Компьютерлік желілер: негізгі ұғымдар, мақсаттар және жіктелуі


Slide 1

1. Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер

Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) - берілген ереже-лерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі

немесе

ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.

Slide 2

Бүгінде әлемде 130 млн-нан аса компьютерлер бар, олардың 80 %-дан артығы әр түрлі ақпа-раттық-есептеу желілеріне біріктірілген.

Мәліметтерді тасымалдаудың компьютерлік желілері болашақта коммуникацияның негізгі құралы болады. Желілерде ақпаратты тасымал-дау жылдамдығы жоғары, жұмыс орнында отырып-ақ хабарлама алу/жөнелту, жер шары-ның кез келген нүктесінен керекті ақпаратты жылдам алу мүмкіндігі, әр түрлі компьютерлер арасында және әр түрлі программалар арасында мәлімет алмасу, т. с. с. әрекеттер орындала береді

Slide 3

Компьютерлерді желіге біріктіру себептері:

1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіге (CD-ROM-ға немесе стримерге) жазылған мәліметті бірігіп пайдалану,

- бір принтерге, плоттерге нәтижелер шығару, - ортақ сканерді қолданып, информация көшірмелерін кезекпен алып отыру.

Бұлар әр тұтынушының сол құрылғыларға жіберетін шығындарын азайтады.

2) қолданбалы программалардың да (Word, Excel, т. б. ) ортақ дискіге жазылған бір ғана желілік көшірмесін қолдануға болады.

Slide 4

3) әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс құралдарын (коммуника-циялық қызметтер түрі, мәліметтер, бейне суреттер және дыбыстық құжаттармен алмасу, т. б. ) пайдалануға жол ашылады. Мәліметтерді жекелеп кезектесіп өңдеу ісін ұйымдастырудың маңызы артады. Информацияны бөлмей бір орында сақтап отыру оны тұтас көшіріп алу немесе сол толық қалпында ұстау мүмкіндіктерін жеңілдетеді.

Slide 5

Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты: Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру. Сол себепті барлық құрылғылардың электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.

Slide 6

Желіге қойылатын талаптар

Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;

Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;

Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;

Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;

Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.

Slide 7

2. Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы)

Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:

географиялық қамтылу аймағына қарай;

өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;

топологиясына - бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;

басқарылуына байланысты.

Slide 8

Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді:

Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютер-лер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін) .

Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) - бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.

Аймақтық, интранет(региональный -Metropolitan Area Network MAN) - бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

Slide 9

Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер:

бөлімдер желісі;

кампустар желісі;

корпоративтік желілер тәрізді топтарға бөлінеді

Slide 10

ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер: негізгі ұғымдар, жіктелуі және аппараттық-бағдарламалық құрамдастары
Компьютерлік желілер: негізгі ұғымдар, жіктелу, топологиялар және компоненттер
Компьютерлік желілер: негізгі түсініктер, жіктелуі және компоненттері
Компьютерлік желілер: анықтама, жіктелуі және негізгі түрлері
Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі
Компьютерлік желілер: негіздері, жіктелуі және технологиялары
Компьютерлік желілер, электрондық пошта және әлеуметтік желілер: негіздері мен жіктелуі
Компьютерлік желілер, электрондық пошта және әлеуметтік желілер: жіктелуі, қызметтері және әсері
Компьютерлік желілер: классификациясы, даму тарихы және негізгі технологиялары
Компьютерлік желілер: электрондық пошта және әлеуметтік желілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz