Бағалы қағаздар


Slide 1

Тақырыбы : Бағалы қағаздар

Тексерген: Тұсаева А. Қ.

Орындаған:202 топ

“Қаржы”кафедрасының

студенті Шелденоа А. С.

Алматы қаласы 2010жыл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі Халықаралық Бизнес Университитеті Қаржы кафедрасы Қаржы нарығы және делдалдар пәніне презинтация

Slide 2

Бағалы қағаздар - бұл капиталдың ерекше формасы азаматтық кодекске сәйкес бағалы қағаз мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір белгіленген формалары мен реквизиттері бар құжат.

Slide 3

Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

мемлекеттік;

муниципалды;

корпоративтік.

Slide 4

Мемлекеттік бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.

Slide 5 Slide 6

Муниципалдық бағалы қағаздар - бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.

Slide 7

Корпоративтік бағалы қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Қарыздық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

Инвестициялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

Slide 11

Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:

Slide 12

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:

Slide 13

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

Slide 14

Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

жәй акциялар;

артықшылығы бар акциялар.

Slide 15

Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.

Артықшылығы бар акциялар - басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.

Slide 16

Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

Slide 17

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар нарығы
Құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
Бағалы қағаздар нарығының іргелі талдау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
ҚАРЖЫ РЫНОГІ
Бағалы қағаздар нарығы туралы
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарының операциялары
Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Әлемдік бағалы қағаздар нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz