Заңды тұлға түсінігі


Slide 1

Заңды тұлға түсінігі

Slide 2

ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағына сәйкес «меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Slide 3 Slide 4

Ұйымдық бірлік

Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек. Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды.

Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылай құжаттарында көрсетіледі.

Slide 5

Мүліктік оқшауланушылық

Заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершіліг туады. Заңды тұлғаның мүлікті оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады. Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүлікке меншіктің түріне байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашлық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады. Өзін өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы - заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі.

Slide 6

Дербес мүліктік жауапкершілік

Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделеген.

Slide 7

Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету

Заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді. Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың субектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы блып табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету - заңды тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып саналады.

Slide 8

Заңды тұлғаның органдары

Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады. Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т. с. с. ұжымдық органдарға жатады. заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды. Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынас тарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді.

Slide 9

Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері

Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлағның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды. Филиалдың оқшау мүлкі болмайды, филиалдың мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баласта тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді. Заңды тұлғаның филиалы қызметтің бардлығын немесе оның бір бөлігін атқарады (мысалы, Мемлекеттік заң университетінің Астанадағы филиалы) . Өкілдік дегеніміз бұл заңды тұлғаның атынан заңды іс-әрекеттер жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.

Slide 10

Заңды тұлғаның тұрғылықты жері

Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі, заңды тұлғаға арналған іскерлік және ресми хат-хабарларды қайда жөнелту керектігін дәл анықтау үшін заңды тұлғаның бланкілерінде, жасасатын шарттарының мәтінінде де осындай мәліметтер көрсетіледі.

Slide 11

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі


Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Девиация мен әлеуметтік бақылау
Девиантты мінез құлық әлеуметтануы
Девиация түсінігі
Азаматтық құқық туралы
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
Қылмыстық жауапкершілік
Комерциялық заңды тұлға
Кәсіпорын түсінігі, мақсаты және міндеттер Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық, құқықтық формалары
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz