ПАРНИКТIК ГАЗДАРДЫ АТМОСФЕРАҒА ШЫҒАРУДЫ ШЕКТЕУДIҢ, ТОҚТАТА ТҰРУДЫҢ НЕМЕСЕ АЗАЙТУДЫҢ ЕРЕЖЕСIН БЕКIТУ ТУРАЛЫ




Презентация қосу
ПАРНИКТIК ГАЗДАРДЫ АТМОСФЕРАҒА
ШЫҒАРУДЫ ШЕКТЕУДIҢ, ТОҚТАТА ТҰРУДЫҢ
НЕМЕСЕ АЗАЙТУДЫҢ ЕРЕЖЕСIН БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2008 жылғы 11
ақпандағы N 128 Қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
2007 ЖЫЛҒЫ 9 ҚАҢТАРДАҒЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСIНIҢ 16-
БАБЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI
ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Осы Парниктiк газдарды
атмосфераға шығаруды шектеудiң,
тоқтата тұрудың немесе азайтудың
ережесi Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 9 қаңтардағы
Экологиялық кодексiне сәйкес
әзiрленген және парниктiк газдарды
атмосфераға шығаруды шектеудiң,
тоқтата тұрудың немесе азайтудың
тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Ереже қызметi атмосфераға
парниктiк газдарды шығарумен
байланысты және осы Ережеге 1-
қосымшада көрсетiлген қызмет түрiне
сәйкес келетiн жеке, сондай-ақ меншiк
нысанына қарамастан заңды
тұлғаларға қолданылады.
3. Стационарлық көздерден
атмосфераға парниктiк газдардың
шығарындылары парниктiк әсердi
күшейтудегi оның салыстырмалы рөлiн
ескере отырып, парниктiк газдардың
әрбiр көзi үшiн жеке есептеледi.
4. Парниктiк газдарды атмосфераға
шығаруды шектеу үшiн қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жыл
сайын табиғат пайдаланушыларға парниктiк
газдарды атмосфераға шығару көздерiнiң
жекелеген түрлерi үшiн парниктiк газдарды
атмосфераға шығару көздерiн мемлекеттiк
есепке алу нәтижелерi бойынша анықталған
базалық жылыпарниктiк газдарды
атмосфераға шығару деңгейiнен аспайтын
парниктiк газдарды атмосфераға шығарудың
шектi жол берiлетiн лимиттерiн анықтайды.
5. Квотаны алу үшiн табиғат
пайдаланушылар жыл сайын қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
органға осы Ережеге 2-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi ұсынады.
Квотаны алуға арналған өтiнiмге
табиғат пайдаланушы ол жүзеге
асыратын қызметтiң түрiне парниктiк
газдардың атмосфераға шектi жол
берiлетiн шығарындыларының жобасын
ұсынады.
Парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды шектеу,
тоқтата тұру немесе азайту тәртiбi қолданылатын
қызметтiң түрлерi

1. Энергетика
Отынды жағу үшiн қуаттылығы 20
МВт астам қондырғылар (тұрмыстық
және қауiптi қалдықтарды жағуға
арналған қондырғылардан басқа).
Жылына 0,5 мың тонна шартты отын
көлемiнде отын жағу жолымен электр
және жылу энергиясын өндiру (қатты
тұрмыстық және қауiптi қалдықтарды
жағуға байланысты қызметтiң түрлерiн
қоспағанда).
2. Қара және түрлi-түстi металдарды өндiру және
өңдеу
Қара және түрлi-түстi металдардың рудаларын
балқыту.
Кокс пештерi.
Шойын құю өндiрiсi.
Болат балқыту өндiрiсi (бастапқы және
қайталама балқыту), оның iшiнде өндiрiсiнiң көлемi
сағатына 2,5 тоннадан астам үзiлiссiз құю.
3. Тау-кен руда өнеркәсiбi
Көмiр өндiрген кездегi метанның
шығарындылары.
Мұнайды өндiрген кездегi iлеспе газдарды жағу.
4. Өнеркәсiптiк өндiрiс
Қуаттылығы күнiне 500 тоннадан астам
ротациялық колонналарда цементтiк
клинкердi өндiру және/немесе күнiне
қуаттылығы 50 тоннадан астам ротациялық
колонналарда әк шығару.
Целлюлоза, сүректен алынатын басқа
талшықтар, сондай-ақ күнiне 20 тоннадан
астам өндiрiс көлемiмен қағаз және картон
өндiру.
Қуаттылығы күнiне 20 тоннадан астам
шыны, оның iшiнде шыны талшықтарын өндiру
Қуаттылығы күнiне 75 тоннадан астам немесе
килннiң өнiмдiлiгi 4 текше метрден астам және
тұну тығыздығы 300 кг/текше метрден астам
керамика, күйдiрудi, әсiресе черепицаны,
кiрпiштер және рефракторлық кiрпiштер,
плитка, фарфор, ыдыс шығару.
Аммиак өндiру.
5. Ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы.
Алқаптарда ауыл шаруашылық
қалдықтарын жағу.
Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану

Ұқсас жұмыстар
Қышқыл жаңбыр
Сыртқы тініс алу,бронхылар
Атмосфералық ауаны қорғау
Антропогендік ластану
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
Жер тарихындағы жаппай жойылулар
Өкпеде газдардың диффузиясы бұзылыстары
Ғаламдық экологиялық мәселелер
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫШ
Химиялық реакциялар
Пәндер