбір күнінің, әрбір қадамының, қиыншылығы мен өркендеп дамуының қателіктері мен табыстарының белесі, жүріп өтетін жолы, тарихи шежіресі.

1991 жылы 16 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы” Заңы да оңай қабылданған жоқ болатын. Қазақ елінің тәуелсіздігін көре алмағандар да, қызғанғандар да табылды. Біреулері “Кімнен және неден тәуелсіз болмақпыз? Жетпіс жыл бойы желкелеп келген ресейлік империя үлгісі бойынша қазақ империясын құруға әрекеттеніп жатқан жоқпыз ба?” десе, екіншісі, “Біздің Парламентіміз тағдырталайын шешетін күрделі мәселені түзетуге неге құмар?” “Біз мұнда мемлекет тәуелсіздігі мәселесін шешеміз, ертең 17 миллион адамның бақандай жартысы басқа жат мемлекетте қалып қоймай ма?” деді, ал үшінші біреу бұл мәселені референдумға қоюды ұсынды (ал бұл кезде қазақтардың үлесі тұрғындардың 36 пайызы ғана болатын) .

Slide 20

Жоғарғы Кеңестегі елге танымал азаматтарымыз, халық қалаулылары Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Шерхан Мұртаза, Жабайхан Әбділдин, Өмірбек Байгелди, Манаш Қозыбаев, Өмірбек Жолдасбеков, Камал Смайылов, Қуаныш Сұлтанов және басқалары әлгіндей сұрқия сұрақтарға салмақты да өткір жауаптар берді, Тәуелсіздік туралы заңның қиянатсыз қабылдануына жандарын салып бақты. Нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң басым дауыспен қабылданды. 16 депутат тәуелсіздігімізге қарсы дауыс берді.

Slide 21

Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін 1922 жылғы КСРО-ның құрылуы туралы шарттың күші жойылғаннан кейін барып, басқа республикалардың ең соңынан кейін ғана жариялауының өзін­дік себептері бар болатын. Олар: біріншіден, ұлтаралық қақтығыс пен жанжалдың туып кету қаупі болатын. Өйткені, “халықтар достығы” лабораториясына айналған Қазақстан басқа республикаларға қарағанда өз территориясында жергілікті халықтың ең төменгі пайызына ие болған еді. Деректер келтірер болсақ, 1989 жылғы санақ бойынша жергілікті халықтың үлестік пайызы Арменияда - 93, 3, Әзірбайжанда - 82, 6, Украинада - 72, 8, Грузияда - 70, 8, Орта Азия республикалары - Түркіменстанда - 71, 8, Өзбекстанда - 68, 7, Тәжікстанда - 62, 2, Қырғызстанда - 52, 4, ал Қазақстанда қазақтардың үлестік пайызы 39, 7 пайызды ғана құрады. Сондықтан да тәуелсіздік идеясы басқа этностардың қарсылығын туғызу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституцилық заң мемлекет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз
Конституциялық құқық негіздері
Құқық қорғау қызметінің мақсаты
Сыртқы талдау
Республикасының Президенті туралы
Конституцияның авторы кім
ҚР Призидентінің билігі
Конституция туралы түсінік. Конституция құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz