XV-XVIII ғасырлардағы қазақ мәдениеті: шаруашылық, тіл және әдебиет


Slide 1

13 - тақырып. XV - XVІІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті.

1. Мал шаруашылығы.

Мал шаруашылығының үш түрі болды:

а) Отырықшы.

ә) Көшпелі

б) Жартылай көшпелі.

оңтүстік Қазақсанда отырықшы мал шаруашылығы,

суармалы және тәлімі егіншілік дамыды. Бұл аймақта

жартылай көшпелі мал шаруашылығы да сақталды. Ірі

қара тек отырықшы аудандарда ғана өсірілді. Жетісуда

негізінен қой және жылқы өсіріліп, ірі байларда 500 мың

қой болды.

Slide 2

2. Егіншілік.

●XІV ғасырдағы Сырдария бойындағы Сығанақ

қаласының маңы - ірі егіншілік аймақ.

●Йассы қаласының маңы - егіншіліктің екінші ірі аймағы

●Отырыр, Сауран, Сайрам жазиралары - егіншіліктің

ірі орталығы.

Шу, Талас, Іле өзендері алқаптарында бидай, арпа,

қонақ өсірілді. XІV - XV ғасырларда егіншілік Тараз,

Садырқорған, Аспара қалаларының маңында кең

тарады.

Slide 3

3. Сауда.

Шаруашылықтың дамуына Алтын Орда ханы Мөңкенің

саясаты әсер етті.

Біріңғай жан басы салығын енгізді.

Ақша реформасын жүргізді.

1271 жыл - Мауреннахр билеушісі Масуд - бек ақша

реформасын жүргізді.

1321 жыл - Кебек ханның ақша реформасы бойынша,

күміс динар “ кебеки” атанды. XІІІ ғ. Екінші жартысы мен

XІV ғ. басында Орта Азиядан Жетісу арқылы, Алтай мен

Монғолияға баратын сауда жолы маңызды болды.

Қазақстан аумағындағы ірі сауда орталықтары - Сарайшық,

Отырар, Екіоғыз, Қоялық, Алмалық қалалары.

Slide 4

4. Тіл мен жазу.

Қазақсан аумағында түркі тілді халықтардың

басымдылығынан монғол тілі тараған жоқ. Хан

жарлықтары түркі тілінде жазылды. XІV - XV ғ. түркі

тілдерінің қыпшақ - ноғай тармағынан қазақ тілі бөлініп

шықты. XІ - XІІ ғ. әдеби түркі тілі 3 вариантқа бөлінді:

Қарлұқ - ұйғыр ( шағатай тілі) .

Ұйғыр - оғыз.

Оғыз - қыпшақ.

Жазу 2 жүйе негізінде қалыптасты:

Руна жазуы;

Ұйғыр алфавиті.

XІV ғасырдан бастап араб алфабиті кең тарады.

Slide 5

5. Жазба әдебиеті.

XІІІ - XІV ғасырлар - қыпшақ тіліндегі жазба әдебиеттің дамыған

кезеңі.

“ Кодекс куманикус” ( қыпшақ кітабы) - фольклор үлгілері

сақталған жинақ ( 1303 ж. ) . Ол Венециядағы қасиетті Марк

шіркеуінде сақталуда.

1245 жылы араб графикасымен жазылған “Треджуман түркі уа -

араби” ( араб - қыпшақ сөзгігі) кітабында шамамен 2, 5 мыңдай

сөз енгізілген.

1310 жылы жазылған “ Қисса Рабзиди” еңбегі аңыздар мен

әңгімелерден тұрады.

XІV ғ. 30 жылдары Алтын Ордада түркі тіліндегі әдеби ескерткіш

“ Хұсрау уа Шырын” ( авторы Құтб) жазылды. 1353 жылы

Хорезмидің қыпшақ және парсы тілдерінде “ Мұхаббатнаме” атты дастаны жазылды.

Slide 6

6. Ауызша мәдениет.

Найман Кетбұға ( Аталық жырау, ұлы жыршы) - XІІІ ғ. Өмір

сүрген жырау, күйші. Шыңғыс ханға Жошының өлімін

естірткен “ Ақсақ құлан” күйінің авторы.

Сыпыра жырау Сұрғұлтайұлы - XІV ғ. ноғайлы қазақ эпосының

негізін салушылардың бірі, Дешті - Қыпшақтағы ең атақты сөз

зергері. “ Ер Тарғын”, “ Телағыс”, “ Едіге” жырының авторы.

Қодан тайшы - жырау, саяси қайраткер. Ол Әбілхайыр ханның

саясатына қарсы шығып, Жәнібек пен Керейді қолдады.

Асан қайғы - қазақ хандығының насихатшысы, жырау, күйші. Ол

“ Жерұйықты” іздеп, Сарыарқаның бел ортасы Ұлытауда дүниеден

қайтты. Күйлері: “ Ел айрылған”, “ Желмаяның жүрісі”, “ Зар”,

“ Асанқайғы”.

Қазтуған Сүйінішұлы - жырау, күйші, шешен, әскербасы, батыр.

Оның шығармалары туған ел, әскери тұрмыс туралы.


Ұқсас жұмыстар
XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы мен ортағасырлық рухани мәдениеті
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын-жырау философиясының тарихы мен ерекшеліктері
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы: құрылуы және нығаюы
XIV-XV ғасырлардағы қазақ мәдениеті: сабақ жоспары және тапсырмалары
Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы және қазақ этнонимі: XV-XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары
XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан: Отырар мен Түркістандағы сәулет, әдебиет және материалдық мәдениет
XV-XVII ғасырлардағы қазақ жазба тілі: кітаби тіл дәстүрі және Қадырғали Жалайыридің Жами ат-тауарих тілінің лексикасы мен грамматикасы
XV-XVIII ғғ. Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы мен шаруашылығы
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті мен тұрмыс-салт дәстүрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz