Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі



Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

Әкімшілік құқық түсінігі, пәні, қайнар көздері :
Әкімшілік құқық - бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы.
Әкімшілік құқықтың пәні - бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың жүйесі - бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар - құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми - ұйымдастырылған жиынтығы - біртұтас нормативті құрылым.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез - құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес
Әкімшілік құқық бұзушылық - бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін. заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.

Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез -құлық актісі - іс-қимыл болып табылады және мінез - құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру) . Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі - құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады) .

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:
1) қоғамдық қауіптілік - бұл іс - әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару
2) құқыққа қайшылық - құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы
3) кінәлілік - бұл ерікті, саналы іс - әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.
4) жазаланушылық - бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.
5) жаппай өріс алуы (массовость) - бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері:
1) әрбір істің мән - жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;
2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;
3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау; құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту.

Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз - нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.
Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде - сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.
Процесте толық қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық құқық қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін, заңмен қорғалатын мүддесіне қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік процестің тарабы бола алады.
Азаматтардың әкімшілік-процессуалдық әрекет қабілеттілігі материалды қатынастардың мазмұнынан (тұрғын үй, еңбек, салық, әкімшілік, тәртіптік) туындауына байланысты анықталады.
Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.

Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз - нақты жеке әкімшілік істерді қарау және шешу бойынша өкілетті субъектілердің нормативті реттелген қызметтерінің тәртібі.
Құқық беруші әкімшілік процеске мынадай іс жүргізулердің түрлері жатады:
- жеке құрамды жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау) ;
- жекешелендіру;
- азаматтардың арыз, өтініштерін қарау;
- өнертапқыштық туралы істерді, патент туралы істерді;
- мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;
- жер бөліктеріне иелік етуге, пайдалануға және азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға беру;
- тарату.

Әкімшілік-юрисдикциялық процеске мына іс жүргізулер жатады:
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс;
- қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстың белгілері бар әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану;
- әкімшілік кесу шараларын қолдану;
арыздар, шағымдар;
- ҚР-сының шегінен шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қуу;
- өздігінен шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды қулату туралы істер;
- бюджетке белгіленген мерзімде төлемеген салықтар және өзге де төлемдерді төлеттіру туралы істер, кәсіпорындардан бірінші кезекте және даусыз;
- даусыз тәртіпте республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатқа сай пайдаланылмаған құжаттарды бюджетке қайтару;
- жерлерді пайдалану ерекшеліктерін үздіксіз бұзғаны үшін жер учаскелерін алу.

Көптеген кезеңдерді (стадияларды) этаптарға бөлуге болады. Этап дегеніміз - бұл қандай да кезең ішіндегі аралық мақсатты көздейтін әрекеттердің жиынтығы. Мысалы,
а) азаматтардың шағым, арыздары бойынша іс жүргізуде істі қарау кезеңінде (стадиясында) :
- факт жүзіндегі жағдайды анықтау және зерттеу (тексеру) ;
- сәйкес материалдық-құқықтық нормаларды таңдау;
б) құқық шығармашылық басқару актісінің жобасын талқылау кезеңі (стадиясы) :
- барлық қатысушыларға онымен танысу үшін тапсыру;
- жобаға түзетулер енгізу;
- қажетті жағдайда, - сараптама.
Сонымен, процесс, оның іс жүргізулерінің 4 деңгейлік құрылымы болады: әрекеттер-(этаптар) -кезеңдер (стадиялар) -іс жүргізу (процесс) .

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу - бұл әкімшілік-юрисдикциялық процестің құрамына кіреді және әкімшілік құқықтың материалды және процессуалды нормаларымен толық көлемде реттелген. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен реттеледі.
Заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде мынадай міндеттерді жүктейді:
1) әрбір істің жағдайларын өз уақытында, жан-жақты, толық және әділ анықтау;
2) істі заңға нақты сәйкестілікте шешу;
3) шығарған қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету;
4) әкімшілік құқық бұзушылық жасауға себеп болған себептер мен жағдайларды анықтау;
5) құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау және заңдылықты нығайту рухында тәрбиелеу.
6) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде кейбір жалпы юрисдикциялық қағидалар (жариялылық, тартыс, теңдік) толық көлемде жүзеге асырылмайды, мысалы, іс бойынша ешкімді жабық отырыста және кең аудитоияда емес жерде қабылдайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кезеңдері (стадиялары) :
І - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау;
ІІ - істі қарау;
ІІІ - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулы шығару;
ІУ - қабылданған шешімдерді орындау;
У - шешімге шағым беру.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің 2 түрі бар:
- кәдімгі ( әдеттегі, қарапайым) ;
- жеңілдетілген (қысқартылған) .
Кәдімгі іс жүргізушілік негізгі істерге тән заңмен егжей-тегжейлі реттелген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz