ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОДИКАСЫ
Презентация қосу
Бітіру жұмысының тақырыбы:
ҚҰРЛЫҚТАР МЕН
МҰХИТТАРДЫҢ ОҚЫТУДЫҢ
МЕТОДИКАСЫ
Жұмыстың мақсаты: 7-сыныпқа
арналған құрлықтар мен мұхиттар
географиясы пәнін мектеп
оқушыларына заманауи әдістемелік
нұсқауларды пайдалана отырып,
қажетті білім берудің оңтайлы
жолдарын қарастыру.
Жұмыстың өзектілігі: География пәнінің мұғалімі,
оқу пәнінің білім мен біліктіліктерімен жұмыс істей
білу. Бұл өз жұмысын бағалауға, білімін дамытуға,
шығармашылық ізденуге және басқа мұғалімдердің
тәжірибелерін зерттеу. Педагогика саласындағы
зерттеу жұмыстарымен қазіргі уақытта тек, ғылыми
қызыметкерлер ғана емес, сонымен қатар мектептегі
шығармашылық жұмыс істеп жүрген мұғалімдер де
айналысауы. Көптеген мұғалімдер қауымы,
оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы өзекті
мәселелер туралы жұмыстар жүргізіуі.
Географияны оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы.
Оның зерттейтін негізгі пәні болып, болашақ ұрпақтарды кейбір
ғылымдардың (геология, эканомика, демография және т.б.)
элементтермен байланысты физикалық және эканомикалық
географияның негіздерін оқыту қоғамдық процесі саналады.
География пәнінің мұғалімі, оқу пәнінің білім мен біліктіліктері
мен жұмыс істей білу керек. Бұл өз жұмысын бағалауға, білімін
дамытуға, шығармашылық ізденуге және басқа мұғалімдердің
тәжірибелерін зерттеуге қажет. Педагогика саласындағы зерттеу
жұмыстарымен қазіргі уақытта тек, ғылыми қызыметкерлер ғана
емес, сонымен қатар мектептегі шығармашылық жұмыс істеп
жүрген мұғалімдер де айналысады. Көптеген мұғалімдер қауымы,
оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы өзекті мәселелер
туралы жұмыстар жүргізіуде.
ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАР ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Әдістемелік зерттеуде типолпгиялық тәсіл басыңқы болып келеді. Ол тәсіл арқылы әр бір
топтардың негізгі ерекшеліктері анықталады және зерттеліп отырған объекті мен құбылыстар
топтастырылады. Бұл тәсіл, сондай-ақ, әдістемелік ғылымның барлық мәселелерін зерттеуде
қолданылады.
Болашақта математикалық зерттеу әдістері кеңінен дамиды. Олардың мәні тек есеп
жүргізумен ғана шектелмейді. Бұл әдістің негізгі функциясы- педагогикалық құбылыстардың
заңдылықтары мен бір-бірімен күрделі байланыстарын анықтау және түсіндіру.
Теориялық зерттеу әдістердің құрылымына тарихи әдістер кіреді. Бұл әдістің ерекшелігі-
барлық зерттелетін құбылыстардың уақыт бойынша дамуы мен өзгеруін қарастыру. Осы әдіс
арқылы географияны оқыту әдістемесінде қазіргі проблеманы қарастыруда тарихи
әдістемелік зерттеулердің мәліметтері пайдаланылады. Ал салыстырмалы зерттеу әдістер
шетелдер тәжірибесін зерттегенде қолданылады.
Зерттеудің эмпирикалық әдісі. Мектеп тәжірибесін зерттейтін әдістер практикадағы бір
заттарды тіркеу және көрсету мақсатында қолданылады. Бұл әдіс бағдарламалар мен
оқулықтарды жаңартуда, мұғалімдерге ғылыми- әдістемелік көмек көрсетуде, тәжірибелерді
зерттеу мен насихаттауда, оны тартуда үлкен роль атқарады. Мектеп тәжірибесін зерттеуде
бірнеше әдіс түрлері бар: оқыту прцесін бағалау, мұғалімдер мен оқушылар арасында
сауалнама жүргізу, мектеп құжаттарын зерттеу, әңгімелесу, жазбаша тексеру жұмыстарын
жүргізу [2].
Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін
оқушылар терең игеруі үшін оқулықпен жұмыс істеу
әдісін үйренуі керек. Оқулықтың мәтінімен жұмыс
істеу үш бағытта жүргізіледі:
1. Мәтіндегі негізігі құрамдас бөліктерді бөліп
көрсетуі, нәтижесінде оқу материалдары әрі қарай
оңай игеріле бастайды;
2. Мәтіннің құрамдас бөліктері аралығындағы өзара
байланыстарды ашу және сол арқылы оның
мазмұнының тұтастығын ұғыну;
3. Мәтінді салыстыру негізінде олардың себептік-
салдарлық байланыстарын анықтап, сай
қорытындылар жасауға дағдылану [9].
Аталмыш пән бойынша оқушылардың білімін тексеру төмендегі
тәсілдер арқылы жүзеге асады:
•Қалыптасқан дәстүрлі сұрақтар мен тапсырмалар. Бұл сұрақтар
мен тапсырмалар тексеріс кезінде көп уақыт алатындығына
қарамастан, олардың тілінің, сөйлеу мәнерінің, ой-өрісінің дамуын
арттырады. Мысалы, «Ауа массаларының негізгі түрлерін ата»
деген сұрақ.
•Кешенді сұрақтар мен тапсырмалар. Олар оқушыларға бір
тапсырманың негізінде бағыт-бағдар беретін бірнеше сұрақтардан
жинақталады. Бұл сұрақтар оқушылардың жауаптарының
нақтылануына, кең ауқымда ойлануына ұйытқы болады.
•Тест сұрақтар. Соңғы жылдары кең қолданылып жүрген тест
сұрақтары бірнеше сұрақтар кешенінен тұрады. Олар оқушылардың
тез арада және қысқаша жауап беруін талап етеді.
Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар мен
тапсырмалар қарапайым жеңіл, орташа күрделі, күрделі қиын болып
бөлінеді. Сол себепті сұрақтарды пайдаланған кезде, оқушылардың
деңгейіне байланысты қою керек [10].
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА.
География сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану кезінде оқушылар тек география сабағындағы мәліметтерді
ғана игеріп қоймай, күніне сан мың ақпараттық өз жадына сіңдіре
алатындығын сезеді. Олар көп көлемді ақпаратты талдап, сараптап, ойын
түйіндей алатын дәрежеге жетеді. Онымен қатар ол ақпаратты
оқушылардың өздерінің басқаруына мүмкіншіліктері туындайды. Бүгінгі
таңда АКТ-ның пайдалану адамның мәдениетінің бір түріне айналып
келеді.
Интерактивті тақталарды қолдану барысында оның көмегі арқылы
электрондық оқулықтарды, электрондық энциклопедияларды, интернеттің
білім беру ресурстарын, иллюстрациялары бар дискілерді, геоақпараттық
бағдарламаларды, көмекші құралдарды, мультимедиялық проекторлар
арқылы презентацияларды қолдана алады. Оларды инерактивті деп
атауының себебеі, тақтаны оқушы да, мұғалім де өз ойымен, не істесе де,
өзі басқара алатындықтан солай аталады. Ал компьютерлерді сабақтың
барлық кезеңдерінде қолдануға болады. Ол жаңа тақырыпты өту
кезіндеболса да, үй тапсырмасын тексеру кезінде де, өзіндік жұмыс
жасауда да мұғалімді алмастыра алады.
Интерактивті тақтаның география сабағы барысында
қолданылуы туралы тоқталып кетейік. Бұл да бір ғылымның жеткен
жетістігі деп санауға болады. Ол жақын арада пайда болса да,
әлемді бағындырған технологиялардың қатарына сіңіп кетті.
Интерактивті тақтаның көмегімен жұмыс істеу үшін алдымен
нақытыланған сабақтың жоспарын, құрылымын, қолдану әдістерін
алдын-ала жасап алу қажет. Тақтамен жұмыс істеудің тиімділігі
оқытушының ой-өрісіне байланысты. Егер мұғалім ізденімпаз, жаңа
технологияларды игерген болса, онда тақтаның көмегімен
оқушының есінде мәңгі қалатындай қызықты материалдарды
қолдана отырып жоғарғы деңгейдегі ұмытылмас сабақтар өткізуге
болады. Ал мұғалімнің жеке қасиеттір төменгі дәрежеде болса,
қажетті ресурстарды игере алмаса, онда интерактивті тақтаның
кәдімгі ағаш тақтадан айырмашылығы шамалы болып қалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Құрлықтар мен мұхиттар географиясы» пәнін оқытудың
әдістері атты бұл бітіру жұмысында осы пәннің қазіргі кезеңде
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің оқу
бағдарламасына сәйкес еліміздің барлық мектептерінде оқытылу
кезінде туындайтын барлық мәселелер ашылып көрсетілді. Атап
айтсақ, осы пәнді оқытудағы мақсаттары мен міндеттерінен бастап,
оған арналған оқу құралының, яғни оқулықтың құрылымы мен
мәтінінен бастап, курсты оқытуға арналған жалпы қалыптасқан
әдістемелік нұсқаулардың кемшіліктері мен ондағы дұрыс
нұсқаулардың барлық компоненттері айқындалып көрсетіліп отыр.
Сонымен қатар, оқушылармен жұмыс кезінде бұл пәннің білімдік,
тәрбиелік маңыздылығына байланысты, сабақтың түрлері, сабақтан
тыс жұмыстарды қалай өткізу керек екендігі, сабақтың күнтізбелік
жоспарлары толықтай баяндалды. Осы бітіру жұмысын кез-келген
орта мектептің география пәнінің оқытушысы өз қажетіне
пайдалана алады. Жұмысты жасау барысында бірнеше көрнекілік
құралдар (сызбалар, кестелер, карталар) қолданылды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz