Қазақстан Республикасы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы
мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан.
• Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен
оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен
орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде
субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей
Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380
км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км)
республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi,
батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9
мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы
немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен
ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік
жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2
қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176
кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер
бар (2003; кестенi қ.). Мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Ұлттық
валютасы — теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.
Мемлекеттік рәміздер
Халық
Халық саны - 16, 036 млн. адам. Халықтың
тығыздығы: 1 шаршы метрге. 5,9 адам.
Астанасы- Астана (1997 жылғы 10
желтоқсаннан). Халық саны 684,0 мың адам.
Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, оның 41-і – республикалық
және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік
және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.
Ұлттық мерекелер – 30 тамыз – Конституция Күні, 16
желтоқсан – Тәуелсіздік Күні
Табиғи-ресурстық әлеует
Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер
қойнауында Менделееев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70
бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.
• Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кенорны белгілі.
Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары
бойынша бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша
екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын
бойынша алтыншы орында тұр.
• Қазақстан пайдалы қазбалар қорларының көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында
хром кендері және қорғасын бойынша бірінші, мұнай, күміс, мыс, марганец, мырыш,
никель және фосфорлы шикізат қорлары бойынша екінші, газ, көмір, алтын және
қалайы бойынша үшінші орында тұр.
• Республика күмісті, хромитті, қорғасынды және мыршты өндіру бойынша бірінші
орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфатты шикізатты өндіру бойынша
екінші орында, алтын өндіру бойынша үшінші орында тұр. Қазақстан республиканы
әлемнің ірі мұнай өндіретін мемлекеттерінің қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
батыс өңірінде шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай қорларына ие. Онтүстік
Торғай ойпатының шегінде жаңа мұнайы бар ауданның ашылуы Республиканың
мұнай өндіруді одан әрі дамыту перспективасын кеңейтеді.
Қазақстанның бар пайдалы қазбалар қорларын геологиялық – экономикалық
бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңызы бойынша көмір, мұнай, мыс,
темір, қорғасын, мырыш, хромиттер, алтын, марганецтің ең үлкен салмағы бар.
Қазақстан еуроазиялық құрлықтың ортасында орналасқандықтан оның
транзиттік тасымалдары саласында айтарлықтай көліктік және коммуникациялық
әлеуетін алдын ала анықтайды және әлемнің көптеген елдері үшін мүдделі болып
табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz