Электронды ақша. Қағаз ақшаның тиімсіз жақтары



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Механика-математика факультеті СӨЖ: Электронды ақша. Қағаз ақшаның тиімсіз жақтары.
Орындаған: ММ-09-1к тобыстуденті
Түсіпова Гауһартас

Электронды ақшаң болса қалтаңда. . .
Күндердің күнінде қағаз ақша құриды дегенге әзірге сену қиын. Бірақ түптің түбінде оның орнын электрондық карта немесе өзге де төлем түрлері ығыстырады. Қазірдің өзінде кейбір ірі дүкендерде несие картасының көмегімен есеп айырысуға болады. Бұл - аса қолайлы және ең бастысы, қауіпсіз төлем түрі.

Қағаз ақша қылмыс құралы болса. . .
ХХ ғасырдың ең қысқа сипаттамасы - қағаз ақшаның дәуірлеуі. 1914-1918 жылдары қағаз ақшаға ауысқанда, көптеген ғалым оған уақытша құбылыс ретінде қараған еді. Бірақ ол 100 жылға жуық уақыт үстемдік құрып, жер-жаһанды еуропалық өркениет ағымына тоғыстырды. Дегенмен соңғы жылдары қағаз ақшаның кемшілігі де көріне бастады. Ақша - жер бетіндегі ең лас дүние:
Ешбір санитарлық өңдеуден өтпей, қолдан-қолға көшіп жүретіндіктен, түрлі ауруды таратушы.
Әуе тасымалының көмегімен жердің төрт бұрышына лезде таралатын сипатқа ие. Мәселен, Африкада өрістеген эпидемия біздің елге бірнеше сағатта келіп жетуі әбден мүмкін.
Қағаз ақшаға тағылатын басты айып - қылмыс әлеміне жақындығы. Автокөлік, пәтер және өзге де заттардың құжат арқылы рәсімделген қожайыны болады. Ал қалтадағы ақшаны иемдену құқығын растаудың қажеті жоқ.
Қағаз ақшамен жасалған кез келген келісім бинарлық операция болып табылады: келісімге екі тарап - төлеуші және алушы ғана қатысады. Егер ақша операциясының құпиясын сақтауға мүдделі болса, ол да өз қолдарында.
Сондықтан да қағаз ақша - қауіпті қылмыстың құралы.
Банктен қаржы жымқырғанда да, оны қағаз ақшаға айналдырады. Өйтпеген күнде қылмысты ашу оңай және ұрланған ақша қайтарылады.

Қағаз ақша көбейген сайын, қоғам мен мемлекеттің бақылауынан шығып қалды. Бұл қауіпті, өйткені қазіргі заманда ақшаға сатпайтын дүние жоқ. Қару-жарақ, есірткі, жарылғыш заттар т. б. еркін сатылады. Соңғы жылдардағы метро, дүкен сияқты жұрт көп шоғырланған жерде жарылыстың көбеюі қылмысты жүзеге асыру үшін бір адамның жеткілікті екенін дәлелдейді. Сондықтан әр адамды бақылауға алу адамзатты аман сақтаудың кепілдігіне айналған сыңайлы. Технология дамыған заманда күдіктінің соңына шырақ алып түсудің қажеті жоқ. Қаржысын қадағаласа жетіп жатыр.
Ал электрондық ақша жүйесіндегі қаржы операцияларына кем дегенде үш тарап қатысады - төлеуші, төлемді қабылдаушы және бір, кейде бірнеше банк.
Банк қатысушылары банк компьютері ретінде көрініп, операцияларды автоматты түрде тіркейді. Осылайша қаржы операциясында сенімді және сатып алуға болмайтын куәгер болады. Осының өзі қылмысқа жол бермейді. Банк әрбір операцияны компьютерге орнатылған бағдарламаға сәйкес тексереді. Заңсыз операцияның жолын кеседі, күмәнділері арнайы дерекқорға енгізіледі. Қағаз ақшаға қарағанда электрондық ақша тек атаулы сипатта. Қоғамда таралған әрбір ақша бірлігінің иесі бар, қаржыны қандай жолмен тапқаны жөнінде құжат та болады. Осылайша барлық ақша операцияларын қадағалау оның қылмыстық сипатын жояды. Мәселен, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық құриды. Есірткі саудасы жойылады. Салықтан жалтару мүмкін емес. Заңсыз операцияның кез келген түрі әшкереленеді. Өйткені деректің бәрі архивте жылдар бойы сақталады.

. . . Онда біз қағаз ақшадан бас тартамыз
Әлбетте, үйреншікті нәрседен бас тарту оңай емес. Бірақ кезінде жалақыны пластик карта арқылы төлеуге көшкенде банкоматтан ақша алу да қиын көрінген. Бүгінде ол - үйреншікті құбылыс. Сондықтан қағаз ақшаны электрондық ақшаға алмастыру жайындағы мәселе ешкімді үрейлендірмеуі тиіс. Әсіресе бұл Қаржы министрлігі «арам ақшаға» қарсы күресетін заңға өзгеріс енгізуді ұсынған кезде өзекті. Мамандардың сендіруінше, ақшасыз есеп айырысу сауда орындарындағы айналым мен пайда көлемін нақты білуге мүмкіндік береді. Сондықтан ірі қызмет көрсету орталықтарының қожайындарына POS-терминал орнату қажеттігі туындайды. Сонда тұтынушы ақшасыз есеп айырыса алады. Ал электрондық ақшадан бас тартқан жеке кәсіпкер салық органдарына 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), заңды тұлғалар 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Астыртын табысқа қарсы күрес мәселелері бойынша заңға енгізілетін өзгерістерді қарастыратын Мәжілістегі жұмыс тобының жетекшісі Серік Оспанов: «Қарапайым азаматтар үшін бұл тиімді болмақ. Өйткені дүкендерде карточканың көмегімен сауда жасағанда, қызмет көрсету орындарында банк пайызы алынбайды. Төлем сомасы да шектеусіз», - дейді.

Қазақстандағы электронды ақшалар: Ендіру және қолдану мәселелері.
27. 07. 2011 / 13:08 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, 2011: http://www. inform. kz/kaz/article/2395452 Электрондық ақшаны шығару құқығы екінші деңгейдегі банктерге беріледі. Сонымен бірге жеке ұйымдар, эмитент банктер айналысқа шығарған электрондық ақшаны таратумен және оларды пайдаланып, жасалатын операцияларға қызмет көрсетумен айналыса алады. Электрондық ақша шығаруды электрондық ақша иелерінен алдын-ала алған қаражат шегінде эмитент жүзеге асырады. Эмитент банктер өздері шығарған электрондық ақшаны өтеуге қабылдауға немесе оларды қолма-қол ақшаны беру, немесе электрондық ақша иесінің талап етуі бойынша оларды банк шотына аудару арқылы номиналдық құны бойынша нақты ақшаға айырбастауға міндетті. Эмитент 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығарылған жағдайда электрондық ақша иесінің жеке басын анықтауға міндетті. Электрондық ақша иесі жасайтын бір операцияның ең көп сомасы 500 АЕК-ке тең сомадан аспауы тиіс.

Заңға өзгерістер қабылданса, фирмалар арасындағы қолма-қол ақшамен есеп айырысу көлемі 1 млн 618 мың теңгеден аспауы тиіс. Осы сомадан асқанда, операцияның бәрі төлем картасы, банк аударымдары және чек арқылы жүргізіледі. Заң жобасын шығарушылардың айтуынша, ақшасыз есеп айырысу «көлеңкелі» келісімдер шеңберін тарылтады. Әрі салықтан жалтаруға мұрша бермейді. Қолма-қол ақша заңсыз жолмен тапқан табысты «тазартуға» септесіп, ол өз кезегінде халықаралық лаңкестікке жол ашатыны бұрыннан айтылып жүр. Сондықтан Қаржы мониторингі комитеті (қаржы барлау) қылмыстық табысты жариялау мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес тізгінін өз қолында ұстайды. Еуропа мен Америкадағыдай емес, бізде кез келген дүкен пластикалық картамен төлем қызметін ұсына бермейді. Бұл орайда әлі кедергі көп. Ең бастысы - елдің бәрі түсіне бермейтін технологияға сенімсіздік және үрей. Оның үстіне, пластик картамен байланысты алаяқтық оқиғалары отқа май құя түседі. Есесіне, банктер несие картасын қолданатындардың қатарын молайту үшін барын салуда. Қызмет аясын кеңейту және сапасын жақсарту жолында түрлі шегерімдер мен бонустар, пластикті иеленушілерге интернет-банкинг ұсынады. Сондықтан қағаз ақшаға мұрын шүйіретін күн де алыс емес.

Электронды ақшаның артықшылығы мен кемшілігі жайында. . .
Е-ақшаның басты артықшылығы - уақыт үнемділігі. Интернетте төлем жасау үшін банкке барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ, компьютердің алдында отырып-ақ, керек деген бір-екі белгіні бассаңыз болғаны. Сондықтан бұл - ғаламтордағы қазақстандықтардың бизнесінің дамуына жаңаша серпін беретін мүмкіндік. Оның тағы бір артықшылығы, мамандардың пікірінше, қазақстандықтардың өз сайтында отырып, заңды түрде нәпақа табуына мүмкіндік береді. Мұның бәрі, айналып келгенде, Қазнеттің дамуына ықпал жасайды. Әрі, бір жағынан, шетелге ақша аударымын жасауда да ол ыңғайлы. Мәселен, сізге қарыздар шетелдік WebMoney картасын сатып алып, оны кодымен сізге жөнелтсе болғаны, мәселе өздігінен шешіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz