Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты


Slide 1

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2009-2011 жылдарға арналған

орта мерзімді фискалдық саясаты

Slide 2

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Әлеуметтік-экономикалық ахуал

2009-2011 жылдарға арналған фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері

Фискалдық саясатты іске асыру тетіктері

Slide 3

Кіріспе

Орта мерзімді фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын іске асырудың негізгі тетіктерін құрайды, тиісті кезеңіне арналған облыстық бюджет жобасын қалыптастыру негізі және мемлекеттік басқарудың мен бюджетаралық қатынастардың облыстық және аудандық (қалалық) деңгейінде салық және бюджет саясатын іске асыру кезінде үйлестіруші құжат болып табылады.

Slide 4

1. Әлеуметтік-экономикалық ахуал 1. 1 Облыстың 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және 2008-2011 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштер серпінін бағалау

Облыстың 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша орнықты экономикалық өсу қарқынының сақталғанын дәлелдейді.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің өсу қарқыны 112, 7% құрады, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде - 12, 5%-ға, өңдеу өнеркәсібінде - 14, 8%-ға, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлуде - 20, 8%-ға өсті.

Slide 5

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі шаруашылықтың барлық санаттарында 32, 7 млрд. теңге немесе 2006 жылдың деңгейіне 112% құрады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 620, 7 мың га құрады, бұл 2006 жылғыдан 6, 6% аз. Соның ішінде дәнді дақылдардың үлесіне 85, 7%, азықтық дақылдарға - 10, 2%, майлы дақылдарға - 2, 8%, көкөніс-бақша дақылдарына - 0, 7%, картопқа - 0, 6% тиесілі.

Орта есеппен 8, 5 ц/га шығымдылықпен 422, 9 мың тонна бидай (өңделгеннен кейінгі салмақпен) орылды, 2006 жылғы деңгейден 1, 6 есе көп.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаты бойынша 34, 8 мың тонна мал мен құс сойыс салмағында етке өткізілді немесе 2006 жылдың деңгейіне 102, 1%, 228, 7 мың тонна сүт сауылды (104%), 106, 5 млн. дана жұмыртқа өндірілді (114, 1%) .

Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 186, 3 млрд. теңге көлемінде инвестиция салды, ол 2006 жылғы көлемнен 67, 2% көп.

Slide 6

Шағын бизнестің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің саны 23, 7 мың бірлікті құрады немесе 2006 жылға 110, 4%, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 56, 1 мың адамға дейін өсті (119, 1%), шығарылған өнімдердің және көрсетілген қызметтердің көлемі 88, 4 млрд. теңге (126, 5%), бюджетке түсімдер 11, 6 млрд. теңгені құрады (126, 8%) .

Жұмыссыздардың жалпы саны 2007 жылдың аяғында 2006 жылмен салыстырғанда 7, 8% азайды және 25, 5 мың адамды құрады. Тіркелген жұмыссыздар саны 12% азайып, 3277 адамды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 0, 8 пайыздық пунктке азайып, 7, 8% құрады. Тіркелген жұмыссыздар үлесі 0, 2 пайыздық пунктке азайып, 1, 0% құрады.

Slide 7

2008 жыл (бағалау) және 2009-2011 жылдарға болжам

2008 жылы алдын ала бағалау бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 800, 7 млрд. теңгені құрайтын болады, бұл 2007 жылғы деңгейден 4, 7%-ға артық.

2008 жылы етке өткізілетін мал мен құс (сойыс салмағы) 2007 жылмен салыстырғанда 2, 4% өсіп, 35, 7 мың тоннаны құрайды. Сүт өндірісі 1% (230, 8 мың тонна), жүн 1, 1% (1, 7 мың тонна), жұмыртқа 1, 9% (108, 5 млн. дана) өседі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру бойынша күтілетін көлем 43, 6 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы деңгейден 4, 4% артады.

Slide 8

2008 жылғы бағалау бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілері 24779 бірлікті немесе 2007 жылмен салыстырғанда 104, 5% құрайды, соның ішінде заңды тұлғалар - 2901 бірлік (101, 1%), жеке кәсіпкерлер - 21878 (105%) .

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 58, 3 мың адамға жетеді, бұл 2007 жылғы деңгейден 3, 9% артық, өнімдер, тауарлар өндіру, атқарылатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер 98, 3 млрд. теңгені құрайды, бұл 11, 2%-ға көп.

Жалпы аймақтық өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 7% құрайды. Жан басына шаққанда жалпы аймақтық өнімнің көлемі 2011 жылға қарай 1724, 4 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Slide 9

Еңбек өнімділігінің деңгейі 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 17, 4%, 2010 жылы - 16, 3%, 2011 жылы - 9, 4% өседі.

2009 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2008 жылғы бағалауға қатысты 1, 6% өседі (895, 8 млрд. теңге), 2011 жылы - 3, 6%-ға (1033, 6 млрд. теңге) .

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2009 жылы 47, 9 млрд. теңге құрайды немесе 2008 жылғы бағалаумен салыстырғанда 9, 8% ұлғаяды, 2011 жылға қарай 57, 7 млрд. теңге құрайды немесе 32, 4% өседі.

Slide 10

2009 жылы шағын бизнестің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің саны 2008 жылғы бағалаудан 4, 7%-ға өседі және 26 мың бірлік құрайды, 2011 жылы - 15, 8% (28, 7 мың бірлік) . 2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерімен тауар өндіру, қызмет көрсету 2008 жылғы бағалаумен салыстырғанда 11, 3% өседі және 109, 5 млрд. теңге құрайды, 2011 жылы - 38, 5% (136, 2 млрд. теңге) .

2009 жылы жұмыссыздар саны 2008 жылдың бағамымен салыстырғанда 1, 6% азаяды және 24, 9 мың адамды, 2011 жылы - 3, 2% (24, 5 мың адам) құрайды, жұмыссыздық деңгейі 2009 жылы 7, 5%, 2011 жылы - 7, 4% құрайды

Slide 11

Орта мерзімді фискалдық саясатты қалыптастыру

Slide 12

Орта мерзімді кезеңде осы мақсаттарға қол жеткізуге келесі негізгі міндеттерді шешу ықпал етеді:

- орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру;

- бюджеттік бағдарламалар жоспарлаудың сапасын жақсарту арқылы мемлекеттік шығындардың нәтижелілігін және тиімділігін арттыру;

- жүргізіліп жатырған әлеуметтік реформалар, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларын және қоғамдық инфрақұрылымды дамытуды және басқа да басымды сала қызметін қаржылай қамтамасыз ету;

- экономикада салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін белгілей отырып, көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;

- мемлекеттік қызметтерге барлық әкімшілік-аумақтық бірліктегі халықтың тең қол жеткізілімін қамтамасыз ете отырып, бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- бюджетті жоспарлау және атқару үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін жеткілікті стимулдар құра отырып, көрсететін мемлекет қызметтердің сапасын арттыру.

2009-2011 жылдарға арналған

фискалдық саясаттың

мақсаты мен міндеттері

Slide 13

Қысқа мерзімді келешектегі негізгі мақсаттар: экономиканың қарқынды өсімін сақтау үшін жағдайлар жасау, бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, «экономиканың қызып кетпеуіне» жол бермеу және оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру, осы негізде макроэкономиканың тұрақтылығын сақтау басты міндет болып табылады.

Slide 14

2009-2011 жылдарға арналған негізгі стратегиялық міндеттер:

өңдеу өнеркәсібін, машина жасау, аграрлық сектор, шағын кәсіпкерліктің дамыту арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

жаңа ғылымды қажетсінетін және ресурс үнемдегіш технологиялар, инновациялық шешімдер негізінде өндірілетін өнім сапасын көтеру;

кәсіпорындарда әлемдік стандартты енгізу бойынша жұмыс жүргізу;

әлеуметтік бағдарланған тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету және тұрғын-үй шаруашылығын дамыту жеке сектор мен мемлекет арасында өзара іс-қимыл орнату;

ұсынылатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы қызметтің тиімділігін жақсарту үшін кешенді шараларды іске асыру;

макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз ету;

халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және елді мекендерді газдандыру;

жұмыспен қамтуға ықпал ететін белсенді шараларды әрі қарай дамыту және жетілдіру.

Slide 15

Стратегияны іске асыру шеңберінде мыналар басымды және серпінді жобалар болып табылады

- «Қарашығынақ-Орал» газ құбыры құрылысы»;

- «Тасқала ауданында цемент зауытын салу» («Орал цемент компаниясы» ЖШС) ;

- «Биохимиялық зауыт салу» («БМ»ЖШС) ;

- «Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнындағы ШТҚ-400 кешенінің екінші кезегін салу» («Конденсат» АҚ) ;

- «Батыс Қазақстан облысында құрылыс өнімдерінің номенклатурасын кеңейту мақсатында жаңа өндірістер құру» («Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ) ;

Slide 16

«КПО б. в» «Қарашығанақ кен орнын игеру» жобасының ІІІ кезеңін іске асыру жоспарлануда. Жобаның құны шамамен 10, 8 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Жобаны жүзеге асыру құрылыс-монтаждау және бұрғылау жұмыстарын орындау кезеңінде 12, 5 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын, сондай-ақ ІІІ кезең шеңберінде іске қосылған объектілерді пайдалану кезенде 1, 4 мың жұмыс орнын құруды қарастырады.


Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ
Экономикалық аудандар
Табыстар саясаты
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу
ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары
ҚР Үкіметінің тұрақты экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге арналған дағдарысқа қарсы ден қою шаралары»
Ресейге қоныс аударуы
Конвенциясының орындалуы
Халықтың өмір сүру сапасы жөнінде мемлекеттік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz