МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ


Slide 1

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ

Ағымдағы жылдың бірінші жартысында фискалдық саясат ағымдағы кезеңнің міндеттерін шешумен бірге ұзақ мерзімді басымдықтарға, еліміз азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру мен жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы түйіткелдерді шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және экономиканың дағдарыстан кейінгі кезеңде жүйелі және сапалы өсу кезеңіне өту үшін негізді қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік түйіткілдерді шешу саласында бұдан бұрын қабылданған шараларды іске асыруды жалғастыруға бағытталған болатын. Фискалдық саясат шеңберінде мемлекеттік шығыстардың деңгейі қолдау тапты, оның есебінен бір тараптан жиынтық сұраныс деңгейі, екінші тараптан - экономиканың өсуін қалпына келтіру үшін қажетті мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділік деңгейі қамтамасыз етілді. Мемлекет Басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына 2010 жылғы 29 қаңтардағы жолдауын орындау үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы нақтыланды, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферті туралы» Заң әзірленді, 2010 жылға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізілді («2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң) . Республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу Мемлекет Басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына ағымдағы жылғы жолдауының ережелерін іске асыруға бағытталған, онда республикалық бюджеттің кіріс түсімдерін ұлғайту және 2010 жылдан бастап 8 млрд. АҚШ доллары немесе 1, 2 трлн. Теңге деңгейіндегі абсолюттік мөлшерде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің қосымша көлемін тарту көзделген

Slide 2

Осы және басқа да бірқатар өзгерістер, атап айтқанда:

25 %-дық арттырудың ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 1 сәуіріне көшірілуіне байланысты бюджет саласы қызметкерлерінің жалақылары мен оқушылардың мемлекеттік шәкіртақыларын арттыруға;

Экономиканы жеделдетіп әртараптандыруға және Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шараларын іске асыруға, оның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020-ны» іске асыруға, «Инвестор - 2020», «Экспорттауыш - 2020», «Өнімділік - 2020» бағдарламаларын іске асыру арқылы шикізаттық емес секторды дамыту бойынша іс-шараларды қаржыландыруға, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен басым инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, «ҚазАгро» Холдингі арқылы іске асырылып жатқан агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша «с-шараларды қаржыландыруға, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына ағымдағы жылғы жолдауын іске асыруға бағытталған шығыстарды ұлғайту үшін түрткі болды.

2011-2013 жылдарға арналған бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері өлшемдерінің болжамын қалыптастыру кезінтде Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында айтылған, оның ішінде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 30-%-ға арттыру бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар ескерілді.

Slide 3

Енді мемлкеттік бюджеттің атқарылуы бойынша:

Мемлекеттік бюджетке 2010 жылдың бірінші жртысында қарыздардың түсімдерін есептемегенде) 2 036, 7 млрд. Теңге немесе есепті кезеңге төлем бойынша жоспардың 93, 7%-ы түсті, шығыстар (қарыздардың өтелуін есептемегенде) 2 241, 3 млрд. Теңгені немесе есепті кезеңге жоспардың 93, 4%-ын құрады. Бюджет тапшылығы есепті кезеңге 204, 5 млрд. Теңгеде қалыптасты. Бюджет қаражатының бос қалдықтары есепті кезеңнің аяғына 14, 4 млрд. Теңгені құрады.

Кірістердің атқарылуы.

Кірістер өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғаннда 19, 6%-ға ұлғайды және 2 034, 7 млрд. Теңге соманы құрады Кіріс бөлігін қалыптастырудың негізгі құрамдасы болып ІӨТ-салынатын КТС, ҚҚС және кедендік төлемдер мен салықтар болып кала береді. Салық түсімдері 1181, 4 млрд. Теңге немесе 106, 7% жиналды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ол 223, 7 млрд. Теңгеге ұлғайды. Корполративтік табыс салығы бойынша жоспарда 370, 1 млрд. Теңге болып, бюджетке 375, 0 млрд. Теңге немесе 101, 3% түсті. Асыра орындау бір жолғы («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бойынша бересінің өтелуі, «Қаратау» ЖШС бойынша төлем көзінен мүлікті сату кезінде құнының өсімінен КТС төленуі, KMG EPU. A. Корпорациясынан қайта айырбастау кезінде КТС есептелуі) түсімдерге және аванстық төлемдердің ұлғаюымен байланысты қалыптасты. Қосылған құн алығы 303, 1 млр. Теңге көлемінде, оның ішінде ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС 139, 7%-ға атқарылды, асыра орындау Алматы қ., Астана қ. Мен Павлодар облысы бойынша ірі түсімдер есебінен қалыптасты. Халықаралық сауда мен сыртық опреацияларға салынатын салықтар Бірыңғай кедендік тарифтің енгізілуіне байланысты кедендік әкелу баждарының есебінен, сондай-ақ мұнай бойынша пост-кедендік тексерулер нәтижесінде түгел өндіріп алынған әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар есебінен 100, 6 млрд. Теңге немесе 136, 4% көлемінде түсті.

Slide 4

18, 1 млрд. Теңге, оның ішінде мына бюджеттік бағдарламалар бойынша: 082 «Астана қаласының жаңа университеті АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»-5, 0 млрд. Теңге, осы бағдарламаны әкімшілік ету функциясын ҚР Премьер-Министрінің Кеңесіне беру туралы шешімді қабылдауға байланысты, республикалық бюджет комиссиясының шешімін шығарғаннан кейін бюджетті нақтылау жүргізілетін болады;

Республикалық бюджет комиссиясының шешімін шығрағаннан кейін бюджетті нақтылау жүргізілетін болады;

005 «Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» - 2, 8 млрд. Теңге, төлемдердің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбауға байланысты;

055 «Іргелі және қолднабалы ғылыми зерттеулер»-2, 0 млрд. Теңге, төлемге шоттарды кеш ұсынуға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұзақ өткізуге, бюджеттік қаражатты алушылардың қажет болмауына, іс-шараларды өткізу мерзімдерін көшіруге, қызметтерді берушілердің қайта құрылуына байланысты;

БІЛІМ ЖӘНЕ Ғылым МИНИСТІРЛІГІ

Slide 5
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және оның экономикалық мәні
Мемлекеттік бюджет. Бюджет жүйесі
Республикасының мемлекеттік құрылымы
Бюджеттің кірістері мен шығыстары
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР
Бюджеттік процесс және оны ұйымдастыру
Атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру
Бюджеттік бағдарламаларды келісуді жеңілдету
Салықтар ұғымы мен әлеуметтік-экономикалық мәні
Белоруссия қаржысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz