Сақтандыру компаниясы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі Халықаралық Бизнес Университитеті Қаржы кафедрасы Қаржы пәніне презинтация

Тақырыбы : Сақтандыру компаниясы

Тексерген: Аға оқытушы Сатыбалдиева Ж. Ш.

Орындаған:202 топ “Қаржы”кафедрасының

студенті Шелденова А. С.

Slide 2 Slide 3

Тарихы

Компания 1995 жылы құрылды және белсенді жұмыс атқарған 14 жыл ішінде Қазақстан Республикасының ірі сақтандыру компаниясына айналды. Компанияның шынайылық пен сенімділікке негізделген бизнес жүргізу ұстанымдары Қазақстанның сақтандыру нарығында ең жоғарғы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуіне жол ашты. Біздің қаржылық көрсеткіштеріміз және жұмыс саясатымыз отандық сақтанушылардың көпшілік бөлігінің ғана емес, сондай-ақ Армения, Бельгия, Ұлыбритания, Грузия, Дания, Израиль, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Ураина, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Жапония және т. б. ірі компанияларының сенімімен шықты.

Slide 4

«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ тұтынушы мүддесін ықтимал қауіп-қатерлер кешенінен барынша қорғауға арналған сақтандыру қызметтерінің барлық түрлерін көрсетуге және әмбебаптыққа бағытталған. Компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандырудың барлық түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар.

Slide 5

Компания қолда бар лицензияларға сәйкес сақтандыру түрлерінің және кластарының кең шеңбері бойынша сақтандыру қорғауын ұсынуға құқылы.

Сондай-ақ, Компанияның қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясы бар, бұл - бейпропорционал негізде қайта сақтандыру құқығын береді. Қазақстанның барлық ірі сақтандыру компаниялары, алыс және жақын шетелдердегі компаниялар кіріс қайта сақтандыру бойынша тұтынушыларымыз болып табылады.

«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ қызметін жүзеге асыру кезінде ынтымақтастық, сенімділік және қолдау ұстанымдарына жүгінеді.

Slide 6

«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ қызметкерлерінің жоғары деңгейлі маман ретіндегі мүмкіншіліктері сақтандырумен ғана шектелмейді. Команда құру кезінде, комапния қызметкерлер құрамының тұтынушылармен жұмыс жасауға психологиялық дайындығы мәселесіне айрықша көңіл бөледі.

Комапнияның мақсаты- тұтынушылар үшін кәсіби кеңесші болып қана қоймай, іскерлік әріптестікке достық рең беру. Әрбір сақтанушыға осы тұтынушы жөніндегі жағдаятты кез келген уақытта толық игеретін және сақтандыру қорғауының алғашқы келіссөздерінен бастап шартты жаңа мерзімге ұзартуға дейінгі бүкіл ұйымдастырылу барысын жүргізетін жеке менеджер бекітілу.

Slide 7

Компанияның корпоративтік саясатының негізі - сақтандыру жағдайын реттеудің шапшаңдығы мен сапасы. «Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін істің барлық мән-жайын уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді және зиян шегушілерге сақтандыру төлемін жасайды. Белгілі бір сақтандыру сыйлықақысын төлесеңіз, елеулі шығындардың алдын аласыз. Әзірленген сапа жүйесі бойынша қажет құжаттарды Компания мамандары рәсімдейді. Компания сақтандыру төлемін жүзеге асыра отырып барлық заңды мәселелерді шешіп қана қоймай, сондай-ақ қосымша ақысыз осы сақтандыру жағдайының мән-жайларымен таныса отырып, тұтынушыға мұндай қолайсыздықтардың келешекте алдын алу жөнінде жазбаша кеңестер беретін тәуекел-менеджерінің қызметін ұсынады.

Slide 8

«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның миссиясы:

Тұрақты кемелділік пен сапалы дамуға ұмтыла отырып, олар бәрінен бұрын қоғам мүддесіне және тұтынушыларының, әріптестерінің және қызметкерлерінің жеке табысына қызмет етуді көздейді.

Халықаралық әріптестерінің оларды лайықты деңгейде тануы және әлеуметтік-жауапты бизнес жүргізу, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту мен әйгілеуге үлестерін қосу мүмкіндігін беріп отыр, ал айқын әрі үйлесімділікке негізделген бизнес жүргізу ұстанымдары көптеген отандық компанияларға үлгі болуда.

Slide 9

Стратегия:

Компания республиканың сақтандыру нарығындағы тұрақты көшбасшылық позициясын сақтауды мақсат тұтады. 2010 жылдың сәуір айы қорытындысы бойынша «Евразия» СК сыйлықақылар жинауда нарықтың 17, 93-ын құрады, осы арқылы өзінің көшбасшылығын дәлелдеді.

«Евразия» СК бизнесті дамытуда бүкіл әлемдегі компаниялармен әріптестігін дамыта отырып, географиялық әртараптандыруға үлкен рөл береді. Бүгінгі таңда «Евразия» СК әлемнің 75-тен астам елінде өз қызметін жүзеге асырады. Компания үлесіне 2010 жылғы 01 сәуірдін қайта сақтандырудың жалпы көлемінің 73, 10%-ы тиеді.

Slide 10

Биылғы жылдың маусымында «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ қаржы холдингін қайта құру үрдісі аяқталды. Қайта құру нәтижесінде төрт қаржы компаниясы: «Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Еуразиялық капитал» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылатын классикалық қаржы холдингі құрылды.

Осылайша қызметтің кең спектрін ұсынатын және қарқынды даму мен құрылымды жетілдірудің синергетикалық нәтижесі ескеріле отырып өсуге бағытталған әмбебап қаржы тобы құрылды.

Slide 11

Қайта құру үрдісіне параллель холдингтің сыртқы келбетін жетілдірілген құрылымы мен стратегиясына сәйкес өзгерту мақсатында қаржы холдингі компанияларының рестайлингі жобасы іске асырылды. Орын алған өзгертулер компаниялардың қаржылық блогі қызметінің тиімділігін, айқындылығын, ұтқырлығын көтеру үшін жасалған және кросс-сату тиімділігінің өсуіне бағытталған бизнес-үрдістер жетілдіріліп отырады.

Slide 12

Басшылық:

Басқарма Төрағасы -

Уманов Борис Григорьевич

Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары - Слабкевич Лариса Васильевна

Басқарма Төрағасының орынбасары -

Тульчинский Назым Леонидович

"Қазақстандық сақтандыру компанияларының рейтингі тақырыбын әңгіме ете отырып, Уманов мырза компаниялардың нарықтағы үлесіне қарай рейтинг берудің келешегінің барына күмән келтірді. Нарықтағы үлес сақтандыру компаниясының қаншалықты жалпы тәуекелді қабылдайтынын ғана сипаттайды. Алайда ол шаңсорғышқа айналмауы тиіс. «Евразия» туралы айтар болсақ, біз тәуекелдің бәрін алмаймыз, біздің андеррайтингіміз жеткілікті қатал және біз көптеген тәуекелдерді алудан бас тартамыз, алайда тәуекелді алған соң оны өзімізде көптеп қалдыруға тырысамыз".

«Ең маңызды сәттердің бірі - балалардың құқығын қорғау. Бала тұрғын үйдің иесі емес. Егер ата-анасы кредитті төлеп бітірмей қайтыс болса (құдай басқа салмасын), сәби баспанасыз қалады. Мұндай жағдайлар сақтандырылуы тиіс». Larissa. Slabkevich@theeurasia. kz

«Қаржы нарығының бұл сегментінде қалыптасып отырған негізгі тенденцияларды дұрыс деп сипаттауға болады. Компанияның капитализациясы жарыспалы шапшаң ұлғая отырып, сақтандырушылардың саны жайлап азайып келеді. Бұл сақтандыру компанияларының жасалған сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерін орындау қабілетіне оң әсер етеді, шығыс трансшекаралық қайта сақтандыру көлемі азайып, отандық қайта сақтандыру нарығының қалыптасуы жалғасады». Nazym. Tulchinsky@theeurasia. kz

Slide 13

Басқарма Төрағасының орынбасары - Малькова Наталья Евгеньевна

«Біз әрбір клиент үшін жеңілдіктердің икемді жүйесі ескерілетін дербес жоспар жасауға әзірміз, бұл сөзсіз клиенттерді тартады. Қысқасы, біз тек клиентке және клиент үшін жұмыс істейміз. Мұны біздің ұранымыз деп біліңіздер. Ал компаниямыздың кредосы қандай? «Евразия» - сенімділік континенті!» Natalya. Malkova@theeurasia. kz

Басқарма мүшесі, Атқарушы директор - Даутов Куаныш Маратович

CК «Евразия» СК әрқашанда тәуекел-менеджмент жүйесіне аса мән беріп келді. Экономикалық күйзеліс кезеңінде кез келген компания үшін тәуекелдің ірісі - бедел тәуекеліне апарып соқтыратын сенім дағдарысының даму тәуекелі. Сондықтан, біз дағдарыс жағдайларында сауатты қарым-қатынас саясатын қалыптастыруға аса назар аударамыз. Kuanysh. Dautov@theeurasia. kz

Басқарма мүшесі, Атқарушы директор - Сакенов Ролан Кайратович

Біздінше, сақтандыру нарығының көшбасшылығы позициясына қол жеткізуімізге қаржылық жағдайымыз ғана ықпал еткен жоқ. Ең бастысы - әрбір клиенттің ыңғайын таба білу, кәсіпорын үшін қатерлі қауіптің бүкіл кешенін ескеретін сақтандыру бағдарламаларын қалыптастыру, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін шапшаң жүзеге асыру. ROLAN. SAKENOV@theeurasia. kz

Slide 14

Марапттар мен жетістіктер

Бүкіл қаржылық көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының көшбасшысы (Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігінің мағлұматтары) ;

Сақтандыру саласындағы ықпалды халықаралық басылым Reactionsтің айтуынша Қазақстан Республикасындағы үздік сақтандыру компаниясы;

«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ ТМД-ның сақтандыру бизнесіндегі көшбасшылар қатарына кіреді және Marsh, Willis, Heath Lambert және Cooper Gay сықылды әлемдік жетекші сақтандыру брокерлері оны қайта сақтандырудың халықаралық нарығындағы мақұлданған сақтандыру компанияларының қатарына енгізген (Market security list) ;


Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығындағы сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштері
ЖАПОНИЯНЫҢ САҚТАНДЫРУ
Жауапкершілікті сақтандыру
Шет ел сақтандыру нарығы
Әлемдік Fintech компанияларына шолу
Жеке сақтандыру туралы
Лондон-Алматы сақтандыру компаниясы жайлы
БТА Сақтандыру компаниясы
Сақтандыру брокеріне қойылатын талаптар
Мүлікті сақтандыру туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz