Жүрек-тамыр аурулары. Алғашқы көмек
Презентация қосу
Жүрек-тамыр аурулары.
Алғашқы көмек
Орындағандар: Есенова Аяжан
Қуанышбекқызы Назерке
Жилкибекова Айганым
Қазбек Дана
Қонақбаева Ақбота
тур-17 тобы.
Тексерген: Масенов Қайрат Бағашарлы.
Жүрек-қан-тамырлар жүйесінің орталығы. Ол адам
ағзасының кеуде тұсында көкірек қуысының сол жақ
тұсында орналасқан, піші конус тәрізді, салмағы 250-300
гр маңызды мүше.
Жүрек үш қабаттан тұрады:
1) Эпикард-сыртқы қабат
2) Миокард-бұлшық етті қабат
3) Эндокард-ішкі қабат. Жүрек төрт бөлімнен тұрады. Екі
жүрекше(оң жақ, сол жақ) Екі қарынша (оң жақ, сол жақ)
Араларын қақпашалар жауып тұрады.
Жүрек-тамыр аурулары.
Қан қысымының өзгеруі
Адам қартайған сайын артерия қантамырлары
қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып,
тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз
келеді, артерия қантамырларында қан қысымы
жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек
ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз
қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты
көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін. Миға
қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары
зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ
әлсізденіп сал болады.
Адамда қан қысымы көтерілсе не төмендесе, нәруызы
бар тағамды аз пайдалану керек. Күніне 8-9 сағат
ұйықтау, ашуланбау, таза ауада көбірек жүру жүрек-
қантамырлар жүйесіне өте қолайлы.
Есенова Аяжан
Вена қантамырларының кеңеюі
Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары
кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сыртынан түйін-түйін
болып көзге айқын білінеді. Вена қантамырларында қан қысымын жоғарылатады.
Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды. Қанқатпа
ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.
Жүрек кемістігі
Жүрек кемістігі жүрек қақпакшаларының зақымдануынан болады. Жүрек
кемістігі туа пайда болған және жүре пайда болған деп 2-ге бөлінеді. Туа пайда
болған кемістік іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан
туындайды. Ондай ақаулық жүректің жүрекшелерінде байқалады. Жүре пайда
болған кемістік жұқпалы аурулардың әсерінен де болады.
Қуанышбекқызы
Жүрек қызметінің тоқтауы
Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр
Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау.
Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп
тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. -
семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай
бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.
- келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары
да жоғары қарап тұруы тиіс; - қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге
тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын
Жасанды тыныс алудыру мен жүректі уқалап, сылау әдістері
(жүрек - өкпе реанимациясы)
Есіңде болсын! Тек қана естен тану, тамырлардың соқпауы, тыныс алудың жоқтығы
кезінде жүргізіледі!
- Зардап шегушіні шалқасынан жатқыз (мықты, қатты жерге), аяғын көтеріңкіреп қой. -
Зардап шегушінің өкпесіне екі рет ауа үрлеу әрекетін жаса, содан кейін жүрегіне жабық
уқалау, сипалау жұмыстарын жүргіз: - бір қалыппен: 15 рет - жүректі жанамалай
сылаумен және 2 рет - өкпені жасанды желдендіру әдістерін жаса. Осындай 4 циклден
кейін тағы тамыр соққанын тексер, егер байқалмаса онда: Жүрек - өкпе реанимациясын
жалғастыр. Жүрек - өкпе реанимациясын: -терінің қызаруы; -ұйқы күре тамырының
соғысын байқалу; - қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға
болады.
Жилкибекова Айганы
Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері
Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қантамырларын
тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі тартатындардың басы ауырып, ұмытшақ болады.
Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді.
Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады.
Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады.
Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі жасайды.
Жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі - көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі -
бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан
бұлшықеттерді оттегімен және қоректі заттармен байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза ауруларға көп
шалдықпайды.
Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін
шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты
жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын болады
Жүрек талмасы кезіндегі
алғашқы көмек
Жүрек талмасы кезінде науқастың сол жақ
көкірек тұсы шаншиды. Денесі ауырлық
сезініп, қан қысымы көтеріліп, қысылады.
Сөйлей алмай, қызып немесе мұздайды.
Бұндай белгілермен асқазан және жүрек
ауруларын шатастырып жатады.
325 грамм аспирин дәрісін 30 секунд
төңірегінде тістемей, ұртыңызда ұстай
тұрыңыз.
Аяғыңызды биікке қойып, шалқаңыздан
жатыңыз. Бұл оттегі жұтуға көмектеседі.
Ашық терезе, есік немесе желдеткіш
алдында жатып, кең тыныс алып,
демалыңыз.
Ең бастысы, қалтаңызда ұялы
телефоныңыз бен дәріңіз жүрсін.
Қазбек Дана
Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем
Қан кеткенде алғашқы көмек көрсету.
Қонақбаева Ақбота
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz