Дәріс




Презентация қосу
Дәріс
Дәріс – жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың
негізгі және заңды, академиялық түрі. Студент үшін аса күрделі
саланың бірі. Себебі, көп тыңдауға, көп жазуға тура келеді.
Студенттер көбіне сөзді, сөйлемнің логикалық құрылымын,
олардың мағынасын ғана қабылдап, лектордың айтқанын толық
қағазға түсіріп алады. Бірақ дәрістің мазмұны студенттің өзіндік
ойлау жүйесінің құрамдас бөлігі бола алмайды. Студенттер
көбінесе дәріс конспектісін жүйесіз пайдаланып, емтихан кезінде
оқулықтың «орнын ауыстыратын» құрал ретінде ғана қолданады.
Дәрісті қалай тыңдау керек? Дәріс мазмұнын білімінің бір бөлігіне айналдыру үшін не
қажет ? Э.Фромм төмендегідей кеңес береді:
1. Ешқашан дәрісті «tabula rasae» деңгейінде тыңдамау қажет. Дәрісті тыңдау үшін де
дайындық керек. Ол үшін - дәріс тақырыбымен, ұсынылатын әдебиетпен,
қарастырылатын мәселемен, «Жұмыс бағдарламасымен», оқу-методикалық
құралдарымен танысу қажет. Өз көзқарасыңыз бойынша тақырыпқа қатысты,
қызықты сұрақтарды дайындаңыз.
2. Дәрісті тыңдай отырып, оқытушымен пікір алмасыңыз. Тақырыпқа қатысты
өзіңізді қызықтыратын мәселеге жауап табуға тырысыңыз.
3. Конспект дәрістің стенографиялық есебі болмауы керек. Дәрісті ұқыпты, жүйелі,
логикалық тұрғыда жазу керек
4. Естеріңізде болсын: дәріс – бұл «тірі» процесс, өзара әсерлесу, пікіралмасу. Бұл
жерде Сіз тек мәлімет сипатындағы білімді жинақтап, жаттап алмайсыз. Дәріс
Сізге белгілі бір әсерін тигізуі керек, Сіздің бойыңыздағы өзгерістерге ықпал етуі
қажет.
5. Дәріс кезіндегі Сіздің тәртібіңіз өзіңізге, өзге студенттерге, оқытушыға деген
өзара сыйластық сатысында болуы қажет.
6. Дәріс кезіндегі оқытушының міндеті Сіздің білімге деген құштарлығыңызды
арттырып, біліміңізді жетілдіруге жағдай жасау. Ал жеке тұлғалық қасиеттеріңізді
қалыптастырып, оны дамыту үшін үлкен еңбегіңіз қажет.
Конспектілеу – студенттің аудиториядан тыс өзіндік жұмысының негізгі түрлерінің
бірі. Конспект (латынша «шолу») – белгілі бір нәрсенің (дәріс, мақала, кітап
мазмұны) қысқаша, жазба түрде негізгі мазмұнын, фактілерін, мысалдарын қағазға
түсіру. Конспектілеу барысында студенттің логикалық ойлауы дамиды, сөйлеу
мәдениеті жетілдіріледі, есте сақтау қабілеті артады. Конспект жоспардан,
тезистерден, қосымша фактілер мен материалдардан тұрады. Конспектілеудің
бірнеше жолдары бар. Ауызша айтылған пікірдің конспектісі – дәрістің,
баяндамалардың негізгі мазмұнын жазып алуды конспектілеу деуге болады. Дәрісті
конспектілеу кезінде студент лектордың берген мәліметімен шектеледі. Бұндай
конспектілердің құндылығы автордың тәуелсіз ойы және пікірі көрініс алады.
Көптеген ғалымдар, мысалы, Альберт Эйнштейн өз жаңалығын дәріс кезінде ашқан,
неміс философы Гегельдің еңбектері оның университеттегі дәрістерінің
стенографиялық жазбалары. Дәл дәріс кезінде «творчестволық шабыт» оянады,
лектордың барлық білімі аудиторияға беріледі. Сондықтан дәріс мазмұнын дәл
қабылдау және оны сақтау аса маңызды. Дегенмен дәріс конспектісі – студенттің
ойын ары қарай дамытуды көздеген бағыт-бағдар, құрылым, қаңқа. Дәріс
жазбаларын қайта қарап, өңдеп, түсініп, өзіндік баға беріп отыру керек. Мысалы:
«түсініксіз!», «жақсы ой», «өте маңызды» т.б. деген сияқты.
Конспектіні қалыптастыру түрлері: Мәтіндік конспект - өз сөзімен, мәтіндегі фактілер
мен цитаталарды қолдана отырып баяндау. Күрделі конспект – мәтіннің әр бөлігі
бойынша тезистер, ескертпелер, қосымша мәліметтер. Жиі кездесетін сөздер
бойынша конспект – сөйлемнің мазмұнын беретін сөздерден, абзац, параграфтардан
тұруы мүмкін.
ІІІ. Студенттің өзіндік жұмысы – оқу қызметінің жоғарғы түрі. Оқу барысындағы
дағды. СӨЖ жалпы сипаттамасы: СӨЖ – тәуелсіз танымдық әрекет. Осы ұмтылыс
барысында студент белсенді қабылдайды, ойланады, жинақтаған мәліметтерді
тереңдетеді және кеңейтеді. Жаңа мәліметтерді қабылдайды, тәжірибелік дағдыны
иеленеді. СӨЖ құрамын оқытушының бақылауынсыз іске асырылған оқу еңбегінің
барлық түрі кіреді. СӨЖ – жеке, топтық, мерзімдік болып бөлінуі мүмкін. Сонымен
қатар – аудиториялық, аудиториядан тыс (ағымдағы – конспект, семинарға дайындық;
тақырыптық – реферат, болашақтық маңызы бар – курс жұмысы, диплом жұмысы
болуы мүмкін. СӨЖ – студенттің жеке іске асыратын іс-әрекетінің түрі.
СӨЖ-ді дайындау түрлері: Оқу мәдениеті мен тыңдау мәдениетінің тәсілі; қысқа
және рационалды жазба тәсілдері (көшірмелер, жобалар, тезистер, конспектілер,
аннотациялар, рефераттар, сын-пікірлер, кітәппен жұмыс жасаудың жалпы әдістері);
еске сақтаудың жалпы әдістері; қосымша мәлімет іздеу әдістері (библиография,
каталогпен жұмыс жасау, анықтама материалдары, сөздіктер); әмтиханға, сынаққа,
семинарға дайындалу тәсілдері; уақытты рационалды пайдалану тәсілдері. Ойды
жинақтау – оқыған материалды сұрыптау: оқыған мәтіндегі қажетті және екінші
деңгейдегі мәліметтерді анықтау; анықтама, цифр, фактілерді жаттау, абстрактілі
фактілерді есте ұстау; таңдалып алынған мәліметтерді ой елегінен өткізу; әрбір
мәселе бойынша мәліметті реттеу және біріктіру, мәтінге логикалық құрылым беру.
Қалыптасқан ойды міндетті түрде сыртқы шығару керек. Өз пікірін айту – ауызша
хабарламалардың негізі. Пікір мәліметтік, логикалық, иллюстративті, тарихи,
түсіндірмелі болып бөлінеді.

Ұқсас жұмыстар
Мәдениет тілі
ТІЛ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЛГЕ
Дәріс. Дәріс – жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі және заңды
Дәстүрлі емес сабақтарды интерактивті әдістер арқылы оқыту
Тіл құралы халықаралық байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым - қатынастардың аса маңызды құралы
ЖОО - дағы оқытудың әдістері мен формалары
Проблемалық дәріс
Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы
Жоғары мектеп оқытушысының дәріс оқу шеберлігі
Кәсіби оқу орнында оқытуды ұйымдастыру формалары
Пәндер