ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ТУРАЛЫ


Slide 1

ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Орындаған:

Меңлібекқызы Н

Slide 2

ЖОСАР: 1 Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы 2 Ойлау туралы ұғым 3 Ойлау үрдісінің психологиялық және логикалық негіздері

Slide 3

1. Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.

Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау - сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. (5. 28)

Ойлау - адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.

Slide 4

Ойлау - аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ойлауды дамыту - оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

1. Практикалық іс-әрекеттілік.

2. Көрнекі-бейнелік

3. Сөздік - логикалық.

Slide 5

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.

1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/

2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификациялау/ т. б.

3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

5/ Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

6/ Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

7/ Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

8/ Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.

Slide 6

Психолог А. Н. Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.

Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:

1. Ойлаудың икемділігі.

2. Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.

3. Ойлаудың сынилығы.

4. Ойлаудың мақсаттылығы.

5. Ойлаудың жалпылығы.

6. Ойлаудың өз бетіншелдігі.

7. Анықтылығы, дәлелдігі.

Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.

Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.

Ақыл-ой еңбегі мәдениеті --- ойлау мәдениеті--- сыншыл ойлау мәдениеті.

Slide 7

2. Ойлау туралы ұғым

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен қүбылыстарды тек ойлау арқылы білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен қүбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының ішкі қүрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тыгыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді еңдейді. Ойлау сезімдік мағлүматтардың негізіндеч мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Slide 8

3. Ойлау үрдісінің психологиялық және логикалық негіздері

В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол - белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.


Ұқсас жұмыстар
ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ
ҒЫЛЫМИТАНЫМНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ
Алғы философия
Философтардың философия туралы түсініктері
Сәулет өнері туралы түсінік
Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері. Зейін,ой,сана,сөз
Ғылымның тарихы
Жұптық Биология жабдықтармен құрылысы және дамыту
Ойлау туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz