AIR ASTANA




Презентация қосу
Логотип
«ЭЙР АСТАНА» БРЕНДІНІҢ ЛОГОТИПІ 2001 ЖЫЛЫ ЖАСАЛДЫ.
ЛОГОТИПТЕ БАҚЫТ ПЕН АМАН-САУЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ, ӘРІ
ҚАЗАҚ ОЮЛАРЫ ӨНЕРІНІҢ БАСТАУЫ, НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ
БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН «ҚОШҚАР МҮЙІЗ» ӨРНЕГІ ҚОЛДАНЫЛҒАН.
ӨРНЕК КОМПАНИЯ ЛОГОТИПІНІҢ ТҮСТЕР ПАЛИТРАСЫМЕН
СӘТТІ ҮЙЛЕСЕДІ. ЛОГОТИПТЕГІ ТҮСТЕР ПАЛИТРАСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ РУХЫН БАРЫНША БІЛДІРУ ҮШІН
ТАҢДАЛЫП АЛЫНҒАН. ҮСТЕМ АҚ ТҮС ТАУЛАРДЫҢ ҚАРЛЫ
ШЫҢДАРЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН, АЛ КӨК ТҮС АШЫҚ, ШЕКСІЗ
АСПАНДЫ БІЛДІРЕДІ. ҚОЛА ЖӘНЕ КҮМІС ТҮСТЕР ЕЛІМІЗДІҢ
БАЙЛЫҒЫ МЕН КӨНЕЛІЛІКТІ БІЛДІРЕДІ
Әуе компания туралы
ИАТА коды: KC ИКАО коды: KZR
Әуе кемелерін пайдаланушының
куәлігі AK-0388-09
Құрылған күні14 қыркүйек 2001 ж.
Алғашқы ұшу 15 мамыр 2002 ж.
(Алматы – Астана рейсі)
Жиі ұшатын жолаушыларға арналған
бонустық бағдарлама Nomad Club
Жиі ұшатын жолаушылар
бағдарламасы бойынша серіктесMiles
& More («Люфтганза» әуе компаниясы)

Әуе кемелер паркі 21
База Астана және Алматы
Веб-сайт www.airastana.com
«Эйр Астана» АҚ (әрі қарай «әуе компания», «компания», «Қоғам») –
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және британдық BAE
Systems компаниясы бірлескен кәсіпорын. Акциялар бойынша қатысу
үлесі сәйкесінше 51% және 49%-ға тең.
«Эйр Астана» әуе компаниясы Қазақстандағы 15 және шетелдегі 17 қалаға
рейстер орындайды, ТМД аумағындағы ең жас әуе кемелер паркін
пайдаланады. 2009 жылы әуе компанияның флотында 21 батыстық ұшақ
болып, реактивті ұшақтардың орташа жасы 7 жылды құрады. Компания
ИАТА Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының толық құқылы мүшесі
жəне Еуропалық ұшулар қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) 145-Бөлім
директивасының талаптарына сәйкес əуе кемелерге техникалық қызмет
көрсетуге сертификат алған Қазақстандағы жалғыз əуе компания болып
табылады. 2009 жылдың мамырында компания ИАТА – IOSA
(Operational Safety Audit) пайдалану қауіпсіздігі бойынша аудитінен сәтті
өтті. ИАТА қауымдастығының мүшесі бола отырып, «Эйр Астана» әуе
компаниясы ИАТА жанармай сапасын бақылау бірлестігі тобының (IFQP
– IATA Fuel Quality Pool) құрамына кіреді. Компанияда білікті IFQP
инспекторлары бар.
«Эйр Астана» әуе компаниясы келесі тасымалдаушылармен кодтарды
бірігіп пайдалану туралы келісімшарттарды жасады: КЛМ Нидерландия
корольдік әуежолдары (KLM), Австрия әуежолдары, Эйр Балтик және
Азиана, ал 93 әуе компаниямен жасалған интерлайн келісімшарттары
жолаушыларға серіктес компаниялар арқылы әлемнің 300-ден астам
бағыттарын таңдауға мүмкіндік береді.
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
Директорлар кеңесінің төрағасы
Байдәулетов Н. Т.«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры
Директорлар кеңесінің мүшелері
Бектұров А. Ғ. – Директорлар кеңесінің мүшесі (27.08.2009 ж.-ға дейін)
– Директорлар кеңесі Тағайындаулар комитетінің мүшесі
– Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар вице-министрі
Дүйсембаев Е. С. – Директорлар кеңесінің мүшесі (27.08.2009 ж.-дан бастап)
– Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар вице-министрі
Брэдли Н. Ф. – Директорлар кеңесінің мүшесі
– Директорлар кеңесі Тағайындаулар комитетінің мүшесі
– коммерция және сатып алу жөніндегі директор, «Бағдарламалар және халықаралық
клиенттерді қолдау» бөлімшесі, BAE Systems
Брент Д.М. – Директорлар кеңесінің мүшесі
– топ қазынашысы (BAE Systems)
Лорд Томас Александер Хескет – тәуелсіз директор
– Babcock International Group, plc компаниясы төрағасының атқарушы емес орынбасары
Ларионов Д.В. – тәуелсіз директор
– BDO, BDO Қазақстанаудит және ХҚЕС желісі бойынша серіктес
– Халықаралық есепшілер федерациясының Дамушы ұлттар комитетінің мүшесі
– ҚР Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі
сарапшылар кеңесінің мүшесі
– ҚР Кәсіби есепшілер палатасының Халықаралық байланыстар жөніндегі
2009 жылғы қызметтің негізгі
көрсеткіштері 2009 жылғы
статистика
i. 2009 жылғы статистика

Қаржылық статистика (мың теңге)
2009 ж. 2008 ж.
Көрсеткіштер
Табыс 82 492 103 79 300 515
Операциялық шығындар 75 144 290 76 328 044
Операциялық пайда 7 347 813 2 972 471
Салық салынғанға дейінгі пайда 9 000 702 3 246 085
Таза пайда 7 077 948 2 054 162
Ұзақ мерзімді активтер
(банк салымдарынсыз) 8 346 191 7 150 201
Ағымдағы активтер, соның ішінде: 26 047 403 17 532 248
Ақша қаражаттары (банк салымдарымен)13 568 258 6 435 266
Акционерлік капитал 21 173 924 14 609 517
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 908 507 1 194 345
Ағымдағы міндеттемелер 12 311 163 8 878 587
Операциялық статистика
2009 ж. 2008 ж.
Көрсеткіштер Өлшем бірлігі
Ұшу уақыты сағат 66 512 70 307 -5%
Ұшақтардың қону саны рет 26 253 27 755 -5%
Тасымалданған жолаушылар саны:мың жолаушы2 201 2 300 -
4%
ішкі рейстер бойынша мың жолаушы 1 439 1 507 -4%
халықаралық рейстер бойынша мың жолаушы 761 794 -4%
Жүк, қолжүк жəне пошта тасымалы тонна 14 169 16 343 -13%
Орындалған жолаушылар айналымы мың ж/км 4 525 4 795 -
6%
Шекті жолаушылар айналымы мың ж/км 7 158 7 423 -4%
Коммерциялық жүктелім коэффициенті % 6365-2%
Борттық қызмет көрсету
Бортсеріктер журналы
Бортсеріктерді міндетті түрде оқытудың жоспарланған
бағдарламасынан басқа аға бортсеріктерге арналған жолаушыларға
қызмет көрсету бойынша арнайы тренингтер енгізілді және бортта
қызмет көрсету сапасын басқару жүйесі жетілдірілді.
Skytrax рейтингі
Жыл бойы жолаушылар әуе компания туралы оң пікірде болды.
Skytrax халықаралық агенттігінің әуе компанияға берген рейтингі
осының айғағы бола алады. Skytrax халықаралық компаниясы «Эйр
Астана» әуе компаниясының қызмет көрсету сапасын бағалап, оған 3
жұлдыз рейтингін берді. «Бортта қызмет көрсету» көрсеткіші бойынша
әуе компания 4 жұлдыз рейтингіне ие болды. Он бес категорияның
оны бойынша төрт жұлдыз бағасы берілді. Сонымен қатар, әуе
компанияға борттық тағам сапасы үшін 4 жұлдыз рейтингі берілді.
Бортсеріктерді оқыту
Жоспарланған бортсеріктерді міндетті түрде оқыту бағдарламасынан
басқа аға бортсеріктерге арналған жолаушыларға қызмет көрсету
бойынша арнайы тренингтер енгізілді және бортта қызмет көрсету
сапасын басқару жүйесі жетілдірілді.
Қызмет көрсету сапасын жетілдіру бағдарламасы (PEP)
Бортта қызмет көрсету сапасын жетілдірудің (Performance
Enhancement Programme) жаңа жүйесіне ерекше назар аударылды.
Бұл жүйе әр экипаж мүшесінің әр рейстегі қызмет көрсету сапасына
мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Борттық қызмет бөлімінің
супервайзерлері бұл бағдарламаны енгізу мен дамытуда үлкен жұмыс
атқарды. Бортсеріктер мен супервайзерлер бағдарлама туралы оң
пікірде. РЕР бағдарламасы бортта қызмет көрсету мәдениетін
дамытуға мүмкіндік туғызады, жолаушылар арасында жүргізілетін
сауалнамалар осыны айғақтап отыр.
Борттық өнім
Бортта балаларға арналған жаңа жиынтық ұсынылды (түрлі-түсті және
қызықты басқатырғыштар, жаңа ойыншықтар, сыйлықтар). Барлық
халықаралық рейстерде қыз балаларға арналған жиынтық ұсынылды.
2010 жылы ұл балаларға арналған әуе компания ұшақтарының
формасындағы жиынтық ұсынылады деп жоспарлануда. Бизнес-класс
жолаушылары үшін жаңа жақсартылған жиынтықтар ұсынылды.
Борттық тағам
Борттық тағамға байланысты екі негізгі міндет алға қойылған болатын:
борттық тағамның базалық құнын рационалдандыру және барлық
рейстерде борттық тағамның жоғары сапасын қамтамасыз ету.
Бәсекелестікті қалыптастыру және бағаларды бақылау, бағалар мен
сатып алулар бойынша ұтымды жағдайларды арттыру мақсатында
ұйымдастырылған тікелей сатып алуларға байланысты өнімнің құны
20%-ға арзандады. Борттық тағам сапасын бақылауды жақсарту
мақсатында шеф-аспазшы жұмысқа алынды. Әуе компания
Қазақстанның борттық тағам дайындау цехтарында жұмыс істейтін
аспазшыларға қолдау көрсету және оқыту арқылы борттық тағам
сапасын жақсарту жұмысын әрі қарай жалғастырмақ. Аймақтық
әуежайлар борттық тағам сапасының қазіргі деңгейі туралы оң пікірде.
2009 жылдың қыркүйегінде борттық тағамның мәзірі, борттық тағамды
ұшақ бортына жүктеу туралы мәліметтерді енгізуге арналған жаңа
стандартталған жүйе енгізіліп, оны барлық жеткізушілер пайдалана
Әуе компанияның 2009
жылдағы бағыттар желісі
Ішкі бағыттар:
Халықаралық
бағыттар
Әуе компанияның 2009
жылдағы әуе кемелер паркі
Өкілдіктер
ТМД аймағы
1. Баку, Әзірбайжан
2. Мәскеу, Ресей Федерациясы
Азия және Таяу Шығыс
3. Бейжің, Қытай Халық
Республикасы
4. Сеул, Корея Республикасы
5. Үрімші, Қытай Халық
Республикасы
6. Дели, Үндістан
7. Дубай, Біріккен Араб
Әмірліктері
Еуропа аймағы
8. Франкфурт, Германия
Федеративтік Республикасы
9. Ыстамбұл, Түркия
10. Лондон, Ұлыбритания

Ұқсас жұмыстар
Күшті жақтары Әлсіз жақтары Мүмкіндіктері Сыртқы ортаның қауіп - қатерлері
Электрондық коммерция
Сатып алу сату шартының үлгісі
ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИПТЕРІ ЛИТЕРЛІК ШАМАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АЛГОРИТМІ
Мариотт Эдм өмірбаяны
САҚИНА ТОПОЛОГИЯСЫ
СТИВ ДЖОБС
Лайды радияциялық өңдеу Эрлифты апараттар
Жарнамадан табыс
Сноуборд - жиегінде екі аяққа арналған бекіткіштер орнатылған тақта
Пәндер