1941-1945 жылдардағы Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлі мен ерлігі


Slide 1

Ұлы Отан соғыс 1941 жылы 22 маусым

күні неміс әскерлерінің КСРО - ға

шабуыл жасауынан басталып, 1945

жылдың 9 мамырында Германияның

тізе бүгуімен аяқталды. Ұлы Отан со-

ғысы басталған к үннен-ақ Кеңес

Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық

жауынгерлер Брест қамалынан бас -

тап Берлинге дейін барды . Ұлы Отан со-

ғысы жылдары біздің қандастарымыз

қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас

болмады.

Slide 2

1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан

Днепрдің батысына, шекараға жақынырақ жерге жыл-

жытыла бастады. Шекаралық дивизияларды толықтыру

үшін запастан 800 000 адам әскерге шақырылды, мау-

сымның 16-18 - дерінде шекаралық округтердің резерв

дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекара-

Н

ның маңында бекіту туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар

тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы бастал-

ғаннан кейін анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүз-

деген шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде қарсы

алуға мәжбүр болды. 1941 жылғы маусымның 18- інде

КСРО -ң әскери теңіз флоты мен шекара әскерлері

ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ - ге

бұндай бұйрық тек ьаусымның 21- інде ғана

берілді.

Slide 3

Соғыс жылдарында

Slide 4 Slide 5

Соғыс жылдары республикада 12 атқыштар дивизиясы

7 атқыштар бригадасы, соның ішінде 2 ұлттық атқыш-

тар бригадасы майданға жөнелтілді. Бұдан бөлек,

Қазақстанда елуге жуық полк пен батальондар

жасақталды.

1941-1945 жылдар аралығында Қазақстаннан 700

мыңнан астам адам майданға аттанды. Соның

жартысынан астамы, яғни шамамен 10% - ы

соғыстан қайтқан жоқ.

Соғысқа қатысқан қазақтар Сталинград түбіндегі

жертөрелерде, Днепр өткелінде, Москва мен

Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер

көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белорусияны,

Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Вен-

грия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлерін-

дегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті.

Slide 6

Ұлы Отан соғысының батырлары

Бауыржан Момышұлы

Әлия Молдағалиева Мәншүк Мәметова

Slide 7

500-ден аса қазақстандықтар Совет Одағының батыры атағын алды. Солардың ішінде төрт адам- Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский-екі рет Совет Одағының батыры атанды.

Сөйтіп Берлин үшін шайқас 1945 жылы 21 сәуірде,

Рейхстаг үшін тартыс 29 сәуірде басталған. Бірақ қанды

қақтығыс тек 2 мамыр күні ғана әрең аяқталды. Жүздеген

мың солдат опат болған шайқас ең қанды қақтығыстардың

бірі ретінде тарихта қалды.

Slide 8

Ұлы жеңіс барша халықтың жеңісі!

9 мамыр 1945 жылы фашистік Германияның жеңілгендігін мойындап, Рейхтің

Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы В. Кейтель қол қойды. Ант төрт тілде

жазылды.

Алғашқы жеңіс парады 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өтті.

Ұлы Отан соғысындағы ұлы жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы

Болып аталған, ел дауысы болып шақырылған жеңіс. Арын жалау етіп жауға

аттанған ел ұрандары жерін, халқының өмірін, өзі туған өңірін, ақ сүт берген

анасын, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып

ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті

рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ!

Slide 9 Slide 10

1945 жылы 9 мамырда болған оқиға әр азаматтың мәңгі есінде, жүрегінде қалады. Ешқашан жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын қиған қаһарман ерлерді еске түсіреді


Ұқсас жұмыстар
9 мамыр - Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы қатысуы мен ерлігі (1941-1945)
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы үлесі мен шығыны (1941-1945)
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлі: әскери ерлік пен экономикалық қамтамасыз ету (1941-1945)
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстанның майдандық, тылдық және экономикалық рөлі
Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы өнеркәсіптік мобилизациясы мен майдандағы ерлігі
Ұлы Отан соғысы (1941-1945) және Қазақстанның майданға қосқан үлесі
Ұлы Отан соғысы (1941-1945): Қазақстанның қатысуы, батырлары және естелік мұрасы
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы үлесі мен батырлары
Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары: Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен тарихи маңызы
Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары: Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz