Газ өнеркәсібі




Презентация қосу
Газ өнеркәсібі
Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады
десе болады. 1981 жылғы «Қазақ Совет энциклопедиясында» былай делінген:табиғи газдың
көптеген өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі мен салыстырма
түрдегі төмен капитал сыйымдылығы қысқа мерзімде республиканың отындық баланс құрылымын
газға қарай өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зоp. КСРО-
да бірегей халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында Бұқар-Орал, Орталық Азия-
Орталық және Бухара-Ташкент-Фрунзе-Алматы ірі магистралдық газ құбырларын салуға себеп
болды, олар бойынша осы уақытқа дейін тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде. Бірегей газ
тасымалдау жүйесі орталықтан басқарылды, республикада негізгі басқаруды Қазбасгаз жүзеге
асырды. Түрікмен мекн өзбек газын Қазақстан аумағы бойынша солтүстікке жеткізу керек болды.
Магистралды газ құбырлары қазақстандық көмірсутегінің негізгі кен орындары орналасқан
Қазақстанның батыс өңірлері бойынша жобаланып, өткізілгендігін атап өткен жөн. Қазақстанның
тәуелсіздік алуымен бірге газ тасымалдау жүйесінің магистралдық жүйесін басқарумен «Қазақгаз»
отандық мемлекеттік құрылымы айналысты . Алайда тиімді шаруашылық ету жедел жұмыс жасау
және желілерді жарамды күйінде ұстау үшін ғана емес, оларды дамыту үшін де күрделі
салымдарды талап етті. «Қазақгаз» қалыптасқан жағдайға байланысты осы проблемаларды шеше
алмады да үкімет деңгейінде шетелдік инвесторларды тарту туралы шешім қабылданды. 1997
жылдың жазында бельгиялық «Трактебель С.А.» компаниясы мен Қазақстан Республикасы Ішкі
және халықаралық газ тасымалдау жүйелері концессиясы шартын жасасты. Шартта бастапқы
мерзім — барлық талаптар сақталған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен 15 жыл көзделді. Жүйенің
айтарлықтай бөлігі — 10 магистралдық газ құбыры, газ қотару қондырғыларымен 21
компрессорлық станциясы мен үш жер астындағы газ қоймасы концессияға түсті.
Магистральды газ құбырлары
• Үстіміздегі жылдың 10-11 қарашасында Астанада “ҚазМұнайГаз” ұлттық
компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын “ҚазТрансГаз”
акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен “Магистралды газ құбырларын
пайдалану: жетістіктер мен перспективалар” деген тақырыпта ғылыми-
практикалық конференция болып өтті.

• Жалпы отырыс барысында Қазақстан Республикасында газ тасымалдау жүйесін
дамытудың келешегі, компаниядағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
мәселелері жан-жақты әңгіме арқауына айналды.

• Конференцияға қатысушылар газ айдайтын агрегаттарды және магистралды газ
құбырларының желілік бөліктерін пайдалану, газ тасымалдау жүйесі нысандарын
энергиямен қамтамасыз ету, газды жер астында сақтау және табиғи газды
қорландыру тәсілдерінің тиімділігі, магистралды газ құбырларының желілік
бөліктерін диагностикалау тәсілдері және техникалық жағдайға мониторинг
жүргізу тәрізді көптеген көкейкесті тақырыптарды кеңінен талқылады.
• Магистралды газ құбырларының техникалық-
экономикалық көрсеткіштерін қайта қалпына
келтіріп, оның сенімділігі мен тиімділігін арттыру
үшін “Интергаз Орталық Азия” АҚ құбырлардың
түрлі нысандары мен жабдықтарын жөндеу және
модернизациялау жөнінен іс-шаралар кешенін
жүзеге асыруда. Атап айтқанда, 2001 жылдан 2005
жылға дейінгі кезеңде 330 шақырым газ құбыры
салынған және жөнделген, оның ішінде 131
шақырым құбыр алмастырылып, сыртқы қорғаныш
қабаттарына жөндеу жүргізілген. Сонымен қатар,
жалпы ұзындығы 175 шақырым болатын жаңа газ
құбыры тартылған.
Ақтөбе облысының үш селосына
магистралды газ құбыры тартылды

• Алға ауданы Алға қаласының маңында ұзындығы 62 шақырым болатын «Жаңажол-
Ақтөбе» газ құбыры пайдалануға тапсырылды. Ол аймақтың елді мекендерін
«Бұқара-Орал» магистралды газ құбырымен жалғады.

• Онымен газ Алға ауданының Тамды, Павловка және Тоқпансай селоларына
жеткізіледі. Бұл аймақта 5,5 мыңнан астам адам тұрады.

• «Осы арқылы аймақты газдандырудың 2006-2010-шы жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасының тағы бір тармағы орындалды», - деп Ақтөбе облысының әкім
орынбасары Қалижан Әбдраимов мәлім етті.

• Газ құбырының құрылысы мен үш ауылды газдандыруға республикалық бюджеттен
Т1 млрд 13,6 млн теңге бөлініп, ол қаражат толығымен игерілді.

• Бүгінге Ақтөбе облысының территориясында 62 ауылға газ тартылған. Ол елді
мекендерде 465 мың адам тұрады.

Ұқсас жұмыстар
Қарағанды көмір бассейні жалпы қоры
Отын-энергетика кешені. Отын өнеркәсібі. Электр энергетикасы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Электр қуаты
Мұнай ЖЭС құбырлары және газ құбырлары
Мұнай және газ өнеркәсібі
Мұнай өнеркәсібі
Газ өңдеу өнеркәсібі
Газды жер асты сақтау
Қазақгаз кәсіпорындарын конденсатын сұйылтатын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану және құрғақ газ, газ 1966 жылдан басталды бензинін алумен
Пәндер