АДАМНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨМІРІНІҢ МӘНІ




Презентация қосу
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№ 2 АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Баяндама
ТАҚЫРЫБЫ: “АДАМНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ӨМІРІНІҢ МӘНІ”

Орындаған:
Ш 43 тобының IV курс білім алушысы:
Изгалиева Анар Ермекқызы
Тексерген:
“Қоғамтану” пәні мұғалімі:
Арынтаева Замза Тасқызы

Алматы 2010
Адам үшін дүниеде тек тірі ағза болып тіршілік ету, ағзалық
мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз. Оның дүниеде
болуын ақтай алатын нәрсе, ол – мәнділік.
Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе да болады.
Бұған дәлел: философияның өзі сонау көне замандардағы
ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен
алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туған. Бір нәрсенің сырын
ашып білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп,
соны іштей де болса мойындау қажет. Адамзаттың білімдерін 100 %
десек, соның ішінде 95 % білімдеріміз өлі табиғат туралы, ал қалған
5 % - тірі табиғат туралы, оның ішінде 1 % - адам өзі туралы біледі.
Адамдық мәселелерге Аристотель ерекше көңіл аударған. Әсіресе
оның философиясының “Этика” бөлімі түгелдей сол проблемаларды
қарастырып, оларға тиісті талдау берді. Ең жақсы адам – ұлылық
дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол өзін
мақтағанды, басқа біреуді жамандағанды сүймейді. Аристотельдің
пікірінше, табиғи денелердің тіршілік жасау мүмкіндіктері бар. Осы
мүмкіндіктің жүзеге асырылуы энтелехия (жан) арқылы болады.
Жанның 3 түрі бар.
1) Өсімдіктер жаны – жанның алғашқы және жалпы мүмкіндігі. Бұл
жанның басты қызметі – өзін-өзі ұдайы өндіру, қоректендіру.
2) Жануарлар жаны – олар заттардың сырт пішінін түйсіктері арқылы
қабылдай алады.
3) Адамдар жаны – өсімдіктер мен жануарлар жанына тән
қасиеттерге қоса, ақыл-ойдың арқасында жалпылықты танып біле
алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін, алдымен жалқыны танып білу
керек.
Ал, адам дегеніміздің өзі не? Дегенмен бұл сұраққа тереңірек
үңіліп, адам ерекшелігінің, табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға
тырыссақ, үлкен қиындыққа кездесеміз. Тарихшы-антрополог пен
психологтың адамға беретін анықтамасы екі басқа болуы мүмкін,
биолог пен дәрігердің түсініктері тағы да бір-біріне ұқсамауы ғажап
емес. Өйткені, олар адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді және
адамға негізінен өз мамандығы тұрғысынан қарайды. Ондай біржақты
көзқарас көп қырлы кесек тұлғаның өзекті мәнін толық аша алмайды.
Тіпті бұл жекелеген ғылымдарға тән ұғымдардың жай қосындысы да
адамның тұтас бейнесін бере алмайды. Бұл міндетті орындауға қабілеті
жететін бір ғана білім саласы бар. Ол – философия. Сол сияқты адамның
даәр түрлі құрамды жақтары мен қырларын (биологиялық құрылысын,
психологиясын, әлеуметтік сипатын, моральдық күйін, т.б.) жеке-жеке
зерттеумен шұғылданбайды, ең маңыздысы, адамды адам ететін сапалық
қасиеттердің жалпылық байланыстарын, тұтастығын қарастыру арқылы
оның ерекше қоғамдық мәнін ашуды өзіне мақсат санайды.
Философия тарихында адамға берілген анықтамалар көп:
- Аристотельдің анықтамасы бойынша: “Адам – қоғамдық хайуан,
басқа хайуандардың адамнан айырмашылығы – оның қоғамнан тысқары
жағдайда өмір сүре алмайтындығы”.
- Орта ғасырдағы католицизм діни философы Фома Аквинский
адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы
нәрсе деп қарады.
- Неміс философы Фейербахтың айтуынша, жеке-дара, жалғыз өзі
ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. “Менің” болуымның
міндетті шарты “сенің” болуың, басқалардың болуы.
- Марксизмнің адам туралы ой жүйесінің алғашқы бастамасына негіз
болған Фейербахтың осы тезисі еді. “Индивид” (дара адам) – деп жазды
К. Маркс, бұл – қоғамдық хайуан. Сондықтан оның өмірінің әрбір
көрінісі қоғамдық өмір көрінісі және тұрақтануы болып табылады.
Басқаша айтқанда, адамды жан-жануарлардан әлдеқайда жоғары қоятын
қасиеттері тек қоғам ішінде өмір сүруінің нәтижесі.
Туркменияда Жұма Жұмаев деген адамды 13 жасында қасқырдардың
ортасынан тауып алған. Қазір ол адам 40 жаста болса да, ол әлі жетілген
адамдар қатарына кіре қойған жоқ.
Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік
қатынастарға түсетін өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар
тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Адамның 3 түрлі өлшемі бар. Биологиялық, психологиялық және
әлеуметтік. Биологиялық өлшем – адам организмінің түр бейнесі мен
құрылымын орындайтын қызметін, генетикалық негізін, ми, жоғары
жүйке жүйесін, т.б. қамтиды. Психология ұғымына адамның ішкі жан
дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен
процесстер, адамның еркі мен сипаты, темпераменті т.б. кіреді.
Әлеуметтік өлшем – адамның қоғаммен байланысы.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі
ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас
жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін
ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады.
Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.
Айтылмыш жағдай адамның әлемдегі алатын орнын, оның өмірінің
түпкі мәнін, оның кім болатындығын, болуы керектігін алдын-ала
шешілген, онсыз-ақ, онан бұрын-ақ анықталған мәселе ретінде қарамайды.
Керісінше, оның барлығын адамның өзі шешуін, өзі анықтауын керек етеді.
Яғни, адам әлемі үнемі белгілі бір дәрежеде шешіліп, анықталуын күтіп
тұрған жұмбақтай болып тұрады.
Адам жан-тәнімен, қаны және миымен табиғатқа жатады. Бірақ туған
күнінен бастап, адам бұрыннан қалыптасып қалған күрделі қоғамдық
байланыстар жүйесінен орын алады, соның ішінде сіп жетіледі, білім-
тәрбие алады, сол жүйеде оның әлеуметтік орны, жағдайы анықталады.
Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көқарасы, мақсат-тілегі,
мінез-құлқы, моральдық бейнесі тек қана қоғамда, басқа адамдар арасында
өмір сүру барысында қалыптасады. Адам үшін бүтін дүние өзінен-өзі,
басқа еш нәрсеге тәуелсіз бағалы, сол сияқты адам да өзінен-өзі басқа еш
нәрсеге тәуелсіз бағалы. Адам өзінен-өзі бағалы құбылыс болмаса, оны
ешбір сыртқы күш бағалы ете алмайды. Басқаша айтсақ, адамның бағалы
не бағасыз болуы оның өзіне ғана байланысты, ол өзі ғана осы қасиетке ие
бола алады немесе бола алмайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.
2. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2006 ж.
3. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2004 ж
4. “Сыныптан тыс жұмыстар” журналы, №8, 2009

Ұқсас жұмыстар
Адамның шығу тегі
Аристотельдің өнер философиясы
Омыртқалылар тип тармағы
Ежелгі шығыс философиясындағы адам мәселесі
Экзистенциализмның негізгі өкілдері
САНА ҚАСИЕТІ
Қазақ халқының өнер философиясы
АВГУСТИННІҢ ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Адамның шығу тегі туралы көзқарастар
Жазу туралы
Пәндер