Мемлекеттік несиенің анықтамасы, функциялары және түрлері


Slide 1

Алматы экономика және статистика академиясы

Мемлекеттік несие

Орындаған: Тохтарова Назира

СПО 1 курс, бухгалтерлік есеп және аудит

Slide 2

Мемлекеттік несие - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.

Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылдылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.

Slide 3

Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылатын қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталғандықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

Мемлекеттік несие жолымен жұмылдыратын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;

Алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Slide 4

Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Несиенің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады.

Мемлекеттік несиенің екінші функциясы - реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады.

Slide 5

Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы және шартты болып ажыратылады.

Ішкі несиеде мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты тұрғыда; қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болды.

Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілкті органдарды, екінші жағынан, басқа да мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай - ақ халықаралық қаржы - банк ұйымдары араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал несие алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерден бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Slide 6

Мемлекет несие ресурстарын:

Бюджет тапшылығын қаржыландыру;

Ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;

Биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;

Елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланылады.


Ұқсас жұмыстар
Маркетинг: анықтамасы, негізгі функциялары мен түрлері
Операциялық жүйелер: анықтамасы, функциялары мен түрлері
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы: анықтамасы, функциялары мен түрлері
Мемлекеттік борыш: анықтамасы, түрлері және басқару әдістері
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш: мәні, функциялары, түрлері және Қазақстан тәжірибесі
Мораль: анықтамасы, түрлері, функциялары және қазақ мәдениетіндегі қалыптасуы
Мемлекет және азаматтық қоғам: анықтамасы, пайда болу теориялары, функциялары мен түрлері
Стандарттаудың анықтамасы, мақсаттары, түрлері және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу кезеңдері
Кәсіби этика: анықтамасы, функциялары, құрылымы және принциптері
Қаржы жүйесі: анықтамасы, құрылымы, функциялары және ұйымдастыру қағидаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz