Немістің классикалық философиясы
Презентация қосу
Алматы экономика және статистика академиясы
Немістің классикалық
философиясы
Орындаған: Тохтарова Назира
СПО 1 курс “Есеп және аудит”
Немістің классикалық философиясы - адамзат мәдениеті мен
философиялық ойлау дамуының маңызды сәті. Бұл философияның негізін
салған Иммануил Кант (1724-1804ж), Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814),
Фридрих Вигельм Иозеф Шеллинг (1775-1854ж), Георг Вильгельм
Фридрих Гегель (1770-1831ж) және Людвиг Андреас Фейербах (1804-
1872).Аты аталған философтар өз жүйелерін жасауда, олардың идеялары
мен концепцияларының аралығындағы ерекшеліктердiң болғанына
қарамай, бір рухани ортаны қалыптастырды.
XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында Германия экономикалық,
саяси жағынан арта қалған бытыранқы жартылай феодалдық ел болды. Ұлт
буржуазиясы әлсіз болғандықтан өкіметке қарсы ашық күресе алмады
және революциядан қорықты, сондықтан феодалдармен ымыра тапты.
Неміс классикалық философиясыныңы өкілдері де, жай қала халқынан
(бюгер) шыққандықтан, тек жалпы философиялық мәселелермен
айналысты. Олар өз заманының білімді адамдары болды, университеттерде
сабақ беріп, ғылыммен шұғылданды; сол кездегі Англияда болған
өнеркәсіп төңкерісi, оның негізінде табиғаттану ғылымының дамуы, 1748-
1794 ж.ж. Францияда болған буржуазиялық революцияның прогресшіл
идеяларының Герман буржуазиясына тигізген әсеріне көп көңіл қойып, ой
қозғады.
«Неміс классикалық философиясы» деген
атауды Энгельс беріп, оны былай деп түсіндіреді:
Сана, сезім, ақыл-ой, таным мәселелерін зерттеу;
Ертедегі көне диалектиканы жаңа негізде көтеру;
Субъективтік идеализмнен объективтік идеализмге
революция жолымен көшу.
Иммануил Кант 1724ж. қарапайым қолөнерші
семьясында Кенигсберг қаласында дүниеге келді. Әкесі
тері илеуші, қайыс сайман тігіншісі болып жұмыс істеді.
Жанұядағы 9 баладан 3 қызбен інісі екеуі ғана тірі қалды,
бала шағында өте көп ауырды. Өмір бойы бойдақ болып
өттi. 1745 жылы Кенигсберг университетінің теологиялық
факультетін бітірді. Негізгі еңбектері: «Жалпы бiрдей
жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» (1755),
«Таза ақыл-ойды сынау» (1781), «Практикалық ақыл-ойды
сынау» (1788), «Пайымдау қабілетін сынау» (1790),
«Логика» (1800), «Кіршіксіз таза парасатты сынау» (1781).
«Пролегомендер» Канттың өз философиясының жай-
жапсарын қысқаша баяндап берген шығарма. Алғаш рет
1783ж. басылып шықты. Канттың ғылыми еңбектерi екi
кезеңге бөлiнедi: «Сыни кезеңге дейінгі» және «Сыни
кезеңдегі».
Сыңға дейінгі кезеңінің мән. «Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан
теориясы» деген еңбегі бойынша талданады. Бұл еңбекте:
1. Материяның бірлігі, қозғалысы және оның заңдары туралы жаңа ойлар айтты.
2. Жаратылыстану ғылым теориясының саласында тарихи екі жаңа гипотеза
ұсынды:
а) Күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болуы (ғылымға бұл Кант-Лаплас
гипотезасы болып кірді). Күн жүйесінің газ тектес тұмандықтан пайда
болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлкен емес, жалпы
дүниетанымдық, әдістемелік маңызы бар жаңалық болды. Оның космогониялық
ілімі неміс философиясына үлкен әсер етті. Бұл ілім дүниеге деген
қалыптасқан метафизикалық көзқарасты жеңді.
б) Тасқындардың салдарынан жердің айналуының бәсеңдеуі.
3. Дүние жаратылды деген пiкiрдi жоққа шығарып, жаратылыстану мәселелерін
еңбегінде материализм тұрғысынан шешті. Планеталардың алғашқы газға ұқсас
тұмандардың қоюлануы арқылы, өзіне тән тартылыс және серпіліс секілді
қарама-қарсы күштердің арқасында өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің
әсерінсіз, пайда болатынын айтты. Хайуандардың пайда болуы, бүкіл дүниеге
қалай таралғандығы жайлы, адамның табиғи жолмен шыққандығы туралы
идеялар ұсынды.
4. Кант философиясының тарихы маңызы, оның диалектикалық ойлауды
дамытуында болды.
Кант екінші кезеңде өзінің философиялық жүйесінің
орталық мәселесі етіп адамды, оның тану мүмкiндiгiн
қойды. Адамға керегі бостандық, бірақ адамда ол жоқ.
Адамда бардың бәрі табиғи қажеттіліктің арқасында
қалыптасты. Адамның рухани тілегі мына философиялық
сұрақтарға байланысты:
1. Нені біле аламын? (Метафизика немесе философия).
«Таза ақыл-ойды сынау». (1781)
2. Нені білуім керек? (Мораль, этикалық ілім).
«Практикалық ақыл-ойды сынау» (1788).
Неге сенуге болады? (Дін) Ақыл шеңберіндегі дін. Мәңгі
әлем туралы трактат.
Адам деген не? (антропология)
«Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде таным мәселесін
талдайды. Канттың пікірінше таным процессі үш сатыдан
өтеді:
1. Сезім- түйсік сатысы.
2. Сараптаушы ақыл-ой.
3. Таза ақыл-ой.
И.Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін
«өзіндік зат» (вещь-в-себе) – заттар мен құбылыстардың
мәнi, біздің санамызда берiлген «біздік зат» (вещь-для-нас) -
заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi, немесе табиғат,
деп екіге бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол
материалдық заттардың объективтік өмір сүруін
мойындайды, алайда мәнін танып білуге болмайтын «өзіндік
зат» бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді
ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл
трансцендентальдық, яғни логикалық ойлаудан,
тәжірибиеден тыс болады.
Агностиктік білімнің пайда болуына байланысты, заңды сұрақ туады: егер
жеке заттарды және тұтас әлемді тану мүмкіндігі жоқ болса, ғылыми
білімнің тегі мен мәні қандай? Кант осыған өзінің гипотеза мен теориясын
жасады? Осы мәселелерді түсіндіру үшін, ол өзінің таным теориясына
априорлық білім түсінігін енгізді, бұл тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден
тыс алынған білім болды. Априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен
уақыт туралы түсінігімізді жатқызды. Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық,
терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде
пайда болады деп жазды. Олар «бiздiк заттардың», табиғаттың ретсiздiгiн
жоюға, жүйеге келтiруге қолданылады, яғни соңғыларды бiздiң санамыздың
өзi жасайды - бұл Кант филосфиясының субъективистiк идеализмге
ауытқуы.
Априорлық білімге байланысты адамның өзінің жеке эмпириялық
тәжірибесінен шығу қабілеті туады. Осыдан ол өзінің философиясын
транцендентальдық деп атады. Канттың априорлық формаларынан адамзат
мәдениетінде қалыптасқан (заттандырылған) дағдылық, іскерлік және
қабілет тыс қалған. Атап айтқанда мәдениеттің негізінде ғылым, техника,
өнер бар, біздің білім жеке адамға көп тәуелді емес. Бұлар шынында да
жеке адам тәжірибесінен бұрын, қалыптасқан және олар үшін априорлық
болады. Бірақ таным субъектісі адамзат болғандықтан, бұл білім
апостериорлықтан, яғни тәжірибеден алынған.
Апостериорлық білім тәжірибеге негізделініп шыққан, бар
материалдардың дерекетеріне сүйелген. Мысалы: адам
тәжірибеден білетіні барлық металдар балқиды, бірақ
теория жүзінде балқитынын дәлелдеуге болмайтын
металдар бар. Сондықтан тәжірибеден алынған білімнің
(эмпириялық, апостериорлық) дұрыс және толық
болмауына байланысты, ол жалпылық болуға таласпайды.
Априорлық, жорамал бiлiм - тәжірибеге дейінгі, яғни
ақыл-ойда әуелбастан бар және дәлелдеуді керек етпейді.
Мысалы: «Адам өмірі уақытпен өтеді», «Барлық дененің
ұзындығы бар». Тек априорлық білім дәлелді және сенімді,
жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Кант
ілімінде танымдық қабілеттің негізгі мәселесі: ақыл-ой мен
антиномиялар туралы, осы ілімнің ықпалы ерекше еді.
Гегель: «Бұл жаңа заман философиясының ең маңызды, әрі
терең жетістіктерінің бірі» - деді.
Әр ойдың кері түрі бар деген диалектикалық заң ретіндегі
ангиномияға мысалы мыналар жатады:
Кеңістік және уақыт:
1. Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті.
2. Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шексіз.
Қарапайым және күрделі:
1. Әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады.
2. Дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ.
Бостандық және себептік:
1. Дүниеде табиғи заңдар бойынша себептілік қана емес,
бостандық та бар.
2. Бостандық жоқ. Дүниеде бәрі де қатал себептіліктегі табиғи
заңдар бойынша жасалады.
Құдай және мән:
1. Құдай бар - сөзсіз тіршілік иесі, барлық тіршіліктің себебі,
дүние мәні.
2. Құдай жоқ - дүние мәнсіз. Ешбір абсолютты тіршілік иесі жоқ.
И.Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-
қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген диалектика
заңын ашыуына үлкен ықпал жасады.
1783 жылы «Пролегомендер» («кіріспе») кітабында
философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін
адам басында таза идея күйінде пайда болады деп
олардың 12-сiн атап көрсетті. Сараптау парасатының түрі
- категориялар (жалпы ұғым), солардың көмегі арқылы
алғашқы түйсіктегіні «жүйе координатында» ұғыну және
реттеу жүредi. Канттың пікірінше, сараптау
категориясының көмегімен түйсіктегі ретсіздікті ақыл-
ойдың сөресіне орналастырып, ойлау қызметін нәтижелі
етуге болады. Ол 12 категорияны 4 топқа, әр топта үштен
орналастырды, сонымен бірге алғашқы екі қатегория
қарама-қарсы сипатты, үшіншісі - синтезді білдіреді:
Сан категориясы:
1.Бірлік 2.Көптік. 3.Тұтастық.
Сапа категориясы:
1.Нақтылық (реальность) 2.Терістеу. 3.Шектеу.
Қатынас категориясы:
1.Субстанциональдық.
2.Себеп және салдар.
3.Әрекеттестік (Екі өзара кездейсоқтық қатынасы).
Модальдық категориясы:
1.Мүмкіндік.
2.Өмір сүру және өмір сүрмеу.
3.Қажеттілік пен жақтың.
Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті басқалар үшін үлгі
болуы керек. Адам басқа адамға ойланушы жан және өте
сирек тұлға ретінде саналуы керек, жәй құрал ретінде
қаралмауы тиiс «Пайымдау қабілетіне сын» (1790), 12
еңбегінің негізгі идеясы - жалпылық мақсат идеясы.
Эстетикадағы мақсат. Адам өз қабілетін өмірдің және
мәдениеттің саласында барынша ойдағыдай пайдалануы
керек.
Табиғаттағы мақсат. Табиғатта бәрінің өз мәні бар - тірі
табиғаттың және өлi табиғаттың ұйымдасуы, тірі дененің
құрылымы, көбеюі, дамуы.
Рухани мақсат - Құдайдың барлығы.
Канттың ілімі бойынша Дінге тек сену керек. Себебі
Құдайдың бар жоқтығын тәжірибие арқылы дәлелдеу
қиын.
Фихте Иоганн Готлиб 1762 жылы Раменау,
Лужицк өлкесінде тоқымашы жанұясында дүниеге
келді. Бала кезінен бастап станокта жұмыс істей
бастады. Білім алуына кездейсоқ жағдай әсер етті.
Оның қабілетін фабрика иесі барон Мильтиң байқап
қалды.Соның арқасында гимназияға қабылданды.
Фихте шығармалары: «Ғылым туралы ілім» (1794),
«Адамның міндеті», «Әрқилы жауаптылықты
сынау».
Философиялық шығармашылықта Фихте екі
кезеңді көрсетеді: философиялық әрекеттің кезеңі
және философияның Абсолюттік кезеңі.
«Мен» әрекеті, Фихтенің ұғымы бойынша адамның әдептілік мінез-
құлқы. Адам әрекетінің мақсаты - моральдық заңдарды және
парызды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда, қоршаған ортамен
тығыз байланысты адам болмысынан туындайтын, оның табиғи
қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-әрекетке
игермелейтін «Мен емес» дегеніміз айналып оралып отырады. «Мен
емес» деген өздігінде өмір сүрмейді, оны өзінің қызметінің әрекетін
дамыту үшін «Мен» тудырады. Бұл - антитезис, тезистен сөзсіз
шығарылатын жай. Сол себептен Фихте өзінің әдісін
«антитетикалық» деп атайды.
Мұнымен Фихте өзінің принципін басқа тәсілмен қалыптастырады,
«Мен» - «Мен» де.
«Мен», барлық адамның «Мені» - нақтылық, құдіреті
шығармашылық, жасаушы күш және ең соңында бүкіл адамзат сана-
сезімінің бір кезі.
Фихтенің «Мені» ақыл-ой ғана емес, ол ырық, тек таным ғана емес,
әрі ол бәрінің бір жағын ғана біріктірмейді, «Мен» олардың мәні.
Фихте «Мені» алғашқы жағдайдан шығудың немесе ойды
нығайтудың қарама-қарсылық қозғалысы.
Фихте Кантқа қарағанда қандай болсын сыртқы объектінің
субъектінің ақыл-ойынан тәуелсіз өмір сүруін қабылдамайды,
жоққа шығарады. Оның «Мені» тек бір ғана нақтылық-абсолюттік
«Мен» әлемді жасаушы, бәрін құрушы және сана сезіммен соған
қатар келуі. Фихте «Жабық сауда мемлекеті» деген еңбегінде
«Қоғам жеке адамдардың теңдігін ғана емес, сонымен бірге
бостандықты», қоғам саласындағы бөлінуді реттеу керектігін
айтады.
Парасатты мемлекетте тең құқықты адамдардың үш тобы бар:
Өндірушілер (ауыл тұрғындарын айтады).
Мастерлер-қаладағы қолөнершілер.
Сатушылар.
Фихте жерді жеке меншікке беруге қарсы болған, оның пікірінше:
жердің иесі құдай, жер адамға тек өңдеп пайдалана алатын қасиеті
үшін беріледі. Жерді сондықтан сатуға болмайды. Батыста оны
социалист деп атады.
Шеллинг Фридрих Вилагельм Иозеф Шеллинг (1775-1854ж)
1775жылы Леонбергте, протестанттық пастордың жанұясында дүниеге
келді. Сол кездегі философиядағы және әдебиеттегі бостандық оны
қанағаттандырды. Ол құпия түрде Спинозаны, Руссоны және
Шиллерді оқыды. 19 жастағы студент кезінде өзінің бірінші трактатын
жазды. «Философия түрінің жалпы алғандағы мүмкіндігі» деген еңбегі
таң қалдырды.
Шеллинг құдайды жеке тұлға ретінде қарастырады. Құдай мен жеке
тұлғаның айырмашылығы: құдай бостандығы шексіз болса, адамда
шектеулі. Фихтемен бірге Шеллинг бостандық ұғымын қажеттілік деп
түсініп, бостандық құбылысын жекеленген адамның ерлігі емес,
қоғамның жетістігі деп білді. Алайда осы көзқараста қайшылық бар,
Шеллинг бостандық проблемасын логикаға айналдырады, оны
дүниедегі зұлымдық проблемасымен байланыстырды.
Сөйтіп ол рационализмнің шектен шыққан түрінен иррационализмге
бет бұрып, өзінен кейін қалыптасқан иррационалистік философиялық
бағыттың негізін қалаушыға айналады. Дүниенi түсiнуде ақыл-ойдың
шектеуi екенiн айтып, ол соңғы кезде аяндық философияға (философия
откровения), «интеллектуалдық интуиция», мистика жолына түстi.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831). Гейдельберск, одан соң
Берлин университеттерінде профессор. Өз заманның атақты, әрі бүкіл
Еуропаға белгілі беделді философ, әрі неміс классикалық
философиясының шоқтығы биік өкілі.
Гегель бүкіл дүниені - табиғатты, қоғамдық өмірді және ойлауды - шексіз
қозғалу, өзгеру және даму процессі деп көрсетуге тырысты. Ол
диалектиканың негізгі принциптерін, заңдарын, категорияларын белгілеп
берді. Табиғаттың, қоғамның, ойлаудың дамуы диалектиканың заңдарына
бағынады деген оның идеясы өте игілікті болады. Алайда, объективті
идеалист болғандықтан, Гегель дүниенің барлық құбылысының негізінде
қайдағы бір абсолюттік идеяны, әлемдік рухты алды.
Гегель философиясының негізі әлемдік Рух, абсолюттік идеяның бүкіл
дүниені жаратқаны. Табиғат - әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік
идеяға айналуы. Идея ешқандай мазмұнсыз «таза болмыс» немесе
«ештеңе» болып табылады. Содан пайда болу, «туу» деген ұғым шығады.
«Нақты болмыстың пайда болуы» - заттар мен құбылыстар дүниесіне
алып әкеледі, яғни идея материалдық заттарға айналады: механикалық
құбылыстар, химиялық қосылыстар, тіршілік, адам мен адамзат қоғамы
түрiнде дамиды.
Л.Фейербахтың материалистік философиясы 1804 жылы Лансугутта туып, 1872
жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған.
Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын».
Философияға Гегельдің идеалистік философиясын сынау арқылы келеді.
Фейербах: Гегель нақты ойлауды нақты адамнан айырып, шындықты
жасаушыға айналдырды, - дейдi.
Фейребахтың пікірінше, жаңа философия теологиялық емес, антропологиялық
болуы керек. Антропологизм - адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және
адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология - адамның биологиялық
жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі, сондықтан ол философияның
да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан,
табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғамнан және тарих
дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Адам мен табиғаттың өзара
әрекетінің негізі қоғамдық-тарихи практика екенін түсінбеді.
Фейербах адамның өзіннің түпкі төркіні санасына байланысты, дін адамды емес,
адам дінді жасайды деді. Адам қандай болса құдайы сондай деп, Фейербах діннің
негізін қиялдан (фантазиядан) іздейді. Фейербахтың материализмнің күшті жағы -
оның дінмен ашық күресуінде, діннің психологиялық түп-тамырын ашып
беруiнде. Құдайы бар дінді жойып оның орнына құдайсыз, адамдардың
сүйiспеншiлiгiне негiзделген жаңа дінді жасауды ұсынды.
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz