Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858-1931


Slide 1

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

1858-1931

Slide 2

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев - ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Жайзатыс деген жерде туған. Ауыл молдасынан бес жасынан оқып, хат таныған ол 1870 жылы Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадағы діни жоғары оқу орнында оқып білім алады. Жасынан өнер білімге, әдебиетке құмар болған жас ақын ауыз әдебиеті үлгілерімен жас кезінен танысып халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен. Мәшһүр Жүсіптің:

Айрылдым дәл он бесте ақыл естен,

Жабысып бір дауасыз ауру төстен, - деген жыр жолдарына қарағанда оның ақындық жолға бой ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы он бес жасында басталған.

1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады.

Slide 3

Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.

1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т. б. шаһарларға сапарға шығады. Ол бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т. б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.

Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Ясауидің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожамен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады.

Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған жұртты аралайды. Осындай екінші сапарына Мәшһүр Жүсіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.

Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тама­шамыз” атты туындылары 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.

Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі - аңыз бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысын, т. б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырларының 30-40 шақтысы топталған.

Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т. б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” және т. б. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған.

Slide 4

Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр

бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жырлардан - 5-6; ғашықтық

жырдан - 2-3; қисса-дастандардан - 11-12; тұрмыс-салт жырларынан - 30-40 шақтысы; аңыз-әңгімелердің -

200-300 үлгісі; жаңылтпаштың - 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі - 50

шақтысы; мақал-мәтелдердің 2, 5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-

жыраулардың өлеңдері, дастандары т. б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер

мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топтамасы, т. б. нұсқалары бар. Мұндай үлгілерді

жинағанда ара-жігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фольклордың әр жанрын

қамтып, барлығын жан-жақты жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көптеген

ғалым-фольклоршылардың шарты.

Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің көлемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым білімі” кітабы 129

сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір”

әңгімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа - араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет”

деген мағынаны береді.

Бұлардан басқа қолжазбаларда мынадай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пайғамбар”, “Шайқы Бұрқы

әулие мекіре балықтан туған”, “Сарыарқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған сары бел”,

“Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Шанышқылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге

мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты

деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық,

Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгімелері”, күлдіргі сөздер, “Қаракесек пен төрелер

ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т. б. қалалары турасында, “Ошақты Қоңырбай

қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жасында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т. б., Сарман, Қиғара,

Қосдәулет билер хақында, жыл басы туралы, Орманшы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын

алған.

Slide 5

Мәшһүр Жүсіптің:

Айрылдым дәл он бесте ақыл естен,

Жабысып бір дауасыз ауру төстен, - деген жыр жолдарына қарағанда оның ақындық жолға бой ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы он бес жасында басталған.

1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады. 1907 жылы Қазандағы Құсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады.

Ақын «Дала уәлаяты» газеті мен «Айқап» журналында заман ағымына байланысты публицистикалық мақалалар да жариялап тұрды. Ол «Ер Сайын», «Ер Көкше», «Көрұғлы», «Шара батыр» жырларын, Баяты ақын Шөже, Шөже мен Қалдыбай, Жанақ пен Түбек, Жанақ пен Сақау, Күдері мен Ұлбике, Ұлбике мен Жанкелді, Шортанбай мен Орынбай, тағы басқа айтыстарын, Бұқар, Шортанбай, Шөже, Орынбай тәрізді ақындардың, қазақ ру-тайпаларының шежіресін қағазға түсірді.

Ақын өзінің қай шығармасында болсын халық көкейіндегі толғағы жеткен мәселелерді сөз етеді. Мысалы, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» дейтін еңбегінде халықтың өз жер-суынан айырылып, патшаның отаршылдық бұғауына түскенін ашына жазады. Ол өз заманының барлық болмыс-бітімін, бүкіл қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, рухани-мәдени өсу деңгейін, кем-кетік тұстарын кеңінен толғайды. Бұл тұрғыда Мәшһүрдің шығармаларындағы ағартушылық сарын оның поэзиясында айрықша көрініс табады. Ақынның Шығыс қисса-дастандарының, мысал өлеңдерінің озық үлгілерін үйрене отырып, еліктеп жазған «Гүлшат - Шеризат», «Шайтанның саудасы», «Ғибратнама», «Баяннама» тағы басқа дастандары мен мысал өлеңдері кең тараған.

Slide 6

Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің көлемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым білімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әңгімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа - араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді.

Slide 7

Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы - "Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, "Хал-ахуал”, "Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, "Миғраж”, "Хаятбақшы”, "Қорқыт”, "Гүлшат-Шеризат” деп аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті.


Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Мәшһүр - Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі
Айқап журналының қазақ тарихындағы орны
Қазақ философиясының ерекшелік сипаты
Павлодар қаласы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Соқыр, саңырау жән жалаңаш» өлеңі
Асан Қайғы көптеген философиялық сөздерді, философиялық әндердің авторы
Ақан сері – адамзаттың сұңқары
Түркі кезең философиясының өкілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz