Ірі қара малдың экстерьерін және конституциясын бағалау әдістері мен көрсеткіштері


Slide 1

Тақырыбы:Экстерьер мен конституция бойынша ІҚМ тұқымдарын бағалау

Орындаған :Жаксылыкова А. Б.

Slide 2

Ірі қара малдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және оның асылдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник-селекционердің тәжірибесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы білуі қажет, сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінді мәліметтер болғанда ғана малдың сырт пішіні дұрыс бағаланады. Малдың, эктерьері, анатомиялық ерекшеліктері және алынатын өнімі арасында тығыз байланыс бар. Осыған орай, малды сұрыптау кезінде одан алынатын өнім мөлшерін есепке алып қана қоймай, малдың эктерьеріне да көңіл аударып, сынаған жөн.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

. Малдың дене пішінің бағалаудағы ең негізгісі болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін(конститтуциясын), әрі денсаулығын және тағы басқаларын анықтайдығәрі малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалаудың өзі екі түрге бөлінеді:біріншісі:малдың мүшелерін жеке-жеке сипаттап, оның мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерінің балмен бағалау, сосын жалпы қорытындысын шығарады.

Slide 6

Малдың әр мүшесін өлшей бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін -11, орташа дене өлшемі -18. Бірақта дене өлшемі дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбене бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданылады.

Slide 7

Графикалық тәсіл.

Бұл тәсілдердің негзі, мысалы бір дене өлшемін 100 пайыз деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығын соған пайызбен шаға анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 пайыз деп алынған дене өлшемі түзу линия болады нәтижесінде 2-3 топтың дене пішінің салыстырмалы бағалары анықталады.

Slide 8

Фотографиялық тәсілмен бағалау.

Әсіресе асыл тұқымды малдарды фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор.

Slide 9

Сүтті бағыттағы сиырлардың эктерьері.

Дене бітімі мен экстерьері сиырды жан-жақты сынау үшін бірден-бір қажет көрсеткіш. Сиырдың эктерьерінен оның денсаулығын, тұқым ерекшеліктерін айқындайтын, қалыпты физиологиялық қызметіне әсерін, денедегі кемшіліктер мен ерекшеліктер жөнінде мәлімет алуға болады.

Slide 10

М. И. Придорогин, П. Н. Кулешов, М. Ф. Иванов, Е. Ф. Лискун секілді белгілі ғалымдар әр түрлі өнім бағытындағы ірі қараның эктерьеріне олардың өзіне тән талап қойылуы керектігін айтады, өйткені әр түрлі өнім бағытындағы ірі қараның түрлі дене мүшелері бірдей жетілмейді де, оған қойылатын талап та түрліше болуы керек. Сонымен қатар қандай өнім бағытындағы мал болмасын, олардың денінің саулығына көңіл аударылуы тиіс.

Slide 11

Дене бітімі мал денсаулығының көрсеткіші болып табылады. Олай болса мал кеудесінің кеңдігі және салмақтылығы, арқасының түзулігі, сүйектерінің мықтылығы, барынша жүндестігі, жұмыр, жылтыр мүйізділігі, дене мүшелерінің бір-біріне сайлылығы, сергектігі, өміршеңділігі міндетті түрде есепке алынатын көрсеткіштер.

Slide 12

Сүтті бағыттағы ірі қараның эктерьерінің ерекшеліктері мынадай:

Басы жеңіл, ықшам, жағы ұзынша, тар маңдай, мойыны ұзын, әрі жіңішке, терісі тығыз, мойын терісі жұқа, қатпарлы, жоны түзу, ұзын, белі мен сауыры да барынша ұзын, бөксесі кең, сирақтары түзу, буындары ісіксіз, тұяғы жылтыр, мықты, тұлғасы созылыңқы. Шоқтығы биік, ұзын, құйрығы жіңішке, үзын шашақты. Кеудесі кең, қабырғасы жіңішке омыртқасына көл бей біткен. Қабырға аралығы алшақ, қарны сиымды, үрген қуық тәрізді, терісі жұқа, май қабатынсыз.

Slide 13

Сиырдың бөксе бөлігі жақсы дамыған. Желіні көлемді болғанымен, сауыннан кейін босап, жақсы қайтады. Оның пішіні тегене тәрізді, бауырын бойлап алға- артқа жақсы жайылған. Емшектері жарылмаған, ұзындығы 6-8 см мөлшерінде, жуандығы 2-3 см, бір-бірінен алшақ орналасқан.

Сүтті бағыттағы малдың басы үлкен, мойынын ет басқан, қысқа белі қайқы, тар кеуде, сауыры төмен немесе көтеріңкі, сирақтары маймақ, немесе алшақ, ет желін болса оны аса үлкен кемшілік деп санайды.

Slide 14

Сырт пішінде кездесетін ақаулар мен кемшіліктер.

Сүтті бағыттағы сиыр малын сынағанда оның мына кемшіліктеріне көңіл аударылады:

Жалпы жетілмегендік, өзінің тұқымына, типіне, өнімділік бағытына сай еместік, жынысына сай жетілмегендік (бұқа басты сиыр, сиыр басты бұқа), тар кеуделік, қайқы белдік, немесе бүкірлік, тар құрсақтық, қысқа, салбыраңкы, тар сауыр, маймақтық, желіні жетілмегендік, аяқтарын дұрыс баспаушылық. Әрбір дене мүшесінің мәні, маңызы бар екендігін естен шығармау керек. Сүтті бағыттағы мал мен етті бағыттағы малдың аттас дене мүшелерінің арасында да едәуір айырмашылық бар.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың сүт және ет өнімділігі: анықтау және есептеу әдістері
Ірі қара малдың бронхопневмониясы: этиология, клиника, диагностика және емдеу
Ірі қара малдың зәр бөлу жүйесінің анатомиялық, гистологиялық және функционалдық ерекшеліктері
Ірі қара малдың қант қызылшасымен улануы: клиникасы, емі және алдын алу шаралары
Қазақстандағы ірі қара мал тұқымдарының етті және сүтті бағыттары: сипаттамасы мен өнімділік көрсеткіштері
Ірі қара қарасаны: патогенезі, клиникалық белгілері және сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитарлық бағалау
Ірі қара мал өлексесін патологоанатомиялық сойып-зерттеу әдістері мен хаттама құрастыру
Малдың дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау әдістері
Өндірістің экономикалық тиімділігі: көрсеткіштері мен бағалау әдістері
Қазақстандағы ірі қара мал тұқымдарының өнімдік бағыттары мен тұқымдық сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz