Маңғыстау облысына аймақтық шолу




Презентация қосу
Маңғыстау
облысына
аймақтық шолу.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫ КӨШЕРБАЕВ
1955 жылы туылған. Қазақ политехникалық институтын
инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Саяси ғылымдар докторы.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты
жетекшісінің орынбасары - Ішкі саясат бөлімінің
меңгерушісі; ҚР Үкіметі Аппараты жетекшісінің
орынбасары - Аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі; ҚР
Президентінің баспасөз хатшысы-Баспасөз қызметінің
жетекшісі қызметін атқарды.
ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі, ҚР
Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі
қызметтеріне тағайындалған. 2000-2003 жылдар
аралығында Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметінде
болды.2003-2004 жылдар аралығында Қазақстан
Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және
Өкілетті Елшісі,2004 жылдың мамыр айынан Қазақстан
Республикасының Армениядағы және Финляндия
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
қызметтерін қатар атқарды.

2006 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысының
әкімі.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ
АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ
Облыс әкімі
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Аппарат басшысы
Аппарат басшысының орынбасары
Маңғыстау облысы - республиканың бүкіл өңірлері арасында бірінші
болып, облыстың барлық елді мекендерін газбен, сумен, электр
энергиясымен, телехабар таратылуымен және байланыспен 100 %
қамтамасыз етіп отыр. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін екі жарым
жыл ішінде барлық ресурстарды жұмылдыра отырып, 42 млрд. теңге
жұмсалды.
Маңғыстау облысы екінші жыл қатарынан ауылдық жердегі
тұрғындардың оң сальдосы байқалған бірден-бір аумақ ретіндегі дерек
болып табылады . 2009 жылдың қорытындысында туудың ең жоғары
деңгейі де біздің облыста, халықтың өсу қарқыны жағынан Астанадан
кейінгі екінші орындамыз.
Білім беру саласына 2009 жылы 21 миллиард теңге бөлінді, бұл - 2008
жылмен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге көп.
Білім беру сапасы артты. Бұған Бірыңғай ұлттық тестілеудің
қорытындылары айғақ. Тестілеудің қорытындысы бойынша облыс
республиканың өңірлері арасындағы рейтингте соңғы екі жылда 13-тен
4-орынға көтерілді.
Қазіргі уақытта облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту
35% құрайды (орташа республикалық көрсеткіш 38,7%).
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
Маңғыстау облысының ірге тасы 1975 жылы қаланып,биыл облыстың 35
жылдығы тойланды. Бұл облыс Түпқараған,Бейнеу,Құрық,Қарақия,Мұнайлы
аудандарынан тұрады. Әрбір аудан өз кезегінде ауыл,село,кент елді мекендеріне
бөлінген. Ауданда халыққа қызмет көрсететін барлық жұмыс орындары тіркелген.
Бұл жерлерде де орта білімді мектеп орындары мен балабақшалар қызмет
көрсетеді. Маңғыстау облысы киелі 362 әулиеге бай. Олар: Бекет ата,Шопан
ата,Оғланды,Қараман ата,Қошқар ата және т.б,олардың өзіндік қасиеттері мен
ерекшеліктері бар. Бұл жерлерге келетін қала тұрғындары мен шет ел туристерінің
саны жылдан жылға арту үстінде. Киелі мекен атанған бұл облыстың қызықтырар
және де тамашалайтын жерлері өте көп. Мысалы Бекет ата қазіргі таңда
туристердің елді мекеніне айналды десек қателеспеген болармыз,себебі бұл атаға
келетіндер саны көбеюде, Пір Бекет Атаның 260 жылдық мерекесін халықаралық
дәрежеде өткізді. Мерейтойды атап өтудің басты мақсаты - әлем алдында Бекет
атаның ролі мен маңызын насихаттау, оның рухани мұрасына құрметпен қарау,
сондай-ақ өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
БЕКЕТ АТА
Бекет ата болмысы ғылым-білімі
дамыған бүгінгі заманның
ұрпағына әлі жұмбақ. Сол
құпияның сырына терең малти
алмағандықтан, Атаны толық тани
алмай келеміз. Бастысы - ниет бар,
бастама бар. Бекеттану ғылымының
пайда болуы - осы ізденістердің
дәлелі. Бұл атаға келіп зират етіп
келушілер өте көп және де ем алу
мақсатымен де. Киелі жердің
ерекшелігі мұндағы көз бұлағы мен
атаның өзіндік бұлағы бар.
Табиғаттың әсемдігі соншалық
елік,марал, тау текелер мекен етеді.
МҰНАЙЛЫ АУДАН
Маңғыстау облысы бірден-бір мұнайлы аудан болғандықтан Қазақстан
тұрғындарымен шетел инвесторларына сапалы қызмет көрсетеді. Мұнда
Каспий теңізі арқылы Баку,Түркия,Арабия,Қытай және басқада шетел
мемлекеттеріне мұнай тасымалдау қызметін атқарады.Облыста
МаңғыстауМұнайгаз, ӨзенМұнайгаз, ҚазМұнайгаз, ҚаражанбасМұнай,
ҚаламқасМұнай,Бозащы,ҚарақұдықМұнай,Тасболат сияқты ірі мекемелер
жұмыс істейді. Халықты мұнай,газ,энергетика,бензин,керосин,пластикамен
қамтамасыз етіп отырған бұл облыстың болашағы зор. Мекемеде жұмыс
істейтіндер саны да жеткілікті, сапалы қызмет көрсетіп отырған бұл компания
барлық елдермен халақаралық қатынас орнатып отыр. Қазіргі уақытта
мемлекет тарапынан басқа да ұлт өкілдері жұмыс істейді,білікті мамандарды
қабылдаумен қатар, шет ел инвесторларының қызығушылығын тудыруда.
Мекемеде мұнайшылар, инжинерлер,маркетологтар,менеджерлер және де
басқа маман иелері жұмыс атқарады.
ТАБИҒАТ СҰЛУЛЫҒЫ
Облыс сонымен қатар табиғат
сұлулығымен де көз татарлық. Тамшалы
бұл Форт-Шевченко елді мекенінен 460
км қашықтықта орналасқан. Табиғаттың
тазалығы соншалық халықтың көңілінен
шығуда. Тау беткейінде орналасқан бұл
демалыс орны,тамшылаған су
тамшыларымен, көлмен ерекшеленеді.
Маңғыстаудың көркем жерлері
АҚТАУ ҚАЛАСЫ
ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
Маңғыстау облысын, және атап айтқанда Ақтау қаласын дамытудың стратегиялық мақсаты - соларға
барлық әлеуметтiк проблемаларды шешу тәуелдi болатын, орнықты әрi бәсекеге қабiлеттi экономика мен
сенiмдi инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымын қалыптастыру болып табылады. Мұның өзi - халықтың
өмiр сүру сапасының артуы, экологиялық тепе-теңдiктi қалыпты ұстау, әрекет үстiндегiлерiн жетiлдiру,
халықтың өмiр сүруiне қолайлы жағдайлар туғызу мақсатымен жаңадан құрылыс салынатын жерлерде
қаланың аумақтық-жоспарлы ұйымдарын қалыптастыру деген сөз.
Ақтау қалалық әкiмшiлiгiнiң экономикалық қызметiнiң негiзiн мұнай өндiру өнеркәсiбi құрайды.
Жұмыспен қамтылған халықтың едәуiр бөлiгi мұнай өндiру саласында, атап айтқанда кенорындарында
және мұнай мен газ өндiруге байланысты қызмет көрсететiн кәсiпорындарында еңбек етедi.
Қазiргi кезде қала экономикасы: өнеркәсiп және энергетика, құрылыс, көлiк және байланыс, басқару
ұйымдары, қаржылық-несиелiк мекемелер, коммуналдық-пайдалану қызметтерi, қоғамдық
тамақтандыру және сауда салаларынан тұрады.
Болжамдалған кезеңде шапшаң экономикалық өсу саясатын iске асырылуын қамтамасыз ететiн қала
мен облыс экономикасының даму келешегi, мұнай өндiру көлемiнiң өсуiне және iрi өнеркәсiп кешенiн
құруға, бiлiм беру мен денсаулық сақтау жүйелерiн жетiлдiруге, туризм, демалыс және көңiл көтеру
индустриясын дамытуға байланысты болмақ.
Бас жоспарда көзделген экономиканы дамытудың басым бағыттарына мыналар кiредi:
- көмiрсутегi базасында, республиканың экспорттық әлеуетiн кеңейту мақсатымен жаңа
технологияларды пайдалана отырып қуатты мұнай-химиялық және химиялық кешен құру;
- орта және шағын бизнес кәсiпорындары едәуiр бөлiгiнiң қатысуымен тамақ, тоқыма, тiгiн және
былғары өнеркәсiбiн одан әрi дамыту;
- әрекет үстiндегi жоғары оқу орындарында экскурсия жүргiзушiлерiн, аудармашы бастап алып
жүрушiлерiн, өнертанушыларды даярлау жөнiнде арнайы бөлiмдер ұйымдастыру және "Туризм және
демалыс индустриясы", "Құрылыс салу", "Сауда-саттық", "Қонақ үйлер мен мейрамханалар"
салаларында жұмыс iстеу үшiн орта және төменгi буындағы мамандар даярлау жөнiнде арнаулы орта оқу
орындарын құру;
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ
- Бас жоспарда көзделген, тұрғын үй-азаматтық құрылыс жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру мақсатымен,
жұмыс істемей тұрған кәсiпорындарды қайта қалпына келтiру, құрылыс материалдары мен конструкцияларының
жаңа өндiрiстерi құрылысын салу базасында құрылыс кешенiн құру және кеңейту.
Өнеркәсiп - қала экономикасындағы негiзгi сала болып табылады. 2002 жылы Ақтау қаласының әрекет үстiндегi
өнеркәсiп кәсiпорындары мен өндiрiстерi 168,5 млрд. теңгенiң өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрдi, оның нақты көлемiнiң
индексi 2001 жылға 113,4% құрады.
Қала кәсiпорындары өндiрген тауар өнiмдерiнiң үлесi республикалық еңбек бөлiнiсiнде 7,4%, облыстық - 61,5%
құрады.
Өндiрiлген өнiмдер көлемiнiң 93,0 пайызы тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң, 5,2 - электр энергиясын өндiру мен бөлу
өндiрiсiнiң, 1,8 - өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiне тиедi. Тау-кен өндiру саласы құрылымының 99,9% мұнай, газ өндiру
секторының үлесiне тиесiлi.
Ақтау қаласының кәсiпорындары 2002 жылы облыс шикi мұнай көлемiнiң 61% өндiрдi.
Қазiргi кезде мейлiнше iрi кәсiпорындар мен өндiрiстер - мұнай, газ өндiретiн фирмалар, "Актал-ЛТД" химия
кешенi, "Пластмасса зауыты" ЖШС.
Осынау кәсiпорындарда 2002 жылы өнеркәсiп-өндiрiсi қызметшiлерi санының 93,0% жуық адам жұмыс iстедi.
Ақтау қаласының Бас жоспары өнеркәсiп өндiрiсiнiң жедел өсуiн көздейдi, мұның өзi халықты жұмыспен қамти
отырып, еңбек етуге жеткiлiктi сандағы орындарды құруға мүмкiндiк бередi.
Мұнай өндiру қарқынын арттыруға, әрекет үстiндегi кәсiпорындар қызметiнiң нәтижесiнен өнеркәсiп өндiрiсiнiң
өсу қарқынын одан әрi арттыруға, сондай-ақ республиканың экспорттық әлеуетiн дамыту мақсатымен жаңа
технологияларды пайдалана отырып көмiрсутегi шикiзаты базасында қуатты мұнайхимиялық және химиялық
кешенiн құруға бағытталған өнеркәсiп саясаты өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң елеулi түрде өсiмiне әкеледi.
Өнеркәсiптiң барлық саласы дами түседi, олардың арасында, соларға құрылыс материалдары өндiрiсiнiң, тоқыма
және тiгiн өнеркәсiбiнiң дамуы тәуелдi болатын, химия және мұнайхимия басымдық бағытта болып табылады.
Көмiрсутегiн өңдеу және олардың қалдықтарын қайта пайдалану, iс жүзiнде тiршiлiк қызметiнiң барлық
саласында пайдалануға болатын және iшкi рынокта ғана емес, сонымен қатар республикадан тысқары жерлерде де
сұранысқа ие әртүрлi материалдар мен бұйымдардың сан алуан түрiн шығаруға мүмкiндiк бередi.

Бас жоспарда прогрессивтi технологияларды пайдалану негiзiнде мынадай кәсiпорындар мен өндiрiстер құрылысын салу
ұсынылған:
- полимерлi гидрогели өндiру зауыты;
- қуаңшылық аймақ жағдайында ылғалды қамтамасыз ету мақсатымен, оларды ауыл шаруашылығында пайдалану үшiн
гидрогели негiзiнде, полимерлi композициялар зауыты;
- гидрогелидi пайдалану негiзiнде медициналық препараттар мен заттар фабрикасы, бұл - медицинаның көптеген өзектi
проблемаларын шешуге мүмкіндік береді;
- бұрғылау ұңғымаларынан мұнай қалдығын алу кезiнде, iрi тұндырғыштарсыз-ақ мүмкiндiк беретiн, оларды пайдалану
арқылы бұрғылау ерітiндiлерiн тұрақтандырғыштар мен сулы мұнай эмульсияларын бұзушыларын шығаратын, мұнай
өнеркәсiбiне арналған гидрофильдi полимер өндiру зауыты;
- электрондық бұйымдар зауыты;
- синтетикалық каучук зауыты;
- синтетикалық талшық комбинаты, оның құрылысын салу, маталар, жасанды үлбiрлер, канаттар және с.с. шығару үшiн
тоқыма саласын шикiзатпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi;
- әйнектi пластикалар зауыты (шынылыталшықтар, шынылытоқымалар), олар құрылыс материалдары өндiрiсiнде
ойдағыдай пайдаланылады;
- лакпен бояу материалдары зауыты;
- электр оқшаулау материалдары зауыты;
- тамақ және тамақ емес өнiмдерге арналған буып-түю материалдарын шығару зауыты;
- композиттер негiзiндегi құрылыс материалдары зауыты;
- санитарлық-техникалық жабдықтар шығару зауыты;
- спорт бұйымдарын шығару кәсiпорны;
- пластмасса ойыншықтар фабрикасы;
- жуу құралдарын шығару кәсiпорны;
- композициялық материалдардан жиһаз шығару зауыты және басқалары.
Өнеркәсiпті дамыту үшiн "Еркiн экономикалық аймақ" құрудың маңызды мәнi бар, себебi, бұл - салықтық және кедендiк
жеңiлдiктер мен преференциялар көздестiретiн ЕЭА аумағында айырықша режим орнату жолымен жоғары қосылған құны
бар iшкi сыртқы рыноктарда бәсекеге қабiлеттi әртүрлi өндiрiстердi осында шоғырландыруға мүмкiндiк бередi.
Мұнайхимиялық және химиялық кешенiнiң бiрқатар кәсiпорындары құрылысын салуды да ЕЭА режимiнде жүзеге
асыруға болады, бұл - қарымды инвесторларды тарта түседi.
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2030 жылға дейiнгi халық санының есептелiмi екi әдiспен: демографиялық және
еңбек рыногының болжамына сәйкес жүргiзiлдi.
Демографиялық әдiс бойынша, соңғы бiрқатар жылдар iшiнде халықтың
қалыптасқан табиғи өсуiнiң орташа қарқыны (1,8%) тұрғысынан, жасына қарай
жылжыту есебiн қолданғанда халықтың келешектегi саны:
- бiрiншi кезекте - 190,0 мың адам;
- есептелген мерзiмге - 215,0 мың адам құрайды.
Еңбек рыногы бойынша халықтың келешектегi саны, әлеуметтiк-экономикалық
қызметтiң барлық саласындағы халықтың экономикалық белсендi тобын оңтайлы
пайдалану тұрғысынан анықталады. Ол - 01.01.03 ж. (170,2 мың адам) салыстырғанда:
- бiрiншi кезекте - 200,0 мың адам;
- есептелген мерзiмде - 260,0 мың адам құрайды.
Еңбек ету орындарда келешектегi қажеттiлiк 2008 жылға - 91,0, 2030 жылға - 124,0
мың жұмыс орнын құрайды. Халықтың есептелiнген санына сәйкес әлеуметтiк-
экономикалық қызмет саласында 2008 жылға - 86,45, 2030 жылға 102,55 мың адам
жұмыспен қамтылуы мүмкiн.
Еңбекшiлер тапшылығын, оны Маңғыстау облысы мен Республика өңiрлерiнде
жұмыс күшi мол аудандарынан тарту арқылы орнын толтыру көзделуде.
КЕНДІРЛІ ДЕМАЛЫС ОРНЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ
ТҮНГІ АҚТАУ

Ұқсас жұмыстар
Үшіншісі - инновациялық қолдау экожүйесін дамыту
Қазақстанның мұнай саласы - Қазақстан экономикасының негізгі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
Әбіш Кекілбаев
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Компьютердің миы
Периодты функциялар
Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
Партфолио
"Ең үздік дене тәрбиесі мұғалімі" сайыс таныстыру
Пәндер