Генетикадағы зерттеу нысаналары. Дрозофила шыбыны және т. б
Презентация қосу
Генетикадағы зерттеу
нысаналары. Дрозофила
шыбыны және т.б.
• Дрозофила шыбыны — генетикалық зерттеулер
жүргізуге өте қолайлы объект. Себебі, оның
хромосомаларының диплоидты жиынтығы 8, ал
гаплоидты жиынтығы төртеу. Зертханалық жағдайда
+25° жылылықта дарақтардың әр жұбынан
пробиркада өсіріп, 14—15 күн сайын 100-ге жуық
ұрпақ алуға болады.
• Дрозофила шыбыны (Drosophіlіdae) — қос қанаттылар отрядына жататын
жәндіктердің бір тұқымдасы. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.
Денесінің ұзындығы 1,5 — 4 мм. Дернәсілдері бұзыла бастаған жеміс
қалдықтарында, өсімдік шірінділерінде, ағаш шырынында,
саңырауқұлақтарда, т.б. өсімдік текті заттарда (8 — 10 күнде) дамып жетіледі.
Жеміс шыбынының генетика, физиология, цитология ғылымында тәжірибелік
зерттеулер жүргізуде маңызы зор. Тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеуге
пайдаланылады.
Дрозофила (Drosophіla) — жеміс
шыбындары тұқымдасына жататын
жәндіктер. 1000-нан аса түрі бар.
Барлық жерде, әсіресе, көкөніс-
жеміс сақтайтын қоймаларда
кездеседі. Дрозофилалар — ұсақ
жәндіктер; көзі қызыл, тұрқы 2 —
3,5 мм-дей. Олар өсімдіктердің
шырынымен және шіріген
органикалық заттармен, ал
дернәсілдері
микроорганизмдермен
қоректенеді.
Т.Морган заңдылықтары.
• Американдық генетик Т.Морган тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін
қалады. Мендельдің үшінші заңы —“Белгілердің тәуелсіз ажырауың гендердің әр түрлі жұп
хромосомаларда орналасуына байланысты болады. Алайда, кез келген организмдерге тән
гендер саны хромосома санынан әлдеқайда артық болады. Мұндай жағдайда ол гендердің
тұқым қуалауы немесе белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі қалай жүреді деген сұрақ туады.
Бұл сұрақтың жауабын Т.Морган 1910—1915 жылдары өзінің шәкірттерімен бірге жеміс
шыбыны — дрозофилаға жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде анықтады.
• Дрозофила шыбыны — генетикалық зерттеулер жүргізуге өте қолайлы объект. Себебі, оның
хромосомаларының диплоидты жиынтығы 8, ал гаплоидты жиынтығы төртеу. Зертханалық
жағдайда +25Ә жылылықта дарақтардың әр жұбынан пробиркада өсіріп, 14—15 күн сайын
100-ге жуық ұрпақ алуға болады. Морган бір хромосомада орналасқан гендердің бір-бірінен
ажырап кетпей, көбіне бірге тұқым қуалайтынын анықтады. Оны мына тәжірибеден көз
жеткізуге болады. Р. ВВVV жетік қанатты сұр шыбын мен bbvv шала қанатты қара шыбынды
алып будандастырды. Сонда бірінші F1 ұрпақтағы будандық дарақтардың барлығы біркелкілік
заңына сәйкес генотипі ВbVv дигетерозиготалы, фенотипі бойынша жетік қанатты сұр денелі
шыбындар болып шықты. Морган осы бірінші ұрпақтағы дигетерозиготалы аналық шыбынды
қайтадан шала қанатты қара денелі аталық шыбынмен кері будандастырғанда, екінші ұрпақта
төрт түрлі фенотиптері бар дарақтар алған (113-сурет). Олардың пайыздық мөлшерлері әр
түрлі: 41,5% жетік қанатты сұр денелі, 41,5% шала қанатты қара денелі шыбындар, ал 8,5%
шала қанатты сұр денелі және 8,5% жетік қанатты қара денелі шыбындар болған.
• Демек, дрозофиланың
17%-ы ата-
аналарына мүлде ұқсамай
жаңа белгілерге ие болған.
Ендеше, ата-аналарына
ұқсас жетік қанатты сұр
шыбын мен шала қанатты
қара шыбынның бірдей
қатынаста болуы, яғни
83%-ы осы аталған
белгілерді анықтайтын
гендердің бірлесіп, тіркес
тұқым қуалайтынын
көрсетеді. Бұл құбылысты
— Морган гендердің
тіркесуі немесе тіркесіп
тұқым қуалау заңы деп
атады.
Дрозофиланың дамуы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz