ОМЫРТҚАЛЫ ЖӘНЕ ОМЫРТҚАСЫЗДА РДЫҢ БАС МИЫ ЭВОЛЮЦИЯСЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМА
Презентация қосу
ОМЫРТҚАЛЫ
ЖӘНЕ
ОМЫРТҚАСЫЗДА
РДЫҢ БАС МИЫ
ЭВОЛЮЦИЯСЫНА
САЛЫСТЫРМАЛЫ
СИПАТТАМА
МИ
('дұрыс айтылуы — мый)
—сүтқоректілерде мінез-
құлыққа жауапты орталық
нерві жүйесінің меңгеру
торабы.
Ми баста бассүйек
қуысында орналасады. Ол
мынадай бөлімдерден
тұрады: сопақша ми, ми
көпірі, мишық, ортаңғы
ми, аралық ми және үлкен
ми сыңарлары.
МИ БӨЛІМДЕРІ
Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік
ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі:
бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми),
қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары)
және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың
бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда
болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми
ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:
сопақша ми;
мишық (артқы ми);
ортаңғы ми;
аралық ми;
алдыңғы ми сыңарлары.
Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы.
Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті
жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты
сыртында, сұр заты ішкі жағында
орналасады. Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ
затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады.
Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір ми
қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру,
көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр
затында тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін
орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша
мидың рефлекстік қызметі күрделі.
Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану
(жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді жыпылықтату); 2)
тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек пен
қантамырлар жұмысын реттеу; 4) өз-өзінен жұмыс істейтін
тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту
ақпараттарын басқарады. Жұлын сияқты сопақша ми
қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер
сопақша ми зақымданса, тынысалу мен жүректің
тоқтауынан адам тез өліп кетеді.
СОПАҚША МИ
Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми
көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына
орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды
байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі
дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан
бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы
алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын
жұлынмен және мишықтың қыртысымен
жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары
(нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының
сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін
хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау
мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми
көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас
бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын
реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық -
сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында
жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген
қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр
заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың
мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке
жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады.
Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын
реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол
бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін
сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның
қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі
бұзылады.
МИШЫҚ
Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында
орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін
жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары
және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде
пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан
дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды
реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан
басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-
ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту
(VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).
Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады.
Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты
аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар.
Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін
қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми
сыңарларының қыртысына өтеді.
МИ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан
өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми
бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың
арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет
атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар
түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен
мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.
Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады,
олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.
Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек
қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша
ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему
процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты
қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне
байланысты болады.
Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті
сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ
затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген
бөлімдерімен байланысады.
Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты
қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан
айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай
адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар
мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы
сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.
Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық
еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың
шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді.
Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау
рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы
өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені
тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.
Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны
түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми жүйкелері
таралады.Нервтер миды баста орналасқан сезім
мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен
байланыстырады.
Нервтердің бір жұбы — кез келген жүйке миды ішкі
мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б
байланыстырады.
Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті:
І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді
жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі
(хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің
одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу)
жүйенің жетілуіне байланысты. Мидың филогенездік І-кезеңінде үш:
артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан
кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми
мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының
өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас
қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының
әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да). ІІІ-
кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты
алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып,
аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан
құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының
жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан
әрі қарай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын
барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып,
ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты. Адамда мидың одан әрі
дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам
миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады,
көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың
салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы, дарындылығы
деңгейлес екі жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының
салмағы – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салмағы – 1017 г.[1]
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа
салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен
көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы
мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20
жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға»
болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру
нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер
көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты
шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз
алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің
үдерістері жетіле түседі.
Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан
айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты
сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты
тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны
«ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды
жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы
өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.
Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми
қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық
болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми
ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.
ОМЫРТҚАЛЫЛАР
МИЫНЫҢ ДАМУЫ
Балықтардан бастап жүйке жүйесі ми және жұлын болып
екі ірі бөлімнен тұрады (2-сурет). Ми бассүйектің ішінде
орналасқан. Ол бес бөлімнен тұрады: алдыңғы ми, аралық
ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми (3-сурет). Сопақша ми
омыртқа жотасының өзегінде орналасқан жұлынмен
жалғасады. Ми мен жұлын көптеген жүйке тармақтары
арқылы балық денесінің барлық мүшелерімен байланысады.
Жүйке тармақтары
3-сурет. Балық пен бақаның жүйке жүйесі.
Балықтың мінез-қылығында шартсыз және шартты рефлекстер
білінеді. Балық уылдырықтан шығып, өздігінен тіршілік ете
бастағанда жемін іздеп, тауып жейді. Бұны оған ешкім үйреткен жоқ.
Бұл туа пайда болған шартсыз рефлекс. Егер аквариумдағы
шабақтарды әуелі шам жағып, содан кейін аквариумның бір
бұрышына жем тастаса, шабақтар ол жемді бірден көреді де, келіп
жей бастайды. Осылай 2-3 рет қоректендіріп, келесіде жем тастамай-
ақ тек шам жанса, олар сол бұрышқа жүзіп келіп, жиналып жем
іздейді. Мұны шартты немесе жүре пайда болған рефлекс дейді.
Балықтардың мінез-қылығы өте күрделі, олар шартты және шартсыз
рефлекстер арқылы айналадағы орта жағдайларын жақсы бағдарлап,
соған сәйкес жауап қайтарады. Балық миының біршама жақсы дамуы
сезім мүшелерінің де жетілуіне әсер еткен. Оның екі көзі бар. Көзі
бұлшықеттер арқылы жоғары, төмен, алға, артқа қимылдап, төңірегін
толық көре алады. Бастың алдыңғы жағындағы екі танау тесігі
арқылы иісті сезеді. Аузында, бүкіл денесінің сыртында сезімтал
жасушалар көп болғандықтан дәмді, жолында кездесетін
кедергілерді, т. б. жақсы ажыратады. Мұрты сипап сезу қызметін
атқарады.
Балықтың есту мүшесі бассүйектің ішінде болады, сырттай қарағанда
байқалмайды. Ол қатты дыбысты естиді.
Балықтардың бәрінде ерекше мүше – бүйір сызығы болады. Бүйір
сызығы су ағынының бағытын, күшін, сүңгу тереңдігін сезінуге
мүмкіндік береді. Осы мүше арқылы су астындағы кедергілерді
түйсініп, олардан айналып өтеді.
Қосмекенділердің жүйке жүйесінің (3-сурет) құрылысы, бөлімдері
жағынан балықтікімен бірдей, тек әр бөлімнің мөлшерінде ғана
аздаған ерекшелігі болады. Мысалы, қосмекенділердің біркелкі ғана
қимылдауы мишықтың нашар жетілгендігінен. Бірақ алдыңғы миы
оң және сол ми сыңарларына жіктеліп, балықтарға қарағанда ірі
келеді.
Осындай ерекшеліктеріне байланысты қосмекенділердің кейбір
сезім мүшелері жақсы дамыған. Мысалы, көзі айналадағыны жақсы
көреді. Көздің қасаң қабығы дөңес, ал терілі қабақтары көзді ылғал
мен ластанудан қорғайды. Көз бұршағы қос дөңесті линза пішінді.
Бақа дыбысты жақсы естиді. Құлағы дабыл жарғақшасынан, есту
сүйекшелері бар ортаңғы құлақтан және іші сұйықтыққа толы
иірілген үш түтікшелі ішкі құлақтан тұрады. Дыбыс жарғақшаны
тербеліске келтіреді де, бұл тербеліс есту сүйегіне өтеді. Одан
ортаңғы құлақ қуысы арқылы ішкі құлақ иірімдеріндегі сұйықты
тербетеді. Дыбыс жүйке жүйесіне жетіп, қабылданады. Бақа
(құрбақа) соған сәйкес әрекет жасап қозғалады.
Жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің де жүйке жүйесінің
бөлімдері, атаулары (4-сурет) балықтар мен қосмекенділердікіндей.
Тек кейбір бөлімдерінің күрделенуіне байланысты мінез-қылығы да,
тіршілік әрекеттері де күрделенеді.
1. Балықтың миы 2. Бақаның миы 3. Жорғалаушының миы
Құстың миы Сүтқоректінің миы
4-сурет. Омыртқалылардың миы.
Жануарлардың тіршілік әрекеттерінің мінез-құлығы күрделенуіне жекелеген мысалдар
келтірейік.
Австралияда тіршілік ететін жабайы қоқыс тауығы деген тауықпен туыстас құс бар.
Жұмыртқа салуға байланысты ұя дайындау, ондағы жұмыртқаларға қолайлы жағдайлар
жасап бақылау, ұя орналасқан жерді қору сияқты жұмыстармен қоқыс тауығының қоразы
айналысады.
Қораз көктемде тереңдігі 1,5 м, көлемі 2,5 м 2 шұңқыр ін қазып, оны шөп-шаламмен
толтырады. Алғашқы жаңбырмен үйінді ылғалданған кезде құс оның үстін майда құммен
жабады. Осының бәріне 3,5-4 айға жуық уақыт кетеді. Қоқыс үйінді шіріп, ұяның қызуы
тез көтеріледі. Тек тамыздың аяғында ғана қораз жұмыртқа салу үшін ұяға қоқыс
тауықтың мекиені келеді. Ол үшін үйіндінің ортасын үңгіп, шұңқыр жасайды да, мекиен
соған әр 4 күн сайын келіп жұмыртқалайды. Қоразы келіп ұяны ашады да, мекиені
кеткен соң жұмыртқаларды мұқият жабады. Жұмыртқа саны 20-30-ға жеткенде мекиен
қайтып ұяға оралмайды. Қораз ұя қасындағы бұта басында қонақтайды, әрі осы төңіректе
қоректенеді.
Таң қылаң бере қораздың жұмысы басталады: қоқыстың үстін жапқан құм қабатын
тазартып, ұяның үстін ашады. Ұя іші сәл салқындаған кезде оны қайтадан құммен үйіп
жабады. Құм қабатының қалыңдығы 30-40 см болады. Күз басталғанға дейін қораз күн
сайын әдетін қайталайды. Осы арқылы қоқыс арасындағы, ұядағы қызуды қалыпты күйде
(тым салқын, не тым ыстық болып кетпеуін) сақтайды. Оны қораз тұмсығымен
анықтайды.
Күзде күн сайын түс кезінде қораз үстіңгі құм-қоқыс қабатын сырып алып тастайды да,
тек жұмыртқа үстіндегі 4 см ғана қалыңдықтағы қабатты қалдырады. Күннің жылуы
ұядағы жұмыртқаны біраз қыздырғаннан кейін құс ұя үстін қайта жабады. 60 күн дегенде
ең алғашқы салынған жұмыртқадан ширақ балапан шығады. Ол бірден үйіндіні үңгіп,
ұяның үстіне көтеріледі де, дереу таяу жердегі бұталы тоғай, орманға жүгіре жөнеледі.
Бұл балапан дәл сол күні кешкілікте ұшып, өздігінен қорегін таба алады. Әр
жұмыртқадан 60 күнде балапан шығады. Жұмыртқалардың бәрінің бір күнде ұяға
салынбағанын да естен шығармаңдар. Сондықтан 20-30 жұмыртқадан балапан шыққанша
едәуір уақыт кетеді. Ең соңғы балапан шыққан соң қораз ұяны жаңадан қайта жұмыртқа
салуға дайындау жұмысына кіріседі.
БАС СҮЙЕКСІЗДЕР
НЕМЕСЕ ОМЫРТҚАСЫЗДАР (АСГ
АПІА). БҰЛ ТИП ТАРМАҒЫНА БАС
ХОРДАЛЫЛАР ДЕП АТАЛАТЫН БІР
ҒАНА КЛАСС ЖАТАДЫ.
Хордалылардың баска жануарлардан басты айырмгшылығы мыналар: хордасынемесе
арка желісінің (chorda dorsalis) болуы. Омыртканың қызметін атқаратын, серпімді,
бұнакталмаган, иілгіш, денесінің ұзын бойына созылған сым тәрізді желініхорда деп
атайды. Ол ішінде вакуолы көп ерекше тканьнан кұралады. Хордаұрықтық ішек
түтігінің арка жағынан бөлініп пайда болады, сондыктан хорданыэнтодерма кабатынан
түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағыхордалыларда (асцидиялар
мен сальпылардан баска) өмір бойы сакталса, ал жоғары сатыдағы хордалыларда ұрык
дәуірінде болады да, ересек жануарлардаомыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі
куысын — невроцель (neurocoel) деп атайды. Хордалыларда
ұрыктың нерв түтігіэктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады (1-
сурет). Ас корытутүтігінің алдынгы бөлімі, сырткы ортамен екі катар саңылаулар
аркылы катысады, оларды — желбезек санылаулары деп атайды. Желбезек
саңылаулары судатіршілік ететін төменгі сатыдагы хордалыларда
да өмір бойы сакталады, баска хордалыларда ұрыктык даму кезінде болады.
ЛАНЦЕТНИК ХОРДАЛЫЛАРДЫҢ
ӨКІЛІ (ВRАNСНІ0SТОМА
LАМСBОLАТUМ)
Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатьң
бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан
нерв түтігі болады, Нерв түтігінің бас жақ бөлімі-нің ішкі
қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл
қуысты — невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының
даму кезінде невроцель сыртқы ортамен —
невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек
ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына
дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында оязы қалады,
оны иіс оязы деп атайды. Бүкіл нерв түтігі бойымен,
невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш — Гессе
көзшелері орналасқан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі
клеткадан тұрады. Біріншісі — жарық сезгіш клетка, ал
екіншісі — пигментті клетка. Ланцетник миының
барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Перифериялық
нерв системасы ми түтігінен кететін нервтерден
құралады.
БАС МИЫНЫҢ
ДАМУЫНДАҒЫ
АҚАУЛАР
ТАЛМА АУРУЫНЫҢ ГЕНЕТИКАСЫ
Талма (эпилепсия) ауруымен бүкіл әлем бойынша 20-дан 40
миллион дейін адамдар ауырады. Еуропада бұл аурудың әртүрлі
жас аралығында кездесу жиілігі 100000 адамға шаққанда 40-70
аралығында анықталады. Аурудың ең басым көрсеткіші бір
жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Алғашқы талма 75 пайыз
жағдайда 18 жасқа дейін дамиды. Ең минималды жиілігі 30
және 40 жас аралығында, ал қарт адамдарда бұл көрсеткіш
қайта жоғарылайды. Талма ауруы 12-20 пайыз жағдайда
жанұялық сипатта болады. Талма ауруы ерте заманнан белгілі.
Біздің заманымызға дейін 400 жылдары Гиппократ осы талма
ауруына арналған бірінші трактатын «Қасиетті ауру» жазды.
Бұл ғұлама дәрігер талма ауруының табиғатын
тұқымқуалаушылық пен бас миының ақауларымен
байланыстырды. Ал, талманың дамуын бас миының
тығыздығын өзгертетің күн сәулесімен, жел және суықпен әсер
етеуінен-, деп есептеді. Қазіргі заманғы түсінік бойынша талма
ауруы мультифакторлы аурулар тобына жатады. Патогенезінде
бас миындағы эпилептикалық ошақта нейрондардың шамадан
тыс қозуының салдарынан клиникалық көрінісінде
қайталамалы жайылған талманың дамуымен сипатталады.
Клиникалық көрінісінің әртүрлігіне байланысты
біріңғай жіктеу мүмкін емес. Халықаралық талма
ауруына қарсы ұжымның (ILAE) 1989 ж. конгресінде
қабылданып, ең кең түрде таралған Халықаралық
жіктеу негізінде екі принцип ұсталған. Ол орналасуы
және этиологиясы. Этиологиялық белгі бойынша
барлық талма ауруы идиопатикалық, симптоматикалық
және криптогенді болып бөлінеді. Талманың
идиопатикалық түрі жеке ауру болып табылып,
талманың дамуы басқа аурулар әсер етпейді және бас
миында зақымдану анықталмайды. Бұл талма түріне
генетикалық және қоршаған ортаның факторлары әсер
етуімен байланысты болып келеді. Симптоматикалық
талмада этиологиясы белгілі және бас миының
морфологиялық бұзылуымен (бас ми ісігі, бас
миындағы тыртықтар, глиоз және т.б) байланысты
болып келеді. Криптогенді тірінде талманың даму
себебі белгісіз болады. Анатомиялық белгілері мен
сипаты бойынша талма ауруы жайылған және
жергілікті (фокальды) деп бөлінеді.
ТАЛМА АУРУЫНЫҢ ДАМУЫНДА
ГЕНЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Генетикалық тұрғыдан алғанда талманың идиопатикалық түрі қызығушылық
білдіреді. Идиопатикалық талма ауруы түрінде тұқымқуалаушылықтың ролі
дизиготты егіздерге қарағанда монозиготты егіздерде конкорданттылықтың жоғары
болуы сипаттайды: сәйкес алғанда 94,7 және 15,4%. Жүргізілген көптеген клинико-
генеологиялық зерттеулер (талма ауруы бар жанұяның шежіресін құрастырып,
анализ жүргізу) нәтижесінде талма ауруы бар жанұяда 3-4% кездесіп, жалпы
популяцияға қарағанда 2-4 есе жоғары екендігі дәлелденген. Атақты эпилептолог
Lennox W 1951 жылы спайк-комплекс талманың көптеген түріне тән екендігін
көрсетіп, тұқым қуалаушылықтың белгісі деп есептеген. Осы жағдайды есепке ала
отырып талмамен ауыратың науқыстардың электроэнцефалографиялық ритмдер
сипатын зерттеуге негіз болды. Сонымен қатар, талма ауруының тұқымқуалаушылық
табиғатына жас ерекшеліктері де әсер етеді. Қазіргі кезеңде талма ауруының
дамуына алып келетің барлық белгілі гендер ион каналдарының әртүрлі бірліктері
кодталуда. Талма ауруына осындай бірнеше гендердің тобын бөлуге болады:
рецепторлық және потенциал тәуелді ион каналдары. Оларға натрий, калий, кальций,
хлорлы каналдар гені; тежеу және қозу нейромидиаторының гендер (ГАМК,
серотонина); рецепторлар мен тасымалдағыштар гені; нейрон қабаты арқылы
нейромидиаторлардың тиімді берілуін атқаратың ақуыз өнімдері жатады. Барлық
аталған гендер тобы жеке түрде немесе бір- бірімен қосылып талманың дамуына
ықпал етеді. Қазіргі заманғы молекулярлы-генетикалық әдістер арқылы талма
ауруының кейбір түрлерін нөмірлеуге мүмкіндік берілді (яғни талманың дамуына
әкелетің геномда орналасқан жері). Талманың осындай түрлерінің мысалы ретінде: •
қатерсіз неонаталды талма • ювенильді миоклоникалық талма • аутосомды-
доминантты түнгі маңдай талмасы. Басқа көп факторлы аурулар сияқты
идиопатикалық талма түрінде геннің белгілі бір хромосомалық бөлігінде
орналасуында екі негізді қолданады: функциональді (кандидатті) және
позиционды нөмірлеу.
Кандидатты нөмірлеу кезінде гендердің
полиморфты түрлерімен бірлескен ауруларға
анализ жүргізеді. Позициялық нөмірлеу
кезінде тұқымқуалаушылыққа бейімділіктің
генің идентификациялау ауруды белгілі
хромосомалық жағдайдың кез келген
маркерімен байланыстыру арқылы жүргізіледі.
Жоғары информациялы генетикалық
маркерлердің кеңейген жиынтығымен
қызықтыратың ауруға байланысқан анализ
жүргізуде «толықгеномды» скрининг тиімді
болып табылады. Бұл әдіс арқылы талманың
келесі түрлері анықталған: Унферрихт -
Лундборг миоклонус-талмасы, нейрональді
цероидті липофусциноз, аутосомно-
доминантты маңдай талмасы түнгі ұстамамен.
Талма ауруы бар науқастың жанұясына медико-
генетикалық кеңес беру мақсаты сибстер (аға және
қарындас) үшін және пробанданың (науқас)
баларына талманың даму қаупін анықтау. Ол үшін
шежіре туралы және аурудың басталған кезеңің
есепке ала отырып, сонымен қатар талманың
сипатына толық мәлімет жинау қажет. Келесі
жағдайда кеңес беру маңызды болып табылады: •
Талманың ерте жаста басталуы. Жағдайдың
тұқымқуалау себебін жоққа шығару үшін қосымша
генетикалық тексеруді қажет етеді. • Талмамен
ауыратын науқастарды жүктілік қауіпті фактор
болып табылады. Сондықтан да медико-
генетикалық кеңес берудің екінші маңызды
мақсаты болып талма диагнозы анықталған
әйелдерге жүктіліктің мүмкіндігі жайлы және
баланың туылуы мен ұрыққа талмаға қарсы
дәрілердің әсері жайла кеңес беру болып табылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz