АҒЗАЛАРДЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:
АҒЗАЛАРДЫҢ
ӨЗГЕРГІШТІГІ
ЖОСПАР:
ӨЗГЕРГІШТІК ДЕГЕНІМІЗ
НЕ?
ӨЗГЕРГІШТІК
ТҮРЛЕРІНІҢ АЖЫРАТЫЛУЫ
МУТАЦИЯЛЫҚ
ӨЗГЕРГІШТІК.

ӨЗГЕРГІШТІК – Ағзаның тұқымқуалаушылыққа қарама-қарсы
қасиеті. Ол ұрпақтың ата-аналарынан қандайда бір белгісі
бойынша айырмашылығымен байқалады. Генетикалық
тұрғыдан өзгергіштікті шартты түрде тұқым қуалайтын
және тұқым қуаламайтын түрлерге бөлуге болады. Осыған
орай фенотиптік және генотиптік өзгергіштік түрлерін
ажыратады.
Сыртқы ортаның әсерінен пайда болған фенотиптік
озгергіштік модификациялық деп аталады. Мұнда ген
әсерінің көрінісісыртқы ортаның белгілі бір жағдайының әр
түрлі болуына байланысты өзгеруі мүмкін. Геннің озі
өзгермейді, өзгеріс тұқым қуаламайды, бірақ оның реаксия
формасы белгінің тұқымқуалаушылығымен анықталады.
Реаксия нормысы деп мәлім генотипте мүмкін болатын
модификациялық өзгергіштің шегін түсінеді. Белгілердің
реакция нормасы әр түрлі.
Генотиптік өзгергіштікке комбинациялық және мутациялық
өзгергіштік жатады. Комбинпциялық өзгергіштікте жаңа
гендер пайда болмайды, ата-аналық форма гендері
генотипте жаңадан үйлеседі.


Мутациялық өзгергіштік. Мутациялық геннің зор
биологиялық маңызы бар, өйткені ол сұрыптауға жаңа
материал беретін тірі дүние эволюциясының бірден-бір
факторы болып саналады.
Мутация терминін алғаш рет Голландиялық ботаник Г. Де
Фриз өсімдіктерде кенет пайда болатын және ұрпаққа
пайда болатын өзгерістерді белгілеу үшін ұсынды. Г. Де
Фриздің мутациялық теориясының негізгі қағидалары мына
төмендегі саяды.
Мутациялар белгінің дискретті өзгерісі ретінде кенет
пайда болады.
Пайда болған жаңа формалар тұрақты.
Мутациялар тұқым қуалайтын сияқты үздіксіз қатар
түземейді және белгінің орта мәнінің айналасына
топтаспайды.
Мутациялар әрқилы байқалады және олар пайдалы н/е
зиянды болуы мүмкін.
Мутацияның жиілігі ағза санына байланысты.
Г. Де Фриздің мутациялық теориясының негізгі қағидалары
бүгінгі күнге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ.
Мутация түрлері. Генотиптің өзгеру сипаты
бойынша гендік құрылымдық және
геномдық мутация түрлерін ажыратады.
Мутация пайдалы, зиянды және бейтарап
болуы мүмкін. Мутация кез келген
клеткада пайда бола алады. Осыған орай
генеративтік және сомалық мутацияларды
ажыратады. Генетикалық тұрғыдан бізді
генеративтік мутация қызықтырады, өйткені
тек жыныс клеткасында пайда болған
өзгеріс қана келесіұрпақтарға тұқым қуалай
алады. Дене клеткада пайда болған
мутациялар ұрпаққа тұқым қуаламайды,
алайда митоз арқылы жаңа клеткаларға
тұқым қуалай алады, ал ағзаның басқа
клеткалары қалыпты болады, сондықтан
сомалық мутация байқалатын ағқа
мозайкалы болып саналады.
Гендік мутация- хромосоманың белгілі
бөлігіндегі ДНК молекуласын нуклеотидтер
қатарының өзгеруі нәтижесінде пайда
болады. Мұндай мутацияда гендік бір
локус қана өзгереді. Өзгерісі мутацияға
әкелетін ДНК молекуласының ең азғантай
бөлігі мутон деп аталады.
Нуклеотидтер жұбының алмасуы- екі
түрлі бағытта өтуі мүмкін: транзиция
және трансверсия. Транзиция – нуклеин
қышқылы молекуласындағы бір пуринді
негіздің басқа пуринге н/е бір
пиримидинді негіздің басқа пиримидинге
алмасуы. Трансверсия – пурин – пиримидин
бағытының өзгеруіне әкелетін күрделі
алмасуы.

Ұқсас жұмыстар
Тұқым қуалайтын белгілер
Генетиканың даму кезеңдері
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері.Гендік инженерия. Вирустардың лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖҮРІС-ТҰРЫС ЭВОЛЮЦИЯСЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА Ч. ДАРВИННІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Генетикалық экологиялық аурулар
Эволюциялық ілімге кіріспе
Тіршілік эволюциясы
Генетикалық материалдың өзгергіштігі
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы туралы
Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы
Пәндер