Microsoft PowerPoint бағдарламасының презентация құру тәсілдері мен негізгі мүмкіндіктері


Slide 1

Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті Технологиялық үрдістерді және өндірістерді компьютерлендіру кафедрасы

Тақырыбы: Power Point

Алматы 2006

РЕФЕРАТ

Slide 2

Microsoft PowerPoint - Microsoft Office-тің құрамындағы, презентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға арналған слайдтарға, қағазға үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентация дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің салтанатты ашылуы т. с. с. әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

Slide 3

PowerPoint программасын тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылған бос менюдің Программалар - Microsoft PowеrPoint қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

Менің компьютерім неиесе сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Office бумасындағы Microsoft PowerPoint жарлығын тышқанды екі рет шерту арқылыда іске асыруға болады.

PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады.

Slide 4

Презентация құру кезінде автомазмұн шебері таңдалса, жаңа проезентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.

Автомазмұн шебері көмегімен :

Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

Қызмет бабы бойынша баяндамалар;

Мекеменің жұмыс істеу жөнінде мағұлмат;

Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есептер;

Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз.

Slide 5

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл - Құру командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісін шерту жеткілікті.

Slide 6

PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа тағы екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдай да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.

Slide 7

Шаблон көмегімен немесе бос презентация құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады. Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады.

Slide 8

PowerPoint программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдттардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

Слайдтар режимі;

Құрылымдық режимі;

Слайдтарды сұрыптау режимі;

Бетке ескертпе жазу режимі;

Слайдтарды көрсету режимі;

Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.


Ұқсас жұмыстар
Microsoft PowerPoint бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері және анимацияны баптау
PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері: презентация құру, безендіру және көрсету
PowerPoint бағдарламасының негіздері және презентация құру әдістемесі
PowerPoint бағдарламасының негіздері, интерфейсі, презентация құру әдістері мен практикалық тапсырмалары
Microsoft PowerPoint бағдарламасында презентация құру: сабақ жоспары
Өндірістік оқыту сабағы: Microsoft PowerPoint бағдарламасында презентация құру және бағалау
Microsoft PowerPoint: негізгі түсінігі, терезе құрылымы және презентация құрастыру әдістері
Microsoft PowerPoint: презентация құру әдістері, шаблондар және слайдқа мәтін мен графикалық объектілерді енгізу
MS PowerPoint бағдарламасында презентация құру: практикалық нұсқаулық
Microsoft Excel бағдарламасының графикалық мүмкіндіктері мен диаграмма құру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz