Мұнайдың термиялық крекингі: әдістері мен технологиялық схемалары


Slide 1

Термиялық крекинг

Slide 2

.

Жоғары температураның әсерімен мұнайды өңдеуді термиялық процестері өңдеу деп атайды. Оған күрделі көмірсутектерді жоғары температура әсерімен қарапайым көмірсутектерге ыдырату (термиялық крекинг), ауыр мұнай қалдықтарын кокстеу (қортқылау), құрамында қанықпаған көмірсутектер көп болып келетін газдар қоспасын алу үшін жүргізілетін пиролиз процестері жатады.

Термиялық крекинг- жоғары сапалы өнім алуда мұнай көмірсутектерінің жоғары температурада өңдеу. Мұнайдың жоғары температурада қайнайтын фракцияларының бөліну кезеңінде С- С байланыстары бұзылады, сутегі көмірсутегі молекулаларынан үзіліп, нәтижесінде бастапқы шикі мұнай құрамымен салыстырғанда түрлі өнімдер спектрі шығарылады. Термиялық крекингтің мынадай негізгі түрлері бар:

Висбрекинг- (1. 5-2 МПа, 480-490С) мазут, гудрон, жартылай гудрон шикізаттарының тұтқырлығын төмендету арқылы қазандық отындарын алу процесі.

Сұйық фазадағы крекинг- (5 МПа, 500-540С) бензин-лигроин, керосин-газойль фракцияларының антидетонациялық сипаттамалары өте жоғары дәрежелі крекинг бензин алу прцесі.

Бу фазадағы крекинг- (0. 3-0. 2 МПа, 580-600С) керосин-газойль фрвкциясынан октан саны жоғары бензин алу процесі.

Slide 3 Slide 4

Таблица көрсетілгендей шикізаттың көмірсутектік және фракциялық құрамы және температура, қысым және процестің жалғасу уақыты мақсатты өнімді алуға бағытталады.

Бірінші топтағы процестерге жоғары қысымда (0. 7-7 МПа) жүргізілетін термиялық крекинг жатады. Өндірісте термиялық крекингті 1912 жылдан бастап қолдана бастады (периодты жұмыс істейтін кубтық қондырғыдағы бензин өндірісі) . 1920-1922 жылдарда ең алғаш үздіксіз жұмыс істейтін қондырғылар жасалды. 1932 жылдарда өндіріске екі пешті қондырғы енгізіледі. Мұнда ауыр және жеңіл шикізаттары бөлек- бөлек крекигіленеді.

1935 жылдан бастап бірінші рет екі пеші бар қондырғы өндіріске жіберіледі. Қазіргі түрі 1- суретте көрсетілген. Мазутты өңдеу кезіндегі шығым(%) :

25-30% бензин (20- 40% газойлді өңдегенде)

С4 газға дейін 8-10%

Қалдық крекинг 59-66%

Slide 5

2- сурет. Екі пешті термиялық крекингтің технологиялық схемасы. 1, 2-жеңіл және ауыр шикізат үшін сәйкес крекинг пештері, 3-реакциялық камера, 4-5-жоғары және төмен реакцияға сәйкес буландырғыштар, 6- реакциялық колонна, 7- газдық сеператор, i-шикізат, ii-жеңіл газойль, iii- қалдық крекинг, iv- газ, v-бензин.

Slide 6

3-суретте мазут және гудрон алу мақсатында қолданылатын қазіргі кездегі танымал термиялық крекинг түрі (висбрекинг) . Гудронның висбрекингісінің технологиялық схемасы. 1-трубалы пеш, 2- фракционирлейтін колонна, 3- бөлетін колонна, I-шикізат, II-салқын газойль, III-газ және бензин, IV-сулы пар, V-жеңіл газойль, VI-қазандық отын.


Ұқсас жұмыстар
Мұнайдың химиялық құрамы және өңдеу әдістері
Мұнай фракцияларының крекингі: механизмдері, түрлері және өндірістік технологиялар
Мұнайдың химиялық және технологиялық жіктелуі: тығыздық, күкірт құрамы және стандарттық критерийлер
Газ және газ конденсатын өндіру әдістері: төмен температуралы конденсация және ректификацияның технологиялық схемалары
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері, құрамы және өнеркәсіптік өңдеу әдістері
Карбамид өндірісі: физика-химиялық негізі және технологиялық схемалары
Жарма өндірудің аппараттық-технологиялық схемалары және сапа көрсеткіштері
Термиялық аспаздық өңдеу: әдістері және қоректік құндылыққа әсері
45 болаттан вал дайындаудың технологиялық жобасы: термиялық өңдеу және пневматикалық қысу күшінің есебі
Жарма алудың аппараттық-технологиялық схемалары, қайта өңдеу кезеңдері және сапа факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz