ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН. МЕЗОЛИТ. НЕОЛИТ. ЭНЕОЛИТ




Презентация қосу
ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН. МЕЗОЛИТ. НЕОЛИТ.
ЭНЕОЛИТ.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихының даму кезеңдері жөнінде жаңа
материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектермен
салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап, бірқатар қағидаларды
нақтылау жолға қойылып отыр.
Белгілі бір әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына байланысты
адамзат тарихи ұзақ – ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің
өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола мен темір және
ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір ескерткіштерінің ашылуы,
Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа қырынан алып көрсетуге
мүмкіндік береді.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта
ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың
еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген
немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз
замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын,
оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға
ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-
ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан
жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тарихының көне дәуірлеріне
айтарлықтай зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Болған күннің өзінде
ғылыми сапасы төмен, кездейсоқ табылған көне дәуірлердің құрал –
саймандары жайлы хабарлар ғана.
Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі – Кеңес үкіметінің кезінде ғылыми
жағынан жүйелі жолға қойылды. Арнайы ұйымдастырылған экспедициялар
қола дәуіріне тән ескерткіштерді ашып, Қазақстан аумағында тарихқа
андронов және беғазы – дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпалар
мекендегенін дәлелдеп берді. Қол дәуіріндегі Қазақстан тарихын зерттеуде
бұл ескерткіштердің маңызы зор. Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның
төрт бұрышынан да табылған. Мәселен Орталық Қазақстанды зерттеу үшін
ұйымдастырылған «Нұра экспедициясының» көрнекті мүшелері П.С.Рыков,
М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, И.В.Сыницин сияқты ғалымдар
андронов және беғазы – дәндібай мәдениетінің қоныстары мен зираттарын
тауып, зерттеп, қазу жұмыстарын жүргізіп көне дәуір тарихына өз үлестерін
қосты. Қазақстанның батыс бөлігінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген
О.А.Кривцова – Гракова, Солтүстік Қазақстанды А.М.Оразбаев, Шығыс
Қазақстанды С.С.Черников, кейіннен оған А.Г. Максимова қосылған, Солтүстік
Қазақстан мен Батыс Қазақстанды В.С. Сорокин, Жетісуды А.Н. Бернштам,
К.А.Акишев зерттеп, қола дәуіріне қатысты құнды мәліметтер тапқан.
Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өмір-тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз
олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге негізделген, сол
үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі – тас құралдар, соларды
дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары – жануарлардың сүйектері
сақталған. Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен
алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес. Мұндай мәліметтер
етелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен
сырларын анығырақ түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Алайда ең басты хабарды
алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы – еңбектің тас
құралдары береді.
Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты
адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің
өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қол мен темір және
ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Ал, өзінің рет-ретімен жоғарыда айтылған
дәуірлер кезеңдер мен мәдениеттерге – палеолит, мезолит және неолит
кезеңдеріне бөлінеді.
Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Тас дәуірі
б.з.д. 2,5 мың жылдай бұрын басталып, б.з.д. III мың жылдықта аяқталды, яғни, 2
млн жылдан астам кезеңді қамтыды. Тас дәуірі: полелит (ежелгі), мезолит
(орта), неолит (жаңа) болып үш кезеңге бөлінеді. Өз кезегінде палеолит:
төменгі, орта және кейінгі болып бөлінеді. Осы кезеңдер бөлінісі, жалпы
алғанда, адамның жер бетінде, соның ішінде Қазақ жерінің аумағында алғаш
қалыптаса бастау уақытын анықтау үшін келтіріліп отыр. Тарих ғылымында
археологиялық мәдениет бойынша, атап айтқанда, белгілі бір уақытқа жататын
және белгілі бір аумақта жинақталған археологиялық ескерткіштерді анықтау
бойынша кезеңдерге бөлу дәстүрі қабылданған.
Көне тас ғасырының дәуірі – адамзат және оның шаруашылығының
қалыптасу кезі - өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен
сипатталады. Анайы шаруашылық қам-харекеті табиғаттың дайын тұрған
өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген. Әуелгі адам жабайы өсетін
дәндерді, жемістер мен жидектерді жинап, жануарларды аулаған.
Адамдардың өзара қарым-қатынасы, мүшелерінің экономикалық
теңдестігіне, еңбек-бейнеті жынысы мен жасына қарай, табиғи түрде
бөлісуге негізделеді және өзінің сипаты жағынан ұжымдық қатынастар
болады.
Адамдардың қоғамдық ұйымы полеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ
жолынан өтеді. Оның бастапқы кезі алғашқы табын-тобыр – басқосып
қорғану және бассалу үшін, аң аулау, жиын-терін үшін бірлесу болады.
Осынау рулық қатынасқа дейінгі әлеуметтік құрылымның қоғамдық қарым-
қатынасы мүлде дамымаған, қауымдық-үйшілік шаруашылығы болмаған,
дегенмен де оларда некелік байланыстардың біраз реттелгені байқалады.
Алғашқы тобыр төменгі полеолиттің ертеректегі екі басқышына – шелльге
дейінгі және шелль кезеңдеріне сәйкес келеді. Ашель заманында жаңа
әлеуметтік организм – алғашқы қауымға қажетті алғышарттар біртіндеп
толысып жетіле бастайды. Мустье дәуірінде отырықшылық, еңбекті
жынысы мен жасына қарап, табиғи түрде бөлу жүзеге асады, қауымның
бастапқы түрлері пайда болады. Кейінгі полеолиттің адами ұжымдары
әлеуметтік жағынан жаңа бір қырынан сипатталады – оларда алғашқы
рулық қауымның толысқан түрлері құрылады. Көптеген зерттеушілердің
пікірінше, осы бір сапалық секіріс неандерталдардың дене бітімі қазіргі
адамдармен бірдей саналы жанға (Homo sapiens) айналуына сай келеді.
Адамның егіншілік машығын игеру процесі жабайы дәндерді, жеміс
пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған
жылдарға созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп-жетілдірген
кезең б.з.д. 8-7 мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын
Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б.з.д. 6-5
мыңжылдықтардағы егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне,
Копетдаг алқабына жетіп, Орта Азияға тарайды. Қазақстанның таулы
және далалы аудандарына қола ғасырында б.з.д. 3 мыңжылдық
аяғында келеді.
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың 1 ширегі біткен кезде евразия даласында
қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу
арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан
жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық
археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар,
рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі
Андроново селосы жанынан – Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы
іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай атап
кеткен). Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б. В. Андрианов
жүргізген. 1927 жылы археолог М. П. Грязнов осындай қорымды Батыс
Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері –
шығыста Минусинскіден бастап, батыста Оралға дейінгі – орасан зор
территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері
Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі
хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты,
зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш
кезеңге бөледі: ерте қола – б.з.д. 18-16 ғасырлар; орта қола – б.з.д. 15-12
ғасырлар; кейінгі қола – б.з.д. 12-8 ғасырлар. Бұл кезеңдер алғашқы
зерттелген ескерткішер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев
кезеңдерін көрсетеді деп есептелді. Бірақ кейін Федоров ескерткіштері
ерте қола дәуіріне емес, орта қола уақытына жататыны даталанды, сөйтіп,
андронов мәдениеті дамуының сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне
Федоров ескерткіштерінің ерте және кейінгі кезеңдерге бөлініп, ыдырап
кететіні анықталды. Оның бірінші тобы - б.з.д. XV-XIV ғғ, екінші тобы – XIII-
XII ғғ. Жатады. Егер бұрын ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан
табылса, енді кейінгілері Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен
оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан табылды.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен меадрлар, басылымды қосар
сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектелген құмыралар көз тартады.
Ыдыстардың тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөңгелек қола айналар,
қола моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй
жануарларының сүйектері де табылған.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет – Беғазы-
Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет,
ол бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда
жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар
жерлеу салты, қыш ыдыстардың жаңа түрлері пайда болады.
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін
тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ.
шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ
тайпаларын бағындырды, сөйтіп, қолбасшы «гуньмо» (Күн бегі)
деп аталатын иеліктің негізін салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың
батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтеді де, Қаңлылармен
шектеседі. Шығысында ғұндармен ортақ шекара болды,
оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің
жағасына орналасты. Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына
дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран
тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер – түрктердің
арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді, Бірақ, қалай
болса да, қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.
Қаңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б.з.д. II ғ. айтылады.
Қытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда
елшілігін жібереді, 13 жылдан кейін талай қиыншылықтар өтіп,
Чжан Цян қайта оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын
Қытайға беймәлім болып келген мемлекеттерге сипаттама
беріледі. Солардың арқасында Қаңлы мемлекеті де аталады, оның
билеушісінің ордасында Чжан Цяннің өзі болған екен.
Қаңлы халқының этникалық сипаты жөніндегі мәселе күрделі де қиын.
Қаңлылардың қай тілде сөйлегені жөнінде де біріңғай пікір жоқ. А. М.
Бернштамның пікірінше, қаңлылар түрік тілді халық болған. Басқа
зерттеушілер қаңлылар Солтүстік Иранның мал өсіруші тайпалары қатарына
жатады, олар б.з. 1-мыңжылдығындағы ортасында Сырдария бойына түрік
тайпаларының қоныс аударуына байланысты өзінің этникалық бейнесі мен
тілін өзгерткен деп болжам жасайды. Б. А. Литвинский қаңлылар ирантілді
сақтардың ұрпағы деп есептейді. Оның пікірінше, Қаңлы атын сақ
тайпаларының бірі, «былғары киімді әлде (сауытты) адамдар» деп айтуға
болады.

Тарихта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты –
жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндей көрінеді. Аттила
бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл-жорық жасап, оларды құлазытып
кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа
тарихынан таныс оқиға. Ал б.з.д. дәуірдің соңғы ғасырлары мен б.з. алғашқы
ғасырларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген
азиялық ғұндар тайпалары онша мәлім емес. Тарихи әдебиетте олар хунну
немесе сюнну деген атпен белгілі.
55-жылы аса құдіретті ғұн мемлекеті – оңтүстік және солтүстік болып екіге
бөлінеді. Солтүстік-батыс Моңғолиядағы Қырғыз-Нұр көліне таяу жерден
теріскен ғұндарының билеушісі Чжичжи өз ордасын орнатады.
Ғұндардың қарауында әскери тұтқындар қатарынан құрылған құлдары және
қоластындағы облыстар халқы болған. Ғұндар арасында мал мен жерге жеке
меншіктің пайда болуы тұрпайы бюрократтық ақпараттың құрылуы,
қанаудың бір түрі ретінде алым-салықты енгізу, жазу-сызудың таралуы
сияқты құбылыстар өзімен-өзі жаңа кезеңге – таптық қоғам мен мемлекетке
өту кезеңін ала келеді.
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-V ғғ.) Қазақстан мен Орта
Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын
едәуір мөлшерде өзгертті. VI ғ. Қазақстан жері аса қуатты
мемлекет – Түрік қағанаты өкіметінің қоластына қарайды, олардың
билеушілері Түрік тайпасының Ашындар әулетінен шығып отырған.
Қағанат ұйымдасқанға дейінгі Түрік этносының өзінің құрылу
тарихына келсек, ол III ғ. – Vғ. Ортасына дейінгі Ганьсу, шығыс
Түркістан мен Алтай аймақтарында бірте-бірте сатылап құралған.
«Түрік» атының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінен кездеседі
және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түріктерді Сюннуғұндар деп
атаған. 546 жылы Алтайда теле тайпасы қыруар әскерінің
талқандалуы салдарынан түріктерге 50 мың үйдің келіп қосылуы
себепті олар кәдімгідей күшееді. 552 жылы көктемінде түріктердің
бастаушысы Бумын өздерінің билеушісі аварларға қарсы шығып,
оларды ойсырата жеңеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында
олар түрік қағанатын құрады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс кезеңі (582-93 ж.) 603 жылы
Батыс Түрік қағанатының бөлініп шығуымен аяқталады, Шығыс
Түркістанның көгалды аймақтарынан бастап, Амударияға, Еділ өңірі
мен Терістік , Кавказ далаларына дейін созылып жатқан байтақ жер
осынау қағанат қарауына көшеді.
Батыс түрік қағанаты (603-704ж.)
Қағанаттың этникалық саяси өзегі «10 тайпа»
(Он оқ будун) болды, олар Қаратау
баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта
жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды.

Шу өзенінің шығыс жағында Дулының 5 тайпасы, оның батыс жағында 5 тайпалы нушебилер
тұрып жатты. Суяб қаласы елдің астанасы болды. Ал қағанның жазғы ордасы Мыңбұлақ. 610-
618 жылдары Жегуй қаған мен оның інісі Түн-жабығы қаған билеген кезде қағанаттың күш
қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасалған жаңа жорықтар мемлекет
шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжытып-кеңейтеді.
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі әдісі басыңқы және отырықшы –
егіншілік түрі қоса жүргізілетін бірегей жүйесі болып табылады. Қала мен дала қағанат
құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып
отыратын бөлшектер еді. Елдің халқы – түріктері де, соғдылары да – бәрі бірдей сауда-
саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысып отырған.
Қағанаттағы бірінші тұлға – жоғарғы билеуші-басқарушы, әскери бастық, бәлкім, күллі
жердің жердің қожасы да – қаған болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – жабғы, шад
және елтебер – қаған әулетіне ғана тән атақ. Сол қызметтерін бұйұрықтар мен тархандар
атқарған. Қағанаттың негізгі халқы мал өсіретін ерікті сақ қауым мүшелері болған, оларды
«қара будан» (қара халық, тобыр) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар – ақ сүйек және
вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төлеп отырған.
Түріктердің көрші халықтарға шапқыншылық жасағандағы мақсатының бірі – құлдар әкету
болған. Батыс түрік қағанатында таптардың пайда болу процесі және ерте феодалдық
қатынастардың құрылуы жедел жүріп жатты.
Қарахан мемлекеті (942-1212 ж. ) Мемлекет X ғасырда
құрылды. Аумағы – Жетісу, Шығыс Түркістан. Орталығы:
Баласағұн. Қазақстанда бірінші құрылған мемлекет. Жер
иеленуді иқта деген. Ал иеленушілер – иқтадар. Басшысы
– Сатұқ Боғра. Оның екінші баласы Сүлеймен-Ілік
Баласағұнда билік жүргізді. Мұса қаза болған соң оның
орнына Әли Арслан (960-990 ж. ) Хасан-Боғра хан әлсіз
елдерді, Испилжапты басып алады. Саманиліктер
Бұғараны және Самарқанды жаулап алады. Хасан Боғра
хан Жент қаласының тайпаларынан қорқып, Жетісуға
оралып, Қошқарбасы деген жерде өседі. X ғасырдың
аяғында Қархандар Орта Азияға жорық жасайды, Хасан
Боғра ханның баласы Жүсіп 992 жылы Хотанды басып
алады. Ал Әли Арсланның баласы Насыр Ибн әли 996
жылы Мауараннахрға жорық жасайды. Осы жорықтан
қорыққан Самани билеушісі өзінің вассалын көмекк
шақырады. Насыр Ибн әли 999 жылы Бұхараны басып
алады.
Қарақытайлар (1125-1218 ж.) Орта Азия, Солтүстік
Монғолиядан, Солтүстік Қытайдан, Уссури өлкесінен келіп мекен
еткен «қидан» тайпасы. Қарақытайлардың құрылуы Орталық
Азияның Қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар б.з.
IV ғ. жазба деректерінде моңғол тілді тайпалар ретінде
аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Мань-Чжурия мен
Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 жылы
Алтайдан бастап, Тынық мұхитына дейінгі аса кең жер Қидан
мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.
Қыпшақ хандығы: (XI ғ. соңы мен XIII ғ. басы) Қыпшақ
хандығы күшейе бастаған кезде оңтүстік шекарасын кеңейтіп,
Сырдарияны, Арал мен Каспийді өзіне қаратып, Сыр бойындағы
қалаларды билеген. Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елік
өңірлері арасында көшіп-қонып жүрген. Атамекені: Алтайдан
Еділге дейінгі жер. Этникалық құрамы VII – VIII ғасырларда
қалыптасты. Қыпшақ атауы ең бірінші рет 760ж. ежелгі түріктің
руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректерінде
қыпшақтар тұңғыш араб географы Ибн Хордабектің
жылнамалық жағынан VIII ғ. жататын түрік тайпаларының
тізімінде көрсетіледі.
Наймандар ұлысы XII ғ. Керейіттер мен меркіттер қосылған
наймандар конфедерациясы Орталық Азиядаға ірі мемлекттік
құрылым болды. Ал наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы
туралы мәселе өте күрделі, қиын мәселе. Олардың этникалық
құрамы аралас болуы да ықтимал. Бірақ ғылыми әдебиеттегі ең
жаңа мәліметтер олар түрік тілдес болды дегенді дәйектейді.
Наймандардың батыс жағында – Ертіс бойын мекендеген қаңлылар
мен қыпшақтар, солтүстігінде – Енисей қырғыздары, шығысында –
шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейіттер. Ал оңт.
Жағында – Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мен
халықтары сияқты, қидандарға тәуелді вассал болған ұйғырлар,
көрші-қолаңы ретінде, қарым-қатынас жасап тұрған.

Керейіттер ұлысы: Керейіттер туралы жазба деректердегі ең
ерте мәліметтер X ғ. бас кезіне жатады және ол Цзубу орталық
тобының тайпаларымен байланысты болып келеді. Керейіттер
конфедерациясының этникалық құрамы біртекті болмаған. Ол
түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейіттердің
батысында – наймандар, солтүстігінде – меркіттер, шығысында –
татарлар, оңтүстігінде – таңғыттар тұрады. Керей тайпалары
көсемдерінің екі ордасы болған, солтүстік ордасы, Орхон өзені
бойындағы Қатынбалық қаласында және оңт. Ордасы Хуанхе өзені
бұрылысының теріскейінде тұрған.
XIII ғ. бас кезінде Моңғол империясының құрылуы
орталық және орталық Азия, Қазақстан меншығыс Еуропа
халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына
орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы
Еуразия аумағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың
қалыптасқан қарым-қатынасы мен өзара байланысын
бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-
мәдени дамуының жүрісін өзгертіп жіберді. 1218-1219
жылдары моңғолдар көрші елдердің көптеген
халықтарын бағындырады. Енисей қырғыздары мен
бурядтардың жерлері тартып алынады, таңғұттар
мемлекеті құлатылады, ұйғырдың Тұрфан биіктігі моңғол
бодандығын өз еркімен қабылдайды. Цинь империясының
әскерін талқандағаннан кейін, моңғолдар солтүстік
Қытайды басып алады. Шыңғыс ханның келесі міндеті
батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу шығыс пен
Кавказдың ар жағын, шығыс Еуропаны жаулап алу
болады. Ертістен, Арла теңізі мен Амудариядан әрі батыс
жақтағы әлі алынбаған жерлерді Шыңғыс хан өзінің
үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарына ұлыс етіп береді.
Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті, 1210-1211 жылдары
қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғыс ханның қоластына көшеді. 1217 жылы
Алмалық облысының билеушісі Бұзар моңғол ханының вассалына айналады. Келесі
жылы Баласағұн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз беріледі. Наймандар
басшысы Күшліктің 8 жылдық билеуінен кейін, оның Хорезмшахтың Мұхамедпен
және қарлық билеушілерімен жүргізген соғысынан кейін, Жетісу халқы қатты жұтап,
қайыршының күйіне түскен еді. Күшліктің мұсылмандарды қудалауы, оның ішінде
көпшіліктің бас қосып, намаз оқуына тыйым салғаны жұрттың зығырданын
қайнатады, сол себепті де дінге төзімділік жасаған моңғолдарды халық өздерін
құтқарушылар есебінде қарсы алады. Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс
хан бұл өлкеде талаушылық пен қырғынға тыйым салады. Ал, Күшлік бұлардан Орта
Азияға қашады, бірақ кейінірек моңғолдар оны Бадақшанда қуып жетіп, көзін
құртады.
Моңғол армиясының 1219 жылы Мауараннахрға жүретін жолы Қазақстанның халқы
тығыз тұратын және шаруашылық жағынан жақсы игерілген аудандарды – Жетісу
үстімен Орта және төменгі Сырдарияның қалалы аудандарына қарай өтетін. Моңғол
әскері батысқа қарай жеделдетіп келе жатып, жолда тұңғыш рет оңтүстік Қазақстан
жеріне тап болады және жергілікті халық оларға қатты тойтарыс береді. Ал
басқыншылар болса, жұртты жаппай қыру және зорлық-зомбылық жасау әдістерін
қолданып, тұтас облыстарды құлазытып, қалаларды қиратады. Араб және парсы
деректерінде моңғолдар бүкіл халқын жусатып кеткен, әр түрлі елдердегі 30-ға
тарта қаланың аты келтіріледі. Олардың ішінде Қазақстанның үш қаласы: Отырар,
Сығанақ, Ашынас бар.
Отырар билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы 5 ай бойы қорғайды. Тек қала
гаризонындағы әскербасындағылардың бірі Қараджа-хаджиб опасыздықпен Суфихан
қақпасын ашып, моңғолдарға берілгеннен кейін ғана татар аламандары қалаға
кіреді. Қайырхан ішкі қамалға бекініп алып, тағы да бір ай бойы, соңғы жауынгері
қалғанша соғысады. Ол тұтқынға алынып, азаппен өлтіріледі, ал күллі халық отар-
отар қой секілді етіліп, қаладан қуылып шығарылады да, моңғолдар мал-мүліктің
бәрін талап кетеді.
Алтын Орда XIV ғасырдың бірінші жартысында, әсіресе исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Өзбек
ханның тұсында (1312-1242), сондай-ақ оның ұлы Жәнібек ханның кезінде (1342-1257) нығайып, күшті
мемлекетке айналды, дербес ұлыстарға ыдырай бастады. Алтын Ордадан Ақ Орда мемлекеті Дешті
Қыпшақ жеріне жеке бөлініп шықты. XV ғасырдың ортасына қарай Алтын Орда ыдырағаннан кейін Батыс
Қазақстан аумағында дербес мемлекет – Ноғай ордасы пайда болды.
Моңғол ұлыстары құрамына зорлықпен енгізілген халықтар мен елдердің, облыстардың дербес дамуы
жолындағы күресі, олардың ішкі өміріндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай ұрпақтары мемлекетінің
азып-тозып ыдырау процесін тездетеді, моңғол өктемдігі орнағаннан кейін Қазақстан территориясы
осынау екі мемлекет құрамына кірген еді.
Моңғолдан кейінгі кезең (XIV-XVғғ.) Шығыс Дешті-Қыпшақ Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның орасан кең
территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егінші халықтың бас қосып бірігуімен
сипатталады. Қазақстан тарихының осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы кезінде моңғол ұлыстары –
Шыңғыс ұрпақтарының Дешті-Қыпшақ пен Орта Азиядағы еншіліктері ыдырайды да, соңғы кезінде
қазақтың өз мемлекеті – Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осы аумақ халқының саяси
өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекеттік құрылымның
оңашалануы арқылы өтеді: олар: Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай ордасы. Шығыс Дешті-
Қыпшақ жерінде XIII ғасырдың орта кезі мен XV ғасырдың бірінші ширегінде Ақ Орда мемлекеті болады.
Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда, Жошы ұлысының шығыс бөлігін әкесінің көзі тірісінде, үш інісімен
бірге, Жошының үлкен ұлы Орда алады.
Алтын Орданың ыдырау кезінде пайда болған аса ірі мемлекеттік бірлестіктің біреуі – Ноғай ордасы еді.
XIV – XV ғғ. Ол Батыс Қазақстан территориясының бір бөлігін иемденетін. Бастапқы кезде XIV ғ. соңынан
бастап, Жайық пен Еділ арасындағы тайпалар бірлестігі, оның ең бір көп тайпасының атымен «Маңғыт
жұрты» деп аталатын. Ноғай ордасының жартылай тәуелсіз ел ретінде оңашаланып шығуы ертерек,
Едігенің тұсында болатын, ал Едіге Алтын Ордада өкімет билігін іс жүзінде 15 жылдай (1396-1411)
уысынан шығармаған, сол елдің аса ірі қайраткері еді. Едіге Тоқтамыспен егесіп соғысқан, Алтын Орда
хандарын өз қолымен қойып отырған, феодалдық лаң топалаң мен өзара қырқыс кезеңінде Ноғай
ұлысын нығайтуға ұмтылған. 1419 жылы өлтірілген. Кейінірек маңғыт көсемдері шығыстағы көршілеріне
иек артып, Әбілқайырдың одақтасы болады. Ноғай ордасы Едігенің ұлы Нұраддиннің кезінде (1426-1440
жж.) күшейіп, XV ғ. орта кезінде дербес бөлініп шығады.
Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға
байланысты өзгеріп отырады. XV ғ.

Екінші жартысында осынау халықтың «ноғай» аты пайда болады, олар көрші жұртқа осы атымен мәлім
болған.
Қазақстан даласында сан ғасырлар бойы көптеген тайпалар мен халықтар өмір
сүрген. Ғылыми әдебиетте «этнос» (ұлт, халық, тайпа, жұрт) деп өз тілі, қалыптасқан
мәдениеті, өзіндік ұлттық мінез-құлқы бар және тұрақты бір аумақта өмір сүретін
халықты, ұлтты атайды. Қазақ халқы жеке халық болып, өз ұлттық аумағын XV-XVI
ғасырларда құрды. Халық болып қалыптасқанға дейін сан ғасырлық тарихты
басынан кешті.
Қазақ халқының тарихи тамыры осы жерде мекендеген энеолит дәуірінің жылқышы
тайпаларында, мүмкін, одан әрі барады. Себебі, қазақтың аңыз-ертегілерінде тас
дәуірінің оқиғалары, әдет-ғұрыптары кездеседі. Ал Қазақ халқының «Алаш» атану
себебі ежелгі заманға – мыс,тас, яғни, энеолит дәуіріне нұсқайды.
Қазақ халқының мәдени негізі, антропологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына
қола дәуірінде осы жерде мекендеген арий және тур, қиян тайпалары ерекше әсер
еткен. Қазақ халқы аралас нәсіл өкілі болып табылады. Яғни, моңғолоидтықпен
еуропоидтық нәсілдің белгілері аралас келеді. Тайпалар бір-бірімен араласып, қазақ
халқы қалыптасты. Ол тайпалар – сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, түріктер,
түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, наймандар, алшындар.
Сонымен қатар, арғындар, керейлер, дулаттар және басқа әр заманда Қазақстан
аумағында өмір сүрген көптеген тайпалар еді. Олардың бірінің күші әлсіресе, екіншісі
сәтін пайдаланып, біріншісінің орнын басып алып, өз мемлекетін құрған. Алайда, осы
құлаған мемлекеттің халқы, тайплары сол мемлекеттер құлауымен біржолата
жойылып кетті деп айтуға болмайды. Олар жаңа құрылған мемлекеттің немесе
тайпалық одақтың құрамындағы халықпен араласып кеткен. Қазақстардың арғы ата-
бабалары болып табылатын сақ тайпаларының бет пішіні еуропалық тілі иран тілдес
болған. Кейін, б.з.д. III ғасырда Қазақстан жерін қаңлылар, үйсіндер мекендеді. Олар
еуропоид өңдес және аздап моңғолоидтық белгілері болды. Зерттеушілер ол
тайпаларды түрік тілдес санайды. Одан әрі қарлық, қимақ, қыпшақ тайпалары қазақ
халқының халық болып қалыптасуына елеулі әсер етті.
Алтын Орданың ыдырауына байланысты дағдарыс күшейді. Ұлы
далада ру-тайпалардың басы бірікпей, бір-бірімен жауласып жүрді.
XV ғ. ортасында Әбілхайырдан бөлінген рулар Бетпақдалаға жақын
Таңбалы Нұра деген жерде бас қосты. Онда жеке ел боламыз деген
шешімге келді. Сол жердегі үлкен жартасқа әр ру өз тайпаларын
қашап жазды. Қазақ халқының құрамына Жетісуды мекен еткен үйсін
тайпалары еніп, олар ҰЛЫ ЖҮЗ атанды. Сарыарқаны мекен еткен
арғын-наймандар ОРТА ЖҮЗ атанды. Батыс Қазақстан жеріндегі
рулар КІШІ ЖҮЗ атанды. Бұрынғы уақытта бұлардың бәрі Алаш
тайпалары еді. Алайда, Жетісу жеріндегілер Моғолстан,
Сарыарқадағылар, Әбілқайыр, Батысындағылар ноғай ордасының
құрамына енген еді. Енді бәріміз Алаш бабамызға адал болайық, сол
бабамыздың үш ұлынан тараған ұрпақпыз деп үш жүз атанды. Ш.
Құдайбердіұлының «шежіресі» бойынша, Алтын Орда мемлекетінің
өзбек, қазақ, ноғай болып бөлінуінің себебі тайпалар арасындағы
келіспеушіліктен еді.
Қазақ хандығының орнығып, өрлеуі Қасым ханның атымен
байланысты. Ол қазақ хандығының астанасын Ұлытауға көшірді.
Онда қазақтардың арғы бабасы және бірінші ханы Алаша ханға
кесене тұрғызды. Қасым ханның тұсында қазақтардың саны 1 млн.ға
жетті. Қазақ хандығының да аумағы өзінің алдындағы хандар
тұсынан анағұрлым кеңейе түсті.
XV – XVII ғғ. Далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық
саласы ретінде басым тұрғыда – тарихи қалыптасқан, қуаң
дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи-климаттық
жағдайына сәйкес келетін көшпелі жәнежартылай көшпелі
мал шаруашылығым сақталды. Малдың негізгі түлігі – қой,
жылқы, түйе болды. Ірі қара мал аз мөлшерде, негізінен
алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді.
Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күзеу, қыстау)
алмастырып, көшіптуғқонып отырудың бұрыннан қалыптасқан
жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Сонымен, ондаған,
ал көптеген жағдайда жүзден астам ауылдардан құралуы
ықтимал әрбір ру белгілі бір географиялық жер көлемі
шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды.
Жайылымды қоныстардың ара қашықтығы оңтүстікте 200-
300шақырымнан Жетісудың ендік бағытындағы далалық
аудандарында 800 1000шақырымға дейін
созылды.Қоныс орнын таңдау,әрине,тек дәстүр мен
шаруашылықтық мұқтаждықтарға ғана емес,сонымен
бірге хандықтағы саяси жағдайға да тәуелді болды.
Мешеу көшпелі мал шаруашылығы кең көлемді жайылымдық
жерлердің болуын талап жанжалдар туғызып отырды. Мал
шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді еді.
Жемшөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп
жайылды.
Көшпелі малшылар үй кәсібімен, негізінен алғанда, мал
шаруашылығышикізаттарын өңдеумен айналысты. Қой
жүнінен киіз басты, кілемдер тоқыды, киім тікті, мал терісінен
аяқ киімдер, ыдыстар, ат әбзелдерін, т.б. әзірледі.
Қазақтардың шаруашылығы негізінен, қолмен атқарылатын
таза табиғи күйінде қалғанымен, олардың қолында қала
тұрғындары, егіншілер өндіретін тауарларға, азық-түлікке
айырбастай алатын басы артық өнімдері қалып отырды.
Түркістанның Сығананқ, Сауран, Асы және басқа қалаларының
базарларына көшпелі малшылар мал айдап апаратын, тері,
жүн, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ суық қарулар,
ағаштан, негізінен, қайыңнан жасалатын бұйымдар, соның
ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін, аң терілерін,
тон-ішектер, тымақ-бөріктер сататын.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері
Тас дәуірі
Ерте палеолит тұрақтары
Тас дәуірінің кезеңдерін ата
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылсы
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Қола дәуірінің ерекшелігі
Ежелгі ПАЛЕОЛИТ
Алғашқы адамдардың өмірі мен еңбек құралдары
Пәндер