Дауысты дыбыстардың жіктелуі және фонетикалық жаттығулар


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: "Ашық, қысаң дауысты дыбыстар

Ә

Ы

Ұ

Ә

о

Ү

Е

Slide 2

Үй жұмысын тексеру. 1. Дауысты дыбыстарға байланысты берілген жұмбақтарды шешу, жауабын төмендегі сызба бойынша талдату.

Тілдің қатысына қарай

Жуан

Жіңішке

Slide 3

Пысықтау: төмендегі сызба, кестелерді толтыру

Фонетика - тіл білімінің

зерттейтін сала.

Фонетика

Slide 4

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у

Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и.

Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.

Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.

Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.

Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и

Slide 5

Дыбыс шығару

мүшелері

Барлық әріп

Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар

Белгілер

Slide 6

Оқулықпен жұмыс: “Әл-Фараби туралы аңыз”

Іштей оқыңдар, талдаңдар.

Ашық дыбыстардың астын сызыңдар.

Әл-Фараби туралы аңыз

Шам шаһарының әмірі өз құзырына ғаоым,

шайырларды жинапты. Ол Әл-Фарабиді сынамақ

болып: “Өзіңе лайықты орын тауып отыр”, -депті.

Сөйтсе, Әл-Фараби тура әмір тағына барып отырады.

Сонда әлгі әмір қасындағы уәзіріне беймәлім тілде:

Мына түрік әдеп сақтамады ғой, -депті.

Әл-Фараби оны дереу түсіне қойыпты да:

Тақсыр, мен жетпіс тіл білемін, -депті.

Ыңғайсызданып қалған әмір, халпелер:

“Кешіріңіз, сіз екінші ұстаз екенсіз ғой, байқамай қалдық”. -деп, оған жол береді.

(Ел аузынан)

Slide 7

«Сиқырлы дөңгелек» ойыны

Дөңгелекке жазылған 6 әріптен сөздер құрайды.

Сөздер мағыналы болуы керек.

Ғ

Й

А

Н

Ү

С

Slide 8

“Жұмбақ жолдас”

Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі! Қайда барсам, қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді, жүгірсем жүгіреді, жатсам жатады, жазсам жазады. Бірақ үндемейді.

Ертеңгілік, кешкілік үлкейіп, өсіп кетеді. Түсте тырбиып, ергежейлі болады. Жарықта жанымнан қалмайтын жолдасым қараңғы болса, ғайып болады да кетеді.

Сендерде ондай жолдас барма?

(А. Байтұрсынов)

-

Slide 9

Жолдас сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Е -

Жолдас -

Ж-

О-

Л-

Д-

А-

С-

Slide 10

Сөз жұмбақты шешіңдер

Егер “А”-дан бастасаң, үлкен ақын атамыз.

“А”-ны алып тастасаң, мол дәулетке батамыз.

“Б”-ны алып тастасаң, түнде жарық шашамын.

Slide 11

І қатар Абай

ІІ қатар Бай

ІІІ қатар Ай

сөздерімен

сөйлемдер

құраңдар

Slide 12

Үйге тапсырма:

Ережені жаттау

-жаттығу.

Жұмбақтарды шешу және шешуін білдіретін сөздерге фонетикалық

талдау жасау


Ұқсас жұмыстар
Менің отбасым тақырыбы бойынша дауысты дыбыстардың жіктелуі мен фонетикалық талдау сабақ жоспары
Тіл фонетикасы: дыбыстардың құрылымы, жіктелуі және фонетикалық процестер
5-сыныпқа арналған фонетика сабағы: дауысты дыбыстардың жасалу жолдары және жаққа қарай жіктелуі
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауысты дыбыстар: түрлері, артикуляциялық ерекшеліктері және практикалық жаттығулар
Фонетика және оның салалары: қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен дыбыстардың жіктелуі
Мектепке дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар: танымдық, тілдік және фонетикалық жаттығулар
Дауыссыз дыбыстардың сипаттамасы, жіктелуі және оқыту модулі
Дауысты дыбыстарды қайталау: түрлері, жіктелуі және практикалық тапсырмалар
Фонетика: салалары, сөйлеу аппараты және дыбыстардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz