1920-1930 жылдарыңдағы кеңестік Қазақстан


Slide 1

1920-1930 жылдарыңдағы кеңестік Қазақстан

Орындағын: Данекеев Аділет

Slide 2

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Еліміз егемен болып, өз тізгінін қолға ұстап, әлемдік өркениетке бет алған қоғам ретінде қалыптаса бастағанда ғана өткен тарихымызды саралап, бұрын тиым салынған ақиқатты бүкпесіз айтатын, оған жаңа тұрғыдан баға беретін кезең келді. 90 - шы жылдардың басында жаңарған Қазақ мемлекеті ерікті қоғам ретінде өз тарихы туралы ақиқатты білуге ерекше ынта қоя білді.

Қазақстанның өткені, әсіресе кеңестік даму жолының басты және өзекті мәселелері тарихи ақиқат тұрғысынан қайта қаралып, түсіндірілуде. Тарихшылардың қайта қарауындағы үлкен қомақты дүние қазақ өлкесінің дәстүрлі даму бағытын күрт өзгерткен, жаңа “кеңестік үлгідегі” Қазақстанның даму кезеңі болса керек.

Уақыт жағынан да, кеңістік жағын алғанда да осы кезеңнің тарихи дамуда өзіндік орны барын ешкім жоққа шығармайды. Халықаралық сахнада танылған “кеңестік мемлекет” белгілі аумақта әлем халықтарының бір бөлігін біріктіре отырып, олардың өмірі мен қызметін қамтамасыз ете алды.

<#>

Slide 3

Қазақстандағы партия ұйымдарының кеңестік мемлекеттік басқару органдарымен қарым - қатынасы (1920-1925жж)

І. 1 Қазақстанда кеңестік мемлекеттіліктің қалыптасуы

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де қазақтарға деген большевиктердің ықпалы болмады. Сондықтанда большевиктер жаңа биліктің Өлкедегі басқару жүйелерін қалыптастыруды нығайту іс - әрекетімен қатар жүргізген. Азамат соғысы кезінде контрреволюциялық күштерден азат болған аудандарда Қызыл Армия күшімен әскери революциялық комитеттер құрылып, сол жердегі бүкіл әскери азаматтық басқару жүйесі солардың қолына көшкен болатын.

Партияның жүргізіп отырған бұл шаралары кеңестік мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және нығайту деп, қазақ кеңес автономиясын құруға онан әрі әзірлену үшін жасалған алғы шарттары еді. 1918 жылғы 12 мамырда РСФСР Халық Комиссарлары қаулысы бойынша Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының жанынан Қырғыз бөлімі құрылды. Бөлім

В. И. Ленин нұсқауы бойынша Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты 1919 жылы маусым айының аяғында Қазақ өлкесін басқару мен революциялық комитет жөніндегі талқылауға арналған ведомство аралық мәжіліс шақырды. Оған қатысушылар “қазақ өлкесін басқару жөніндегі комитет туралы” уақытша ереженің жобасын жан - жақты талқылап, қажетті өзгерістер енгізді. Бұл документке Ленин қол қойып, оны РСФСР халық коммисарлар кеңесінің декретімен бекітті /65/.

<#>

Slide 4

2 Партия ұйымдары және оның басқару органдарының құрылуы

Өлкедегі кеңестік басқару жүйесі мен партия ұйымдарының жұмысы сол жердің тұрғындарынсыз еш нәтиже бермейтін большевиктер өте жақсы түсінген. Сондықтан олар партия ұйымының жұмысын жандандару үшін өз қатарына алғашқы күннен бастап жергілікті тұрғындардың өкілдерін тартуды міндет етіп қояды және негізгі істі партиялық басшылықты жүзеге асыратын партиялық басқару аппаратын құрудан бастайды.

1920 жылы 8 - 11 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласында жауапты кеңес қызметкерлерінің І Қазақ Өлкелік конференциясы өтеді. Конференция жұмысы кезінде коммунистік фракция ерекше кеңес өткізіп, онда өлкенің барлық партия ұйымдарын бір партиялық орталықтың қол астына жинау қажеттілігі туралы шешім қабылдайды /43/.

1920 жылы 6 көкекте Кирревкомның коммунистік фракциясы мен жауапты қызметкерлерінің кеңейтілген мәжілісінде өлкедегі барлық партиялық ұйымдардың жұмысына басшылық жасайтын РК(б) П-ның Ұйымдастыру бюросын құру қажеттігі туралы шешім қабылданады. Кирревкомның коммунистік фракциясы бюроны ұйымдастыруды өз қолына алады.

Бұл мәселелерді нақты шешу жолдары оңай болған жоқ. Ұйымдастыру мәселелерін жүргізу үшін 1920 жылдың басында Ресейдің орталық аудандарында Орталық Комитететің жолдамасымен Қазақстанға 120 Коммунист келеді /67/.

<#>

Slide 5

Сол жылы 12 көкекте РК(б) П-ның Қырғыз өлкелік ұйымдастыру бюросы құрылады. Өлкеде жүргізіліп жатқан осындай шараларға Орталық Комитет өзгерістер енгізудің нәтижесінде 1920 жылы 30 көкектегі Орталық Комиитеттің қаулысымен РК(б) П Облыстық бюросы құрылады. Ал РКП(б) Ұйымдастыру бюросы жойылады да, оның барлық қызметін атқару Облыстық бюроға жүктеледі. Облыстық бюро отырысында үш мүшеден және екі кандидаттан туратын Презедиум сайланады. Облыстық бюроның негізгі міндеті: партиялық құрылыс саласында - өлкенің бүкіл партия ұйымдарын біріктіру және біртұтас өлкелік орталық партиялық басшылықты құру (мысалы: әр түрлі орталықта болған Қазақстандағы партия ұйымдары бірікті. Мәселеге келетін болсақ Орал мен Бөкей РК(б) П Орталық Комитетіне, Торғай мен Қостанай және Ақтөбе РК(б) П Орынбор губерниялық комитетіне, Ақмола мен Семей РК(б) П Орталық комитетінің Сібір бюросына бағынышты еді ) ; кеңестік құрылыс саласында - Қырғыз АКСР құру және кеңестерді нығайту; шаруашылық құрылыс саласында қираған шаруашылықты қалпына келтіру үшін күрес /50. 18 б. /.

1920 жылы 25 тамызда РК(б) П Орталық Комитетінің Саяси бюросының жаңа құрамын бекітеді. Төраға болып Кирревкомның да төрағасы қызметін атқарушы Радус - Зенкович тағайындалады. Сонымен бірге алда болатын кеңестер съезінде партиялық бағытты өткізуді мақсат етіп ОК И. А. Акулов, А. Авдеев, С. Д. Арғыншиевтен тұратын уақытша саяси бюро құрады. Бұл большевиктердің ұлттық аймақтарында құрылып жатқан партиялық құрылымдарға өзінің ықпалын артыру мақсатындағы шараларының көрінісі еді.

<#>

Slide 6

11 - 18 маусымда Орынборда өлкедегі большевиктік ұйымдарды ұйымдық жағынан біріктірген І Бүкілқырғыздық облыстық партия конференциясы өтеді. Конференцияда өлкедегі партиялық жұмысқа басшылық жасайтын орган - Қырғыз облыстық Комитеті (Киробком) сайланады. Оның құрамындағы 11 адамның тек 4-уі ғана қазақ еді.

Өлкедегі партиялық басшылыққа жергілікті өкілдерден гөрі ОК-тің жолдамасымен келіп қызмет атқарғандардың саны өте көп болған. Өйткені ең алғашқы Бүкіл қырғыздық партия форумында - ақ байқалғандай, большевиктік партия жергілікті халық өкілдеріне толық сенім артпайды. Және де осымен қатар басшы кадрлардың өзінде теориялық даярлық өте төмен болатын. Тіпті орталықтың жолдауымен келгендердің арасында сауаттылығы шамалары еді. Жауапты қызметкерлердің көбінің партия қатарындағы тәжірибесі аз болған. Осының бәрі облыстық комитеттің жұмысында елеулі кемшіліктердің орын алуына себеп болды. Сондай кемшіліктер туралы ІІ Бүкілқырғыздық партия конференциясында Орал ұйымынан келген делегат Паевский былай дейді: “Обком жұмысындағы негізгі кемшілік - жеке - дара басшылық. Мәселер аз ғана топпен шешіледі, сондықтан да бағыт айқын емес. Хатшылар жиі ауысады. Обком мен губком арасындағы түсініспеушілік, көбінесе, обкомның губком бастамаларын комиссия демократиялық принціптерді бұзып, сайлау орнына тағайындау әдістерін қолданады”. Сонымен бірге Паевский ұлт мәселесінің де өте шиеленісте екенін атап көрсетеді.

<#>

Slide 7

Кеңестік басқару жүйесі және оның партия органдарымен қарым - қатынасы

Қазақстанда жаңа саяси биліктің қалыптасуы негізінен орталықта коммунистердің орнауымен байланысты. Жаңа саяси биліктің Қазақстанда орнауы қиын жағдайда жүрді. Біріншіден ол қазақ халқы өзінің жеке бостандығымен, тәуелсіздігін алуға ұмтылуында еді. Екіншіден Қазан төңкерісі нәтижесінде орнаған пролетариат диктатурасы қазақ қоғамына түсініксіз еді /64, 36 б. /.

Басқару жүйесінде оның тиімділігін айқындау бақылау мен жүзеге асатыны мәлім. Бақылау қабылданған шешімдердің нәтижелерін айқындайтын көрсеткіш ретінде басқару қызметінің негізі болып саналады. Басқарудың мақсат, міндетін, қызметін іске асыруда бақылаудың орны ерекше. Сол себепті де большевиктердің мемлекетті басқаруда барлық іс - шаралардың орындалуын бақылау мекемелері көмегімен іске асырып отыруы жай болмаса керек.

Большевиктік партия биліктегі басты орындарды өз қолына 20 жылдары - ақ шоғырландырып, өз міндеттерін жүзеге асыра бастады. Мүмкін осыдан кейін мемлекеттік органдардағы жұмыс ол партияның жұмысы деп саналды. Енді большевиктер арасында “партия - ол мемлекеттік билік” деген ой қалыптаса бастады. 1918 жылы көктемде ОК РК(б) П партияның жоғарғы шегінде тұрғанын мойындап былай дейді: “Біздің партия кеңес үкіметінің басында тұр, кеңес үкіметінің декреті, жиналыс шешімдері біздің партиядан шығады” /69/.

Кеңестік большевиктік жүйенің қалыптасып құрылуы ІІ Бүкілкеңестік Ресейлік съезде болды. Социалистік партиядан айналып, большевиктік програманы мойындау бір партиялық большевиктік үкіметке әкелді.

<#>

Slide 8

20 - шы жылдардың басы Қазақстанда жаңа жүйенің большевиктік биліктің қалыптасу кезеңімен сай келеді. Өйткені Қазақстанда большевиктік билікті яғни жаңа жүйені құруға жағдай болмады. Себебі 1923 жылы жұмысшылар 5 %, шаруалар 70 %, кеңестер 14 % болды. Бұл мәлеметтер осы аймақта кеңестік билікті қалыптастыруда әлеуметтік базаның жоқтығын көрсетеді. Большевиктер нәтижесінде бұл аймақта кеңестік билікті жоғарыдан, күштеу методымен қалыптастырады. Әсіресе партияның қазақ ауылындағы таралуына қатысты. Бұл саясатты іске асыруда Қазақстанда кеңес жұмысшыларымен партияны қалыптастыруда оны жүзеге асыруда коммисия құрылды. Коммисия 1922 жылы желтоқсанда Қазобком отырысында “прорлетариат орталығы болу үшін, пролетариатты құру керекпіз” дейді. Жергілікті халықты өздеріне жақын тарту үшін большевиктер біріншіден қазақ халқының ұлттық маңызды мәселелерін шешу керек болды. Бұл мәселені шешуде көптеген кедергілердің туындауының себебінен, кейінен мұның бәрі жай ғана деклорация ретінде қалып отырды.

Басты міндеті мемлекеттік басқару және шаруашылықтың барлық салаларында шешімдердің уақытылы әрі жылдам жүзеге асуын қамтамасыз ететін басқару органы ретінде 1920 жылы Республикалық Жұмысшы шаруа инспекциясының халық комисариаты (Рабкрин) құрылды. Оның құрылуына жаңа кеңестік биліктің қалыптасуы, мемлекеттік аппараттың дамуы, өнеркәсіптің мемлекет қарамағына өтуі бір сөзбен айтсақ, бүкіл мемлекеттік аппарат пен өндіріске бақылаудың қажеттігі себеп болды. Жергілікті жерлерде губинспекциялар ұйымдастырылды. /2, 689 б. /.

<#>

Slide 9

ҚОРЫТЫНДЫ


Ұқсас жұмыстар
Жаңа экономикалық саясат және Семей өңірінің қоғамдық- саяси өмірі
Қазақстанда 1920-1930 жылдары көшіп келген халықтардың әлеуметтік- демографиялық жағдайы
Қазақстанның тұңғыш кәсіби
Кеңестік кезендегі Қазақстан мәдениеті саласындғы жетістіктер мен қайшылықтар
Қасіретті жылдар
Шаруалар көтерілістері
Мәдени революцияның міндеттері
Саяси репрессиялар
Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі
Қуғын - сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz