Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Ахмет Байтұрсынов
“Өгіз бен бақа”
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ақын шығармашылығы туралы
оқушылардың таным, білім, көкжиегін
кеңейту. Шығарма мазмұнын ұғындыру.
2. Дамытушылық: Оқушының өз бетінше
салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым
жасаудағы машығын дамыту, ой-өрісін, сөздік
қорларын, ойлау қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: Адам бойындағы жақсы, жаман
қасиеттерді айыра білуге, мақтаншақтық,
көрсеқызарлықтан бойды аулақ ұстауға
тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын тексеру
А.Байтұрсынов “Егіннің бастары”
1-топ. А. Байтұрсынов туралы мәлімет.
2-топ. Мысалдың желісімен сурет салу.
3-топ. Егіннің пайдасы. / эссе жазу /
Ахмет
Байтұрсынов
Өгіз бен бақа
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына,
Мал еді көз тоятын қарасына.
Артықша бір көлбақа күншіл екен
Сол көлдің бақасының араында.
Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,
-Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.
Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:
«Өгіздей болу саған қайда, шырақ,
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ.
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
«Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, -
Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді.
Жолдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпында қараң менен формың», - деді.
Дүниеде мұнан күншіл кемді Бақа,
Зорланды қарнын керіп енді Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа.
Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген
Сөздікпен жұмыс
• Сарша тамыз- өте ыстық
• Бек- өте
• Шырақ- мұнда:
айналайын
• Жырақ- алыс пормың-
формаң, пішінің.
Өлеңді композициялық құрылымға
талдау.
1.Оқиғаның басталуы
2. Оқиғаның дамуы
3. Шиеленісуі
4.Шарықтау шегі
5. Шешімі
Шығарма кейіпкерлеріне талдау жаса
Жағымды Жағымсыз
өгіз бақа
Салыстыру
Өгіз бен бақа Егіннің бастары
Сұрақ-жауап
• Мысал дегеніміз не?
• Өлеңдегң кейіпкер әрекетін қалай
атаймыз?
• Мысалдан қандай ойды аңғардың?
• Мысалдардың қорытындысын айт.
• “Өгіз бен бақа” мысал өлеңінің
негізгі идеясы неде?
Үйге тапсырма
• Мысалды мазмұндау
• Мысал мазмұны бойынша сурет
салу.
• Мысал кейіпкерлерінің
мінездеріне мақал-мәтелдер жазып
келу.
Назарларыңызға
рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz