Мәтіндегі сөйлемдер байланысы


Slide 1

№ 2 Алматы Мемлекеттік гуманитарлы-педагогтік колледжі

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Мәтіндегі сөйлемдер байланысы

Орындаған:

Ш-43 тобының білім алушысы:

Изгалиева А. Е.

Тексерген:

“Мамандық курс” пәні мұғалімі:

Құлтайбаева Г. М.

Алматы 2010

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі сөйлемдер байланысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіндегі сөйлемдер байланысы туралы жалпы мағлұмат беру.

Білімділігі: Оқушыларға мәтіндегі ойдың байланысын қамтамасыз ететін, тілдік байланыс жасауға көмектесетін кілттік сөздердің рөлін таныту;

Дамытушылығы: Мәтіндегі сөйлемдер байланысының тізбектік және қатарластық байланыс деген түрлерімен таныстыра отырып, сөйлемдерді байланыстырып жазуға үйренуге мүмкіндік ашу;

Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, теорияның практикамен байланысы, түсініктілік

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, дәлелдеу, проблемалық, ой тұжырымын жасау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, сыныптан тыс сабақ, ойын сабақ

Көрнекілігі: тірек-сызба, суреттер, слайд шоу

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер, ноутбук

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 4 сынып “Қазақ тілі” оқулығы, Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Жаттығулар мен сабақ үлгілері” мәтінді дамыта оқытуға арналған көмекші құрал Р. Ж. Базарбекова, “Бастауыш мектеп” журналы №8

Slide 3

Сабақтың барысы

Сатысы

Мазмұны

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Психологиялық дайындық

Бағдарлау-мотивациялық кезең

(Оқушылар орындарынан тұрады)

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?! Сабақты бастамас бұрын интерактивті тақтада көрсетілген өлең жолдарын бірге оқу арқылы амандасып алайық.

(Интерактивті тақтадан көрсетіледі)

“Ерте тұрып күнде мен

Тереземді ашамын.

Сәлем деймін Күнге мен,

Шаттық әнге басамын.

Айналама қарасам

Ғажаптар қаншама!

Сан жетпейді санасам,

Сәлем деймін баршаңа!”

-Оқушылар, бәріміз бірге интерактивті тақтада көрсетілген өлең жолдарын екі оқушы бір-бірінің алақанын, сосын өз алақанын соғу арқылы хормен айтайықшы. . .

(екі оқушы бір-бірінің алақанын, сосын өз алақанын соғады)

“Жаңа ғасыр ұланымыз,

Жақсы оқу - ұранымыз!”

Slide 4

3. Кіріспе бөлімі

Тапсырма

(Әр қатардан бір-бір оқушыға оқытып, тапсырманы орындату)

-Өлеңді түсініп оқыңдар. Әнуардың “біреудің айтқанын айнытпай қайталап айта аламын” деп мақтануына бола ма? Соны анықта.

Қайсысы дұрыс?

“Мен өлеңді айнытпай

Қайталап айта аламын” - деп Әнуар мақтанады.

Автор айтады:

“Атқа Айбек мініпті,

Күшік жетекте жүріпті.

Осы кезде бір шешей

Терезедегі кактустың

Шаңын сүртіп тұрыпты. ”

Әнуар қайталайды:

“-Атқа күшік мініпті,

Айбек жетекте жүріпті.

Осы кезде бір кактус

Терезедегі шешейдің

Шаңын сүртіп тұрыпты”

Әнуар тағы да қайталайды:

“-Атқа кактус мініпті,

Шешей жетекте жүріпті.

Осы кезде бір күшік

Терезедегі Айбектің

Шаңын сүртіп тұрыпты. ”

-Әнуар автордың өлеңін шатастырмай қайталап айта алды ма?

-Қайсысының мазмұны дұрыс емес деп ойлайсыңдар? Неге?

-Енді өзің автордың өлең шумақтарын жатқа айтып бере аласың ба?

-Өлеңнің дұрыс нұсқасын көшіріп жаз.

Slide 5

4. Операционалдық-орындаушылық кезең

(Жаттығулар орындату)

1-жаттығу:

Мәтінде қайталанып келген сөзді тауып, астын сызыңдар. Сөйлемнің байланысы қандай байланысқа жатады? Неліктен?

Көмек

Көгершін қызыл құмырсқаның суға кетіп, жанталасып жүзіп бара жатқанын көрді. Оны өлімнен құтқару үшін мойылдың жалпақ жапырағын жұлып алып, құмырсқаның алдына тастапты. Құмырсқа жан дәрмен жапырақтың үстіне шығып, жайғасып, “Уф!” деп демін алыпты. Біраздан кейін жел тұрады. Құмырсқа отырған жапырақ жағаға жақындайды. Шаршап-шалдығып, құмырсқа жағаға шығады.

(С. Сауытбеков)

-Бұл мәтінде әр сөйлем сайын қайталанып келетін сөздер бар ма?

Бұл сөздерді қандай сөздер дейміз? (Сөйлемдерді байланыстыратын сөздер дейміз. Оны кілттік сөздер деп атаймыз)

Қорытынды: Мәтіндегі сөйлемдер тізбектеле байланысқан, себебі қайталанған сөздер арқылы жасалған мәтіндегі сөйлемдер тізбектей байланысқа жатады.

Осылай түсіндірілгеннен кейін тізбектей байланыстың сызбасы көрсетіледі:

Сөйлемдердің тізбектік байланысы

1)

2)

3)

4)

Slide 6

Мұғалімнің түсіндіруі:

-Оқушылар, тізбектік байланыс мәтінде бір сөздің екінші сөйлемде қайталануы арқылы немесе біртүрлі сөздер арқылы, есімдіктер арқылы жасалады.

1-сөйлемде келесі сөйлемде айтылатын ойдың элементі жүреді, 3-сөйлемде берілетін ойдың элементі жүреді. Сөйтіп, айтылмақ ой қашан біткенше бұл тізбек өзара байланысып, жалғаса береді. Тізбектік байланыста сөйлемдер жеке бөлініп, өз бетінше тиянақты ойды қамти алмайды. Ал қатарластық байланыста барлық сөйлем мағынасы жағынан бірінші сөйлеммен байланыста болады.

2-жаттығу

Мәтіннен бірінші тұратын сөйлемді табыңдар. Мәтінде “тізбек” жасайтын кілттік сөздер бар ма? Мәтіндегі сөйлемдер қандай байланысқа құрылған? Ойыңды дәлелде.

Борсық

Түрлі шөптердің тәтті тамырымен қоректенеді. Жеміс -жидек, қияр, қауын-қарбызды жақсы сүйіп жейді. Үстіне бір тамшы сірне тамызбайды. Борсық деген жыртқыш емес - кеміргіш мақұлық.

Іннен аулағырақ жерден шұңқыр қазып, күшіктеріне “әжетхана” жасап береді.

Онан соң тағы бір қызығы: төрт аяғын аспанға көтеріп, шалқасынан жатып, ұйықтап, демалады.

(Т. Ізбасаров)

Slide 7

5. Сергіту сәті

Тренинг: “Кім жылдам?”

-Мәтіндегі бірінші сөйлем қайсысы?

-Мәтінде не жайлы жазылған?

Қорытынды: Бірінші сөйлем “Борсық жыртқыш емес - кеміргіш мақұлық”. Бұл сөйлемде мәтіндегі негізгі ой “борсық” туралы болады да, қалған сөйлемдерде осы ой ашылады. Мәтінде тізбек жасайтын сөздер жоқ. Ендеше, мәтіндегі сөйлемдер байланысы қатарластық байланысқа жатады деген түсініктеме беріледі. Қатарластық байланыс деп негізгі ой айтылған бірінші сөйлем мен басқа сөйлемдердің арасындағы байланысты айтамыз.

Сосын оқушылар қатарластық байланыстың сызба түрімен танысады:

Сөйлемдердің қатарластық байланысы

1

2

3

4

5

6

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда қаласы
Бастауыш Баяндауыш Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш сыныпта етістікті оқыту тәсілдері
Қазақ отбасының тірегі кім
КҮРДЕЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Стильдердің тілдік құралдары
Нәсіреддин Сералиев 1930-1984
БЕЛСЕНДІ ОҚУ ӘДІСТЕРІ
ТІЛ ЖӘНЕ ОЙЛАУ ОРЫНДАГАН
Зерттеу мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz