Рахат кондитерлік фабрикасының маркетингтік ортасын талдау
Презентация қосу
“Рахат” кондитерлік
фабрикасының маркетингтік
ортасын талдау
Қабылдаған: Тұрлыбекова Н.М
Орындаған: Ақылбеков Н
ЭК10К1
Компания туралы
• «Рахат» акционерлік қоғамы - 70 жылдық
дара тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік
өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі.
• Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы
арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде
Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген
жабдықтармен шығарылды.
• «Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс
істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент
қалаларындағы екі алаңда шоғырланған.
“Рахат” кондитерлік фирмасының өнімдерінің таралу
аймағы және жабдықталатын аймақтары
• Біздің өніміміз отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер
нарығында да танымал. «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ішкі нарықта ең
жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда. «Рахат» АҚ
сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі
компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін
жолға қойған. Алматы қаласы бойынша өнім тарату ірі көтерме
саудамен сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда
дүкендері арқылы іске асырылады. Республиканың басқа өңірлерінде
«Рахат» АҚ өнімдерінің қол жетімділігі фирмалық сапалы өнім сатумен
айналысатын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорын) құрумен
қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі қазақстан
нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей,
Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан
аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет
елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың
болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және
экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді
жоспарлауда.
Сапа менеджменті жүйесі
• «Рахат» АҚ ИСО 9000 сериясының стандарттары
негізінде сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) әзірленіп,
енгізілді. 2010 жылы сараптама және сертификаттау
Ұлттық орталығы сапа менеджменті жүйесінің ҚР
ИСО 9001-2009 СТ талаптарына сәйкестігін растаған
қайта сертификаттау аудитін өткізді.
• Сапа менеджменті жүйесі – кәсіпорын процестерін
басқару жүйесі.
• Қазіргі заманғы тұтынушы тауарға ғана емес, оны
өндіретін компанияға да назар аударады. Ол тауарды
таңдар кезде «Ұтымды ұйымдастырылып, дұрыс
басқарылған компанияның өнімі де жақсы» деген
қағиданы жиі ұстанады.
Тарихи кезеңдер
• 2007-2009 жылдар
• Кельн қаласындағы (Германия) ISM кондитер және бисквит өнімдерінің Халықаралық арнайы көрмесіне қатысуы.
• 2003-2009 жылдар
• № 3 Корпусты қайта жабдықтау және игеру жұмыстары жүргізілді.
• Европалық сапа деңгейіндегі жоғары технологиялық өнімдер – салмасы бар шоколад кәмпиттер, жоғары сұрыпты карамельдер, «One shot»
және басқа технологиялар бойынша шоколад кәмпиттер өндіру ісі жолға қойылды.
• 2001 жыл
• Шымкент қаласындағы еншілес кәсіпорында өндірістің ұйымдастырылуы және алғашқы өнімнің өндірілуі.
• 1992 жыл
• Мемлекеттік кәсіпорынның «Рахат» акционерлік қоғамы болып қайта құрылуы; «Рахат» сауда белгісінің тіркелуі.
• 1978-1979 жылдар
• Цехтардың жұмыскерлеріне арналған асхана, дәрігерлік санитарлық бөлім, кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары бар әкімшілік-тұрмыстық
корпустың құрылысы.
• 1964 жыл
• Шоколад және кәмпит цехтарын орналастыруға арналған жаңа өндіріс корпусының құрылысы.
• 1942 жыл, наурыз
• Көшіріліп әкелінген жабдықтар негізінде балалар үйлерін, госпитальдар, майданды қамтамасыз ету үшін
Алға қойған негізгі міндеттері:
• Тұтынушыларға: қазақстандық және шетелдік
тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы
тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.
• Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын
қамтамасыз ету және табыс табу үшін компанияны бірлесіп
және қаржылық басқарудың тиімді механизмін құру.
• Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер мен
жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс
тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін
орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты
оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет
қалыптастыру.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz