ҚАЛҚАМАН-МАМЫР дастаны



Сабақтың тақырыбы:
Шәкәрім Құдайбердіұлының “ҚАЛҚАМАН-МАМЫР” дастаны.
Білімділік мақсаты: Поэманың оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушының идеялық -эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.
Дамытушылық мақсаты: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, талаптылыққа тәрбиелеу

Адамдық борышың, -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайрылып,
Қауымға келмейсің,
Барыңды, нәріңді,
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң
Шын бақыт-
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
1858-1931

Шәкәрім Құдайбердіұлы-үлкен ақын, жазушы, аудармашы,
тарихшы, ойшыл.
Қазақ қоғамының рухани
өсуіне үлес қосып, жастарды
ғылым-білім, өнер-өнеге ге
баулуды мұрат еткен ұлы Абай
мектебінің шәкірті, талғамы биік
талант иесі Шәкәрім 1858 жылы
11-шілдеде Шыңғыс тауы
бөктерінде қазіргі Семейдегі
Абай ауданында дүниеге келген.
Әкесі Құдайберді Құнанбайдың
үлкен бәйбішесі Күнкеден туған.
Демек, Шәкәрім Абайдың немере інісі.
Шәкәрім жеті жасында хат танып, әрі қарай өз бетінше ізденіп оқыған.
Араб, парсы, түрік тілдерін жетік білгендіктен, Фирдауси, Низами, Сағди, Физули,
Науаи сынды шығыс классиктерінің шығармаларын талдап оқыған.
Солардың әсерінен “Ләйлі-Мәжнүн” атты ғашықтық дастанын жазған.
Ол Абайдың тапсырмасымен “Еңлік-Кебек”ті де жазып, сәтті аяқтаған.
Сонымен бірге батыс әдебитінен де көп мағлұмат алып, А. С. Пушкиннің
“Дубровский” повесін поэма етіп қазақ тіліне аударады.
Ол 1895-1906 жылдары хажылық сапармен Меккеге барған уақытында
Стамбул кітапханаларының бай мұраларымен танысады.

Құдайберді
Күңке
Құнанбай
Ұлжан
Айғыз
Нұрғаным
Ысмағұл
Халиолла
Оспан
Ибраһим (Абай)
Ысқақ
Тәңірберді
Шәкәрім
Атадан алтау, анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал, енді олай болса, кімді алалық,
Қазақта қай жақсы бар, көз салалық.
Шын іздесек-табармыз шыны ғалым!
Жалыналық Абайға жүр баралық.

“ҚАЛҚАМАН-МАМЫР” дастаны.
Шәкәрім шығармашылығында басты орын алатын жанр бұл Абай ұстаздығымен дарыған дастаншылдық яғни поэма жанры. Жалпы Шәкәрім бірқанша поэма жазған және аударған. Олар:“Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек”, “Нартайлақ пен Айсұлу”, “Мұтылғанның өмірі”, “Ләйлі-Мәжнүн”, А. С. Пушкиннен аударған “Дубровский” поэмалары.
Соның ішінде мазмұны және көлемі жағынан “Қалқаман-Мамыр” сәтті жазылған. Поэма тақырыбы қос ғашықтың адал да пәк махаббаты, ғашықтық мұңы және бұған қарама-қарсы рушылдық, ескі нанымыды сұлтауратқан опасыз сатқындардың озбырлығы.
Поэма сюжеті автор өмірінен сәл алдын 1722 жылдары Сыр бойын жайлаған қалың Тобықты руы ішіндегі тарихи оқиғадан алынған.
Демек бұл тарихи оқиға Шәкәрімнің өз руы ішіндегі тарихи дерек болып шығады.
Поэмадағы оқиғалар желісі Орта жүздің белді Арғын руындағы Тобықтының ішінде болып өтеді. Шығарманың тақырыбы жастардың пәк махаббатына беріктігі және соған қарсы рушылдық пен әйел теңсіздігі тақырыбы.
Шығарманың басты кейіпкерлері Әнет баба, Қалқаман, Мамыр, Мәмбетей, Көкенайлардың характеристикасын қаламгер тиімді диологтарда, портреттерде, мінездерде сәтті баяндаған. Шығарма шарықтау шегі екі жастың трагедисымен өрбісе, 1723 жылғы тарихи қазақ сорына біткен “ақтабан шұбырынды оқиғасымен аяқталады.

Поэма сюжетін және тарихи оқиға екендігін білу үшін шежіреден түсінейік.
Мәмбетей
ТОБЫҚТЫ
Кішік
Әйтек
Бәйбішеден
Олжай
Ибраһим (Абай)
Әнет (поэмада
Әнет баба)
Мәмбетей өте бай
болып оның қызы:
ҚАЛҚАМАН
Айдос
1. Ырғызбай
2. Көтібақ.
3. Топай.
4. Торғай.
МАМЫР
Жігітек
Қайдос
1. Үркер.
2. Мырзатай.
3. Жортар.
4. Өскембай
Құнанбай
Шәкәрім
Тоқалдан
Байбөрі
және
Қосымша дерек
Оқиға желісі осы Қалқаман мен Мамырдың шынайы сезімінен өрбиді де, бір рудан болған екі ғашық бір ұшырасқанда Мамыр өз әкесінің өзге біреуге ұзатқалы жатқандығын білдіреді. Бұған көнбейтіндіктерін білдірген қос ғашық ел назарынан тыс жерде қашып өмір сүре береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz