Кәсіпкердің фирмадағы рөлі және фирманың сыртқы ортаны игеруі


Slide 1

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпкердің фирма жұмысыдағы орны.

Фирма әрекетінде сыртқы ортаны игеру

Орындағандар: Фрунзебекұлы Ерзат

Бұралхиева Арайлым

Құрманғали Төремұрат

Бөрібеков Нұрбол

Slide 2

Мақсаты:

Slide 3

Жоспар:

Кіріспе

1. Кәсіпкер туралы түсінік

2. Фирма туралы түсінік

3. Кәсіпкердің фирмадағы орны

4. Фирманың сыртқы ортамен қатынасы

Қорытынды

Slide 4

Кіріспе

Экономистер фирманың өмір сүруі негіздеуді талап ететінін ұзақ уақыт мойындамай келді. Рынок тәніндегі иерархиялық бөртпелерді түсіндіру үшін 1937 жылы Рональд Коуз бірінші болып тұжырымдаған бұл теория операция бағасы тұжырымдамасына негізделді. Автономды кісілер арасындағы кез-келген нарықтық операция уақыт пен келіссөзді талап етеді, сондықтан оның бағасы болды. Фирма - шынтуайтында, саяси ұйым - өндірісті үйлестіріп, айырбасты базар бағасынан төмен жүргізе алатын жерде оның басым түсіп отыруына мүмкіндік береді. Осы заманғы кешенді экономикада ақпарат секілді қоғамдықтауардың маңызы арта түскен сайын көптеген секторларда базардан фирманың артықшылығы ұлғайып орташа фирмалардың өсуіне жол ашты. Бір рет жасалған ақпарат халықтың үлкен топтарына оп-оңай жол аша алады, мұның үстіне әрбір қосымша тұтынушы үшін оның пайдалылығы ешқандай кемімейді. Егер ол қаралған болмаса, оны алу соншалық оңай болғандықтан, ешкім оның шын құнын паш етіп, оны төлеуге құлықты болмады. Бірақ, егер барлығы төлеуден бас тартса, ақпарат жасауға ынта жойылады. Фирма бұл проблеманы былай шешеді: ақпарат алу құқығына ие болған кісінің пайда табуын қамтамасыз етуге көмектесу үшін беделін пайдаланады. Ол ақпарат тауар жатқан жерді анықтау, оны жетілдіру технологиясы немесе оны базарға шығаратын жаңашыл да пәрменді әкімшілік жүйе болуы мүмкін.

Slide 5

ХІХ- ғасырдың басында француз экономисіЖан Батис Сэй (1767-1832 жылдар) Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. « Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».

Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті.

Slide 6

Кәсіпкер туралы түсінік

Кәсіпкер-кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан тәуекелдікке бас тігетін адам. Ол мемлекет тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады.

Slide 7

Кәсіпкер

өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға;

мемлекет кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға;

заңды негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға;

заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға;

заңнамада белгіленген келісімшарттар талабымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға;

еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйелерін, мөлшерлерін және жалданып жұмыс істеушілер табысының басқа да түрлерін дербес белгілеуге;

банк мекемелерінде шоттар ашуға;

есеп айырысу, несие, касса операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыруға; кәсіпкерлік қызметтен алынған, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы (табысты) еркін билеуге;

мөлшеріне шек қойылмайтын кез келген жеке табыс алуға; мемлекет және әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыру жүйесін белгіленген тәртіппен пайдалануға;

заңнамада белгіленген тәртіппен валюта операцияларын жүзеге асыруға құқылы.

Slide 8

Фирма туралы түсінік

Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңды тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" термині көбінесе кез келген компанияны атау үшін пайдаланылады. Термин қызмет түрлерін айқындайтын терминдермен тіркесте қолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. б.

Slide 9

"Фирма" - көп профилді өндіріс. Мысалы, Италия фирмасы "Фиат" тек қана автомобиль шыгарып коймайды, теңіз кемелерін және т. б. шығарады.

Фирма егер нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс:

табыстарды көбейтуді шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыруы керек, осы факторлар өзара байланысты болса да.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкердің рөлі мен сипаттары: жауапкершілік, тәуекелшілдік және табандылық
Фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару: ерекшеліктер мен стратегиялық тәсілдер
Адамзаттың ғарышты игеруі: тарихы және негізгі жетістіктері
Фирманың баға саясаты мен стратегиясы: функциялар, мақсаттар және қалыптастыру кезеңдері
Қоршаған ортаны ластанудан қорғау стратегиялары: Қазақстандағы тұрақты даму және Экологиялық кодекстің рөлі
Фирманың баға саясаты: мақсаттары, стратегиясы және мемлекеттік реттеу
Өндірістік фирманың шығындары мен табысы: түрлері, шығындарды төмендету бағыттары және пайданың бөлінуі
Қазақстанның заманауи сыртқы саясаты мен халықаралық қауымдастықтағы бітімгершілік рөлі
Екі фирманың экономикалық қуыс моделінің тұрақтылығы мен фазалық талдауы
Өндіріс шығындары және фирманың табысы: теориялар, жіктелуі және негізгі экономикалық көрсеткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz