Өсімдіктердің биотехнологтардың қадағалауынан шығып кету қауіпі
Презентация қосу
Өсімдіктердің биотехнологтардың
қадағалауынан шығып кету қауіпі
Генетикалық түр өзгерген
өсімдіктерден келетін негізгі қауіптер
1. Генноинженерлік дәнді дақыл
өсімдіктерінің арам шөптерге
айналуы.
2. Тағамдық немесе азықтық
құндылығының жойылуы.
3. Әртүрлі ауруларды тудыруы.
4. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізуі.
Гендік инженерленген дәнді
дақылдардың арам шөптерге айналуы
2012 жылы гербицидтердің химиялық құйылуына төтеп беру
үшін 154 млн акр жерге гендік модификацияланған соя,
жүгері, жоңышқа, мақта, рапс және қант қызылшасы егілген.
Нәтижесінде, қазіргі кезде егістік жердің үштен бір бөлігін
арамшөптер алып жатыр және олар пестицидтер сепкеннен
кейін де өлмейтін проблемалық өсімдіктер болып табылады.
Өйткені, гендік модификацияланған өсімдіктерді егер
алдында арамшөптерді жою үшін құрамында өте белсенді зат
Раундап болатын глифосаттың үлкен дозасы себіледі. ГМО
өсімдіктер дің бір бөлігі келесі жылы арам шөпке айналады,
және олар пестицидтерге төзімді болады.
ГМ өсімдіктердің азықтық құндылы-
ғының жойылуы
ГМ өсімдіктер ең жиі қолданылатын гербицидтің
түрі глифосат өсімдік құрамындағы ЕПШФ синтаза
ферментіне әсер ете отырып, маңызды ароматтық
аминқышқылдарының синтезін тоқтатады.
Нәтижесінде өсімдік иісін шығаруды тоқтатады.
BASF компаниясы “Амфлора” атты картоптың ГМ
түрін шығарған, ол құрамындағы
амилаза(крахмалдың бір түрі) синтезін тоқтатып,
тек қана өндіріске жиі қолданылатын
амилопектинді жинайды. Нәтижесінде ұзақ
сақталатын, қағаз және химия өндірісінде
қолданылатын картоп пайда болған.
ГМ өсімдіктердің адам денсаулығына
қауіп тудыруы
ГМ өсімдіктер вирусты және ауру шақыратын бактерияларға төтеп бере алады. Алайда
вирустар мен қауіпті бактериялар толығымен жойылмайды өсімдіктің құрамында
қалып қояды да, адам азық ретінде қолданған кезінде түрлі аурулар тудыруы мүмкін.
Глифосаттың аз мөлшері эстроген гормонының көп бөлінуіне әсер етеді де, сүт
бездеріндегі рак клеткаларының өсуіне әкеледі. Және ол үшін глифосаттың өте аз
мөлшері жеткілікті екені зерттелген.
ГМ өсімдіктер әйелдердің табиғи түсік тастауына әсер етеді. Зерттеулер бойынша
Канададағы 93% дүниеге келмеген балалардың қанының құрамында ГМ өсімдіктердің
құрамында кездесетін токсиндер табылған. Нәтижесінде түсік тастаған 93% әйел
адамдар ГМ тағамдар қолдана отырып, ішіндегі балаға өсімдіктегі токсиндерді беріп
отырған, соның кесірінен балалар дүниеге келмей шетінеп кеткен.
Сонымен қатар, ГМ тағамдар ұзақ сақталуы үшін шаянның, балықтардың және т.б.
жәндіктер мен жануарлардың гені енгізіледі. Алайда ГМО тағамды қолданатын адамда
шаянға немесе теңіз тағамдарына аллергия болуы мүмкін, нәтижесінде ГМ тағамдар
аллергиялық реакциялар тудырады.
ГМ өсімдіктер әртүрлі ауру тудыратынын біле отыра, Биотехнологиялық компаниялар
аурудың алдын ала алмайды.
Қоршаған ортаға кері әсерін тигізуі
ГМ өсімдіктердің егістікте өсірілуі қоректік тізбекті бұзушы
болып табылады. Өйткені пестицидтерді себу арқылы
насекомдардың көп бөлігін өлтіреді, яғни табиғи жолмен
өсірілетін өсімдіктердің тозаңдануына, өсуіне әсер ететін
насекомдар саны азайып, өсімдіктердің кейбір түрлері
жойылуда.
Агрохолдингтер мен фермерлер глифосатты көп мөлшерде
пайдаланады. Нәтижесінде глифосат ауа және жауын шашын
құрамынан табылған. Және бұл адам денсаулығы үшін қауіп
төндіреді.
Глифосат фотосистема ІІ аймағында болатын электрондардың
тасымалдануын болдырмайды, яғни фотосинтез процесі
толық жүрмейді. Бұл ауаның ластануына әкеледі.
Қорытынды
ГМ өсімдіктерді өсіру өте арзан болғанымен, адам
денсаулығына қауіп төндіреді және тағамдық құндылығы
өте төмен. ГМ өсімдіктердің әсері әлі толық зерттелмеген,
сондықтан егер ГМ өсімдіктер кері әсерін тигізген
жағдайда Биотехнологиялық компаниялар жауап бере
алмайды және оның алдын ала алмайды.
ГМО технологиясы дамып келе жатырғанмен, ол өте жас
әрі сенімді емес. Зерттеуші ғалым Говард Влиегердің
айтуы бойынша, өсімдік құрамына бір геннің орнына екі
ген орналастыру қаупі бар, яғни артық ген адам
денсаулығына қауіп төндіреді.
Ғылымда ауылшаруашылық дақылдардың геномы және
генетикалық, биохимиялық, жасушалық құрылымдары өте
аз зерттелген. Тіпті ең қауіпсіз ген енгізілді деген
жағдайда да токсинді немесе тағамдық құндылығы өте
төмен егін алуға болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz