Инфекция және иммунитет


Slide 1

Инфекция және иммунитет

Slide 2

Инфекция - зардапты микробтардың микроорганизмдерге енуі нәтижесінде пайда болатын биологиялық прпоцестердің комплексі. Микро- және макроорганизмдер арасындағы өзара қарым-қатынас динамикалы. Бұл өзара қарым-қатынаста сыртқы ортаның және басқа факторлардың маңызы орасан үлкен.

Slide 3 Slide 4

Процестің клиникалық білінуі инфекциялы аурулар деп аталады. Ауру белгілері әрқилы боп білінеді, олардың көрінісі айқын, көмескіл, белгісіз және тағы басқа болуы мүмкін.

Инфекциялы аурулардың жұқпалы емес аурулардан айырмашылығы оны тірі қоздырғыштар не молекулалы құрылымдар вирустардағы не басқа организмдегі генетикалық хабарды тасушылар туғызады.

Slide 5 Slide 6

Уыттылық - әр штаммның жеке өзіне тән белгісі, бұл оның патогендігінің өлшемі. Бұл микробтың органдар мен тканьге ену, онда өсіп-өну, микроорганизмдердің өзін қорғау күшін тежейтін заттар бөліп шығару қабілеті. Демек, жануарды бір күннен кейін өлімге ұшырататын штамм, үш күннен кейін өлімге ұшырататын штаммға қарағанда уытты.

Уыттылық өлшеміне өлімге ұшырататын ең аз (минимум ) мөлшері алынған. Бұл ауруға бейім жануарлардың 80 %-ын өлімге ұшырататын микроб клеткаларының ең аз саны.

Уыттылық - тұрақты шама емес, оған көптеген факторлар әсер етеді.

Slide 7 Slide 8

Уыттылыққа себепші факторлар:

Slide 9

Қоздырғыштың агрессивтік қасиеті - бұл зардапты микроорганизмдердің денеге кіргеннен кейін, тіршілік етіп, көбейіп, тарап және организмнің қорғайтын күштеріне қарсы тұратын ерекше жағдайы болып табылады.

Slide 10

Капсула түзу. Капсула түзу түр белгісі емес. Бір түрге жататын микробтардың өзінде капсулалы және капсуласыз штаммдар бола алады. Капсула қорғау қызметін атқарады, фагацитозға төзімділігін арттырады, зардапты микробтардың уыттылығын қолдайды. Оба, туляремия, қатерлі ісіктің қоздырғыштары және пневмококктер капсуланы организмде түзеді. Сонымен қатар сібір жарасының микробының капсуласыз штаммдарынан вакцина дайындайды, бұл вакцина жануарлады өлімге ұшыратпауы былай тұрсын, керісінше дәл осындай патогенді микробтарға қабылдамаушылық қасиет береді.

Slide 11

Инвазивтігі. Микроорганизмдердің микроорганизмдер тканьдарына ену, таралу және көбею қабілеттілігі. Кейбір микроорганизмдер арнайы заттар бөліп шығарады, бұл микроорганизмдердің микробтарға төтеп беру күшін, ең бастысы фагоцитозды тежейді. Бұндай комплекстер құрамына ферменттер де (гиалуронидаза, коллогеназа, лецитиназа, нейраминидаза) кіреді. Осының барлығы тканьнен өтуді күшейтеді, инвазивтік дәрежесін арттырады және инфекциялық процестің дамуына әсер етеді.

Slide 12

Токсиндер - микроорганизмдер түзетін улы заттар. Экзо- және эндотоксиндер деп бөледі.

Экзотоксиндер (белоктар) грам оң микробтардың сыртқы ортаға бөліп шығаратын не олар өлгеннен кейін босап шығатын тіршілік әрекетінің өнімдері. Өте улы, термолабильді, басқа белоктар сияқты 60-80 градус температурада бірнеше минутта, қайнатқанда лезде бұзылады, жарық әсеріне сезімтал келеді. Мөлдір, сары түсті сұйық зат.

Эндотоксиндер микроб клеткасының денесімен, негізінде оның қабырғасымен тығыз байланысты. Улылығы біршама төмен.

Slide 13 Slide 14

Қоздырғыштардың улы ферменттері:

Летициназа - қан плазмасы мен эритроциттердің құрамына кіретін лецитинды ыдыратады. Осының салдарынан улы заттар түзеді.

Коллагеназа - дәнекер ұлпаның коллаген талшықтарын ыдыратады;

Коагулаза - қанның фибринін ұйытады;

Фибринолизин - қанның фибринді шөгінділерін ерітеді.

Уреаза - қанның құрамындағы мочевинаны ыдыратады;

Декарбоксилаза - қан және ұлпалардағы аминқышқылдарын ыдыратып карбоксильді топтар мен аминдер түзеді;

ДНҚ-аза - микроорганизмнің клеткаларының құрамына кіретін ДНҚ-ны ыдыратады, қатты зиянын тигізеді, әр түрлі қабыну процестерін шақыра отырып түзеді.

Slide 15

Арнайы антигендер - кейбір зардапты бактериялардың уыттылығы клетка қабықшасының құрамына кіретін улылық қасиеті жоқ антигендік комплекстерге байланысты, бірақ бұл антигендік комплекстер микроорганизмнің қорғаныш күштеріне зиянын тигізеді, фагоциттердің қызметін төмендетеді және оларға қарсы организмде өзіне тән антиденелер түзіледі.

Slide 16

Антигендік мимикрия. Бұл қоздырғыштардың антигендерімен ауырған микроорганизмдер арасында ұқсас, жалпы антигендер бар екені анықталды. Мысалы, оба ауруының таяқшаларында, пневмококктерде, сібір жарасының бацилларында, көптеген грамтеріс бактерияларда, грипп ауруының вирустарында және адам қанының эритроциттерінде ұқсас жалпы антигендері бар.

Slide 17

Бактериялардың адгезивтік қасиеттері . Зардапты бактериялардың уыттылығының маңызды факторларының бірі адгезивтік қасиеттері. Осы қасиеттерінің арқасында бактериялар сезімтал, қабылдағыш, ішектердің кілегейлі қабықтарына жабысып, байланысқа түседі. Осыдан кейін жабысқан бактериялардың коллонизациясы жүреді. Мұндай микробтарға тырысқақтың қоздырғышын, Флекснердің шигеласын, кейбір энтеробактериялардың, оның ішінде Эшерихиялардың ерекше түрлерін мал төлдерінің колибактериоз ауруының қоздырғыштарын жатқызамыз.

Slide 18 Slide 19

Инфекцияның түрлері мен формалары:

Инаппараттық инфекция - қоздырғыш организмге кіріп өскеніне қарамай аурудың клиникалық белгілері байқалмайды.

Жай инфекция - инфекциялық процесті 1 зардапты микроб шақырады.

Араласқан инфекция - инфекциялық процесті 2-3 зардапты микробтар шақырады.

Параинфекция - бұл инфекциялық процесті басқа микробтар шақырады, сол инфекцияларға тән емес, егерде олардың биологиялық қасиеттері басқа, бөгде микроорганизмдердің арқасында өзгерген жағдайда.

Реинфекция - организм белгілі бір аурудан толық жазылып кеткеннен кейін, сол аурудың қоздырғышымен қайтадан ауруы мүмкін.

Суперинфекция - организм негізгі аурудан жазылмай тұрып сол аурудың қоздырғышы қайтадан жұғуын айтады.

Рецидив - организм жазылып кеткен сияқты болады да белгілі бір уақыт өткеннен соң аурудың белгілері қайтадан көрініс бере бастайды.

Slide 20 Slide 21

Инфекцияның созылуына байланысты

Slide 22

Иммунитет

Slide 23

Иммунитет (латынша іm-munіtas - босап шығу, арылу, құтылу), Биологияда - организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.

Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т. б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді. Иммунитет - ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы.

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. 2. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама 2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық
«Вирустың енуі. Иммунитет»
Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері
:1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама 2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық факторлары(температура,гормондар,ингибиторлар,интерферондар)
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама.Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекц ия түрлері және оларға сипаттама.Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz