Қожа Ахмет Ясауи және оның кесенелері: Түркістан мен Сайрамдағы сәулет және Тайқазан тарихы


Slide 1

Қожа Ахмет Яссауи. (1094-1167 ж. ж)

Қожа Ахмет Ясауи-1093жылы тулыған. Түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі -Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы - Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана) . Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы менГауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды

Slide 2

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Slide 3

Ахмет Ясауи кесенесі - Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты - орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Slide 4

Қарашаш ана кеснесі

Slide 5

Қарашаш ана кесенесі - ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан. Кесене ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет яссауи шешесінің мазарында құрылған. Яссауи шешесі Қарашаш ананың шын есімі - Айша бибі. Ол текті адам, Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш өз уақытының ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Байлығына қарамастан оны мақтан тұтпайтын және менменшіл болған емес. Ол барлық науқастар мен мұқтаж адамдарына қол ұшын беруге тырысты. Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды. Қарашаш ана кесенесі - порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың бұндай типі кейінгі ортағасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ құрылыс барысында ағаш пен саз қолданылды. Кесене сапалы материалдардан және ерекше ұқыптылықпен тұрғызылды. Екі ғасыр ширегінде ескерткіш бұзылған жоқ. Құрылыста қолданылған ағаш бөлшектер және ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеді. Кесененің өлшемі 6, 3 х 6, 3 метр. Ғимарат бұрыш қалқандарына негізделген барабанда тұрған күмбезбен аяқталады. Күмбез биіктігі 7, 08 метр. 1996 жылы күмбезді жапырақты ақ қаңалтырмен қаптады. Оңтүстік жіне оңтүстік-батыс қасбеттері ұзын сүйірленген текшелері бар порталдармен безендірілген. Алдыңғы жазықтықтары терең емес сүйірленген және тікбұрышты текшелермен әшекейленген. Кесененің оңтүстік және батыс жақтарында кіреберіс есіктер бар.

Slide 6

Тайқазан - Түркістандағы қасиетті қазан. Оны Қарнақ қаласында 1399 ж. Тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн Шараф әд-Дин 7 металл қоспасынан құйып жасаған. Оған алпыс шелек су сияды, салмағы 2 т. Қазан суы қасиетті су деп танылған. Қазанның бүйіріне өсімдік кейпіндегі өрнектер салынып, араб әріптерімен оюлап құйылған жазулары бар. Түркістан тайқазаны 1935 ж. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Эрмитаждың төменгі қабатында 48-залда 54 жыл тұрып, Қазақстан үкіметінің талап етуі бойынша 1989 жылдың 18 қыркүйегінде қасиетті Т. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі өз орнына қойылды. Оның қайтарылуына Ө. Жәнібеков көп еңбек сіңірді. Тайқазанның ішіне 3000 литр су сыяды. Ол Қарнақ қаласынан өткен. Шебер оны көптеген асыл металдардың қоспасынан әзірлеген.

Тайқазан

Slide 7

Қожа Ахмет Иассауи жерленген жер

Slide 8

Зейін қойып

тыңдағандарыңызға

РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі: тарихы, сәулет ерекшеліктері және мәдени маңызы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірбаяны, ілімі және кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи: өмірбаяны, ілімі және діни-рухани мұрасы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, ілімі, Диуани хикмет және кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи: өмірбаян, Диуани хикмет және сопылық ілімі
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, Диуани Хикмат және Түркістандағы кесененің тарихи-мәдени маңызы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, сопылық ілімі мен Диуани Хикметтің тарихи-әдеби маңызы
Қожа Ахмет Ясауи тариқаты: қалыптасуы, ілімдері және қазақ қоғамына ықпалы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, Диуани Хикметі және сопылық ілімнің тарихи-мәдени ықпалы
Тәуелсіз Қазақстанда түркі ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін бағалау: Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи мысалында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz