ЕҚЫҰ САММИТІ – БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ МЕН МАҚТАНЫШЫ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
№ 2 АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫ-ПЕДАГОГТІК
КОЛЛЕДЖІ

Реферат
ТАҚЫРЫБЫ: “ЕҚЫҰ САММИТІ – БАРША
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ МЕН МАҚТАНЫШЫ!”

Орындаған:
Ш 43 тобының IV курс білім алушысы:
Изгалиева Анар Ермекқызы
Тексерген:
“Саясаттану және әлемтану” пәні
мұғалімі:
Айнабекова Айнұр Бақтыбайқызы

Алматы 2010
Жоспар:
Кіріспе бөлімі:
1. “ЕҚЫҰ” деген ұйымның шығу тарихы
2. АСТАНАҒА келетін 65 елдің делегациясы

Негізгі бөлім:
3. Ұйымның үлкен үш сипаты
4. ЕҚЫҰ-ға қай мемлекет мүше болуы мүмкін?
5. VII саммиттің ЕҚЫҰ-ның екінші тынысын ашуы туралы

Қорытынды бөлім:
6. Еуропаның төрінен орын алған ҚАЗАҚСТАН!

Кіріспе бөлімі:
1. “ЕҚЫҰ” деген ұйымның шығу тарихы

“ЕҚЫҰ” ДЕГЕН ҰЙЫМ ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

Бүгінде баршамызға ЕҚЫҰ деген қысқартылған атаумен белгілі бұл
ұйым Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестен
(ЕҚЫК) басталған. Ал ол кеңес өткен ғасырдың 70-жылдарының
басында КСРО мен Еуропадағы социолистік елдердің
бастамашылығымен Еуропадағы әскери қырбайлықты азайту және
қауіпсіздікті нығайту шараларын әзірлеу мақсатымен шақырылды. ҮШ
кезеңде өткен кеңес батыс пен шығыстың арасындағы, дәлірек
айтқанда, бақталасқан капиталистік және социолистік жүйенің
арасындағы диологті құруға бағытталған алғашқы көпжақты форум еді.
Оның бірінші кезеңі – 1973 жылдың 3 – 7 шілдесінде Хельсинкиде
өткен Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Екінші кезеңінде, яғни сол
жылдың 18-қыркүйегі мен 1975 жылдың 21-маусымында Қорытынды
актінің мәтіні мен оған толықтырулар енгізілді. Ал 1975 жылдың 1-
тамызында Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және Канада, АҚШ
ЕҚЫК-тің қорытынды актісіне қол қойды. Ал “Хельсинки қорытынды
актісі” деп аталған құжат іс жүзінде осы ЕҚЫК-ке қатысушы
мемлекеттердің өз азаматтарына және өзара қатынастарына қатысты
қағидалық ережелерін бекітті. Бұдан әрі қарай ЕҚЫК өз мақсат-
мүдделеріне жету үшін кеңеске мүше елдердің астаналарында түрлі
деңгейде басқосулар өткізіп, уағдаластық құжаттарын бекітіп отырды.
ЕҚЫК мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының мұндай
кездесулерінің есте қаларлық ең маңыздысы 1990 жылы 19-21 қарашада
Парижде өтті. Онда жаңа Еуропа үшін Париж хартиясы қабылданды. Бұл
қырғиқабақ соғыстың аяқталуын жариялаған тарихи құжат еді. Сол
саммитте сонымен бірге Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы
Шартқа да қол қойылып, бүгінге дейін қолданылып жүрген, саяси
консультациялардың үш деңгейлі тетігі: Жоғары деңгейдегі кездесулер,
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі және Аға лауазымды тұлғалар
комитеті құрылды. Одан кейінгі жоғары деңгейдегі кездесулердің ішіндегі
атап өтерлік басқосу 1992 жылы Хельсинкиде өтті. Мұнда ЕҚЫК-тің оған
мүше мемлекеттер арасындағы саяси диалог форумынан трансөңірлік
ұйымға айналуына негіз қалаған құжатқа қол қойылды. Осы кезден
бастап, ЕҚЫК “Ванкуверден Владивостокқа дейінгі” алып кеңістіктегі
әскери-саяси тұрақтылықты сақтау мен ынтымақтастықты дамытуды
мақсат еткен, өңірлік және жергілікті қақтығыстарды реттеру және
болдырмау мәселесінде нақты әрекеттер жасай алатын ұйымға айналды.
Ал 1994 жылы Будапештте өткен жоғары деңгейдегі кездесуде ЕҚЫК-ті
1995 жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫК) деп атау туралы шешім қабылданды.
Бұдан кейінгі кезеңдерде ЕҚЫҰ назарын, негізінен, бұрынғы кеңестік
кеңістіктегі елдерде болған қақтығыстар мен тәуелсіздігін жаңа алған жас
мемлекеттердегі демократия, сайлау мәселелеріне көбірек ауды. Ал оған
мүше елдердің үкімет және мемлекет басшыларының ең соңғы саммиті
1999 жылы Ыстамбұлда болды. Содан кейінгі кезеңде мұндай жоғары
деңгейлі жиын тек биыл ғана ұйымның Іс басындағы төрағасы – жас
Қазақ мемлекетінің мұрындық болуымен желтоқсанның 1-2 күндері
Астана төрінде өтпек.
Қазақстан ЕҚЫҰ мүшелігіне 1992 жылы қаңтарда қабылданды.
1995 жылы Венада ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігіміз ашылды. Ал
ЕҚЫҰ орталығы Алматыда 1999 жылы құрылды.
2. АСТАНАҒА келетін 65 елдің делегациясы

АСТАНАҒА 65 ЕЛДІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АТ БАСЫН ТІРЕЙДІ
Дәл қазіргі уақытқа дейін Австрия, Албания, Ауғанстан, Болгария,
Босния және Герцеговина, Македония, Венгрия, Кипр, Латвия, Литва,
Польша, Сан-Марино, Сербия, Словакия, Словения, Түркия, Финляндия,
Франция, Хорватии, Черногория, Ресей, Украина, Белоруссия, Тәжікстан,
Әзірбайжан, Молдова, Гүржістан мемлекеттерінің басшыларының
саммитке қатысатыны анық болып отыр. Кейбір дереккөздер Румыния
Президентінің де Астанаға арнайы келетінін айтуда. Жоғары деңгейдегі
басқосуға Ұлыбритания, Австралия және Канада елдерінің басшыларының
қатысуы белгісіз болып отыр. Дания, Ирландия, Исландия, Мальта, Мысыр,
Тунис, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғызстан делегацияларын кім бастап
келетіні әлі анықталмаған. Ал Бельгия, Италия, Лихтенштейн, Люксембург,
Норвегия, Эстония, Нидерланды, Грекия, Монако және Ватиканның
меймандарын примьер-министрлері бастап келеді. Барлығы 65 мемлекеттен
арнайы делегация ат басын тірейді.

Саммит кезінде балконда темекі тартуға болмайды
Орта Азия төрінде жеке ел болып, тарих парағынан орын алған Қазақ
елінің бас қаласы Астанада 56 жылда бір рет келетін төрағалық пен 565
жылда бір рет айналып келетін ЕҚЫҰ саммитіне қызу дайындық жүріп
жатыр.
Құқық қорғау органдары қолының сұғанақтығы бар ұры-қарысы мен
көше кезген тентегін, қайыршысын тізімге алып жанұшырып әлек. Әрине,
мұның барлығы еліміздің айбыны мен айдыны, әлем алдындағы беделі
үшін жасалып жатқаны екендігі даусыз. Саммит кезінде көшеде бейсуат
жүруге, шетелден келген құрметті қонақтардың мазасын алатын оқыс
қылықтарға баруға болмайды. Мұның барлығын қалың жұрт жалпыға
бірдей ереже деп қабылдайды. Бірақ тәртіп сақшыларының “саммит кезінде
балконда темекі тартуға болмайды” деген шектеуін қалай түсінуге
болады? ...
Негізгі бөлім:

1. Ұйымның үлкен үш сипаты

Алдағы Астана саммитінде ЕҚЫҰ-ның қатары толыға түсуі
мүмкін бе? Егер ЕҚЫҰ-ны халықаралық ұйымдардың
классификациясына салып
қарасақ, бәрі де мүмкін секілді. Ендеше ұйым өз мүмкіндігін
арттыру үшін тағы біраз мемлекеттермен толыға түсе ме деген
мәселені халықаралық қатынастардың заңдылықтарына сүйене
отырып, ұйымның үлкен үш сипатын анықтауға болады:
Біріншіден, кез келген ұйым жалпы сипаты бойынша әмбебап
(БҰҰ), аймақтық (Африка брлігі ұйымы, Америка мемлекеттерінің
ұйымы т.б.) және аймақаралық болып үшке бөлінеді. ЕҚЫҰ баста
Америка және Еуропа мемлекетерінің бастамасымен өмірге келіп,
кейіннен Орталық Азия мемлекеттерін де өз қатарына қосып алды.
Осыған қарағанда, құрамында үш құрлықтың 56 мемлекеті мүше
болып табылатын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымы аймақтық және аймақаралық ұғымдарынан биік тұр.
Демек, әмбебапқа жақын. Яғни, ұйымға мүше болуы үшін
мемлекеттің географиялық орналасуы маңызды емес.
Екіншіден, халықаралық ұйымдар өкілеттілік сипаты бойынша
мемлекетаралық және мемлекетүстілік болып екіге бөлінеді.
Мемлекетүстілік қазіргі Еуроодақты елестетеді. Яғни мемлекеттер
ұйымға белгілі бір өкілеттілігін береді. Халықаралық
қауымдастықта еуропалық мемлекеттердің мүддесі ЕО шеңберінде
қорғалады. Ал мемлекетаралық ұйымдар мүше елдердің
егемендігін, дербестігін шектемейді. Бұл классификация бойынша
ЕҚЫҰ-ны мемлекетаралық құрылым дегенге ешкім дау айта
қоймас.
Үшіншіден, жаңа мүшелерді қабылдау классификациясы
бойынша ашық және жабық болып, тағы да екіге бөлінеді. ЕҚЫҰ-
ның бір ерекшелігі, бұл екеуіне де жатпайды. Яғни 56 мемлекеттің
құқығы бірдей. Барлық елдің бір ауыздан бекіткен келісімі
бойынша жүзеге асырылады.
2. ЕҚЫҰ-ға қай мемлекет мүше болуы мүмкін?

Халықаралық ұйымдардың қатары әр кез жаңа мүшелермен толығып
отырады. Бұл сол ұйымның динамикада, әрдайым қозғалыста екенін
көрсетеді. Мысалы: әлемдегі әлеуетті әскери блок НАТО-ның өзі 1982
жылға дейін үш рет кеңеюден өтсе, 1999 жылдан бері әрбір бес жыл сайын
тағы үш мәрте қатарын толықтырыпты. Сөйтіп, НАТО алты мәрте
кеңейген. Сол сияқты бүгінде Қазақстан төрағалық етіп отырған ұйым
тарихындағы кеңеюлерге келсек, 1973 жылы 33 мемлекеттің бастамасымен
құрылған сол кездегі Кеңес биполярлы жүйе құлаған
1991 жылы ғана мүше мемлекеттер қабылдапты. Дәл осы жылы
Албания және Балтық жағалауының үш мемлекті толыққанды мүшесі
атаныпты. Бір жылдан кейін, яғни, 1992 жылы посткеңестік мемлекттер
толықтай осы ұйымның қатарынан табылды. Екіге бөлінген Чехия мен
Словакия 1993 жылы ЕҚЫҰ-ның табалдырығынан аттаса, 1995 жылы
Македония, 1996 жылы Андорра қатарға қосылған екен. Он жыл жаңа
мүше қабылдамаған ұйым 2006 жылы ғана Черногорияны қабылдады.
Тағы да жаңа мүшелер арқылы қызмет ету аясын кеңейту мүмкіндігі келіп
тұр. Қауіпсіздік пен ынтымақтастықты басты мақсат ететін ЕҚЫҰ-ның
құрамына енді қандай мемлекеттер енуі мүмкін? Бүгінгі таңда ұйым
тұрақты ынтымақтастық орнатып отырған он екі әріптес мемлекет бар.
(Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко, Тунис, Ауғанстан,
Моңғолия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Жапония және Австралия). ЕҚЫҰ-
ның атауы еуропалық болғаннан кейін Оңтүстік Корея мен Жапонияның,
Таиланд пен Иорданияның қатарға қабылдана қоюы екіталай. Бірақ
мемлекеттерді дініне, өркениетіне қарап алаламайтын ЕҚЫҰ-ға 1995
жылдан бері сенімді әріптес болып келе жатқан Египетті мүшелікке
қабылдай салу қиын емес. Онсыз да ұйымда мұсылман мемлекеттері
саусақпен санарлық. Ислам дініне мойынсұнған мемлекетттер қарасын
көбейту үшін ЕҚЫҰ-ның назарынан тыс қалмай келе жатқан Ауғанстанды
қабылдау таптырмас шешім болар еді. Бұл қадам күн тәртібінде тұрған
Ауғанстан проблемасын реттеуде ұйым жұмысын жеңілдете түседі.
3. VII саммиттің ЕҚЫҰ-ның екінші тынысын ашуы туралы

Бүгінгі таңда саяси климат адамдардың көз алдында өзгеру үстінде.
Ғаламдық жылынудың алғашқы белгілері байқала бастады. Онда да қарт
Еуразияның жүрек тұсынан күллі әлемге “Астананың рухы” әрі асқақ,
әрі жылы күйінде таралып жатыр. Бұл – осыдан 35 жыл бұрын жер –
жаһанның “жүрек соғысын” бейбіт күйге келтірген
“Хельсинки рухының” қайта тірілгенінің белгісі. Расында да Хельсинки
актісінен кейінгі кезеңде әлем қатты өзгерді. Бұл құбылыс көшбасшы
саясаткерлерге еуропалық және жаһандық қауіпсіздіктің жаңа жүйесі
қажет екенін ұқтырды. Мінеки, осы тұста жаңа жүйенің жаһандық
сәулетшілерініңбірі – Қазақстан Президенті Н. Назарбаев саяси
климатты жақсартудың жолдарын ұсынып, үн қатты. Бұл орайда,
Қазақстанның ЕҚЫҰ сияқты беделді ұйымға төрағалық етуі және
Астанада оның VII саммитін өткізуге қол жеткізу – ЕҚЫҰ-ның екінші
тынысын ашып, ұлт көшбасшысының үнін жер-жаһанға түгел естіртетін
биік мінбер болатыны сөзсіз.
Қазіргі кезде Н. Назарбаевтың жүргізіп отырған идеологиясын
әлемдік сарапшылар “Өзара теңдік пәлсапасы” деп бағалауда. Қазақстан
бұл саясаттың жемісін көріп отыр. Ал түпкі мақсат – жалпыға ортақ
принциптер мен міндеттемелерге, құндылықтарға негізделген,
жанжалдардан азат жаһандық қауымдастық құру. “Еуроатлантикалық
және Еуразиялық қауіпсіздік белбеуін құруда “Астана рухының”
“Хельсинки рухын” одан әрі асқақтататынына кәміл сенемін” деді
мемлекет басшысы Н. Назарбаев. Ал Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық
тізгінін ұстауының өзі Астана рухының асқақ болатынын дәлелдеп берді.
Өйткені қазіргі таңда халықаралық саясаттың болмысы түбегейлі өзгеру
үстінде. Мәселен, “жақтастар” мен “жаулар”, мұсылман елдері мен
исламға жатпайтын елдер деген бөліну маңызды болудан қалып барады.
“Өркениеттердің қақтығысы” деген ұғым да өткенде қалды. Олардың
орнын “Өзара теңдік және жауапкершілік диалогы” деген ұғым басты.
Содан да болар, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты мақсаты
ретінде “ұйымды өзара теңдік диалогтар, жалпыға ортақ тиімді
шешімдер шеңбері” етіп алынды. Ал әлемдік көшбасшылардың
Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу жөніндегі бірауыздан қабылдаған
шешімі Н. Назарбаевтың саяси сұңғылалығын тағы бір мәрте дәлелдеп
берді.
Соңғы 11 жылда болмаған алқалы жиында ЕҚЫҰ-ға мүше 56
мемлекеттің бірінші басшылары мен үкімет жетекшілері, аса ықпалды
халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосады. Бұл – әлемдік
қауымдастықтағы Қазақстанның беделінің артқанынын, қазіргі заманғы
ең ықпалды саясаткерлердің бірі – Н. Назарбаевтың жоғары беделінің
айқын көрінісі. Бұл – өз ісімен кәсіби шеберлігі және жоғары іскерлігін
дәлелдеген қазақстандық дипломатияның үлкен жеңісі. Үшіншіден, бұл –
Қазақстан сияқты әрі жас, әрі адуынды мемлекеттің XXI ғасырдағы
жаһандық саясатқа ықпал ете алатын елге айналғанының белгісі.
Осы тұрғыдан алғанда, Астана саммитінің негізгі басымдықтарының
бірі – жер бетіндегі жанжалдардың алдын алу және тоқтатудың ұжымдық
механизмдерін жетілдіру, экономикалық күйзелістерді реттеу мәселесі
болмақ. Өйткені, аймақтардағы жанжалдар мен ушыққан дағдарыстар
ғаламшардағы тыныштықтың шырқын бұзып-ақ тұрғаны рас. Яғни, жаңа
заманның жаңа қауіп-қатерлерімен бірігіп күресуде ЕҚЫҰ сияқты
ұйымның тиімділігін арттыруда жаһандық саммиттің зор мүмкіндіктерін
пайдаланған жөн.
Қазіргі таңда әлемдік және отандық сарапшылар Қырғызстандағы
азамат соғысының өрті тұтанбауына АҚШ, Ресей және Қазақстан
басшыларының бірлескен әрекеті себепші болғанын мойындап от ыр.
Яғни жанжал ошақтарын реттеуде ЕҚЫҰ-ның қандай әлеуеті бар екенін
Қазақстан айдай әлемге мәшһүр етті. Осыған орай, Қазақстанның және
ЕҚЫҰ-ның бізбен бауырлас елдегі ахуалды тұрақтандыруға қосқан
үлесін атап айталық. Ең алдымен, Қазақстан көрші елге полицейлерден
құралған кеңесшілер тобын жіберді. Сондай-ақ қазіргі кезде Елбасы
Н. Назарбаевтың бастамасымен Қырғызстанның
экономикалық сауығу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазақстан Үкіметі
қырғыздардың экономикасын қалпына келтіру үшін 11 млн АҚШ
долларын бөлді. Оған қоса, гуманитарлық көмек ретінде 2010-2011
жылдардағы жылу маусымына 230 300 тонна көмір жөнелттік.
Қырғызстанның Қорғаныс министрлігіне 10 бірлік жылжымалы асхана, 5
бірлік су таситын АРС –14 автокөлігін, 20 тонна ет, 20 тонна
консервілерді көмекке жібердік. Түптеп келгенде, Қазақстан өзге
елдердегі ушыққан жанжалдарды реттеуге араағайындық рөлін атқара
алатынын дәлелдеп үлгерді. ЕҚЫҰ-ның бүгінгі төрағасы, Сыртқы істер
министрі – Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев өзінің мәлімдемелерінің
бірінде қырғыз еліндегі жағдай қайталанбас үшін жаңа этносаралық
жанжалдарды болдырмауда ЕҚЫҰ-ның қолындағы бар әлеуетін тұтастай
пайдалану қажеттігін атап айтты.
Ең бастысы, ЕҚЫҰ-ның қырғыз дағдарысына алғашқылардың бірі
болып үн қатуының өзі – Қазақстаның жетістігі.

Қорытынды бөлім:
1. Еуропаның төрінен орын алған ҚАЗАҚСТАН!

Еуропаның төрінен орын алған ҚАЗАҚСТАН – бейбітшіліктің алтын
бесігіне айналды.
Алғашқылардың бірі болып Орта Азиялық жас мемлекетті бауырына
тартып, ортасынан ойып орын берген Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйымы болды.
Еуропалық кеңестің белсенді қатысушысына айналған Қазақстан оны
одан әрі дамыту, сонымен бірге халықаралық ұйым болып қайта құрылу
процесстеріне белсене қатысты.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесі алғаш рет осы
ұйымның Тұрақты кеңесінің 2003 жылы 18 ақпанда өткен жиналысында
айтылды. Ал Қазақстанның төраға болуына қатысты шешім 2007 жылы
желтоқсанда Мадридте өткен ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінде
қабылданды. Бұл оқиғаның саяси маңызы- ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет
бұл ұйымға орта азиялық мемлекеттің төрағалық етуінде.
ЕҚЫҰ – Еуропа, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56
мемлекетінің басын біріктіретін әлемдік деңгейдегі ұйым.
Жалпы, ЕҚЫҰ-ның концепциясы “Үш өлшемге ” негізделген:
1)Әскери-саяси
2)Экономикалық-экологиялық
3)Адами
Бірінші өлшемнің басты мақсаты – халықаралық және
мемлекетаралық байланыс және ең бастысы әскери аспектілері.
Қарулануды қадағалау және қауіпсіздік мәселесінде өзара сенімділік пен
диалогты нығайту.
Екінші өлшем – өзара түсініспеушіліктің алдын алу мақсатында
қатысушы елдердің экономикасына және экологиясына бақылау жасау.
Үшінші өлшем – ЕҚЫҰ шеңберінде қатысушы елдер адамдардың
құқықтарын, сөз бостандықтарын қамтамасыз ету және елдегі заңдардың
жоғары тұруына мүмкіндік беру, демократия принциптерін нығайту.
Соның негізінде демократиялық институттарды нығайтуға, қорғауға және
ЕҚЫҰ шеңберінде толеранттықты қалыптастыру міндеттері жүктелді.
Президент Н. Назарбаев Қазақстанды Орталық Азияда ғана емес,
Еуразияда бейбітшілік бесігіне айналдыруда. Абылай ханның қазақтың
қазақтығын сақтаудағы ұтқыр саясатын жалғастыра білді және тек қазақтың
тұтастығын сақтауда ғана емес, әлемге бабаларымыз арман етіп кеткен
егемендігімізді танытып қана қоймай, Қазақстанды жаһанға таныта білген
әлемдік деңгейдегі тұлға. Елбасымыз ғасыр ішінде атқарылатын келелі
істерді санаулы жылдар ішінде жүзеге асырғаны тарихи ақиқат. Соның
айғағы – мемлекетіміздің әлемдегі беделді ұйымға төрағалық етуі. Бұл
Елбасының тәуелсіз Отанымыздың жарқын болашағы жолындағы мәуелі
еңбегінің жемісі...
ЕҚЫҰ Саммиті – барша қазақстандықтардың жетістігі мен мақтанышы.
Еуроатлантика және Еуразия аумағындағы жалпыға ортақ, бөлінбейтін
және ұжымдық қауіпсіздікке арналған маңызды мәселелерді талқылау үшін
Қазақстан астанасына ЕҚЫҰ-ға мүше 55 мемлекет пен 12 серіктес елдің
басшылары мен үкімет жетекшілері, 69 халықаралық ұйым жетекшілері,
500-ге тарта үкіметтік емес ұйым өкілдері мен 1000-нан аса журналисттер
келеді.
Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің өтуі – бұл:
Қазақстанның халықаралық беделі мен Мемлекет басшысының
бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау;
Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, әлемнің
алдағы дамуына қатысты көкейкесті мәселелер жөнінде жаһандық
үнқатысуды қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалау;
Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделінің,
республиканың тәуелсіз жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және
саяси жетістіктерінің нәтижесі мен танеылуы;
Қазақстанның халықаралық танымалдығын арттыру, оның
жетістіктерін, экономикалық әлеуеті мен мәдени ерекшелігін паш ету;
Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге,
тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлес;
Қазақстандық экономикаға инвестицияларды молайтудың, туризді
дамыту, іскерлік байланыстарды кеңейтудің факторы;
Орта Азия өңіріндегі мәселелерді шешуге әлемдік
қауымдастықтың назарын аударуға мүмкіндік.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ әдебиеті журналы № 1, 2, 2010 ж.
2. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2010-11 ж.
3. Әрекеттегі RWCT саясат және әдістері, Алматы, 2010ж

Ұқсас жұмыстар
Әлем назарын аудартқан ақорда
Алғашқы кезде Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің негізі 1973 жылы
Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымы
Еуропадағы қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Халықаралық және Еуропалық қайта құру банкі
ЕҚЫҰ құрылымы жөніндегі ассамблеясы
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ҚАТЫСУЫ
ЕҚЫҰ БАСШЫЛЫҒЫ
Мемлекет және заң
Пәндер