Жылқының көбею ерекшелігі
Презентация қосу
Жылқының көбею
ерекшелігі
Орындаған:Жаксылыкова Айгерим,МӨӨТ мамандығы
курс.
Биенің биологиялық ерекшелігі
• БИЕНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН
ӨЗГЕШІЛІГІН ЖӘНЕ ОНЫҢ КУЙЛЕУ
УАҚЫТЫ МЕН ЦИКЛЫН,ОВУЛЯЦИЯ
МЕРЗІМІН БІЛУ ЖӘНЕ БИЕНІҢ ҰРЫҚТАНУ
МЕН ЭМБРИОНДАРДЫҢ ТІРШІЛІК ЕТУ
ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІН
ҚАРАСТЫРУ ҒЫЛЫМ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ
ЕҢ АКТУАЛЬДЫ
МӘСЕЛЕСІ,ӨЙТКЕНІ,МҰНЫҢ БАРЛЫҒЫ
МАЛДЫҢ ТӨЛІНЕН ӨСУ ҚАРҚЫНЫНА
ТЕЖЕУ БОЛАДЫ.
Күйлеу мерзімі
• Биенің күйлеу мерзімі
басқа малдарға
қарағанда ұзақтау
болады.Дж.Хэммондт
ың деректері
бойынша,биеде 144
сағатқа
созылады,шошқада
-48 сағат,сиырда 17-20
сағат,қойда -2 сағат
• Бие құлындағаннан кейін 8-18 күннен кейін
күйлейді,кейде оның өзі 8-16 күнге созылады,бұған
биенің күтімі және азықтандыру жағдайы себеп
болады.Биенің күйлеу мерзімі орташа есеппен 5-7
күн болса,кейбір биелердің күйлеу мерзімі 1-2
күн,ал кейбіреулерінде 12 күнге созылады.
Жыныстық жетілу жасы
• Жылқы малының жыныстық жетілуі 1
жастан 2 жасқа дейін
болады.Айғырлардың жыныстық жетілуі
биелерден гөрі кеш
жүреді.Мысалы,моңғол жылқысының
айғырында 3 жасында ғана
спермотогенез процесі болатыны
байқалған.
Шағылыстыру жасы
• Жыныстық жетілуі қалай болған жағдайда жылқыны
3 жасқа толмай шағылыстыруға болмайды.
• Биелерді бірінші рет 3-4 жасында,ал жегілетін және
салт мінілетін тұқым айғырларды 4-5 жасында ғана
шағылыстыруға қосады.
Тұқым жақсартқыш айғырларды іріктеп
алу
• Айғырларды тұқымға іріктеп аларда дене бітімі
мықты,сүйегі ірі,кең омыраулы,жалпақ
жонды,аяқтарын түзі басатын сияқты кемшіліктің
жоқтығына аса көңіл бөлінеді.
• Айғырлардың тұқым жақсарту ісіне жарамды не
жарамсыз екендігі шағылыстыру маусымынан
бұрын анықталады,бұл үшін айғырларды
клиникалық байқаудан өткізіп,олардың
жыныстық шабыты мен ұрығының сапасы
тексеріледі.
Ұрықтың сапасы
• Ұрықтың сапасы қатарынан 3 күн бойы
тексеріледі,ол үшін биені айғырға күн
сайын бір рет қосып отырады,жалпы
баға үшінші рет қосқан кезде алынған
ұрықтың сапасына қарай берілуге тиіс.
• Ұрықтың сапасы төмен болса айғыр
әдеттегіден ұзақ сыналады,осыған орай
оның азығы мен күтімі өзгертіледі.
Биелерді іріктеу және шағылыстыруға
дайындау
• Шағылыстыру науқаны алдында
зоотехниктер мен мал дәрігерлік
қызметкерлер өз шаруашылығындағы
байтал биелерді түгелдей қарап
шығып,құлындауға жарайтын биелерді
бөліп алады да,оларды арнаулы тізімге
тіркейді,тізімде биенің аты,сондай-ақ
онымен шағылысатын айғырдың аты
көрсетіледі.
Биені шағылыстыру
• Биені қолдан шағылыстыру
немесе қолдан ұрықтандыру
үшін оның күйлеген-
күйлемегені малдың сыртқы
белгілеріне ,сондай-ақ аналық
ұрық безінің пісу дәрежесіне
қарай анықталады.
• Аналық ұрық безінде
толықсыған фолликулдардың
бар-жоқтығы тік ішекке қол
сұғу арқылы
анықталады.Мұндай зерттеуді
арнаулы дайындығы бар
мамандар ғана жүргізеді.
Күн сайын фолликулдардың
толықсып жетілу дәрежесін
анықтау үшін олардың мынадай
сатылары негізге алынады:
• 1 сатыда-аналық ұрық безі тығыз болып
келеді,әдетте оның көлемі 2-3 см,ал
қабырғалары қап-қатты болып сезіледі,өйткені
басып қарағанда күлтілдемейді.Аналық ұрық
безі тап осындай болса биені шағылыстыруға
болмайды.
2 Сатыда:
• Фолликул тығыз,бірақ былқылдақтау
болады,басқан кезде күлтілдейді,оның
көлемі 4-6 см,кейде одан да көбірек
болады.Ұрық фолликулы осындай сатыға
жеткен биені таяудағы күндерде
шағылыстырып жібереді.
3 сатыда
• Фоллкул жұмсақ ,басқан кезде кілкілдеп
тұрады,оның қабырғасы әбден
жұқарған,көлемі 2 сатыдағыдай
болады.Фолликулы осындай биені дереу
шағылыстырып жіберу керек.
4 сатыда :
• Фолликул аналық ұрық безін жарып
шығады,оның қабырғалары солып
қалады,бармақпен сәл басқанда
кішірейіп формасы өзгереді.Овуляция
бітісімен аналық ұрық безінің фолликул
жарып шыққан жері жұп-жұмсақ болып
қыртыстанады,басып қарағанда
күлтілдемейді.Овуляциядан кейін биені
шағылыстыруға болмайды.
• Биенің күйлеген-күйлемегені күйіттеуші айғырдың
көмегімен айқындалады.Айғыр алғаш қосылған
биенің күйті күн ара тағы да тексеріледі,егер
биенің күйті әлі басылмаған болса,оны сол күні
айғырға екінші рет қосады.
• Бие қатты күйлеп тұрса,оны қайта
шағылыстырады.
• Айғырға қосылған биелер күйіттеуіш айғыр
арқылы 24-48 сағаттан кейін тағы да
тексеріледі,егер сол кезде бие күйлеп тұрса,оны
қайта шағылыстырады.Күйлеу бітісімен ақ 9-10
күн өткен соң бұрын шағылысқан биелерді
күйттеуіш айғыр арқылы тағы тексеріліп көру
қажет,тексеру биенің буаздығына көз
жеткізгенше күн ара қайталап отырады.
Шағылыстыру тәртібі
• Бие қолдан
шағылыстыратын
болса,оның
құйрығын түбінен
төмен қарай орта
белге дейін
бинтпен таңып
тастау керек.
• Биелер қамап шағылыстыратын жағдайда
оларды базға айдап кіргізеді де ,қасына
айғырды жібереді.Айғыр күйіті келген биені
өзі тауып алады.Қосылып болған соң
,айғырды бөлмеден шығарып жібереді.
• Биелер үйде шағылыстыратын
болса,олар шағылыстыру
маусымы аяқталғанша
айғырлармен бірге жайылымда
бағылуы тиіс.Тек ауру биелерді
үйірден дереу оқшау оқшаулау
керек.
М а л д ә р і ге рл і к – с а н и т а рл ы қ
б а қ ы л ау
• Шағылыстыру пункті үнемі мал дәрігерлік
қызметкерлерінің бақылауында болуы
шарт.Ауру белгісі бар биелер мен
айғырлар шағылыстыруға және күйіттеуге
жіберілмейді.Ауру биелер сондай-ақ
жыныс мүшелері зақымданған биелер
шағылыстыруға жіберілмейді,олар мал
дәрігерлік зерттеуге және емдетуге
жіберіледі де,сауыққан соң
шағылыстырылады.
• Егер шағылыстыру пунктінеде таяу
жерде,жылқылардың арасында індет
байқалса,бұл пунктің жұмысы дереу
тоқтатылады,бұдан былай тек мал
дәрігерінің рұқсаты бойынша ғана
жұмысын қайта бастайды.Шағылыстыру
пунктіндегі бақташы биелердің қашан
күйлеп,қашан қашқанын есепке
алып,журналға жазып отырады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz