Қазақстан-Жапония


Slide 1

Қазақстан-Жапония

Тексерген: Тұрлыбекова А. Ж.

Орындаған: Жумабаев Тимур, Жумабаев Жандос Ф07К3

Slide 2

Қазақстан- Жапония

Slide 3

Инвестициялық қатынастар тарихы

Тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы жылдары ел экономикасында жапондық инвестициялар көлемі төмен болған. 1993 -2001 жылдар аралығында 336 миллион долларды құраған. Бұл Қазақстанға инвестициялар тізімінде тоғызыншы көрсеткіш. Бұған белгілі себептер де бар:

Басты себеп бұл Қазақстанға инвестициялар негізінен мұнай-газ секторларына шоғырланғандықтан болып табылады. Әсіресе американдық және еуропалық компаниялар осы негізінен салада ғана инвестициялар жасайды. Ал Жапонияда мұндай үлкен компаниялармен бәсекелесетін мұнай өңдеуші компаниялар жоқ. Жапондық компаниялар көбіне автомобиль, электроника, электротехника шығарумен айналысады.

Жапонияның ҚР-дағы елшісі ТосиоЦунодзакидің айтуынша осы жағдайға әсер ететін тағы бір фактор бұл жапондықтардың бизнесте жоғары тәуекелдерге бармауы болып табылады дейді. Алғашқы жылдары ҚР-ның экономикасы тұрақсыз болып инвестициялар үшін қауіп төнген. Ал қазіргі кезде екі ел арасында жақсы қарым-қатынас орнатылған.

Slide 4

Қазіргі инвестициялық климат

Қазақстан-Жапон екі жақты сауда қатынастары табысты дамып келе жатыр. 2009 жылы екі елдің арасындағы сауда айналымы 882, 6 млн долларға жетті. Оның 247, 5 миллион доллары - экспорт, ал 635, 1 миллион долары - импорт. Ал 2010 жылдың екінші тоқсанында екі елдің арасындағы сауда айналымы 325, 5 миллион долларын құрады, оның 170, 2 миллионы - экспорт, ал 155, 3 миллион доллары - импорт. Қазақстанға Жапониядан келген инвестицияның жалпы көлемі 3, 9 миллиард долларды құрады. Соның 2, 4 миллард доллары - тікелей инвестициялар. Ал Қазақстаннан Жапонияға салынған жалпы инвестиция көлемі - 2, 4 миллард доллар.

Slide 5

Қазақстан мен Жапония арасында экономикалық қарым-қатынас жедел қарқынмен дамуда. Жапон компаниялары Қазақстанның көптеген салаларына, әсіресе энергетика саласына инвестиция тартуда. Уран өндіру және уран өнімдерін шығару саласында Қазақстан мен Жапония арасында бірлескен кәсіпорындар құрылып, Қазақстанға жаңа технологиялар әкелінуде.

Екі ел арасындағы сауда айналымы 2007 жылы 1, 7 млрд. долларды құрап, 2006 жылмен салыстырғанда (1, 1 млрд. долл. ) 54, 5% пайызға өскен.

Жапон компаниялары Қазақстанның мұнай игеру саласындағы ірі халықаралық жобаларына қатысуда және сирек кездесетін металлдар іздеу саласында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, Қазақстанда жапон компанияларының қатысуымен жаңа технологиялар негізінде энергия үнемдеу жобалары да іске асырылуда.

Slide 6

Қазақстанда Жапонияның Дамуға ресми көмек (ODA) бағдарламасы аясында маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Жапонияның Қазақстанға көрсеткен бүгінге дейінгі ODA көлемі 102, 1 млрд. йенді (шамамен 1 млрд. долл. ) құрап отыр.

2007 жылдың 29-30 сәуірінде Жапонияның экономика, индустрия және сауда министрі А. Амари мен Жапонияның ең ірі ұлттық корпорациялары мен электроэнергетикалық компаниялары, сауда компаниялары және қаржы мекемелері басшыларының Қазақстанға сапары болды. Сапар барысында Атом энергиясын бейбіт жолда қолдану саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайту жайында Бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ, уран саласында жиырмадан астам келісімге қол қойылды.

Slide 7

"Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ғылымға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет білдірген Жапония компанияларына қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы жұма күні Жапония премьер-министрі Ясуо Фукудамен өткен келіссөздер барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысы Қазақстан нарығына келуге және ғылымға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет еткен жапондық компанияларға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді", - деп атап көрсетілген баспасөз-релизінде.

Біздің еліміз Жапониямен жоғары технология саласында және Қазақстан экономикасына жапон инвестициясын әкелу тұрғысында аса мүдделі. Мемлекет басшысы Қазақстан нарығына келуге және ғылыға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет ететін жапондық компанияларға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

"Жапония кәсіпкерлері қайта өңдеу кешені, машина жасау, энергетика, көлік және коммуникация инфрақұрылымы, құрылыс салаларындағы жобаларға қатыса алады", - деді президент.

Бұл орайда мысал ретінде Н. Ә. Назарбаев "Қазақатомөнеркәсібі" мен "Тошиба" компаниясының ынтымақтастығын оңды үлгі ретінде атап өтті.

Slide 8

Мемхатшы Саудабаев Жапонияның ірі компанияларын ҚР экономикасының шикізаттық емес секторындағы жобаларға белсенді инвестиция салуға шақырды

Токио. 25 наурыз. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Жапонияның ірі компанияларын Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторындағы жобаларға белсенді инвестиция салуға шақырды.

«Нақты істердің уақыты келді деп есептеймін. Жапонияның белді корпорацияларын Қазақстандағы жобаларды іске асыруға шақырамын. Біз сіздерден нақты ұсыныс естігіміз келеді», - деді Қ. Саудабаев бейсенбі күні Токиода саяси және аккадемиялық топ өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан экономиканың шикізаттық емес секторына шетелдік инвестиция мен технологияларды тартуға мүдделі екенін жеткізді. Бұл үшін үкімет инвесторларға деген едәуір жеңілдіктер мен ерекше жағдайлар қарастырып отыр.

«Бірақ, өкінішке қарай, қазір жапондық компаниялар басқа шетелдік инвесторлардан едәуір қалып келе жатқанын айтуымыз керек. Жапония әлем экономикасында ең технологиялы және екіншісі бола тұрып, Қазақстандағы инвестиция көлемі жағынын 13-ші орында ғана тұр», - деді ол.

Жағдайды жақсарту үшін, деп жалғастырды Қ. Саудабаев, Қазақстан екіжақты құқықтық-келісім базасын жетілдіріп жатыр. Атап айтқанда, 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қосарланған салықты болдырмау мен кіріске салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция күшіне енді. Бұдан басқа, Жапониямен өзара инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

Қазақстан СІМ басшысы республика, жапондық технологияларды енгізу мен жапон бизнесін орта-азиялық, Кавказ және Ресей аймақтарына таратудың өзінше «хабы» бола алады деп сендірді.

«Бұл Қазақстан, Ресей, Беларусиямен Кедендік одақ құру жағдайында ерекше маңызды. Шетелдік компанияларға бизнес-климаты өте қолайлы Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар ашып, одан соң өз тауарларын 200 млн халқы бар Кеден одағы нарығына ешқандай кедергісіз сатуларына болады», - деп атап көрсетті Қ. Саудабаев.

Slide 9

Жапон инвестициясы бойынша Қазақстандағы жобалардан жылына 6 мың тоннаға жуық уран өндіріледі

Жапон инвестициясы бойынша Қазақстандағы жобалардан жылына 6 мың тоннаға жуық уран өндіріледі. Бұл туралы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевпен кездесуінен соң Жапонияның Сауда, экономика және өнеркәсіп министрлігінің парламенттік хатшысы Канае Ямамото журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалануға байланысты Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестиция екі жоба бойынша бағытталады. Оның бірі батыс Мыңқұдық жобасы болса, екіншісі Қарасан жобасы. Бүгінгі күні батыс Мыңқұдық жобасында өнім өндіру қолға алынып жатыр, бірақ оның ресми ашылуы маусым айына жоспарланған. Ал уран ресурсы өнімдерін алу үшін жапон тарапы ірі жобаларға да инвестиция салып отыр», деді Канае Ямамото. Оның айтуынша, Қорасан жобасы бойынша жылына уран өнімінің көлемі 5 мың тоннаны құрайды. Ал батыс Мыңқұдық жобасы бойынша жылына алынатын уран өнімі шамемен 1000 тоннаға жетеді. Бұл жоба бойынша алынатын өнімнің өзі ауқымды болып табылатынына тоқталған К. Ямамото, Жапония инвестициясының негізгі бағыты осы арнаға тоғысатынын атап өтті. «Бұл салада тек қаржылық инвестициялар ғана емес, маңызды техникалық-технологиялық ынтымақтастықтар да қамтылады. Осыған орай, Жапония компаниялары Үлбі металлургия зауытын пайдалана отырып, «ҚазАтомПром» мен жапондық компаниялар тәжрибе алмаса алады»

Slide 10

ҚАЗАҚ-ЖАПОН ТАНДЕМІ

Елімізде сирек кездесетін металдарды игеретін кәсіпорын құрылады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен жапондық «Sumіtomo Corporatіon» компаниясы жер асты сирек кездесетін металдар саласында «Summіt Atom Rare Eartһ Company» (SARECO) бірлескен кәсіпорнын құру жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл келісім Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың 23-25 наурызда Жапонияға барған ресми сапары барысында жасалды.

Біздің ел үшін сирек және сирек-жер металдар кен орындарын игеріп, олардың негізінде өндіріс ашу - индустриялдық-инновациялық дамудың жаңа бағыты ретінде жоғары технологиялық кәсіпорындарды құруға мүмкіндік бермек. Себебі, сирек металдар әлемдік нарықта жылдан-жылға өте қат дүниеге айналып барады. Ал, Жапония дүниежүзінде осы сирек металдардан дайындалатын өнімнің 50 пайыздан астамын бір өзі қамтамасыз етіп отыр. Жапон мемлекетіне ресми сапармен барған біздің мамандар 2012 жылы Ниссан концерні дүниежүзін мойындатқан экологиялық таза көліктер электромобильді нарыққа миллиондап шығармақ екеніне көз жеткізіп қайтты.


Ұқсас жұмыстар
Жапония жайлы
Жапонияның сайлау жүйесі
Жапонияның ақша - несие саясаты
Орыс-Жапон соғысы
Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері
Жапония саяси жағдайы туралы
Қазіргі кезеңдегі Жапония экономикасы
Қазақстанның жалпы көмір қоры
Мемлекетті басқару формалары
Вашингтон конференциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz