Ежелгі кезеңдегі туризм
Презентация қосу
Ежелгі кезеңдегі туризм
Орындағандар: Ғабитова Ш
Фрунзебекұлы Е
Малайбекова Н
Уталина Ш
Бөрібеков Н
Құрманғали Т
Ануаров С
Буралхиева А
Әлмұрат М
Нұрсағатов Д
Мақсаты
Өзіндік жұмыс барысында студенттердің
туризм тарихымен танысуы , әсіресе ,
ежелгі кезеңдегі туризмнің рөлін анықтау
және оның ерекшеліктеріне назар аудару .
Жоспар
Кіріспе
Туризм ұғымы , туризм тарихы
Негізгі бөлім
Ежелгі кезеңдегі туризм рөлі және дамуы
Ежелгі кезеңдегі туризм аймақтарда …
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Туризм» сөзінің түбірі — француз тілінің «тур», яғни
«серуен», «сапар шегу» деген мағыналар беретін сөзі.
Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала
жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін
қызметтерінің тізбесі бар туристік саяхат деген
мағынаны білдіреді.
«Туризм» сөзі қазіргі энциклопедиялық үғымда бос
уақытта (демалыс, каникул) саяхат жасау және белсенді
демалыстың түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке
адамның танымдық, рухани және әлеуметтік
жақтарынан дамуының жолы деген мағыналар береді.
Халықаралық туризмде табыс табудан басқа кез келген
мақсатта уақытша, ерікті түрғын орнын ауыстырушы
адамдардың барлығын туриске санау әдеті қалыптасқан.
Туризм тарихы дегеніміз — саяхаттардың
(жорықтардың ,экскурсиялардың) ен қарапайым
түрінен бастап күрделі түрлерін қоса және көне
заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен
жолын зерттейтін ғылым. Туризм тарихының
зерттеу пәніне туристік қозғалыстың
әлеуметтік кұбылыс ретінде шығу, қалыптасу
және даму заңдылықтары жатады.
Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология,
нумизматика, палеография, этнография және
т.б. тарих ғылымының салаларының
деректеріне сүйенеді .
В.Б.Сапрунованың [186] басқалардан басты ерекшелігі -
туризм тарихын 4 кезеңге бөлді:
1-кезең (көне замандардан XIX ғасырдың басынаа дейін)
немесе оны «туризм тарихының алды» деп те атайды;
2-кезең (XIX ғ.-ХХ ғасырдын басы) — элитарлык туризм
кезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы
кәсібінің туындауы;
3-кезең (XX ғасырдың басы — II дүниежузілік соғыстың I
жарты жылының басталуына дейін) — бұл әлеуметтік
туризмнің қалыптаса бастауы;
4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) — бұл
жаппай туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның
туризм тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің
қалыптасуы .
Көне әлемнің тарихында үйымдасқан саяхатгардың дамуына негіз болған
бірнеше мемлекетті атауға болады. Бұган алдымен ежелгі Египетті
(саудагерлер елдің ерекше мақсаты адамдары болды, әлем жайлы
информациялар жүйелі жинақталып отырды, оның ішінде географиялық,
астрономиялық және медициналық білімдер де бар), Вавилон патшалығы
(Алдыңғы Азияда керуен және су жолдарын үйымдастыр қолдап отырды),
Финикия (теңіздегі және құрлықтағы бел сауда, бос жерлер іздеу, б.д.д. II
мыңжылдықтың аяғы -1жылдықтың басында әлемдегі ең озық корабль
құрушылар дайындаған, б.д.д. I мыңжылдықтың басында ең алғашқы
алфавит қүрастырылды), Персия (мемлекеттің шалғай аудандарының
аралығын қосатын жолдар ) көне Үндістан (басқа мемлекеттермен қызу
сауда, Ганг өзені алқабындағы ну орман-тоғайды игеру, қант бұтасының
сөлі алғашқы қант өндіру, мақтадан мата тоқу, әлемнің ең көне
мемлекеттері - буддизмнің негізі салынды), көне Қытай (темірді өндіру
өндеудің басталуы, б.д.д. II мыңжылдыкта иероглифтік кағазды ойлап
тапты, компасты, жібек өндіру тәсілін меңгерді, шай дайындауды
үйренді), көне Греция (қолөнер, Шьабль кұрылысы, өз жазуларын ойлап
тапты, Финикия, Египетпен түрақты сауда, дауысты дыбысты белгілейтін
алғашқы әріптік алфавитті жасады, Жерорта теңізі мен Қара теніз
жағалауын жаппай отарлау, теңізде жүзудің дамуы, б.д.д. 776 жылы
алғашқы олимпиадалық ойьшдардың үйымдастырылуы, олимпиадалық
ойындар кезінде соғысуға тыйым салынды), көне Рим (шығыс Жерорта
теңізін игеру, христиандыктың тууы, елді ағарту жүйесінің және бүкіл
империя үшін бір шіркеу жасап, христиандықты үйымдастыру) елдері
жатады.
Көне Греция
Тарихшылардың көпшілігі көне кезеңдегі қоғамның дамуында
алғашқы қонақ үйлердің пайда болуын айтады – қазіргі
замаңғы қонақ үйлер мен мейрамханалардың жаңа үлгілері.
Кәсіпорындар туралы айту – таверналар – біздің эрамызға
дейін 1700 жылы жазылған Хаммурапи Вавилония патшасының
кодекс болып табылатын көне манускриптілерде бар.
Көне Грецияда біздің эрамызға дейіңгі І-ші мың жылдықта
таверна әлеуметтік және діндік өмірінің негізгі элементі болып
табылады. Бірақ таверналарда саяхатшыларды орналастыру
орны болғанымен, көбінесе олар тамақтану қызметін ұсынуға
арналған. Сауданың дамуымен және оған байланысты ұзақ
мерзімді жол жүру тамақтандыру қызметін ғана емес, сонымен
қатар, түнеуді ұйымдастыруды талап етті. Осы жағдай –
керуен сарай типті кәсіпорындардың пайда болуын болжады.
Алғашқы олимпияда
ойындарының қабырға қағазы.
Олимпиялық ойындар
Олимпиялық ойындар ежелгі адамзат баласының өткен тарихының
дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу
мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиялық ойындарының пайда болу
себебі нақты болмаса да, олимпия ойындарының пайда болуы
жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы
ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.б. 776 жылдан бастап төрт
жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілді. Кейін б.з. 394 жылы
Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды.
Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету
байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр
түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиялық ойындар
кезінде соғыстар тоқтатылып, “қасиетті тыныштық” орнайтын
дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл
Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға
қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиялық
ойындар бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат
жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген.
Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа
кигізіліп, құрмет көрсетілген.
Аңыз бойынша Геракл ойындардың негізін өзінің алтыншы ерлігі –
Элида патшасы Авгийдің мал қорасын тазартудан кейін
қалаған.Сөйтіп Геракл Элида патшасынан кек алады. Көптеген
жауынгерлерімен ол Элидаға басып кіріп, Авгийді садақпен
өлтіреді. Геракл бұл жеңісінен кейін, жауынгерлерін жинап,
Олимпия құдайларына қайыр садақа беріп, Олимпиада ойындарын
өткізу туралы шешімді бекітті. Сонан соң әр төрт жылда қасиетті
ойын Паллададағы Афина ҚҰДАЙЫНА АРНАЛҒАН, ГЕРАКЛ ОЛИВТІҢ
өзінің бастауымен өтіп отырған. Бірақ, бұл тек қана әдемі аңыз ғана
Біздіңдәуірімізе дейінгі 9-шы ғасырында қиын соғыстар грек
мемлекетін дағдрысқа әкеп соқты. ИФИТ- Олимпия тұрған
аймақтың, кішігірім грек мемлекеті Элиданың патшасы - өзінің
халқын тонау мен соғыстан қалай сақтап қалу үшін Оракулмен
ақылдасуға Дельфыға жүріп кетеді. Дельфийлік Оракул алдын ала
айтқан болжамдары мен кеңесін дұрыс деп есептеп, Ифитке:
«Құдайдың көңілінен шығатын ойындардың негізін қалауың
керек!», - деп кеңес берді.
Ифит өте тамаша дипломат болатын – ол барлық грек патшалары
Элиданы бейтарап мемлекет деп тануға қол жеткізді. Өзінің
бейбітшілікті сүйетініне тырысуы және құдайларға ризашылығын
дәлелдеп көрсету үшін, «әр төрт жылда Олимпияда өтіп тұратын
атлетикалық ойындарды» бекітеді. Осыдан барып Олимпиялық
ойындар атауы келіп шыққан. Бұл біздің эрамызға дейінгі 884 жылы
болған. Осылай Грецияда осылай салт-дәстүр орнатылды, сөйтіп
жылына төрт рет өзара соғысты тоқтатып, барлығы да қаруларын
былай қоя тұрып, құдайлардың даңқы мен дамыған атлаеттердің
өнерін үйлестіру үшін, әрі ойынды тамашалау үшін Олимпияға
жүріп кететін болды.
Олимпиялық ойындар бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық
оқиғаға айналды.
Көне Рим империясы
Керуен сарай жүйенің кең тармақтануы Рим империясының
аймақтарында жасалды.Көне Римдік керуен сарайлары
қала мен ауылдың негізгі жол жағаларында бір-бірінен 25
миль (40,225 км.) шамада орналасты.
Рим мемлекетіндегі қатаң таптық құрылым қонақжайлық
кәсіпорын қызметіне үлкен әсер көрсетті. Саяхатшыларды
таптық көрсеткіштеріне қарай орналастырды. Еш уақытта
жай халықтың көпестері, саудагерлері мен басқа
саяхатшылары мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік
хатшылар жанына орналастырылмаған. Осы жағдай керуен
сарайдың сапасына әсер етті. Аристократтар өкілдері мен
мемлкеттік төрелерінің тоқтаған жерлері сәулет өнерінің
тәртібімен құрылған және сол уақыттағы кең тараған
қызметтерді ұсынған. Марко Поло «Бұндай керуен
сарайларда патша да тоқтай алады» деген.
Емдік туризмнің қалыптасуы
мен дамуы
Емдік-сауықтыру мақсатындағы саяхаттардың тамыры өте
тереңде жатыр. Сонау заманда ежелгі гректер мен
римдіктер өздерінің денсаулықтарын жақсарту үшін ауа
райы жайлы орындар мен сауықтыру көздерін пайдаланған.
Курортты жерлерге тек қана науқас адамдар емес, сонымен
бірге физикалық күштерін қалпына келтіру мақсатында сау
адамдар да келген. Ежелгі Грецияда Эпидавр және Кос, ал
Римде Байи деп аталатын теңіз жағалауындағы курорттар
әйгілі болған, сонымен қатар Рейне-Весбаден және Баден-
Баден курорттары әлі күнге дейін халыққа өызмет етуде...
Уақыт өтіп жатты, бірақ саяхаттардың мақсаты өзгермей
қала берді. Емдік қасиеті бар табиғат факторлары өзінің
сұранысын жоғалтқан жоқ. Бірақ дем алу және көңіл көтеру
мақсатындағы туризм түрімен салыстырғанда емдік
туризммен айналысатын туристтер легі азшылықты құрады.
Ең алғашқы саяхатшылардың бірі Геродот Нілдің
жоғарғы сағасынан бастап, Вавилонға дейінгі аралықты
жүріп өткен.Ең қызықты саяхаты-Пирамидаларға
саяхат.Пиррамида периметрін өлшеп,математикалық
есептер шығарды.Өз саяхаты барысында Грецияның,
оңт.Италияның,кіші Азияның,Жерорта теңізі
аралдарын,Қырым және Скиф елдерінде болған.Ал
Страбон кіші Азия, Кавказ таулары, Балқан түбегі,
Мысырда болып,”География” еңбегінде бұл саяхаттар
жайлы толық мағлұмат береді.
Қорытынды
Жалпы ежелгі кездегі туризм жағдайын
қарап отырсақ, Греция және Рим
империясында етек жайған.Ежелгі
кезеңдегі саяхаттар Геродот, Страбон
саяхаттарынан бастау алып, орта
ғасырларда қажылық саяхаттардың
жаңғыруына дейінгі аралықты
қамтиды.Рим империясының құлауы
ежелде туризмнің артта қалуына зор
ықпал етті.
Пайдалынылған әдебиеттер
тізімі
Соколова М.В. История туризма. – М, 2002.
Биржаков М.Б. Введение в туризм. М., СПб.,
1999.
Вуколов В.Н. История и теория
международного туризма.-Алматы, 2002.
Ердавлетов С.Р. Итория туризма. Развитие
и научное изучения. – Алматы, 2003.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz